Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мемлекеттік 34 мектепте 48 250 бала тіркелген. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала саны 113, олардың ішінде қорғаншылық пен қамқорлықтағы бала саны 104, патронаттағы бала саны 9. Көпбалалы мұқтаж отбасындағы бала саны 4825, аз қамтылған бала саны 2554, атаулы әлеуметтік көмек алмайтын күнкөріс жағдайы төмен отбасы бала саны 1178, жетім бала саны 78, жартылай жетім балалар саны 1302. Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту бағытында Түркістан қаласы бойынша биылғы жылы 4553 баланы қамту жоспарда тұр.
Бүгінге дейін «Мектепке жол» акциясында демеушілер есебінен 1500-ге жуық бала киім-кешекпен және мектеп құралдарымен қамтамасыз етілгенін де айта кеткен жөн. Оның ішінде қала әкімдігі 200 балаға, «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалы 100 балаға, «Харекет» қайырымдылық қоры 200-ден астам балаға, «Халық» банкінің Түркістан қаласындағы өкілдері 40 балаға, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Мұсабек Базарбай 100 балаға қамқорлық жасап отыр. Сондай-ақ, мектеп түлектері, кәсіпкерлер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері демеушілік танытып, балаларға қуаныш сыйлауда. Осы орайды пайдалана отырып, бала болашағына бей-жай қарамай, материалдық көмектерін ұсынып отырған әр азаматқа ризашылығымды білдіргім келеді. Жалпы бүгінгі күнге дейін «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен 8 млн теңге көлемінде 531 бала оқуға қажетті құралдармен қамтылған. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасатынын ескерсек, бұл көрсеткіш әлі де ұлғайып, көмекке мұқтаж отбасы балаларының мектепке дайындығын пысықтайтын болады. Қала бойынша үйде оқытылатын бала саны – 324. (Оның ішінде жалпы мектеп бағдарламасымен оқытылатын бала саны – 197, көмекші мектеп бағдарламасымен оқитын бала саны – 127).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2007 жылғы 5 ақпандағы №81 қаулысын жүзеге асыру шеңберінде әзірленген даму мүмкіндігі шектеулі балаларға ықпалдастыра (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру мақсатында 2021-2022 оқу жылында инклюзивті білім беру бойынша 18 мектепте 297 балаға 28 түзету-дамыту сыныптары, ал балабақшалар бойынша 9 балабақшадан тілінде кемістігі бар 72 балаға 9 топ ашылған. Осыған байланысты инклюзивті сыныптар мен топтарды ашу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысына сәйкес, 18 штат педагог-дефектолог, 9 штат педагог-логопед мамандары жұмыс жасауда. Мүмкіндігі шектеулі балаларға беретін мұғалімдерге 40 пайыз есебінде әр мұғалімге 7079 теңге төленуде. Қосымша ақы мөлшері базалық лауазымдық жалақыдан 40% (ППРК № 1193 жылғы 31.12.2015 ж). Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту. Түркістан қаласы бойынша 2019, 2020 жылдары №1 Байтұрсынов, №16 Т.Бигелдинов, №21 М.Пошанов, №24 М.Шоқай атындағы жалпы орта мектептерінен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы инклюзивті білім беру ресурстық орталықтары ашылды.Түркістанда 9 мектеп STEM-кабинеттерімен жабдықталған. Атап айтанда, №6, №9, №12, №13, №14, №16, №17, №24, №27, мектептер. Тағы 6 мектепті STEM-кабинеттерімен қамту жоспарлануда.
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерін арнайы құттықтады. Аудан басшысы тыл ардагерлері...