Ауданның ішкі кіріс көздері 2022 жылы контингентте 5,2 млрд. теңгені құраған болса, 2023 жылға жоспар 6,3 млрд.теңге болып бекітіліп, 121,4% арттыру жоспарланған. 8 айдың қорытындысымен 4,1 млрд. теңгеге немесе 114,3 пайызға орындалды (8 айлық жоспар 3,6 млрд. теңге).
ШЫҒЫС БӨЛІГІ. 2022 жылға аудан бюджеті 22,3 млрд. теңгеге бекітіліп, жыл қорытындысымен 3,1 млрд. теңгеге артып, 25,3 млрд. теңгені құрады.
Аудан бюджетінің 2023 жылға жоспары 12,4 млрд. теңгеге нақтыланып, 1 қыркүйекке 6,4 млрд. теңгеге немесе 98,2%-ға игерілді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтсем.
Өнеркәсіп өнім көлемі 2022 жыл қорытындысымен 13,6 млрд. теңгеге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,1%-ға орындалды (2021ж. 12,6 млрд.тг).
2023 жылы 15,4 млрд. теңгеге орындап, өткен жылмен салыстырғанда 113,2%-ға жеткізу жоспарлануда.
Биыл 8 айда 7,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілген, оның ішінде 6,1 млрд. теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.
Сонымен бірге, ауданда 2023-2027 жылдары 18,5 млрд. теңгеге 48 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылы құны 6,0 млрд. теңге болатын 28 жобаны іске асырып, 349 адамды жұмыспен қамтамысыз ету жоспарлануда.
Осындай жобалардың бірі, «Қарқын-2030» компаниясы облыста теңдесі жоқ Заманауи мал сою цехі іске қосылады. Жалпы қуаттылығы тәулігіне 300 бас ірі қара мал сою мүмкіндігі бар.
Бұл жобаның басымдылығы толық цифрландырылған, энергия көзін аз пайдаланады, қондырғының жарамдылығы ұзақ мерзімді және шығын материалдары аз кетеді.
Мал сою канвиерінде пластик ұстағыштары (ілгіш) қолданылады.
Аталған жоба ағымдағы жылдың 1 қазанына ашу көзделуде (жалпы құны 750 млн. теңге, 25 жұмыс орны).
Сондай-ақ, Қақпақ елді мекенінде «Ынтымақ» өндірістік кооперативі тарапынан құны 700 млн. теңгеге, электр қуатын өндіретін шағын су электр станциясы тамыз айында (қуаттылығы 1,3 МВт) іске қосылды.
Бұдан бөлек, жеке кәсіпкер «Билол» тарапынан аудандағы индустриалды аймақта 375 млн. теңгеге «Болат шарларын балқытып шығаратын» зауыт салу жоспарлануда (қуаттылығы жылына 6 мың тонна).
Жалпы 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Аталған жобаны ағымдағы жылдың соңында дейін іске қосу жоспарлануда.
Осындай жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, жаңа бизнесті ашуға көмектесетін боламыз.
Іске асқан жобалар ауданның өндірістік әлеуетін дамытуға өз септігін тигізері сөзсіз.
Бөлшек сауда көлемі 2022 жылдың 8 айында 5,88 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 100,6 пайызды құраған.
Ал биыл, 2023 жылдың 8 айында өнім көлемі 7,2 млрд. теңгеге немесе нақты көлем индексі 107,1 пайызға орындалды.
Былтыр, 2022 жылдың 8 айында негізгі капиталға 16,8 млрд. теңге ИНВЕСТИЦИЯ бағытталса, оның 14,5 млрд. теңгесі жеке инвестиция есебінен.
Биыл 8 айда ауданға 21,2 млрд. теңге инвестиция тартылса, оның 19,1 млрд. теңгесі жеке инвестиция есебінен болды.
Жалпы, Қазығұрт ауданында тартылған жеке инвестиция көлемі жыл сайын артуда.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 60 пайызға өсіп (2020 ж – 9166), 14 мыңнан асты. Биыл 8 айда 60,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады.
Шаруалардың еңбегінің арқасында өнім көлемі соңғы 3 жылда 1,5 есеге өсіп, былтыр 66,7 млрд. теңгеге жетті (2020 ж. – 46,2 млрд.тг.).
