• Latest
Дархан Сатыбалды: Төлеби ауданы тұрғындарының табысын арттыру, әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жақсы қолдау болмақ

Дархан Сатыбалды: Төлеби ауданы тұрғындарының табысын арттыру, әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жақсы қолдау болмақ

10/06/2024
Төлеби ауданында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

Төлеби ауданында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

02/06/2025
ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ КӨЛІ БАР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ КӨЛІ БАР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

02/06/2025
Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

01/06/2025
Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

01/06/2025
Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

29/05/2025
Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

29/05/2025
ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

29/05/2025
Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

29/05/2025
Қазығұрт ауданында жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қазығұрт ауданында жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

29/05/2025
Түркістан облысында көне темір жол вокзалдары жөндеуден өтеді

Түркістан облысында көне темір жол вокзалдары жөндеуден өтеді

29/05/2025
Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

Қазығұрт ауданында Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті

29/05/2025
Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

29/05/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Monday, June 2, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Дархан Сатыбалды: Төлеби ауданы тұрғындарының табысын арттыру, әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жақсы қолдау болмақ

10/06/2024
in Қоғам
0
Дархан Сатыбалды: Төлеби ауданы тұрғындарының табысын арттыру, әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жақсы қолдау болмақ
498
SHARES
1.4k
VIEWS

Түркістан облысының әрбір аудан, қаласында Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, өңір басшысы Дархан Сатыбалды халықпен ашық кездесулер өткізіп келеді. Кезекті кездесу Төлеби ауданында жалғасты. Облыс әкімі осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстарды баяндады. Алдағы жоспарларды пысықтап, ауданның дамыту жұмыстарына тоқталды.

– Бүгін өздеріңізбен маңызды мәселелерді талқылау үшін жүздесіп отырмыз. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, ауданды әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысу біз үшін өте маңызды. Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Төлеби ауданында 2023 жылы 16 елді мекенде 27 жобаны іске асыруға 3,5 млрд теңге бөлінді. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру, әл-ауқатын жақсарту мақсатында 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 1 млрд теңгеге 190 жоба қаржыландырылды. Төлеби ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 36 пайызға өсіп, 2023 жылы 146 млрд теңгеге жетті. Біз аудандағы кейбір салалардағы кемшілікті жасырмай ашық айтып, олардың шешу жолдарын қарастыруымыз қажет. Біз әлі де қоғамдық немесе әлеуметтік жұмыстардан бөлек, өз жұмыс орнымызды ашып үйренуіміз қажет. Нарық талабы солай. Бизнесті қолға алып, өндірісті дамытуымыз керек, – деген облыс басшысы елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына атсалысуға шақырды.

Мемлекет басшысы мектептерді жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтуды тапсырған болатын. Облыста жалпы саны 330 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін «Starlink» спутниктік интернет құрылғысын орнату жұмыстары басталып, бүгінде 329 мектепте орнатылды. Оның ішінде Төлеби ауданында жоспарланған 20 мектептің 19-на қосылды. Қалған бір мектепте тамыз айында іске қосылады. Бастапқы интернеттің жылдамдығы секундына 20 мегабитке жетпейтін болған, қазіргі кезде 200 мегабитке жетіп, сапалы қызмет көрсетіліп жатыр.

Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың ауданда 2023-2024 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалған соң тұрғындардың сұрақтарына кезек берілді. Төлебиліктер инфрақұрылым, кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс пен туризм саласы және өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, өтініштерін айтты. Облыс әкімі әрбір өтініш бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүретінін жеткізді. Сонымен бірге аудандағы өзекті мәселелерді қозғап, оларды шешу бойынша аудан әкімі мен басқарма басшыларына тапсырмалар берді.

Кездесуден соң өңір басшысы жеке қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Жергілікті тұрғын Нысанбек елді мекенінің атауын Қапал батыр ауылы деп қайта атауды ұсынды. Зертас ауының тұрғыны осыған дейін көтерген елді мекенге спорт кешенін салу мәселесінің шешімін тапқаны үшін алғысын айтты. Төлебиліктер баспана, инфрақұрылым мәселелірін қозғады. Қабылдауға құқық қорғау органдары мен аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары қатысып, мәселелердің тиісті шешімін табуға атсалысты. Өңір басшысы жауаптыларға нақты міндет жүктеді.

