Төлеби ауданы Амина Исаева көпбалалы ана. «Бастау бизнес» мемлекеттік бағдарламасы арқылы грант алып, әсемдік салонын ашқан. Бүгінде еңбек етіп қана қоймай, бірнеше азаматты жұмыспен қамтып та отыр.
Жаңа технологиялар мен қоса әлемдік бизнес те өте үлкен қарқынмен дамып келеді. Бірі әлемдік трендке айналған. Бірі қарапайым тұрмыста қолдануға тиімді, Қазақстанда ашуға болатын баламасы жоқ 7 бизнес түрін ұсынамыз. Көпшілігіміз өзімізге таныс жақын ортада, достарымызбен бірге тамақтануды ұнатамыз. Ал ең сонында шотты төлейтің кезде кімнің қандай тапсырыс бергенің есептеп әлек болып жатамыз. Осындай ыңғайсыз жағдайлардан шығу үшін жаңа бизнес түрін ұсынамыз не бұл бизнес қызмет көрсетіп келе жатқан мейрамханаларға қосымша бола алады. Ыңғайлы чек қарапайым стандарт бойынша жұмыс істейді. Бар болғаны даяшы әр адамның тапсырысын бөлек жазып алады. Қалған жұмысты жаңа аппарат өзі жасайды. Бір кемшілігі сіздің мейрамханаңыз тек топтасып келетін тұтынушыларға ғана бағытталады. Егер де бір отбасы немесе жалғыз адам келіп тапсырыс берсе жаңа аппарат өз бағытында жұмыс істемейді. Сондықтан да бұл идея тұтынушылар саны көп беделді мейрамханаларға жарнамалық бағытта өте қолайлы. Бизнеске салым 500-700 мың теңге шамасында. Ұзақ жұмыс күндері жатып демалуды бәріміз де аңсаймыз. Ал балаша демалуға кез келген жерде мүмкіндік бола бермейді. Сол себепті ересектерге арналған құрғақ бассейн жаңа бизнес түріне айнала алады. Бұл бизнес тек пайда табу мақсатында ғана емес адамдардың денсаулығына да пайдалы. Қарапайым массаж сеансынан артық болмаса кем болмайтын бассейн аса көп салымды қажет етпейді. Ең бастысы жалға алатын қолайлы бөлме керек. Келген тұтынушыңыз бассейннен құрғақ болып шығады. Ауыстыратын киімді қажет етпейді. Ірі қалалар мен офис жұмысшылары көп шоғырланған ауданда ашу арқылы бизнестің тиімділігін арттыруға болады. Бизнеске салым 1 миллион теңге көлемінде деп есептеліп отыр.
Сэндвичтің пайда болу тарихы осы бизнестің ашылуына мысал бола алады. Сэндвич деген — адам есімі. Өте бай граф құмар ойындарды ойнағанды жақсы көрген. Ойын барысында тамақтануға уакыт бөлмей, етті екі нанның арасына салып жегенді жөн көрген. Ал қазір қарбаласқан өмірде біз барлығына үлгеруге тырысамыз, фаст-фуд тағамдары да өте көп. Бірақ үзіліс арасында жүрек жалғап алып тұрып, тазалыққа да көңіл бөлу керек. Осы орайда фаст-фудтың таяқшада сатылатын түрі корн-дог жақсы кәсіпке айнала алады. Бұл бизнес түрін оқу орнына жақын орналасқан аймақта немесе бизнес центрлерде ашуға өте қолайлы. Қарапайым фаст-фудтан артықшылығы — тұтынуға ыңғайлы. Корн-дог мөлшері шағын болса, бағасы да 250-400 теңге шамасында болады. Ол оның өтімділігін жоғарылатып, студенттер мен оқушылардың ең сүйікті асына айнала алады. Жаңа бизнес ретінде 2-3 миллион теңге көлеміндегі салымды талап етеді.
Келесі бизнес Астана қаласына өте тиімді болады. Есіл өзені мен Астанамыздың көшелерінде бірдей жүре де, жүзе де алатын көлік әлі жоқ. Амфибия автобус тек Астана қаласында ғана емес ірі өзен-көлдер жағасында орналасқан Орал, Семей, Өскемен, Қостанай, тіпті, Балхаш пен Алакөлге қолдануға болады. Экскурсиялық бағытта қолданылатын автобус теңдесі жоқ транспорттық бизнеске айналуы мүмкін. Кемшілігі қыс мерзімінде тек жер бетінде жүреді. Бәлкім сол себепті де Қазақстанда ешкім бұл бизнесті өз қолына алмаған. Шағын 20 орындық автобусты амфибия ретінде өзгерту көп салымды қажет етеді. Автобусыңыз бар болған күннің өзінде шамамен 10-11 миллион теңге жұмсалады. Сонда билет құны 10 000 теңге тұратын 50 рейс жасап шығынды қайтаруға болады.
