• Latest
Созақ ауданында барлық білім ошақтарында 11 сынып түлектеріне арналған соңғы қоңырау соғылды

Созақ ауданында барлық білім ошақтарында 11 сынып түлектеріне арналған соңғы қоңырау соғылды

26/06/2024
ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

29/06/2025
ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

26/06/2025
Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

26/06/2025
Бәйдібек ауданында егінге аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілуде

Бәйдібек ауданында егінге аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілуде

25/06/2025
ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

24/06/2025
Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

23/06/2025
Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

23/06/2025
Бәйдібек ауданында  «Жер аманаты» жобасы аясында аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өтті

Бәйдібек ауданында «Жер аманаты» жобасы аясында аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өтті

23/06/2025
Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы өнімі биыл 5 айда 7,2 млрд теңгеге жетті

23/06/2025
Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

23/06/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Sunday, June 29, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Созақ ауданында барлық білім ошақтарында 11 сынып түлектеріне арналған соңғы қоңырау соғылды

26/06/2024
in Қоғам
0
Созақ ауданында барлық білім ошақтарында 11 сынып түлектеріне арналған соңғы қоңырау соғылды
503
SHARES
1.4k
VIEWS

Бүгін тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетіп, аудандағы барлық білім беру ұйымдарында қоңырау үні соғылды. Бітіруші түлектерді арман биіктеріне ұшырып, өмір мектебіне шығарып салды. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығындағы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты шараға қатысып, барлық ұстаздар мен оқушыларды және олардың ата-аналарын білім жылының аяқталуымен құттықтады.  – Міне, бүгін тағы бір оқу жылын сәтті аяқтап отырмыз. Бәріміз де мектеп табалдырығын аттап, білім алдық. Өз баласын ұмытып, өзгенің баласы үшін уақыттарын сарп еткен ұстаздардың алдынан өттік. Сондықтан біздің әрбіріміз үшін мектеп атты алтын ұя саналатын білім ошағының орны бөлек. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі ұшан теңіз. Қашанда Сіздерге сенім артқан ұлағатты ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың үмітін ақтайсыздар деген сенімдемін. Баршаңызға жақсылық, амандық, елімізге тыныштық тілеймін,-деген аудан басшысы мектеп оқушылары бос уақытын тиімді пайдалану мен білім сапасын арттыру мақсатында қолға алынған жобаларға тоқталып өтті. Сондай-ақ, мектеп бітіруші түлектерге үлкен үміт артатынын жеткізді. Білім беру саласына үлес қосқан ұстаздардың еңбегін ерекше атап өтті. Оқу жылында жетістікке жеткен ұстаздарды алғыс хатпен марапаттап, құрмет көрсетті.  11-сынып түлектерінің әрбір сыныбына жеке дара тоқталып, естелік суретке түсті. Болашаққа қадам басып жатқан жаңа өмірлеріне сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінен түлеп ұшқан 20 жылдық пен 40 жылдық түлектер өздерінің білім ордасына деген сағыныштарын жеткізді. Мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындатқан ардагер ұстаздарға деген жылы лебіздерін арнады. Мектеп оқушылары концерттік бағдарламаларын тарту етіп, соңғы қоңырау үні соғылды.  Айта кетейік, биылғы оқу жылында аудан мектептерінде 974 оқушы жаңа өмірге қадам басты. 62 оқушы Алтын белгіге үміткер атанса, 235 оқушы Үздік аттестатқа үміткер атануда. Сонымен қатар, 9 сыныпты тәмәмдаған 150 оқушы Үздік аттестатқа үміткер ретінде ұсынылып отыр. Бұған қоса жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын қамтамасыз ету мақсатында барлық білім мекемелерінде мектеп жанындағы лагерьлер 1 маусымнан бастап өз жұмыстарын бастайды. Ал қала сыртындағы лагерьге аудан мектептерінен 1000 баланы тегін демалдыру жоспарлануда.

Енді мектеп түлектері үлкен өмірге қадам басты. Мамандық таңдайды. Мамандық  бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың.  Бас кезінде дұрыс  таңдау жасалған болса, онда адам Кен Робинсон айтып жүрген «өз элементіне» ие бола алады.

Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан болашаққа қадам басар кезде талапкердің де, ата-ананың да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал. Десек те, ол кейде біздің айтқанымыздай бола бермейді. Кейде ЖОО бітірген жастарымыздың өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға қызығушылық танытпауының өзі сондықтан. Шынайы көзқараспен қарайтын болсақ, дұрыс таңдалған мамандық иесі қашанда өз ісінің шебері, әрі білгірі болып, қашанда сұрансқа ие болып жатады. Ол өз таңдаған бағытын жақсы көріп, сол саланың мақтанышына айнала алады. Кез келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары болады. Таңдау жасау барысында мамандыққа сұраныс пен оның беделі, мансап перспективалары, еңбек жағдайлары, орташа жалақы сияқты аспектілерді ескеру қажет. Өзін-өзі көрсетуге, әлеуетін ашуға жағдайдың жасалуы да маңызды. Әрине, мамандық таңдауда адам өзінің интеллектуалдық қабілетін, белгілі бір жоғары оқу орнына, бағдарламасына түсу мүмкіндігін де ескеруі керек. Бұл орайда осы салада жұмыс істеп жүрген достары мен туыстары көмекке келе алады. Мектептерде кәсіптік бағдар мен кәсіби бағдар әлі жетіле қоймағанына қарамастан, әрқайсымызда (алдымен өтініш берушінің ата-анасы) біз сенім артуға болатын айтарлықтай «әлеуметтік капитал» бар. Бірақ бұл үшін ата-аналар балаларына туыстарымен, қызметкерлерімен, достарымен «ақпараттық сұхбат» деп аталатын шараларды ұйымдастырып, белсендірек рөл атқаруы қажет. Жалпы біздің жастарымыз жоғары сынып оқушылары болған уақытта  көбіне болашақ мамандығын таңдауға тиісті көңіл бөле бермейтіні анық. Кей жастарымыздың студент атанған шақта осы мамандыққа амал жоқ, біреудің айтуымен түсіп едім деп қынжылып отыратындары да жасырын емес. Сол себепті мен олардың бұл туралы неғұрлым ертерек ойлана бастаса дұрыс болар еді деген ой түйемін. Осы тұста жаңа туған баланы данышпанға әкеліп, «баланы қай кезден бастап тәрбиелеу керектігін» сұрағанда: данышпан қарияның «тәрбиесі кем дегенде тоғыз айға кешігіп қалған», – деген  даналық сөзі еріксіз еске түседі.

Мамандық таңдау уақыт пен түсінікті қажет етеді. Біз өзіміздің әлсіз және күшті қасиеттерімізді, мінезіміздің ерекшеліктері туралы мақсатты түрде ойлануымыз керек. Мысалы, Дон Клифтонның Strengths Quest тесті жеке тұлғаның күшті жақтарын іздестіру мен анықтауға көмектеседі. Тұлға қасиеттерін анықтауға арналған жалпы қабылданған тест – ұлы психолог Карл Юнг пен Изабель Бриггс Майерстің типологиясына негізделген классикалық тест. Жалпы алғанда, әрбір жеке психотиптің қандай әрекетке қолайлы екенін анықтауға көмектесетін көптеген психологиялық тесттер бар. Оларды тізбелеу қажет емес, Сіз тек осы үлкен таңдаудан пайдалы жағын қарастыруыңыз қажет. Біздің әрқайсымызда қоғам мен өзіміз жақсы көретін және құрметтейтін жақын адамдарымыз таңатын мінез-құлық пен қабылдаудың әртүрлі стереотиптері бар. Бұл өзі жек көретін немесе немқұрайлы қарайтын мамандықта оқып, диплом алып, ең жақсысы өз профилінен тыс жұмыс істейтін кейбір жастарды үлкен трагедияға алып келеді. Ең сорақысы, жек көретін кәсіптің бауын тартып, өздерінің де, айналасындағылардың да өмірін улап жатыр. Сондықтан мен мектеп оқушыларымен кездескенде, олардан «өздеріне ұнайтын» мамандықты таңдауларын сұраймын. Оны тексеру өте оңай. Мысал келтірейін. Арман жазушы болғысы келеді делік. Ол әлемдік мойындауды, Пулитцер сыйлығын, жанкүйерлерді және романдарының желісі бойынша Голливудтың фильм түсіргенін армандайды. Жаман ұмтылыс емес, солай ма? Бірақ, бір күрделі мәселе бар. Арман шығармашылыққа отырғаннан кейін жарты, бір сағат өтсе, оның басқа нәрсемен айналысуға көптеген себептер пайда болып тұрады. Яғни, осы жерде Арман өз-өзіне шынын айтса, жазуды ұнатпайтынын түсінер еді. «Көп адам жазушы болғысы келеді, бірақ шын мәнінде жазғысы келетіндер аз» – дегендей, мамандықты емес, қызмет түрін таңдау керек, не істегіңіз келеді, кім болғыңыз келетінін емес.