Төлеби ауданына сапар аясында облыс әкімі Дархан Сатыбалды аумақтың тазалығына жауапты мамандармен жүздесті. Аудандағы санитарлық тазалықты сақтау үшін техника сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қосағаш елді мекеніндегі 300 орындық жайлы мектебінің құрылысымен танысты. Облыс басшысы мердігермен кездесіп, жұмыс барысын пысықтады. Ұлттық жобаны іске асырудағы проблемаларды талқылады. Құрылыс материалдарымен қамтуға қатысты мәселені талқылады.

Құрылысқа жергілікті тұрғындар тартылған. Құрылыс алаңдарына бейнекамералар орнатылып, жұмыс процессі тиісті бақылауға алынған. Бірыңғай стандарт бойынша салынып жатқан жайлы мектептер заманауи технологиялық және инженерлік жабдықтармен, ыңғайлы оқу және корпустық жиһазбен қамтамасыз ету де тапсырылған.  Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші  – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.

Жалпы, Төлеби ауданында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында жаңадан 3 мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Достық елді мекеніндегі 900 орындықты, Көксәйекте – 600 орындық, Қосағашта – 300 орындық білім ошағының құрылысы биылғы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.

Төлеби ауданында тағы бір балалар лагері іске қосылды. Қасқасу елді мекеніндегі «Көктөбе» балалар лагерінде бір мезгілде 250 бала демалады. Жаңа демалыс аймағында ыңғайлы жатын орындары, арнайы жабдықталған алаңдар бар. Лагерьде балалар үшін танымдық сабақтар, спорттық жарыстар, командалық ойындар, тауға серуендеу ұйымдастырылады.

Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері ( 7 мемлекеттік, 15 жекеменшік) қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35482 оқушы бюджет есебінен тегін демалса, 20 мыңға жуық оқушы ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады.

Аудан экономикасы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, бизнестің тұрақты көзі болатын саланың бірі – балық шаруашылығы.

Сондықтан балық өсіруді қолға алып, шаруашылықтың бұл түрін кәсіп көзіне айналдыруды көздеген кәсіпкерлер саны Төлеби ауданында артып келеді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жаңажол елді мекеніндегі балық шаруашылығымен танысты. Жеке кәсіпкер 3 гектар аумақта 7 арнайы бассейн жасап, форель өсіруде. Жылына 300 тонна балық өндіруді жоспарлауда. Жоба құны – 800 млн. теңге.

Жалпы, аудан аумағында балық шаруашылығымен 14 кәсіпкер айналысады, оның ішінде (2 бірлік су қоймада) 5 шаруашылық 2023 жылы ашылды. Шаруашылықтар негізінен бекіре, фарель, сазан, карп, дөңмаңдай, ақ амур балығын өсіруде.

Төлеби ауданында алма шырыны шығарылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Облыс басшысы  ауылшаруашылығы саласындағы шаруалардың жай-күйімен танысып, жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Кемеқалған ауылдық округі «Қазығұрт бақтары» өндірістік кооперативінің қарқынды алма бауында болды.

Тамшылатып суару жүйесі арқылы қарқынды алма бауын өсіру ісін қолға алған кәсіпкер иелігіндегі 138 гектар аумақтың 110 гектарына 300 мыңға жуық көшет егілген. «Гренни Смит», «Айдаред», «Голден делишес», «Гала» сортты алмаларын еліміздің барлық өңірлерімен қатар, алыс-жақын шетелге экспорттайды. Сондай-ақ жеміс өнімдерін сақтайтын 500 тонналық қойма құрылысын өз қаржысы есебінен аяқтап, жеміс тосаптарын дайындайтын цех салған. Кәсіпкер алма өнімдерінен табиғи шырын дайындайтын цехты іске қосуды жоспарлап отыр.