Жылжымалы кинотеатр пайда көзі немесе әлеуметтік жоба ретінде қолдануға болатын, мүмкіндік аясы өте зор кәсіп түрі. Аспан астында, демалыс орнында, қарапайым саябақта отырып, кино көруге мүмкіндік береді. Сонымен қоса Қазақстандағы шалғай елді мекендерге де кино қойылым жасауға да болады. Тіпті балалар үйіне де апарып, кино көрсетіп әлеуметтік жоба бола алады. Ең арзан «кинотеатрды» 400 мың теңге шамасында ашуға болады. Ал ең қымбаты 30 миллион теңгеден жоғары, ол проектордың сапасы мен құнына байланысты. Салыстырмалы баға digis.kz сайтынан алынды. Қазақстанда қарапайым жылыжайларды ашу үшін ешқандай лицензияның қажеті жоқ. Дәл осы жылыжайды тұрғын үй, бизнес-орталық немесе басқа да нысанның төбесінде ашуға болады. Оның артықшылығы жерді үнемдейсіз. Қала ішінде болғандықтан тасымалдауға көп уақыт пен шығын кетпейді. Жылыжайдың шығыны оның көлеміне байлынысты өзгереді. 1 миллион теңгеге 10-15 адамды қамтамасыз ететін бір ғана жылыжай салуға болады. Сонымен қоса өсірілетін көкөніс түріне де байланысты. Осындай жылыжайларды гипермаркет пен ірі супермаркет шатырына салған тиімді болады. Дайын болған көкөністерді тасымалдауға қаражат жұмсамай, бірден сатылымға түсіруге болады.
Үлкен қалалардың басты проблемасы — кептеліс. Бірақ кептелістен де пайда табуға болады. Сіз ешқандай бөлмені жалға алмайсыз. Басқа да шығын түрлері азаяды. Сонымен қоса жылжымалы ас үйді ауа-райына, мерзімге байланысты әртүрлі бағытта пайдалануға болады. Мысалы, қыс мезгілінде көшеде кофе мен ыстық шай сатып, жазда балмұздақ саудалауға қолайлы. Бір ғана салымды талап ететін бизнес шығыны 30 миллион теңге шамасында деп есептелді. Қазақстанда баламасы жоқ бизнестердің нақты салымдарын есептеу қиын болғандықтан, жуықтап алғандағы шығынды көрсеттік. Оларды өз қалауыңыз бен материалдық мүмкіншілігіңізге қарай дамытып, өзгертуге болады. Жүзеге асырамын десеңіз жаңа идея әрқашан туындайды.
Жеке кәсіп, ешкімге тәуелсіз уақыт және қыруар табыс-көптің арманы. Алайда, сол көптің бір пайызы ғана немен айналысқысы келетінін нақты біледі. Ал, қалғаны арманындағы кәсіптің жетегінде қалады. Біздің мақала сіздерді үйде бизнес ашу жолдары және танымал, әрі тиімді жоспарларымен кеңінен таныстырады. Ең әуелі, үй кәсібінің оңтайлы, әрі қолайсыз жақтарын қарастырайық. Әрине, ең басты артықшылығы, сізді үнемі бақылап отыратын бастық болмайды. Кәсібіңізге қатысты барлық шешімдерді тек өзіңіз ғана қабылдайсыз. Жұмыс күнін де, демалыс уақытын да, табыс көзін де сіз реттестіресіз. Қоңыраудың шырылынан оянудың еш қажеті болмайды, жақсы емес пе?! Әрине, үй кәсібінің артықшылықтары көп. Десе де, кемшіліктері барын да естен шығаруға болмайды. Дәл осы ретте, жалқау, ұқыпсыз, тиянақсыз, қорқақ, шешім қабылдауға дәрменсіз, жеңілісті мойындап, тығырықтан шығатын жолды қарастыра алмайтын жан кәсіптің бұл түрін игере алмайтынын ұмытпау қажет. Кейбір адамдар қатаң тәртіп пен үнемі қадағалап отыратын басшылықтың қоластында ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады. Сондықтан, жеке кәсіппен айналысу туралы шешім қабылдар алдында, өз-өзіңізден «Менің қолымнан келеді ме?» деген сұрақтың жауабын алыңыздар. Егер, «Иә, жеке үйде бизнес пен айналысу қолымнан келеді!» десеңіз, онда біздің мақаламыздан ер адамдармен қоса, әйелдерге де арналған кәсіптің түрлерін қарастыра аласыздар. Мүмкін, қалағаныңызды табырсыз?! Немесе, ойыңызда сізге қыруар табыс пен үлкен жетістік әкелетін жоспар бар ма? Есіңізде болсын, тек қана сүйікті іс шабыт пен табыстың кілті болып саналады. Көңіліңізден шықпайтын іспен шұғылдану-уақыт пен ақшаны босқа кетіру.Олай болса, алдымен, ер адамдарға арналған идеяларға көз жүгіртейік.