Мамандықты дұрыс таңдау – бұл ұзақ кәсіби өмірде сенімділік, жан тыныштығы және материалдық әл-ауқат. Тек өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға қажетті мамандықты таңдап алу керек. Сонда адам кейін өз мамандығы бойынша жұмыс таба алады. Мысалы, ең көне мамандықтардың бірі – ұстаздық. Ол қай уақытта да сұранысқа ие болған және бола бермек. Өйткені, білім адамзатты әрқашан алға жетелейді. Әлбетте, белгілі бір мамандықтың әлеуметтік мәні мен одан моральдық қанағат алуы өте маңызды. Көптеген адамдар жұмыс істеп қана қоймай, қоғамға пайда әкелгісі келеді. Бұл алдымен педагогикаға, мұғалімдік мамандыққа қатысты. Әрбір адамның кез келген саладағы табысқа әсер ететін белгілі бір жеке қасиеті болады. Бұл тамаша есте сақтау, күрделі ойлау, бай қиял және табиғаты бойынша генетикалық және көбінесе тәрбиеге, білімге және өмірлік тәжірибеге байланысты басқа да ақыл-ой қабілеттері болуы мүмкін. Мамандықты дұрыс таңдап, қоғамда лайықты орнын табу оңай шаруа емес. Таңдау жасамас бұрын, «Болашақ мамандығыңыздан не күтесіз?» деген сұраққа шынайы жауап беріңіз. Көп нәрсе осыған тікелей байланысты. Барлық мамандық маңызды. Кейбіреулері математикалық қабілеттерді қажет етеді, басқалары шығармашылықты қажет етеді, енді біреулері дене шынықтыруды қажет етеді. Жақсы немесе жаман мамандық болмайды, тек Сізге ұнайтын немесе ұнамайтын мамандық бар. Өмірде бәрі бір-бірімен байланысты болғандықтан, дұрыс мамандық өмірдің барлық саласына әсер етеді. Таңдау неғұрлым сәтті болса, өмір жолы соғұрлым қызықты және табысты болады. Бүгінгі жаһандық өзгерістер өзекті және сұранысқа ие мамандықтардың әлемдік статистикасын есепке алуға мүмкіндік береді. Воллонгонг университеті мен Австралияның Жұмыспен қамту департаменті зерттеу жүргізіп, 2023 жылы ең сұранысқа ие және өзекті мамандықтарды анықтады. Демек, қазір білім беру саласында мамандардың тапшылығы өткір мәселе күйінде тұр. Әсіресе, педагогикалық кадрларға сұранысқа толық жауап беру оқу бағдарламаларының өзектілігіне тікелей байланысты. Ынталы, білімді, білікті ұстаздар қашанда сұранысқа ие.

Сұраныстағы мамандықтарды зерттеу бойынша үздік төрттікке келесі педагогикалық мамандықтар енді: 3 – бастауыш сынып мұғалімдері, 9 – орта мектеп мұғалімдері, 10 – мектеп мұғалімдері, 12 – мектепке дейінгі білім беру мұғалімдері. Мұғалімдер – балаларды жақсы көретін, түсінетін және олардың болашақ өмірінің берік іргетасын қалау үшін олармен жұмыс істегісі келетін адамдар. Мұндай жандарға өмірдің ең маңызды саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған педагогикалық жоғары оқу орындары көмектеседі. Қазір университетімізде педагогикалық сыныптар жобасы жүзеге асырылуда, онда біздің мұғалімдер жоғары сынып оқушыларына мұғалімдік мамандық туралы түсінік береді. Осылайша, мұғалім мамандығын таңдау керек пе, соны түсінуге құнды негіз жасайды.

Болашақ білімде. Толық цифрландыру және басқа да жаһандық процестер еңбек нарығына және елімізге өзіндік түзетулер енгізуде. Қазақстанда алдағы жеті жылда ең сұранысқа ие мамандықтар белгілі болды. Бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында күтілуде. Оның үстіне бұл салаларда барлық пәндер бойынша базалық білім беретін мұғалім мамандығы маңызды рөл атқарады. Кез келген кәсіптің материалдық жағы да маңызды, оны елемеу өзімізді алдау деген сөз. Осыны түсінген үкімет соңғы жылдары мұғалімдердің жалақысын, білім гранттарының санын, педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің шәкіртақысын айтарлықтай арттырды. Бұл үдеріс жалғасуда және оның нәтижесін көріп отырмыз. Бүгінде педагогикалық жоғары оқу орындары жастар арасында қайтадан беделге және сұранысқа ие болды.Қорытындылай келе, жастарымызға болашақ мамандығын таңдауға жауапкершілікпен қарауды сұраймын. Бұл әрбір адамның өміріндегі маңызды сәт, оны жіберіп алмау керек және таңдауға байыптылықпен қарау керек. Ал, жоғары оқу орнындағы табысты білім еңбек нарығында білімі мен біліктілігі бағаланатын білікті маман болуға мүмкіндік береді.

