Қазығұрт индустриалды аймағында тамақ өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Табиғи ауыз сулар мен жеміс сығындысынан дайындалған шырындармен қатар аймақта жылдам дайындалатын кеспелер де шығарылып жатыр. Арнайы қапталған кеспелер Орта Азия елдері, атап айтқанда Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Ресей және Латвия, Литва, Эстония, Германияға экспортталып жатыр.
2019 жылы қызметін бастаған кәсіпорын 100-ге жуық адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтыған. Жылына 2 700 тонна өнім шығарылады. Дайын тағамның жарамдылық мерзімі – 1 жыл. Айта кетерлігі, өндіріс орны тапсырыс берушінің өз маркасымен де өнім шығару ісін қолға алған.