Ерлерге арналған жеке үйде бизнес жоспарлар. Әдетте, ерлер бизнеске қажетті құрылғылар мен жалға орын алу үрдісінде үнемдеп қалғылары келеді. Сондықтан, кәсібін үйде ашқанды жөн көреді. Үй кәсібінің ерлерге арналған бірнеше тиімді, әрі танымал түрлері бар. Әрі қарай әңгіме осы төңіректе өрбитін болады. Бірінші нұсқа — туристік бағытта кеңес беру кеңсесін ашу.Сіздің басты жұмысыңыз- туристтерге бағыт-бағдар беру.Яғни, қай жерге бару, немен бару, қандай қаражатпен шығу. Сонымен қоса, олардың жол жүру маршрутын да құрастыруға болады. Бұдан басқа, өзіңізді сақтандыру агентінің рөлінде байқап көріңіз. Сіздің табысыңыз сақтандырған адамдар санына байланысты қалыптасады. Әдетте, кәсіптің бұл түрі үлкен табыс әкеледі. Екінші нұсқа — білім беру. Неге байқап көрмеске? Шет тілдерін үйрету, музыкалық білім беру, компьютерде жұмыс жасауды көрсету….Түрлері өте көп. Тек қана жастарды емес, жасы егде жандарды да табыс көзі ретінде қарастырыңыз. Жұмысыңыз жемісін бере бастаған жағдайда, өз мектебіңізді ашып, мұғалімдерді жалдап, кәсібіңізді үлкейтуге болады. Егер, сурет салуды ұнатсаңыз, бастысы, жақсы сурет сала алсаңыз, жарнамамен айталысатын өз студияңызды ашыңыз.Құттықтау қағаз, флаер, банер дизайнымен айналысып көріңіз..Сонымен қоса, әлеуметтік желілерде шақыру афишасы жобасымен айналысып көруіңізге болады. Әлем шығармашылық адамдарының аузына қарап отырған заманда, өнеріңіз бен еңбексүйгіштік қасиетіңізді қосып, неге жеңіске жетпеске? Тапсырыспен сурет салу, мастер-класстар өтіп, оны таспаға түсіріп, оларды желіде сату жұмыстарын да қолға алыңыз. Ағаш өңдеу жұмыстары қызықтырады ма? Ұнаса, ағаш өңдеу ісімен айналысатын шағын фабриканы неге ашпасқа? Егер, жұмысыңыз оңға басса, кәсібіңізді кеңейтуге болады. Мысалы, ағаштан жасалған бұйымдарды көтерме бағамен дүкендерге өткізу. Бұл ретте, өзіңіздің шығармашылық ойларыңызды да қосуға болады. Сізді қызықтырды ма?
Ер адамдар көне тиындарға қызықпаушы ма еді? Егер, антиквариаттан жеткілікті біліміңіз болса, онда оларды сатып алып, қайта сату істерімен айналысуыңызға болады. Антиквариатты ғана емес, шет елдердің тауарын да қайта сатуға болады. Себебі, бұл тауарлардың бастапқы бағасы арзан, оны қайта сату арқылы қомақты табыс жинауға болады. Егер, бұрыңғы жұмысыңыздың құрылыспен байланысы болса, онда үйде отырып ақ, архитектурамен айналысуызға болады. Яғни,біліміңіз бен тәжірибеңізді пайдаланып, сызба жұмыстарын жасаңыз. Әдетте, бұл жақсы кіріс көзі болып табылады. Соңында, өз жазба студияңызды ашуыңызға болады. Тек, арадағы көпір болсаңыз болды. Тапсырыс алып, оны фрилансерлерге жеткізу. Қиын емес қой, иә? Ал, құлшынысыңыз болса, мақалаларды өзіңіз де жазуыңызға болады.
Көріп отырғанымыздай, ер адамдарда мүмкіндік жетерлік. Қыздар, мойымаңыздар! Сіздерге де бірнеше жоспар қарастырып қойдық. Нәзік жандылар байқуатты өмірін немен қамтамасыз ете алады екен? Әйелдерге арналған жеке үйде бизнес жоспарлар. Әйелдерге үйде жүргізе беретін кәсіптің қандай түрі бар? Бұған жоғарыда айтылған тапсырысқа мақала жазу, білім беру, дизайн-студиясын ашу сияқты кәсіп түрлерін жатқызуға болады. Жеткіліксіз бе? Онда басқа да нұсқаларын қарастырып көрейік.
Сіздің жаныңызға не жылу сыйлайды? Біреуі тігін тіккеннен рахат табады, екіншілері әшекей бұйым жасағанды ұнатады. Пысықтары үйде тапсырысқа перде тігеді. Сіз сұлу болып жүргенді ұнатасыз ба? Ұнатсаңыз, кейбір әйелдер сіздерді сұлу қылғанды ұнатады. Мысалға, парихмахерлер, стилистер, модельерлер. Өз көңіліңізден шығатын істі тауып алыңыз. Таптыңыз ба? Онда соны ақшаға жасай бастаңыз. Еңбегіңізді лайықты бағалаудан қорықпаңыз! Сонымен қатар, қыздарға арналған сайт ашуға да болады.Немесе, өзге кез-келген тақырыпты қарастырыңыз. Сайтты пайдалы, қажет ақпаратпен және мақалалармен толықтырып, оның топқа кіргенін ғана күтіңіз.Кейін жарнама арқылы табыс таба бастыңыз.