Мамандық таңдау мәселесі – адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау әрбір адамның мұқиятылығын қажет етеді. Ең алдымен мамандықтар туралы әр түрлі сайттағы ақпараттармен танысу керек. Мамандық таңдау барысында жас түлек «Мен қалаймын», «Менің қолымнан келеді», «Маған керек» деп, өз қабілеттіліктерін, ішкі сенімдері мен нақты мүмкіндіктерін ескеру қажет. Ұнайтын мамандықты таңдау және өмір бойы өзіңізді қамтамасыз ету үшін алдымен адам өзін танып, мұқият зерттеу қажет. Ең алдымен қызығушылығыңызды, бейімділігіңізді, мінез сипаты мен физикалық мүмкіндіктеріңізді жақсы түсіне алу керек. Негізгі қасиеттеріңіз бен байқалмайтын қасиеттеріңізді анықтау қажет. Ары қарай өзіңізге сәйкес келетін мамандықтарды таңдау кедергі туындамайды. Осыдан кейін ғана оқу орнын таңдау қажет. Ең бастысы жоғары оқу орнындағы оқу процесінің өзіндік талаптарын да есепке алу керек. Мамандық таңдауда ата-аналар, туыстар мұғалімдер және таныс адамдар көмек көрсете алады. Бірақ әрбір жас түлек өзінің мүмкіндіктерін жақсы біледі.

Кейбір ата-аналар балаларының мүмкіндіктерін ескермей, өздерінің қалауларын таңдауға мәжбүрлейді. Ол ата-ананың жүзеге аспаған арманы болуы мүмкін. Мен жас кезімде дәрігер мамандығын жақсы көрдім. Бірақ жолым болмады. Енді баламның дәрігер болғанын қалаймын. Осындай жағдайлар туындап қалса, өз мүмкіндігіңізді және жүрек қалауын тыңдап көріңіз. Алдыңызға қойылған мақсаттардан шегінуге болмайды. Оқу орнына түскеннен кейін ресми мамандық алу басталады. Неғұрлым сапалы білім алу үшін қандай да бір жоспар жасауға болады. Негізгі және қосымша мақсаттарға бөлу. Осы мақсаттарға қол жеткізудің жолдары мен құралдарын айқындау. Мүмкін болатын қиындықтар мен кедергілерге қарсы күресу үшін өзінің ішкі күштерін шоғырландыру.

Мамандық таңдауда жіберілетін қателер:

– Беделді кәсіптердің жетегінде кету;

– Ата-анасы үшін мамандық таңдау;

– Мамандықты таңдауға ақпараттардың жеткіліксіздігі;

– Өзінің психологиялық ерекшелігін түсіне алмау;

– Басқалар не таңдаса, соны таңдау;

– Грант көп берілетін мамандықтарды таңдау;

– «Диплом алсам болды» деген пікірді ұстану.

Осындай қателіктер жіберілмес үшін не істеу керек?

1.Балалық шақты еске алыңыз.Бала кезіңізде сізде қандай үміт пен арман болды?

2.Өзіңізді толық зерттеңіз.

3.Жеке тұлғаның профилін жасаңыз.

4.Басқалардың сізді қалай көретінін біліп, өзіңізді жақсы түсініп алыңыз.

  1. Жақын досыңыздан, отбасы мүшелерінен немесе сенімді адамнан сізді сипаттайтын 10 кілт сөз жазуды сұраңыз. Олар сіздің бағалауыңызбен сәйкес келетініне назар аударыңыз.
  2. Педагог мамандығының бес негізгі бағытын белгілеңіз. Маркер немесе басқа құралмен сіз үшін ең тартымды екі бағытын таңдаңыз. Неге олар қызығушылық тудырады? Бұл бағытқа қандай өмірлік тәжірибем бар. Болашақта бұл бағытын қалай көре аламын. Олар сіздің жеке басыңыз бен құндылықтарыңызға қалай сәйкес келеді?

7.Сіздің темпераментіңізді ескеру қажет.Жұмыс стилі соған байланысты.

