Түркістан облысындағы агроөнеркәсіп саласындағы мемлекеттік қолдауларды түсіндіру барысында арнайы жұмысшы топ Созақ және Бәйдібек аудандарына барды. Кездесуге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербұлан Жәнібеков, «ҚазСушар» және «Тұран су» мекемелерінің басшылары, жанармай таратушы операторлар, қаржы ұйымдары қатысты. Жиында Ербұлан Жәнібеков ауыл шаруашылығы техникалары мен тыңайтқыштарға мемлекет тарапынан берілетін қолдауларға тоқталды. Сондай-ақ, кездесуге қатысқан тиісті мекеме өкілдері жеңілдетілген несиені алуға қажетті құжаттар жайлы да сөз етті. «Түркістан облысы еліміздегі ауыл шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге жеткен өңір. Дегенмен облыстағы шаруалардың жағдайын жақсарту жұмыстары өз жалғасын табады. Осы арқылы облысымыздағы ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтар санын арттырып, кәсібін дөңгелетуіне мүмкіндік береміз», – деді ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербұлан Жәнібеков.
- Ауыл шаруашылығы жобаларына субсидиялар
мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру;
көктемгі егістік және егін жинау үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының және басқа да түгендеу заттарының шығымдылығы мен сапасын арттыру үшін субсидиялар, жылыжайларда басымды дақылдардың және егіннің өндірісін субсидиялау арқылы;
тыңайтқыштардың құнын субсидиялау (органикалық қоспағанда);
агроөнеркәсіп кешенінің субъектісі инвестициялармен (ауылшаруашылық техникасымен) шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге субсидия
- Ауыл шаруашылық жобаларын коммерциялық кредиттеу
құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру;
айналым капиталын қаржыландыру;
ауыл шаруашылығы техникалары мен арнайы техниканың лизингі;
Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы саласындағы ауылшаруашылық жобаларын коммерциялық кредиттеу;
көктемгі егіс және жинауға арналған қарыздар (CDF, SD)
- Инвестициялық жобалар мен өсіруге арналған шығындар
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамыту ісіндегі нақты мәселелердің бар екеніне назар аударып, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар міндет қойды.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде тұрақты әрі жоғары сұранысқа ие тиімділігі жоғары дақылдарды (жасымық, зығыр, соя) өсіруге көшу есебінен еңбек өнімділігін арттыру қажеттігін айтты. Оның айтуынша, органикалық ауыл шаруашылығы өндірісін дамытып, заманауи агротехнология мен инновацияны енгізу керек.
– Үкімет агрохимия қызметін күшейту, гербицидтердің, минералды тыңайтқыштардың және элиталық тұқымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауы қажет, – деді Президент.
Мемлекет басшысы Үкіметке өндірістің ел аумағында орналасу әлеуетін зерттеу арқылы ауыл шаруашылығы техникалары паркінің тозуына қатысты мәселені шешуді тапсырды.Әлемдік тәжірибені ескере отырып минералдау негізінде топырақтың құнарлылығын жақсарту – маңызды міндет. Мемлекет басшысы бұл мәселені шешу үшін шетелдік инвесторларды тарта отырып, ел аумағында тыңайтқыштар мен пестицидтер шығаратын дайын лицензиясы бар зауыттар салуды тапсырды. Президент барлық ауыл шаруашылығы жерлерінің есебін алу ісін аяқтаудың, жер кадастрын цифрландырудың және жерлердің пайдаланылуын ғарыштық мониторинг жасау арқылы анықтауға көшудің маңыздылығына арнайы тоқталды.
Баяндамада мал шаруашылығын дамыту мәселесіне зор көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы қой етін, құс етін, қозы етін өндірудің, сүтті мал шаруашылығын дамытудың және мал шаруашылығы өнімін экспортқа шығару ісін ілгерілетудің келешегі бар деп есептейді. Бұл үшін алдағы 10 жылда қосымша 50 миллион гектар жайылымдық жер пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Президент Үкіметке жем-шөп бағасының жоғары болу себебіне қатысты мәселені түбегейлі реттеуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қайта өңделген өнімдері сыртқы нарықта кедергілерге тап болып жатқанын айтты. Осыған байланысты Мемлекет басшысы отандық тауарларды мақсатты түрде ілгерілетуді және шетелдік серіктестердегі өзгерістерге қатысты дер кезінде әрекет етуді тапсырды.