Нәзік жандыларға арналған керемет кәсіп-үйде жарнама орталығын ашу. Орталықтың басты міндеттеріне сыртқы жарнамамен қоса, полиграфия (флаер мен сурет шығару, мұздатқышқа арналған магнитиктер жасау), тырнаққа арналған жапсырмалар жасау кіреді. Сонымен қоса, өз ақпарат тауарларыңызды жазып, оларды сатумен айналасыңыз. Мысалға,дискке көпшілік алдында сөйлеп үйрену, сурет салу сияқты, белгілі бір тақырыпқа арналған сабақ жазыңыз.Егер, сіз спортпен айналысқанды ұнатсаңыз, арнайы жасалған курсты дискке түсіріңіз.Сіздің тауарыңыз, яғни дискіңіз дайын болғаннан кейін, сайт ашуды қолға алыңыз. Сайт арқылы тұтынушылар тауарға тапсырыс бере алады. Сайтты дамыту ісіне бас қатырмасаңыз да болады, желіде интернет-дүкендердің шаблондары жетіп артылады. Осы ретте, дайын асқа тік қасық бола салсаңыз да болады.
Үйде отырып, фриланспен айналыссаңыз болады. Мысалға, кеңсе жұмыстарын үйде жүргізе беріңіз. Тиімді және сұранысқа ие жұмыстардың бірі-хатшы болу. Қазіргі таңда күні бойы кеңседе отыру міндет емес, шаруаларды өзіңізге оңтайлы жерде, үйде атқара беруге де болады. Хабарламаларға жауап беріп, электорнды жәшікті тексеріп, хаттамаларды уақытылы толтырып отырсың,болғаны. Оның үстіне, әдетте, шығынды да тапсырыс беруші төлеп отырады. Тіпті, үйде отырып аударма ісімен де, тілшілікпен де шұғылдануға болады.
Бала күтуші кәсібі жайлы ойланып көрдіңіз бе? Бұл кәсіппен,көбінесе, өз үйіңізде емес, тапсырыс берушінің аймағында шұғылдана алатыныңызды білетін шығарсыз?! Бүгінде қарбалас жұмысқа, мансапқа байланысты ата-аналардың көбісі балаларына жеткілікті дәрежеде көңіл бөле алмайды. Сәбилерінің денсаулығына немесе бітпейтін кезекке байланысты, балабақшаға өткізе алмайтын кездерде абдырап қалған ата-ана бала күтушіден басқа амал көрмейді. Бұл-табыс көзі.
Қорыта келгенде,әйелдер үшін үйде отырып кәсіп жүргізудің жолдары өте көп. Тек, өз жүрегіңізге құлақ асып, дұрыс таңдау жасай алсаңыз болғаны. Дұрыс таңдау мен еңбексүйгіштік-табыс кілті.
Жер үйдегі кішігірім өндіріс. Егер, сіздің жер үйіңіз болса, оны өндіріс көзіне айналдыру-өз қолыңызда. Жер үйдегі кішігірім өндіріс – жақсы табыс мүмкіндігі. Кәсіптің осы түрінің бірнеше жолын қарастырып көрейік. Әлбетте, ойға бірден тағам өндірісі келеді. Сіз,мысалға,шұжық өндірісімен айналыса аласыз. Бұл іске бір кең орын да жеткілікті. Сізге қажет құрал-жабдық та көп орын алмайды, өз бағасын да тез арада жабады. Жартылай консерванттарды шығару да жаман ой емес.Себебі, консерваттар ұзақ уақыт бойы сақталады, әрі олар кең ауқымда сұранысқа ие.Бұл кәсіпті игеру қиын емес. Оның үстіне, өндіріс ауқымын кеңейтіп, фабрика ашып,жұмысшыларды жалдауға да болады.
Кондитерлік іспен де әбден шұғылдануға болады. Бұл-әйелдерге жеңіл іс. Себебі, бар-жоғы бір ас үй болса, болғаны. Егер, сіз дәмді тағам даярлай алсаңыз, қуана беріңіз. Қазіргі кезде тапсырысқа бәліштер мен тоқаштар әзірлеу-кең ауқымда қолға алынып келе жатқан іс. Ал, тоқаштарды жаныңыздағы дүкенге де өткізіп, кіріс көруіңізге болады. Тағамдарыңыз шынымен де дәмді болып, қолыңыздан бал тамса, кәсібіңіз көркейетініне сенімді болыңыз. Соңғы кездері, бақшадағы мүсіндерге тапсырыс көбею үстінде. Кішігірім қаржыға қажет құрал-жабдықтарды сатып алып, қомақты қаржыға ие болуға болады. Ер адамдарға кәсіптің қызықты бір түрі-кесекблоктар. Сізге бар керегі-қоспа араластыратын ыдыс пен формалар. Біраздан кейін бетон араластыратын вибростолға қол жеткізіңіз. Ол жұмысыңыздың алға басуына көмектеседі. Сонымен, біз үйден шықпай-ақ кәсіп жүргізудің жолдарын қарастырдық. Ерлер де, әйелдер де өз пәтерінің қабырғасында отырып табыс көре алады. Соны бастау үшін бизнеске ақша қайдан алуға болады білуге шақырамыз.