Сангвиниктер – сенімді қызметкерлер. Оларға бір сарынды және баяу жұмыс ұнайды. Шыдамдылық пен тапқырлыққа қабілеттілігін іске асыратын тірі және қозғалмалы жұмыс қажет. Холериктерге циклдік жұмыстар ұнайды. Мұндай жұмыстар оларға табыс әкеледі. Флегматик кез-келген әрекеттерді үнемі жылдам орындауды талап етпейтін оқу және өндірістік жұмысқа бейімді. Олар үшін ең бастысы жылдамдық емес,жұмыс сапасы тұрады. Меланхолик сангвиникаға толық қарама-қарсы. Сонымен қатар, оның жұмыс өнімділігі көңіл-күйге толығымен байланысты. Сондай-ақ, таңдау кезінде қандай мамандар қандай да бір салада сұранысқа ие болатынын ескеруді ұмытпаңыз.

Мамандық таңдаудың оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау керектігін, тіпті, әлемдегі ең қауіпті мамандық тізімін де айтып өттік. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны мен мамандықтарын қызу таңдау үстінде болар. Біздің бүгінгі әңгімеміз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман иелеріне де қатысты.

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ “Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда” деп бекер айтпаса керек.  “Мамандық” сөзі латын сөзінен шыққан, “жұрт алдында сөйлеу, жариялау” дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі – маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі – еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі.  Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.  Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайа психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн. Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес.

Мамандық  бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың.  Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.  Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан болашаққа қадам басар кезде талапкердің де, ата-ананың да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал. Десек те, ол кейде біздің айтқанымыздай бола бермейді. Кейде ЖОО бітірген жастарымыздың өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға қызығушылық танытпауының өзі сондықтан. Шынайы көзқараспен қарайтын болсақ, дұрыс таңдалған мамандық иесі қашанда өз ісінің шебері, әрі білгірі болып, қашанда сұранысқа ие болып жатады. Ол өз таңдаған бағытын жақсы көріп, сол саланың мақтанышына айнала алады. Кез келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары болады. Таңдау жасау барысында мамандыққа сұраныс пен оның беделі, мансап перспективалары, еңбек жағдайлары, орташа жалақы сияқты аспектілерді ескеру қажет. Өзін-өзі көрсетуге, әлеуетін ашуға жағдайдың жасалуы да маңызды. Әрине, мамандық таңдауда адам өзінің интеллектуалдық қабілетін, белгілі бір жоғары оқу орнына, бағдарламасына түсу мүмкіндігін де ескеруі керек.

Жалпы біздің жастарымыз жоғары сынып оқушылары болған уақытта  көбіне болашақ мамандығын таңдауға тиісті көңіл бөле бермейтіні анық. Кей жастарымыздың студент атанған шақта осы мамандыққа амал жоқ, біреудің айтуымен түсіп едім деп қынжылып отыратындары да жасырын емес. Сол себепті мен олардың бұл туралы неғұрлым ертерек ойлана бастаса дұрыс болар еді деген ой түйемін.  Мамандық таңдау уақыт пен түсінікті қажет етеді. Біз өзіміздің әлсіз және күшті қасиеттерімізді, мінезіміздің ерекшеліктері туралы мақсатты түрде ойлануымыз керек. Біздің әрқайсымызда қоғам мен өзіміз жақсы көретін және құрметтейтін жақын адамдарымыз таңатын мінез-құлық пен қабылдаудың әртүрлі стереотиптері бар. Бұл өзі жек көретін немесе немқұрайлы қарайтын мамандықта оқып, диплом алып, ең жақсысы өз профилінен тыс жұмыс істейтін кейбір жастарды үлкен трагедияға алып келеді. Ең сорақысы, жек көретін кәсіптің бауын тартып, өздерінің де, айналасындағылардың да өмірін улап жатыр.

Мамандықты дұрыс таңдау – бұл ұзақ кәсіби өмірде сенімділік, жан тыныштығы және материалдық әл-ауқат. Тек өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға қажетті мамандықты таңдап алу керек. Сонда адам кейін өз мамандығы бойынша жұмыс таба алады. Мысалы, ең көне мамандықтардың бірі – ұстаздық. Ол қай уақытта да сұранысқа ие болған және бола бермек. Өйткені, білім адамзатты әрқашан алға жетелейді. Әлбетте, белгілі бір мамандықтың әлеуметтік мәні мен одан моральдық қанағаталуы өте маңызды. Көптеген адамдар жұмыс істеп қана қоймай, қоғамға пайда әкелгісі келеді. Бұл алдымен педагогикаға, мұғалімдік мамандыққа қатысты. Әрбір адамның кез келген саладағы табысқа әсер ететін белгілі бір жеке қасиеті болады. Бұл тамаша есте сақтау, күрделі ойлау, бай қиял және табиғаты бойынша генетикалық және көбінесе тәрбиеге, білімге және өмірлік тәжірибеге байланысты басқа да ақыл-ой қабілеттері болуы мүмкін. Мамандықты дұрыс таңдап, қоғамда лайықты орнын табу оңай шаруа емес. Таңдау жасамас бұрын, «Болашақ мамандығыңыздан не күтесіз?» деген сұраққа шынайы жауап беріңіз. Көп нәрсе осыған тікелей байланысты.