Облыстың климаттық тиімділігін пайдалана отырып, озық жаңа тәсілдер енгізілуде. Атап айтқанда, қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Қазіргі уақытта, облыстағы қарқынды баулардың көлемі 5,8 мың гектарға жетті. Бұрын, дәстүрлі баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынатын болатын. Қарқынды баулардан өнімділік 5 есеге артып, 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерін дамытуға арналған әлеуметтік және бизнес бағдарламасын Үкіметке қайта қарауды жүктегені белгілі. «Қазақстанның өңірлері бірдей деңгейде дамып жатқан жоқ. Соның салдарынан кейбір өңірлерде әлеуметтік олқылықтар байқалады. Соңғы күндері болған елдегі жағдай батыс және оңтүстік өңір халқын еңбекпен қамту деңгейінің төмендігін көрсетті. Аталған өңірлерде бала туу деңгейі жоғары, ал экономика өңір тұрғындарын жұмыспен қамтып үлгере алмай жатыр. Сондықтан да батыс және оңтүстік облыстардың әлеуметтік проблемасы өңірлік емес, ұлттық мәселе болып отыр. Әлеуметтен бөлек, денсаулық сақтау, білім мен мәдениетті де ұмытпау керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының айтуынша, білімді ұлт кез келген бәсекелестікке төтеп бере алады. «Осы орайда Үкіметке еліміздің оңтүстік және батыс өңірлері үшін «Ауыл – ел бесігі», «Бизнестің жол картасы» және тағы сол сияқты жеке бағдарлама әзірлеуді тапсырамын. Жалпы, өңірлердің дамуы мен қолдау әкімдерге байланысты», – деді. Шынын айтайық, еліміздің көптеген өңірінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін, өңдейтін кәсіпорындар аз. Тері-жүн өңдейтін кәсіпорындар жоқтың қасы. Ауыл халқы малдың жүн, терілерін қайда өткізерін білмейді. Осы мәселе шешілетін болса, өңірлердің дамуына оң ықпал етері сөзсіз. Сонымен қатар, ауылдардағы инфрақұрылымның жағдайы, ауызсу, жол, шағын қалалардағы көшелердің мәселесі, денсаулық сақтау нысандарының жетіспеушілігі, апаттық жағдайдағы мектептер әлі тұр. Өңірлерде несие беру мәселесі де тиісті деңгейде шешімін таппаған. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарды қолдау жетіспейтіні жасырын емес. Көптеген азаматтар өз ісін ашу жолында қыруар құжат жинап, бірқатар кедергілерге кездеседі. Ал кепілдік мәселесін шешу тіпті қиын. Дегенмен, мемлекет өңірлерге әрдайым көңіл бөліп келеді. Әлеуметтік салаға, мектептер, аурухана, жол салуға, жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес қаржы бөліп отыр. Бұл жұмыстарды жалғастыру, әсіресе шағын және орта бизнес бойынша ауылдағы азаматтардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау – уақыт талабы.

ҚР Үкіметінің өңірлерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасында алдағы 5 жылда үш жарым мыңға жуық ауылды жаңғырту жоспарланыпты. Бірінші кезекте әлеуметтік инфрақұрылымға мән берілмек. Яғни сапалы ауызсу, жарық, жылу, жол желілері, мектептер, ауруханалар салынады. Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасына 1,3 трлн теңге бөлінген. Қыруар қаржы! Соның басым бөлігі, яғни 900 млрд теңгесі ауылдағы ағайынды жарылқауға жұмсалмақ. Осы орайда таяу 7 жылда негізгі басымдықты «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыруға салу көзделген. Бұл шамамен 7 млн ауыл тұрғынының өмір сапасын жақсартатын болады. Бұл шамамен ауыл тұрғындарының 90 пайызын құрайды. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде еліміздегі республикалық маңызы бар ірі қалалардың саны бірден үшке дейін жетті. Бұрын ірі қала санатында Алматы ғана болса, қазір миллион тұрғыны бар қалалар қатарына Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары қосылды. Сумен қамту индикаторы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Атырау, Маңғыстау облыстарына тиесілі. Алайда ауылдық елдімекендерде әлі де шешімін күткен проблемалар жетерлік. Ең төменгі көрсеткіштер Павлодар, Қостанай облыстарында тіркеліп отырған көрінеді. Қазіргі уақытта барлық өңір жіті бақылауға алынған. Жаңа бағдарлама бойынша қаражаттың басым бөлігі осындай өзекті мәселелері көп өңірлерге бөлінеді деп жоспарланғаны қуантады. Түсінікті болу үшін тарқата айтқалы отырмыз. Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе сынды ірі төрт агломерацияның маңайы қамтылады. Одан кейін екінші деңгейдегі қалалар, яғни 13 облыс орталығы мен Семей қаласын осы бағдарлама шараларымен қамту көзделген. Сондай-ақ, 18 урбандалу орталығы және жоғарыда аталған 3,5 мың ауылдық елдімекенде бағдарламаны іске асыру жалғасады. Аталған бағыттардағы жұмыстарды жүзеге асыруға бюджет қаражатымен қатар, жеке инвестициялар да тартылатын болады. Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 2020 жылы 9 желтоқсанда ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген болатын. Бағдарламаның мақсаты – Басқарылатын урбандалу арқылы өңірлердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту. Бағдарламаның міндеттері де айқын:

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялар – функционалдық қалалық аудандарды дамыту.

Облыс орталықтарында, Семей қаласында орталықтары бар функционалдық қалалық аудандарды дамыту. Функционалдық қалалық аудандар құрамына кірмейтін, халық саны 50 мың адамнан асатын моноқалаларды дамыту.

Аумақтары іргелес жатқан шекара маңындағы моно және шағын қалаларды дамыту. Ауылдық елдімекендерді дамыту.  Қазіргі кезде жергілікті билік органдарының басты міндеті аймақтардағы, әр ауыл мен қаладағы бизнесті жүргізуге жан-жақты қолдау білдіру мен жағдайларын қамтамасыз ету болып отыр. Сондай-ақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жергілікті маңызы бар мәселелерді азаматтардың қатысуымен шешуді кеңейтуге баса назар аударғаны белгілі. Сол себепті таяу жылдарға белгілеген міндеттерді шешуде жергілікті атқарушы және өкілді органдарға ерекше жауапкершілік жүктелді.

Биыл барлық өңірлерде жаппай, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту жөнінде жоспарлар әзірленді. Бұл жоспарларда нақты іс-шаралар кешені көзделген. Осындай шаралардың негізінде өңірлерде шағын және орта бизнесті дамытудың кешенді және жүйелі ұстанымын қалыптастыруға, кәсіпкерліктің рөлі мен мүмкіндіктерін арттыруға, жергілікті және орталық бастамаларды үйлестіруге жағдайлар жасалады. Сондай-ақ, өңірлерде іскерлік ортаны жақсарту үшін арнайы сыйлықақы тағайындалып, бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу көзделген. Бұл өңірлерге бизнесті дамыту саласындағы әлсіз тұстарын анықтауға, екінші жағынан, іскерлік жағдайды жақсарту бойынша жұмысты жүйелеуге мүмкіндік береді. Осылайша, қолайлы іскерлік жағдайды қалыптастыру жергілікті атқарушы органдардың қызметі тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

«Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасының негізгі мақсаты – мемлекет тарапынан халыққа көрсетілетін базалық қызметтерге баршаның теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ететін жүйе құру. Тұрғын үй-коммуналдық ахуалды жақсарту, тұрғын үй құрылысын дамыту, көлік қатынасының қалтқысыз қызметін қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін арттыру есебінен азаматтардың өмір сүруіне қолайлы орта құру көзделген», – дейді сарапшылар. 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба 2 бағыттан тұрады.

«Бұл бағыттарды іске асыру үшін 4 міндет қарастырылған. Яғни әр бағыт шеңберінде 2 міндетті шешу қарастырылған. «Базалық қызметтерге тең қолжетімділік» бағыты аясында «Инфрақұрылымдық кешенді дамыту» және «Жайлы тұрғын үй» атты міндеттерді іске асыру қарастырылған. Мұндағы «Инфрақұрылымды кешенді дамыту» міндеті бойынша үлкен қалалардың шеткі аумақтарын дамыту, моно және шағын қалаларда инженерлік, көлік инфрақұрылымын дамыту, тірек ауылдар мен спутник елді мекендерді жаңғырту, сумен жабдықтау және су бұрумен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар атқарылады. Мысалы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының шеткі аумақтарына жол, инженерлік желілер және әлеуметтік объектілер салу бойынша бірқатар ауқымды жұмыс іске асырылады. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының аясында ауылды елді мекендерді дамыту бойынша іс-шаралар жалғасын табады», – деді Өңірлік зерттеулер орталығы директорының орынбасары.