Жас кәсіпкер атанғысы келетіндерге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» анықтамасын жарыққа шығарды. Ақшыл сары түсті қалың кітап ауыл шаруашылық бағытында бизнес бастаймын деген азаматқа жол сілтеуші бола алады. Бұл кітаптың ерекшелігі – қажет ақпараттың барлығы тап-тинақтай етіп оқырманға берілуі. Ауыл шаруашылық саласында елімізде бәсекелестіктің дамымағанын есеп ала отырып, кәсіпкер боламын деген жастардың бұл салаға назар аударуына кеңес береміз. Бұл арқылы сіз нәпақаңызды тауып қана қоймай, отандық өнімнің де көбеюіне атсалысатыныңызды ұмытпағайсыз.
Жас кәсіпкер атану оңай
Ал, дәл қазір өз ісіңізді бастауға деген қызығушылық бойыңызда оянса, «Атамекеннің» ұйымдастырып жатқан «Жас кәсіпкер» мен «Бизнес бастау» жобаларына қатысуға кеңес береміз. Бұл жобалардың артықшылығы, сізге берер пайдасы – жас кәсіпкерге қажет барлық мағлұматты, білімді сізге 21 күн ішінде береді. Ақысыз негізде сіз тәжірибелі бизнес-тренерлерден сабақ аласыз. Білімге ден қойғаныңыз үшін шәкіртақы да аласыз. Онымен қоймай, бизнес-жоба дайындап үйренесіз. Арнайы сертификатқа ие боласыз. Егер де бизнес-жобаңызды жақсы қорғап шықсаңыз (комиссия алдында) ойыңызды жүзеге асыруға мемлекеттен 505 000 теңге көлемінде көмек аласыз. Бұл қарызға берілген сома емес. Мемлекеттің бизнесіңізді қолдауға берген қайтарымсыз қаражаты. Егер де үш ай көлемінде сәтсіздікке ұшырап жатсаңыз, ештеңе жоғалтпайсыз. Өзіңізге қажет үлкен тәжірибе жинақтайсыз. Жобаларға қатысу үшін екі-ақ құжат өткізесіз. Олар жеке куәлік көшірмесі мен мекенжай анықтамасы.
«Жас кәсіпкер» жобасына қатысыңыз
Талаптар мынадай:
Жасыңыз 18 жастан 29 жасқа дейін болса;
Аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан болсаңыз;
Ісін жаңа бастаған кәсіпкер болсаңыз;
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жас кәсіпкер/ фрилансер болсаңыз.
Оқи отырыңыз: «Миллион тұратын идея»
«Бизнес бастауға» қатысыңыз
Ал егер жасыңыз 29-дан асып кетсе, алаңдамаңыз. «Бизнес бастау» бағдарламасына қатысушыларға жас мөлшері бойынша шектеу қойылмайды. Ал, жалпы талаптар тура жоғарыда атап көрсетілгендей.
Егер де қосымша сұрақтарыңыз туындаса, «Атамекеннің» ыстық желісіне 1432-ге қоңырау шалсаңыз болады.
100 идея. Олар:
Тұрмыстық заттар және құрылыс заттары
Металды ағаш дайындау
ПВА желім өндірісі
Металл тақтай өндірісі
Ас үй жиһазын тапсырыспен дайындау өндірісі
Керме төбелер өндірісі
Кеңселік жиһаз дайындау өндірісі
Пластикалық терезе дайындау
Резеңке өндірісі
Пенобетон өндірісі
Хош иісті сабын өндірісі
ПВХ қапталған мақтадан жасалған қолғап өндірісі
Рабицалық тор өндірісі бойынша кәсіптік одақ
Сәндік үгінділер
Шлакоблок өндірісі
Сәнді перделерді дизайн бойынша пішу және тігу ательесі
Жалюз өндірісі
Дәретхана қағазы өндірісі
Жұмсақ жиһаз өндірісі
Қағаз майлық өндірісі
Көмір брикеті өндірісі
Арнайы жұмыс киімдер өндірісі
Құрылыстық шеге өндірісі
Багет шеберханасы
Үй жағдайындағы шам өндірісі
Азық-түлік өнімдер өндірісі
Наннан жасалған классикалық квас өндірісі
Макарон өнімдер өндірісі
Шағын наубайхана
Күнбағыс халва өндірісі
Сүзбе өндірісі бойынша шағын завод
Қуырылған пісте өндірісі
Консервіленген қияр
Сүрленген ет өндірісі
Құрғатылған жеміс өндірісі
Тұшпара өндірісі
Ірімшік өндірісі бойынша шағын цех ұйымы
Өсімдік шаруашылығы
Пияз өсіру
Қауын өсіру
Картоп өсіру
Қант қызылшасын өсіру
Жүзім өсіру
Алма бағын өсіру
Мақта өсіру
Жүгері өсіру
Өрік өсіру
Таңқурай өсіру