Барлық мамандық маңызды. Кейбіреулері математикалық қабілеттерді қажет етеді, басқалары шығармашылықты қажет етеді, енді біреулері дене шынықтыруды қажет етеді. Жақсы немесе жаман мамандық болмайды, тек Сізге ұнайтын немесе ұнамайтын мамандық бар. Өмірде бәрі бір-бірімен байланысты болғандықтан, дұрыс мамандық өмірдің барлық саласына әсер етеді. Таңдау неғұрлым сәтті болса, өмір жолы соғұрлым қызықты және табысты болады. Болашақ білімде. Толық цифрландыру және басқа да жаһандық процестер еңбек нарығына және елімізге өзіндік түзетулер енгізуде. Қазақстанда алдағы жеті жылда ең сұранысқа ие мамандықтар белгілі болды. Бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында күтілуде. Оның үстіне бұл салаларда барлық пәндер бойынша базалық білім беретін мұғалім мамандығы маңызды рөл атқарады. Кез келген кәсіптің материалдық жағы да маңызды, оны елемеу өзімізді алдау деген сөз. Осыны түсінген үкімет соңғы жылдары мұғалімдердің жалақысын, білім гранттарының санын, педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің шәкіртақысын айтарлықтай арттырды. Бұл үдеріс жалғасуда және оның нәтижесін көріп отырмыз. Бүгінде педагогикалық жоғары оқу орындары жастар арасында қайтадан беделге және сұранысқа ие болды.Қорытындылай келе, жастарымызға болашақ мамандығын таңдауға жауапкершілікпен қарауды сұраймын. Бұл әрбір адамның өміріндегі маңызды сәт, оны жіберіп алмау керек және таңдауға байыптылықпен қарау керек. Ал, жоғары оқу орнындағы табысты білім еңбек нарығында білімі мен біліктілігі бағаланатын білікті маман болуға мүмкіндік береді.

Дамыған мемлекеттердің экономикалық даму стратегиясына алғашқы орында ғылым мен білімді қойып, сол бағытта түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда. Өйткені білімді дамыту стратегиялық басымдықтардың ішіндегі ұзақ және күрделі процесс болып табылады. Оның ұзақ және күрделі болу себебі, оның нәтижесі бірден көріне қоймайды, жылдар бойы берілген білім мен тәрбиенің адам бойына біртіндеп беріліп, оның кәсіби маман болып қалыптасуына дейін әсер етеді. Кәсіби маман болып қалыптасуына мектепте берілетін білім мен тәрбие процесімен қатар оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйелі және үздіксіз берілуі қажет. Бұл туралы 2019 жылы Президент Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында: «Біздің елімізде еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнге дейін әзірленген жоқ. Шын мәнінде, мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған… Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет», – дей келе, оның негізгі себептері қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы көрсеткіштерінің алшақтығы, ауылдық жердегі білікті кадрлардың жетіспеушілігін және оны шешудің тиімді жолдарын ашып көрсетті.

Қазіргі таңда білім саласында жаңартылған білім беру мазмұнының толықтай өзгеруі, 2025 жылға дейін 12 жылдық білім беру бағдарламасына толық көшу, латын графикасына біртіндеп көшу және басқа да маңызды реформалар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасында 9 міндет қойылған, соның 7-ші пункті негізгі сатыда бағдаралды даярлықты енгізу. Осы тұжырымдамада «Екінші сатының негізгі ерекшелігі психо-педагогикалық диагностикалау және кәсіби бағдар беру негізінде бағдаралды даярлық енгізу болып табылады.

Бағдаралды даярлық енгізу арқылы оқушылар 12 жылдық мектептің 3-ші сатысында білім алуға бағдарлы, саналы түрде мамандық таңдауға қадам басады. Бұл орасан зор жұмыс кәсіби бағдар беру, пәндік, пәнаралық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар арқылы және мектептің ішкі ресурстары, сонымен қатар, басқа білім беру ұйымдары ресурстары арқылы жүзеге асады» деп көрсетілген. Сондықтан негізгі мектепті бітірер жылы жүйелі әзірлік жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың бағдаралды даярлығы дегеніміз – жоғары сатыда 9-сынып оқушыларына шамамен білімді жалғастыру бағытын анықтауға көмектесуге арналған оқу бағдарламалары мен шараларының кешенді жоспары.