Мемлекет басшысы отандық аграрлық ғылымды дамыту ісіне және кейінгі жылдары деңгейі айтарлықтай төмендеген кадрлардың әлеуетіне арнайы тоқталды.
– Ұлттық аграрлық ғылым-білім орталықтарындағы еңбеккерлердің тек 20 пайызының ғылыми дәрежесі бар. Сондықтан аграрлық салада болашағы бар жас ғалымдардың пулын жасақтау қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті ауыл халқының 85 пайызы тұратын келешегі бар тірек елді мекендерді дамыту қажеттігін айтты. Оның айтуынша, бұл елді мекендер жол, қол жетімді байланыс жүйесі мен Интернет, білім беру және денсаулық сақтау нысандары, мәдениет және спорт кешендері сияқты инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілуі тиіс. Мемлекет басшысы ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту үшін 3 жыл ішінде 100 дене шынықтыру және сауықтыру кешендерін салуды тапсырды. Соның ішінде 22 нысан биыл іске қосылады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қосымша 90 миллиард теңге бөлінетін болады. Президент «Дипломмен ауылға» бағдарламасына бөлінетін қаржыны жылына 20 миллиард теңгеге дейін арттыруды тапсырды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл тұрмысының сапасын жақсарту жөнінде жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.
– Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, әсіресе ірілері шетте қалмауы тиіс. Аграрилер мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі қағидатына сәйкес ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты әлеуметтік жауапкершілікті бөлісуі қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамытудың жаңа деңгейіне шығару және жалпы өнім көлемін 2 есеге арттыру жөнінде нақты міндеттер қойды. Осы мақсатта агроөнеркәсіп кешенінің әрбір бағыты бойынша шаралар қарастырылған Жол картасы әзірленді.
Мәселен, республикада егіс алқаптарын әртараптандыру жандандырылады, бұл ылғалды көп қажет ететін дақылдардың үлесін азайтады және жоғары рентабельді өсімдіктер, мысалы, майлы дақылдар өндірісінің көлемін арттырады. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын енгізу, тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру және ауыл шаруашылығы техникасын қарқынды жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ Жол картасына ірі және ұсақ мал басын көбейтуге, ет пен астық өңдеуді арттыруға, сүт-тауарлы фермаларды және басқа да нысандарды іске қосуға бағытталған шаралар да енгізілген. Жол картасын жүзеге асыру агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнімін 2028 жылға қарай 2 есеге арттырып, 17 трлн теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Негізгі түйткілді мәселелер және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша ұсынылып отырған шаралар туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасады. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов вегетациялық кезеңде оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету жоспарлары туралы айтты. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа шараларын талқылауға Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл және басқа облыстардың әкімдері қатысты.
Премьер-Министр алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Ауыл шаруашылығы және Су ресурстары министрліктері өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жұмыс істеу тәсілдерін қайта қарау қажет екенін баса айтты.
«Әрбір өңір үшін өсудің қолда бар резервтері мен даму әлеуетін ескере отырып, көрсеткіштер айқындалды. Моно және ылғалды көп қажет ететін дақылдарды азайту арқылы сұранысқа ие дақылдардың алқаптарын кеңейтіп, минералды тыңайтқыштар қолдану деңгейін арттыру қажет», — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдары үлесін, машина-трактор паркін жаңарту деңгейін және су үнемдеу технологиялары енгізілген алаңдарды арттыру қажет. «Әкімдіктер мен министрліктер тарапынан аталған көрсеткіштерге қол жеткізуге тұрақты бақылау орнату қажет. Бүгінде біз жұмысымызда жаңа тәсілдер қабылдап жатырмыз. Облыс әкімдіктері Жол картасында көзделген өз көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуі керек. Бұл үшін жеке жауапкершілік артылады», — деді Премьер-Министр.