Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелер зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Салықбаев Қайрат, ауданның бас имамы А.Керімбаев және аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұ.Мұратбекпен бірлесіп Қажымұқан ауыл округінде орналасқан А.Иманов, Темірлан, С.Нұрмағанбетов, Н.Нысанбайұлы, С.Исмайлов жалпы орта мектептерінде жоғарғы 9-11 сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесуде “Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету” мақсатында діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алуға бағытталған ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын соңында оқушылар тарапынан аталған тақырып бойынша түсіндіруден кейін өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, сауалдарына теолог маманының тарапынан түсінікті әрі тұщымды жауаптар берілді.