Саңырауқұлақ өсіру
Жарма сұлысын өсіру
Жылыжайда лимон өсіру
Қызанақ және қияр өсіру
Соя өсіру
Күнбағыс өсіру
Бидай өсіру
Түсті қырыққабат, брокколи, латук салатын өсіру
Шалғам өсіру
Асқабақ өсіру
Сәбіз өсіру
Пиязды көкке отырғызу
Қара өрік өсіру
Күрішті 50 га аймаққа отырғызу
Жібек өндірісі
Жібек құртын өсіру
Үндік өсіру
Ауыл шаруашылығы
Қой шаруашылығы
Асыл тұқымды жылқыларды өсіру
Түйеқұс өсіру
Ара шаруашылығы
Құс фирмасы
Бөденені асылдандыру
Қояндарды асылдандыру
Ақ амур өсіру
Ветеринарлық орталық
Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өндіру
Жарма өндірісі
Күнбағысты сұйық майға айналдыру өндірісі
Қой терісін бірінші реттік өңдеу ұйымы
Ұн өндірісі
Балмұздақ сату
Сафлор пістесінен сұйық май өндіру бойынша шағын цех
Халыққа қызмет көрсету
Химиялық тазарту кәсіпорны
Жекеменшік балабақша
Компьютерлік қызметтер
Көшу кезінде жүк тасу қызметі
Ағылшын тілін оқыту орталығы
«ФАСТ ЭНД ШАЙН» франшиза мобильдік тазалау қызметі
Клинингтік қызметтер
Аяқ-киім жөндеу
Төлемді қабылдау бөлімдер ұйымы
Үй жабдықтары сататын дүкен ашу
Полиграфия
Заманауи қоғамдық монша
Көлік жуу
Антикафе ашу
Велосипедті жалға беру қызметі
Құлыптар даярлау және жөндеу
Құмыра жасау ісі
Мобильді тасымалдау қызметі
Ақша айырбастау бөлімдер ұйымы
Үстел теннис ұйымы
Пейнбол клубы
Киімдерді өңдеу және тігу ательесін ашу
Жол бойындағы кафе ашу
Жаттығу залы
Ісіңізге сәттілік тілейміз!
Бизнес жоспар 1. Байланыс маркетингі компаниясымен серіктестік
Көп жағдайда хабары жоқ адамдар бұл жөнінде теріс ой салып,пирамида немесе өтірік деп ойлауы мүмкін. Оның олай емес екеніне көз жеткіздіргім келеді.
Байланыс маркетингін классикалық бизнес алдында талдайық: Минималды салым: 10 мен 100 доллар аралығында. Бизнести бастауда негізгі тәжірибеге қол жеткізу: Келіссөз жүргізуді үйрену; Өз ісіңізді жобалау; Топты басқару;
Тауар айналымын бақылау; Кіріс есебі және т.б.
Сіздің күнделікті қызметіңізге тәуелді болмайтын кіріс тудыруыңызға мүмкіндігіңіз бар.Бұл жерде сіз істелген жұмысыңыздың ақысын ала аласыз.
бизнес жоспар маркетинг. Байланыс маркетингі саласында айына бірнеше мыңдаған доллар табыс көретін адамдармен жеке таныспын .Оның үстіне олар метродағы кыздар ұқсап ауыр сөмкелер мен каталогтарды тасып әуре болмайды .Ашық әрі қарым-қатынасқа оңай түсетін адамдарға салымсыз пайда көру үшін сай келетін тәсіл. Бұл бизнес-жобаны мысал түрінде талдайық. Сіз кішігірім компьютер жасайтын компанияда сауда бөлімінде жұмыс жасайсыз делік.Сізде орындау мен қайта орындау жобасы үшін премия мен қаржы бар. Әлбетте,сіздің басшыңыз көп компьютерлік техниканы сатқаныңыз үшін қызығушылык танытады.Бұл жағдайда сізге сауданы көтеру үшін тәсіл ойлап табуыңыз қажет. Мүмкін,ол үшін сізге фирмаңызда филиал немесе өзге қала мен аудандарда филиал ашып,іс сапарларға шығуыңыз керек болар. Бастығыңызга жазбаша түрде ұсыныс дайындаңыз(бизнес бастаушыға),сіздің алғашқы қадамыңызға қуанары сөзсіз.Егер ол толығымен бағаланса,сіз өз қызметіңізді орындап қана қоймай,сол компания серіктестігінің басшысы болуыңыз ықтимал.
Мұндай жоба өз практикалық жұмысында ұсынысқа ие болған.бизнес жоспар партнер. Дәл осы тәсіл арқылы Қайрат деген досымның екі бірдей қызметкерлері бизнес-серіктеске айналған. Бір қызметкері жалдамалы директор,екіншісі юрист болған еді.Осы екі жігіт мойындарына әр саладағы бизнесті алып,фирмадағы серіктестікті басқарушы болып көтеріліп алды.Есімі Николай болатын.
