«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елде 1 млн астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.
Еңбек шартынсыз жұмыс істеудің салдары қандай?
Бұл – демалыссыз жұмыс істеу, әлеуметтік төлемдерден қағылу, жарақат алған жағдайда кепілсіз қалу. Маңдай термен тапқан адал ақыны ала алмай, себепсіз жұмыстан қуылу деген сөз. Мұндай жұмыс беруші жұмыскермен қоса, мемлекеттен де айласын асырып отыр. Себебі, табысын жасырады.
Шарт жасасудан немесе оның бір данасын қызметкердің қолына беруден бас тартқан жұмыс беруші Еңбек кодексінің 33-бабын өрескел бұзып отыр. Демек, мұндай жағдай «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорына жүгінуге себеп бола алады.
Өзіңіз, досыңыз немесе туысыңыз келісімшартсыз жұмыс істесе, жұмыс беруші еңбек құқығын бұзса – біздің Қорға хабарлаңыз.
Сіздің көмегіңіздің арқасында Қор осы мәселеге барынша назар аударып, оны шешуге өз үлесін қоса алады.
Ақпаратты +7 778 978 0212 нөмірі бойынша немесе adil.enbek@gmail.com поштасына жіберуге болады.
Қажет болған жағдайда Қор өтініштің құпиялылығына кепілдік береді.