Жыл басынан АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА өнім көлемі 41,2 млрд. теңгені құрады. Мал шаруашылығында 27,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, егін шаруашылығында 13,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.
Ағымдағы жылы жалпы 92 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Ауданда 181 гектарда жылыжайлар орналасқан, оның ішінде 5 гектары ағымдағы жылы жаңадан іске қосылды.
Егістік жерлерді игеруде 1267 гектарға тамшылатып суғару және 1 900 гектарға жаңбырлатып суғару жүйесі енгізілген.
Сонымен қатар, 665 гектарға қарқынды бау егілген.
Ауданда жаңа технологияға арқылы 7 мың гектар жерге «нөлдік технологияны» қолданып, егін шарушылығымен айналысуда.
Яғни, алдыңғы жылғы егістік алқапты жерді жыртпай тікелей егуді қолға алған «Сапа-2002» жауапкершілігі шектеулі серіптестігінде Бразилиялық тікелей егу дәнсепкішін алып, «нөлдік технологияны» 4 мың гектардан астам жерге енгізілді.
Нәтижесінде әр гектарынан 21 мың теңге үнемдеп, гектардан 30 центнер өнімге қол жеткізді.
Қазығұрт ауданы Өздеріңізі білесіздер аграрлы аймақ болып табылады, басты бағыт: өсімдік және мал шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығында өнімділіктің бірден-бір кепілі ол тұқым мен тұқымбақ және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту.
Бүгінгі таңда, 19 асыл тұқымды МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ жұмыс жасауда. Жалпы асыл тұқымды мал басы 41 509 басқа жетіп, оның ішінде аналығы 20 327 басты құрайды (Оңтүстік Қазақ мериносы 12 387, Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы 24 928, Ордабасы қой 3100, Абердин Ангус 1 094 бас).
«Сапа-2022» ЖШС-і ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ мен айналысуда. Аталған шаруашылық элиталы бидай, арпа, мақсары және жоңышқа тұқымдарын өндіреді.
Ағымдағы жылы бидай элитадан 100 тонна,
1-ші репродукциядан 600 тонна, 2 репродукциядан 300 тонна.
Мақсары Нұрлан сортынан 150 тонна және Ирқас сортынан 150 тонна.
Сондай-ақ, қызыл сарқырама жоңышқа тәлімі сортынан 10 тонна, қызыл сарқырама суармалы сортынан 20 тонна облыс аумағындағы шаруаларға сатылымға шығарды.
Бұдан бөлек, Қызылқия ауыл округінде орналасқан көшет өндіруші «Aqniet Agro gardens» ЖШС 20 гектар жерге ТҰҚЫМБАҚ шаруашылығын іске асыруда.
Шаруашылық элиталы алма, алмұрт, алхор, шие және жүзім көшеттерін өндіріп, облыс аумағындағы халыққа сатылымға шығарады.
Ауданда ағын су мәселесі өзекті болып келеді.
Каналдардың су өткізу қабілетін арттыру мақсатында 2022-2023 жылдары өтпелі кезеңмен бюджеттен 334 млн. теңге бөлініп, 3 канал (Р2, Р-2А, Р-4) ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Бұдан бөлек, «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық мекемесі тарапынан Сифон-Тассай каналын күрделі жөндеуге 2023-2024 жылдарға өтпелі кезеңмен жалпы 307 млн. теңге қаралып, жұмыстар атқарылуда.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2022 жылы 7,7 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 109,5 пайызды көрсетті.
2023 жылы кұрылыс көлемін 7,8 млрд. теңгеге жеткізу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
2023 жылы 8 айда құрылыс жұмыстары 3,5 млрд. теңгеге немесе 80,6%-ға орындалды.
2022 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 27,6 мың ш.м. жетіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 106,8%-ға орындалды.
Осы қарқынмен 2023 жылы 27,8 мың ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
2023 жылы 8 айда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 15,9 мың ш.м. орындалды.
Ауданда жұмыспен қамту шаралары кеңінен жүзеге асырылуда. Халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту шаралары, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге оң әсерін тигізіп келеді.
2022 жылға 1 953 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, жыл қорытындысымен 3287 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жылдық жоспардан 168 пайызға артық орындалған.
Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға
100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» тапсырмасы аясында 1245 ден астам жұмыс орындары ашылды.
Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін
50 адамға 69 млн. теңге қайтарымсыз грант берілді. Жалпы жыл соңына дейін 90 адамға беріледі.
Аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсету бойынша биыл 1630 отбасыға (9789 адам) 1,0 млрд. теңге қаралып, 8 айдың қорытындысымен 1 373 отбасыға (8 336 адам) 423 млн. теңгеге көмек көрсетілді.
Ағымдағы жылы аудандағы жұмыссыздық деңгейін
5 пайызға төмендету жоспарлануда.
Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Өздеріңізге белгілі, ауданда тұрғындардың басым бөлігі ауылды елді мекендерде тұрады.
Президентіміз ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын.
Биыл «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Жаңа жоба біздің аудан үшін өте маңызды.
«Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Бағдарлама аясында несиелендіру 6 бағытта, яғни, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың
өз кәсібін ашу бойынша іске асырылатын болады.
Бұл жобаға аудан бойынша 4 ауылдық округ енгізіліп отыр (Шарбұлақ, Шанақ, Қақпақ, Қызылқия).
974,1 млн. теңгені құрайтын 174 жоба мақұлданып, оның ішінде 124 жобаға 669,8 млн. теңге несие берілді.
Ауылды көркейтуге үлесін қосамын деген жоғары оқу орнын бітірген жастарға мемлекеттен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ұсынылады.
Мемлекет тарапынан ниет білдірген жастарға қолдау көрсетіліп, қайтарымсыз көтерме жәрдемақы (100 АЕК, 345 мың теңге) және үй салу немесе сатып алу үшін жеңілдетілген несие беріледі (1 500 АЕК, 5 млн 175 мың теңге, 0,01%, 15 жыл).
Аталған бағдарлама іске қосылғалы (2009-2022 жылдары) Қазығұрт ауданында 996 маманға 203 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы және 412 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 1,5 млрд. теңгеге бюджеттік кредит берілді.
Ағымдағы жылы 130 маманға 45 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 60 маманға 310 млн. теңге көлемінде тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит беру жоспарланған.
Қазығұрт ауданында 2020 жылдан бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жалпы 247 млн. теңге бөлініп, 28 пәтер пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды қамтамасыз ету мақсатында, жалпы бюджеттен
384 млн.теңге бөлініп, 40 тұрғын үй сатып алу жоспарлануда.
Халықты қажетті ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Биыл инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 1 млрд. теңге бөлініп, Қазығұрт елді мекеніндегі «Шығыс» мөлтек ауданының 80 гектардағы 592 жер теліміне инфрақұрылым жүйелері (газ, су) жүргізілуде.
Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беружоспарлануда.
Ауданда 62 елді мекенің 60 елді мекені АУЫЗ СУМЕН қамтылып, 96,7 пайызды құрап отыр.
Былтыр жалпы құны 299 млн. теңгеге «Ақбура» бұлақ көзіне қосымша ауыз су қоймасының құрылыс жұмыстары басталып, осы қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Нәтижесінде 7 елді мекен тұрақты ауыз сумен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, биыл Айнатас елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 276 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, мамыр айында пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, Қызылдихан елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында 686 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға беру күтілуде.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІМЕН қамтамасыз ету бойынша жыл сайын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда 62 елді мекеннің 61-і электр жүйесімен қамтылып, 98,4 пайызды құрады.
Қалған 1 елді мекен (Өгем е.м.- экономикалық жағынан тиімсіз) электр қондырғысымен жабдықталған.
Соңғы 3 жылда 22 елді мекеннің тозығы жеткен және жаңадан түскен көшелердің электр желілері ауыстырылды.
Былтыр 11 елді мекенде (Еңбекші, Тұрбат, Ынталы, Қызылсеңгір, Қыдыр Мамбетұлы, Қақпақ, Рабат, Қызылдала, Қызылқия, Айнатас, Қазығұрт) 1,1 млрд. теңгеге электр желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын.
Биыл 10 елді мекендегі электр желілерін ауыстыруға бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаралып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта ТАБИҒИ ГАЗБЕН 62 елді мекеннің 49-ы қамтылған. Елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 79 пайызды құрап отыр.