2 Өз білімін интернет арқылы сату
«Білімнің басы —бейнет !» деген сөз бар.Әсіресе,білімнің нәтижесі бар болса. Бір нәрсе қолыңыздан жақсы келе ме: ән айту, сурет салу, программалау, суретке түсіру? Сіз сияқты жасай алғысы келетін мыңдаған адамдар бар. Олардың бар мәселелері, істің қалай бастайтынын білмейтіндіктерінде. Оларға ақшаға қалай істейтінің айтып беріңіз. Жұмыс барысындағы тәжірибеңізбен бөлісіп көріңіз. Жоғарыда айтып өткенімдей,сіз істей алатын ісіңіз жөнінде кеңес беріп қана қоймай, ақылы ақпаратты тауар жасауыңызға болады. Ағылшын тілінен сабақ беретін Ербол атты оқытушым скайп арқылы адамдарды ағылшын мен неміс тіліне үйретіп жүргеніне бір жылдан асты. Бірнеше ай бұрын ол шет тілін бір жылда үйреніп шығу үшін авторлық тәсілін жазуға бел буды.Ақпараттық тауар түрінде жасап,ғаламторда сата бастады. Енді Ербол оның қатысуынсыз ғаламтор арқылы табыс көре алатын мүмкіндікке ие болды. Бұл бизнестің байланыстағы бастапқы формасы
Бизнес жоспар 3. Бизнестің ғаламторда құрылуы Әлемдік торда өз бизнесіңізді орналастырғыңыз келсе оңай емес жолмен жүруіңізге тура келеді. Бірақ бұл іс бұған тұрарлық. Бұл бизнес-жоба белгілі бір орын тебусіз табыс көргісі келетін адамдарға арналмақ. Демек сіз өз бизнес-жоспарыңызбен ғаламтор және компьютер бар жерде әлемнің кез-келген бұрышынан басқара аласыз. бизнес жоспар интернет. Интернет технологияларды айыра келе,сіз сайттарды тапсырыс жасап,өз web –студиоңызды аша аласыз.Жұмыс істеу үшін офистың болуы шарт емес. Мысалы,мен қазыр Турциядағы Кемер қаласында ғаламтор бизнесімен айналысамын. Сіздерге айтарым,бұл керемет!Себебі,кез-келген уақытта теңіз жағалауына шығып,достарыммен кездесіп демала аламын.Менің басшыларым жоқ,тек серіктестерім ғана. Егер сіз ғаламторда толық ақпаратты бизнес ашуда күшіңізді сезсеңіз,өзіңіздің жобаңызға ыңтаңызды салғаныңыз жөн.Себебі,сіздің қолыңыздан келері анық. Жоғарыда мен пассивті кіріс жайлы сөз еттім.Сонымен,достар.Өз сайтыңыз-табыс көзіңе айналатын ошақ болмақ.
Бизнес жоспар 4. Электронды тақта жарнамасы арқылы заттарды қайта сату.
Ең қарапайым бизнес бастамасы-қарапайым сауда немесе бір сөзбен айтқанда-спекуляция.Сіз арзан бағаға сатып алып,қымбатқа қайта сатасыз. Мақаламызда салымсыз немесе аз салым түрінде бизнес құру жайлы айтып өттік,бырақ біз сіздермен дүкен ашып,қомақты тауар сатып алып,заңды тұрғыда тіркелгелі жатқан жоқпыз. Менің сіздерге ұсынарым басқа. Алдымен жаттығып,үйіңіздегі керексіз заттарды сатып көріңіз.Мейлі ескі ноутбук,велосипед,шкаф немесе ойыншықтар болсын.Үйіңізге жай ғана тексеріс жүргізіп,балкон мен гаражға көз салсаңыз,керексіз заттарды табуыңыз сөзсіз(біреулерге өте қажет болуы анық),бірнеше мыңдаған рубльге керек емес заттарды тауып аласыз. Өзім жеке үйіме тексеріс жасау барысында 50 000 тенге көлемінде қажетсіз жабдықтарды анықтадым.Бұл астыртын қарағанның өзінде.
Ендігі қадам,осы қажетсіз заттарыңызды суретке түсіріп,ғаламтор арқылы жарнамаға беріңіз.Бастамасы үшін танымал «Olx» (olx.kz) электронды тақтасы жарайды. Сізге тек сатып алушылардың қоңырауларын күту ғана қалады.Егер осының барлығы оңай әрі қарапайым екеніне көз жеткізгіңіз келсе,менің мақаламды зерттегеніңіз абзал. Бырақ бір ғана Olx сайтымен шектелмеу керек.Әр қаланың жарнамалары орын тебетін жергілікті жарнама сайттары болады.Қалауыңыз бойынша тіпті жергілікті «Из рук в руки» сияқты газеттерге жарнама беруіңізге болады. Бұл тіпті саудаңызды тездетеді. Алдағы уақытта,осындай тәсілмен табыс көруде тәжірибеңіз жинақталған кезде,осы істеріңізді қайталаңыз,сонымен қатар тауар әкелушілерді іздей бастаңыз және сол тауарларды Olx сияқты сайттарда сатыңыз. Осы тәсіл арқылы жергілікті халықтардың табысынан кем түспейтін табысқа тіпті алғашқы айларда қол жеткізетіңізге кепіл беремін.