Мектептің басты міндеті – еліміздің болашақ бәсекеге қабілетті, терең білімді, жалпыазаматтық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, рухани және кәсіби жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті шешу жоғары сынып оқушыларының қандай білім алатынына және кәсіби бағдар беру жұмысының дұрыс жүргізілуіне де байланысты. Негізгі орта буында (5-9-сынып) оқушыларға мамандықтар туралы ақпараттар беріліп, кәсіби өзін-өзі анықтау жұмыстары жүйелі жүргізіліп, алғашқы кәсіби таңдауларын жасау керек. Себебі 9-сыныптан соң колледждерге оқуға түсіп, мамандық бойынша білім алса, 10-сынып оқушылары бейінді бағдарлы оқу мақсатымен бөлінеді. Бірақ бүгінгі таңда оқу бағдарын таңдау технологиясы өз деңгейімен жұмыс істеп тұрған жоқ. Көбіне оқушылар ішкі сезімдеріне сүйеніп таңдау жасаса, бір бөлігі мұғалімдер мен ата-аналардың ықпалымен таңдау жасайды.

Мектеп оқушыларына жүйелі кәсіби бағдар беру жұмыс бағыттары маңызды, әрі толыққанды жүзеге асырылуы тиіс:

– мамандық түрлері бойынша ақпараттар беру;

– оқушыларға өзін-өзі анықтау жұмыстары жүргізілуі керек;

– оқушы тұлғасының толық қалыптасуына оң әсер ету, оның ішінде іскерлік, өздік таным мен өздік өзгеру қабілеті, тәуелсіздік, өзіне сенімділік, таңдау жасай білу және оған жауапкершілік, мақсатты бағытталу, өздік сын, құзырлылық, сын тұрғысынан ойлау алу, жауапкершілік, ерік-жігер қасиеттер;

– оқушыға өз темпераменті, қызығушылығы, қабілеті, икемділігі, ойлау типі, қажеттілігі, құнды бағыты туралы өздік танымға жағдай жасау;

– оқушылардың болашақ мамандық таңдауда өзіндік жауапкершілікті қалыптастыру және белсендіру;

– әртүрлі мамандықтардың әлеуметтік теңдігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

– мамандық таңдау себебі мен мотивін айқындау, өз арман-мақсатын жүзеге асыру, қоғамға және отбасына пайдасын тигізу, жеткілікті өмір сүру үшін тұрақты табыс табу, т.б.

Жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар өз мамандықтары бойынша жұмысқа тұрмай басқа салаларға ауысып отырғанын да жиі кездестіреміз. Олардың көбі өз мамандықтарының ұнамайтынын, кездейсоқ таңдағандары туралы айтады. Жастардың болашақ мамандықты таңдауда жіберетін қателіктерге, зерттеушілерге мыналар жатады:

– кәсіптер әлемімен, олардың ерекшеліктерімен таныс емес (еңбек жағдайлары, кәсіпқой тұлғасына қойылатын талаптар және т.б.);

– беделді мамандықты табыс көзі ретінде қарастыру;

– мамандық пен пән арасында тең белгі қояды;

– адамға, белгілі бір кәсіптің өкіліне, кәсіпке деген көзқарасын өзгерту;

– достарымен және құрдастарымен серіктестікке мамандық таңдау;

– мамандық таңдауды білім деңгейін, оны алу орнын таңдаумен алмастыруға;

– өз қабілеттері мен мүдделерін ескермей, ҰБТ нәтижелеріне назар аудару;

– аймақтық еңбек нарығында сұранысқа ие емес, бірақ «беделді» кәсіптердің ішінен мамандық таңдау;

– олар өздерінің білімдік, кәсіптік және өмірлік траекторияларын болжауды және құруды, олардың бейімділігі, қабілеттері мен еңбек нарығының сұраныстарының негізінде еркін ақысыз таңдау жасауды білмейді.

Осылайша, бастауыш және орта мектеп түлектерінің елдің (аймақтың) даму тенденцияларын және қазіргі еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, болашақ кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруда тәуелсіз және жауапты таңдау жасауға дайындығын қалыптастыру үшін кәсіби өзін-өзі анықтау процесін психологиялық-педагогикалық қолдау қажеттілігі туындайды.