Ағымдағы жылы Шанақ, Ақжар, Ызабұлақ елді мекендерінде табиғи газ құбырын жүргізуге жалпы
685 млн.теңге бөлінген.
Нәтижесінде жыл қорытындысымен елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 79 пайыздан 84 пайызға жетеді.
Бұдан бөлек, Ескі Шанақ, Бақабұлақ, Шанақ бекеті елді мекендерін табиғи газбен қамту үшін 200 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысан 2024 жылға өтпелі.
Аудан аумағында 1 363 шықырымды құрайтын ЖОЛДАР бар.
Былтыр 2 аудандық маңызы бар автомобиль (Шарбұлақ, Қызылдала) жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 213 млн. теңге қаржы бөлініп, пайдалануға берілді.
Биыл КХ-44 «Жігерген-Көкібел» облыстық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізу үшін 210 млн. теңге қаржы бөлінген. Нысан 2024 жылға өтпелі.
Сондай-ақ, былтырдан бері 5 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 852 млн. теңге бөлініп, 36 шақырым жол жөнделеді.
Бұдан бөлек, 45 ішкі көшелерді орташа жөндеу үшін 1,5 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 890 млн. теңгеге 26 көшені (55,3 шқ) және аудандық бюджеттен 692 млн. теңгеге 19 көшені (37,7 шқ) орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл қортындысымен барлық нысандар пайдалануға беріліп, жалпы ауданда 129 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ саласында 61 емдеу мекемесі тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Былтыр Қ.Әбдалиев ауыл округі Жаңаталап елді мекенінен медициналық пункт салуға 82 млн. теңге бөлініп, пайдалануға берілді.
Биыл Жаңаталап, Ынталы және Қакпақ елді мекендерінде фельдшерлік-акушерлік пункттерді салу үшін 434 млн. тенге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аталған нысандарды қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.
Келесі жылы Қазығұрт ауданы бойынша
4 медициналық нысандарды салу жоспарланып отыр.
Оның ішінде 3 фельдшерлік акушерлік пункт және
1 дәрігерлік амбулатория.
БІЛІМ БЕРУ саласы бойынша ауданда 73 мектеп жұмыс жасайды. Қазіргі таңда типтік мектептердің саны 59-ға дейін жетті.
Ағымдағы жылы жалпы құны 5,9 млрд. теңгені құрайтын,7 мектептің құрылысы жүргізілуде.
Осы жылы 2 мектептің (Сырлысай, П.Тәжібаева) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал қалған 1 мектепті (Амангелді) жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
2024 жылы қалған 4 мектептің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Салынатын мектептер жаңа форматта болады.
Замануи мектеп түлектерінің 90-95%-ы жоғары оқу орындарына грантқа немесе шетелдегі ең мықты танымалоқу орындарында оқуда.
Осы тәжірибені пайдалана отырып, жобаны барлық өңірде іске асыру көзделді.
Жоба аясында 2024 жылы Қазығұрт ауылы Болашақ мөлтек ауданынан 600 орындық 1 жаңа мектептің кұрылысы басталып, 2025 жылы пайдалануға беру күтілуде.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында былтыр Жігерген және Сарапхана елді мекендеріндегі 2 мектепке 304 млн. теңге қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан тұрғындарының ұлттық құндылықтары мен рухани дамуы бағытында 49 мәдениет нысандары жұмыс жасайды.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында, Шанақ, Жігерген елді мекеніндерінде 200 орындық мәдениет үйлерідің құрылыстары жүргізілуде, ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.
Бұдан бөлек, Қазығұрт елді мекенінде
500 орындық мәдениет үйінің құрылыстары басталуда. Нысан 2024 жылға өтпелі болып отыр.
Облысымызда СПОРТ САЛАСЫН дамыту мәселесі ерекше назарда.
Аудан тұрғындарын спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау үшін 264 спорттық нысандар жұмыс жасайды.
2020-2023 жылдар аралығында 9 спорт алаңы пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы жеке кәсіпкер есебінен 1 жүзу бассейні, 1 тренажер залы және 1 футбол кешені салынып, пайдалануға берілді.
Ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 48 мыңнан асып, аудан халқының 42 пайызын құрап отыр.