Бизнес жоспар 5. «Бір сағаттық күйеу» қызмет көрсету жүйесі. «Бір сағаттық күйеу» бизнес ойы айтарлықтай жаңалық емес.Себебі, жылдан жылға актуалды болуда.Жалғыздық күйін кешіп жүрген талай әйелдер мен қолы босамайтын адамдар арасында осы қызмет түрі кең етек жаюда.
«Бір сағаттық күйеу» — әдетте ер адам үйде орындайтын ұсақ-түйек үй шаруасын орындау деген сөз тіркесімен әйгілі. Егер сіз сантехникалық,электрлік қызмет көрсету саласында хабарыңыз бар болса,және есік құлыпын ауыстыру,шеге қағуды білсеңіз,сіздің дұрыс жарнамаңыздың арқасында көптеген тұтынушылардан толастамайтын боласыз. бизнес жоспар құрылыс. Егер сіздің «қолыңыздан» өте жақсы келсе,неге ақшаға қызмет көрсетпеске? Менің Махамбет атты танысым бар.Ол Ставропольде «Бір сағаттық күйеу» қызмет көрсету орталығын ашты.3 жыл ішінде қол астына көптеген қызметкерлерді алып,өз командасын аша отырып,солардан проценттік тұрғыда пайда көруде. Сол баяғы Olx сайтына жарнама беріңіз.Жергілікті аудандарға жарнама іліп,қызмет түрін таныстырыңыз. Көңілі толған быраз тұтынушыңыз пайда болғаннан кейін,олардың ұсыныстары бойынша басқа да тұтынушылар келе бастайды. Тақырып бойынша кеңестер: Өзіңізге визитка жасап, тұтынушыларыңызға таратыңыз.Тұтынушыларыңызға келесі қызмет көрсетілу түрі 10%-ға арзандай түсетінін нұсқаңыз. Бұл сізге тұрақты тұтынушыларды тудырады.
Егер сіз өз жұмысыңызды дұрыс ұйымдастырып,тұтынушылармен жақсы қарым-қатынаста болып,міндетіңізді мінсіз орындасаңыз,алдағы уақытта көп тапсырысқа ие болып,көмекші жалдайтындай жағдайға жетуіңіз мүмкін. Менің Махамбет атты досымның «Бір сағаттық күйеу» қызметін дәл сондай жағдай болған. Осы тәсіл бойынша сіз өз бизнесіңізді салымсыз немесе аздаған қаржы(жарнама мен құрылғыларға) арқылы ашуыңызға болады.Қызмет көрсетуде өз көлігіңіздің болғаны жақсы,алайда міндеті шарт емес. Егер қолыңыздан келетін болса,байқап көріңіз. Бизнес жоспар 6. Жеке қызметіңізді көрсетуде үй бизнесіңіз. Соңғы бизнес-жоспарымыз анық бір қызмет көрсету саласына жатпайды. Яғни, қолыңыздан келетін іс арқылы үйде отырып-ақ табыс көруіңізге болады. Мысалы, үйіңіздің маңында қорасы бар ер адам болсаңыз, көліктерді жөндейтін кішігірім «үй» автоқызметіңізді ашып алсаңыз болады. Егер сіз йогамен қызығатын,шаштаразға оқып алған,немесе маникюр жасай алатын қабілетіңіз бар болса,осының өзінде табыс көре аласыз. Қарлығаш деген танысым қолбұйымдарын жасаумен шұғылданып,үйінде жасау жасап сата бастады,кейіннен балаларды өнерге баулитын творчествалық студиосын ашып алды. Қарлығаштың тұтынушылары көбейіп, қазыр ірі компанияларға қол бұйымдарын жасап, мерекелерде сатады. Өз сүйікті ісімен айналыса отырып, табыс көреді. Есіңізге түсіріп көріңізші,мүмкін таныстарыңыздың арасында әртүрлі салаларда қызмет көрсете алатын,үйде отырып бизнеспен шұғылданатын достарыңыз бар болар? Сол адаммен сөйлесіп,тәжірибе алмасып көріңіз.Алдағы уақытта сізден де сәтті кәсіпкер шығатынына сенімдімін.
Қорытынды. Құрметті тыңдарман, менің мақаламдағы тәсілдер сізге өз бизнесіңізді ашуда көмегі тиеді деп үміттенемін. Егер сіз кәсіпкерлікке жаңадан қадам бассаңыз, бизнес-жоспарларды қарастырып, бизнес-журнал парақшаларына кіріп көріңіз. Бүгін біз бастаушы кәсіпкерлер үшін маңызды тақырыптарды ашып талдадық.Шешімге келуден қашпай, қателіктер жасаудан қорықпаңыз.