Б.М.Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық психологиялық өзгешілік деп қарастырады. Б.М.Теплов қабілеттілікке анықтама бере отырып, қабілеттіліктің үш белгісін көрсетеді, біріншіден, қабілеттілік бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік; екіншіден, қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа сәйкес жететін ерекшеліктерді қабілет деп атауға болады; үшіншіден, «қабілет» түсінігі адамда бар білім, ептілік және дағдымен ғана шектеліп қоймайтындығын айтады, яғни, тек ептілік, білім, дағдыны меңгеруге қабілетті деп санайды. Б.М.Теплов қабілеттіліктің дамуы – бір жақты ғана болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың күресі деп көрсетеді.

Сонымен қатар, мектебімізде кәсіби бағдар беру жұмысына жылдық жоспары құрылып, сол жоспардың негізінде түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Оқушыларды психологиялық типтерге бөліп, мінез-құлықтарына сипаттама беруге арналған психологиялық тесттерді практик психологтар кеңінен қолдануда. Солардың бірі, Климовтың ДДО, Голландтың тесті жоғары сынып оқушыларына қолдануда. ДДО тесті төрт түрлі мамандықтарға тән ерекшеліктерге бағытталған сұрақтардан тұратын сауалнама болса, сонымен бірге, жауап бойынша тұлғаның қай топтамаға жататындығын анықтауға мүмкінішілік береді. Мысалы, «адам-адам», «адам-табиғат», «таныс жүйе», «адам-техника», «көркемдік бейне» деген бағыттар қамтылған. Бұл екі тестті мектеп психолог мамандардың көмегімен жүргізілді.

Кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу барысында түрлі мамандық иелерімен кездесулер ұйымдастырылды, мамандық әлемі туралы байқаулар, әр сынып жетекшілері мамандыққа байланысты тәрбие сағаттарын жүйелі түрде өткізуде. “Мамандықтың бәрі жақсы” атты семинар-тренинг, “Мың мамандық тағы бар, таңдап, талғап бірін ал” тәрбие сағаты “Кешегі шәкірт – бүгінгі ұстаз” атты дөңгелек үстел, “Мамандығым – мақтанышым” тақырыбында мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырылды.

Мектеп кәсіби бағдар беру жұмысында барлық өнеркәсіптер, орта кәсіптік- техникалық лицейлер, колледждер мен ЖОО-ры  мен жастарға кәсіптік бағдар беретін орталықтардың жан-жақты көмегіне сүйене алады. Алайда, мектеп оқушыларын нақты мамандықтарға бағдарлауда (мысалы, инженер, дәрігер, мұғалім) қазіргі таңда олардан нақтылы көмек болып отырған жоқ. Жоғары оқу орындары мен колледждер тек өз оқу орындары туралы мәлімет берумен шектеліп отыр. Бұлардың бәрі оқушы үшін аздық етеді, бірлесе отырып жоспар құрып, бірлескен жұмыстар жүргізу қажет.

Қорыта келгенде, мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарында оқушыға шығармашылық, әлеуметтік, креативтілік, коммуникативтік қызмет саласындағы  құзіреттілігін айқындай отырып, жеке жетістіктерінің негізінде өз бейінін айқындау мен шыңдай түсуде оқытудың жаңа формалары мен психологиялық қызметті құру маңызды. Бұл оның жан-жақты жұмыс жасауы жалпы жаңа заман үдерісіне сәйкес экономикалық әлеуметімізді молайту үшін қажыр-қайрат көрсете білетін, ғылымның мол жетістіктерімен қаруланған, бейіндік қабілеті шыңдалған тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыруды қажет етеді. Ең басты міндет – адамгершілігі мол, адам жанын түсіне алатын, тәрбиелі, білімді, мәдениетті, жауапкершілігі мен өз ой-пікірін ашық айта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Previous Post

Созақ ауданында «Халық заңгері» - республикалық акциясы өтті

Next Post

Созақ ауданында нашақорлыққа қарсы айы басталды

Related Posts

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

by Алаш Ақпарат
29/06/2025
0

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына Түркістан қаласына қарасты дербес бөлімдер, 6...

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Белгілі отандық спортшы Арман Оспанов туған жері Төлеби ауданындағы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық шарасына қатысты. Төлеби ауданы Біркөлік аймағында...

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Аудан орталығында Бәйдібек ауданының әкімдігі мен Ауыл партиясы өкілдері ұйымдастырған ауыл шаруашылығын дамытуға арналған семинар-кеңес өз жұмысын бастады. Жиынға аудан...

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды. Арнайы іссапармен өңірге келген Ауыл партиясы Төрағасының орынбасары Айтуғанов Қайрат Қапарұлы және...

Next Post
Созақ ауданында нашақорлыққа қарсы айы басталды

Созақ ауданында нашақорлыққа қарсы айы басталды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

29/06/2025
ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

26/06/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Бәйдібек ауданында егінге аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілуде

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,542)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In