Маманның сөзіне қарағанда, 2025 жылға дейін Ұлттық жоба аясында атқарылатын іс-шаралардың нәтижесінде сапалы ауызсуға деген қолжетімділік 100% жетпек. Ал «Жайлы тұрғын үй» бағыты бойынша баспана салу, апатты және ескі үйлер проблемасын шешу, жер үйлер құрылысына инженерлік желілер тарту және тағы басқа шаралар атқарылмақ. «Бұл бағыттың аясында халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселелері шешіледі. Нақтырақ айтсақ, 103 млн шаршы метр баспана салынады.

Көлік қатынасының қалтқысыз қызметін қамтамасыз ету бағыты аясында «Ішкі көлік желісін дамыту» және «Көліктік байланысты арттыру» атты 2 міндет қарастырылған. Яғни жаңадан жолдар салынып, қолданыстағылары жаңғыртылады. Жол бойындағы сервисті дамыту сияқты түрлі шаралар іске асатын болады. Өңірлерде республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарды салу және жаңғырту жобалары жалғасады. Осы іс-шаралар нәтижесінде жағдайы жақсы республикалық жолдардың үлесін 100%, жергілікті жолдардың үлесін 95% жеткізу жоспарланған», – дейді Нұрболат Құрметұлы. Ұлттық жоба аясында көлік инфрақұрылымын дамытатын сүйекті жобалар іске асуы жоспарланған. Сарапшы солардың негізгілеріне тоқталды.

«Темір жолдарды салу және электрлендіру, вагондар паркін жаңарту, әуежай инфрақұрылымын жаңғырту, су көлігін дамыту сияқты бірқатар іс-шара көзделіп отыр. Бұл ретте «Достық-Мойынты» теміржол учаскесінде екінші жол салу және электрлендіру», «Дарбаза-Мақтаарал теміржол желісін салу» жобаларын атап өткім келеді. Осы жобалардың арқасында Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі қазіргі 23,5 млн тоннадан 30 млн тоннаға дейін артады. Жалпы Ұлттық жоба шеңберінде 20 көрсеткіш және 94 іс-шара қарастырылып отыр. Оның бәріне 7,6 трлн теңге жұмсау жоспарланған. Яғни республикалық бюджеттен – 4 трлн теңге, жергілікті бюджет – 0,8 трлн теңге, жеке қаражат есебінен – 2,7 трлн теңге тартылмақшы. Менің ойымша, аталмыш Ұлттық жобаны іске асыру Қазақстан өңірлерінің дамуына әжептәуір серпін береді. Жобаның сәттті іске асып, күткен нәтижелерді беруі өз мамандарымыздың жауапкершілігі, елдегі экономикалық ахуал, сондай-ақ көршілес елдердің инфрақұрылым саясаты сияқты факторларға байланысты», – дейді Экономикалық зерттеулер институтының өкілі.

Previous Post

Төлеби ауданы: Еңбек адамының есіл еңбегі бағаланды

Next Post

Әлеуметтік қамтамасыз ету: Төлебиде ардагерлер мен ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған орталық ашылды

Related Posts

Төлеби ауданында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

Төлеби ауданында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

by Алаш Ақпарат
02/06/2025
0

2025 жылдың 30 мамыр күні еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық...

ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ КӨЛІ БАР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ КӨЛІ БАР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

by Алаш Ақпарат
02/06/2025
0

  ✔️Түркістан қаласы тағы бір демалыс аймағымен толықты. Бүгін шаһардың Әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтерген жасанды көлі бар саябақ пайдалануға тапсырылды....

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

by Алаш Ақпарат
01/06/2025
0

Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат...

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

by Алаш Ақпарат
01/06/2025
0

Ардақты ағайын! Қадірлі қауым! Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат заманда қаза болған...

Next Post
Әлеуметтік қамтамасыз ету: Төлебиде ардагерлер мен ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған орталық ашылды

Әлеуметтік қамтамасыз ету: Төлебиде ардагерлер мен ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған орталық ашылды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
Төлеби ауданында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

Төлеби ауданында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
Төлеби ауданында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

Төлеби ауданында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

02/06/2025
ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ КӨЛІ БАР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ КӨЛІ БАР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

02/06/2025
Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

01/06/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Төлеби ауданында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ КӨЛІ БАР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,479)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page