Бүгін ауданда жастар арасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында 1 айға жоспарланған іс-шаралардың ашылуы өтті. Жібек жолы көшесінің бойындағы «Мыңжылқа» мәдениет сарайынан бастау алған ауқымды шараға аудан жастары, медицина мамандары мен спортшылар және барлық сала өкілдері «Нашақорлық пен синтетикалық есірткіге жол жоқ» ұранымен шеру өткізіп, аудан әкімдігі ғимаратының алдына келіп тоқтады.
Онда аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов сөз алып, жас ұрпақты салауатты өмірге үндеген 1 айлық шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
– Нашақорлық – қазіргі қоғамның қасіреті. Нашақорлық пен есірткі заттарына қарсы қоғамды қалыптастырып, елдің тұтқасын ұстар ұрпағымыздың жарқын болашағы мен кемелді келешегін жақсартуға бағытталған 1 айлық шара бастау алды. Осы шараға баршамыз белсене атсалысып, бұл дерттің өршуіне жол бермеуіміз керек. Әрдайым тәуелсіз еліміздің бейбіт аспанында бақытты өмір сүрулеріңізге тілектеспін,-деді. Сонымен қатар, Созақ аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Ержан Нұрғазиев бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті күн тәртібінде екендігін айтып, есірткіге қарсы іс-қимыл шараларын жастар арасында одан әрі дамытуға шақырды.
Белбеу күресінен әлем кубогының чемпионы, спорт шебері, Созақ спорт клубы КММ-нің әдіскері, қазақ күресінен жаттықтырушысы Жасұлан Мұхитұлы өскін ұрпақты спортқа шақырып, есірткісіз қоғам әрбір азаматтың алдындағы міндет екенін атап өтті. Шара барысында ҚР Мемлекеттік Әнұраны асқақтата шырқалып, аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашты.
Нашақорлық – бұл жалпыға ортақ мәселе, өйткені ол біздің қоғамның дамуымен байланысты.Нашақорлық – наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткі түрлері: токсикомания, марихуана, героин, кокаин, экстази.
Жастардың арасында есірткіге әуестік көп жағдайда білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруден басталады. Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар келесідей: ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы, отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы, әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы, ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда маскүнем немесе нашақор болуы, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болмауы, мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі, жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілмеуі, алкоголь мен есірткіге қол жеткізудің оңай болуы, әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі. Алайда, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр. Ал енді жастарды есірткіден қалай қорғап қалуға болады? Қазіргі жастар тез өсіп, дене бітімі тез жетіледі. Бірақ та олардың сана-сезімі мен дүниетанымы әлі де болса балалықтан асып кете алмайды. Біздің айналамызда еңгезердей балақайлар жиі кездеседі. 9-12 жасар балалар есірткіге сирек әуес болады. Олардың әуестендіру әдейі жасалған әрекет болмаса, бұл жастағылар темекі шегуді де мәртебе санайды. Сондықтан ата-ананың міндеті осы жастағы балаға көбірек көңіл бөліп, темекі, спирттік ішімдік және есірткінің зияны туралы жиі айту қажет. Мұндай әңгімелер іш пыстырмайтын болғаны абзал және де айтып қана қоймай, мысал да келтіру кажет. Аталмыш жастағы балалардың психикасы сезімтал болады, олар көргенін өмір бақи ұмытпайды. Осы жас-тарда балаларға аса көңіл аудару керек, оның болашақта дені сау азамат болып өсу мәселесі дәл сол кездері шешіледі. Кез келген есірткі адамның денсаулығын, психикасын бұзады, адамды қуатсыз, әлсіз, жігерсіз ететіндігін жеткізу керек.
Енді 16 – 18 жасар жастардың арасында нашақорлық пен оның салдары туралы жақсы білетіндер көп. Жастардың арасында есірткіні жақтаушылар, оған қарсы тұрушылар мен екі ойлылары бар. Бұл жастағы жасөспірімдермен әңгімелесу қиын, олар сізді өмір ағымынан қалып қойған “ежелгі санауы”, өздерінің ержеткен ересек азамат екенін алға тартуы әбден мүмкін. Сондықтан олармен ересек азаматпен сөйлескендей әңгімелесу кажет. Қорқыту, бос ойбай көмектеспейді, ал нашақорлық туралы тым аз білу, тіпті арадағы түсіністікті жоқ етеді. Оларға нақты мысал келтіріп, нашақорлық қаупін жете түсіндірген жөн. Әңгіме арқауында қылмыстық және әлеуметтік мәселелер жиі естілуі тиіс.Жасөспірімнің есірткіге әуестенгенін анықтау киын емес. Ең алдымен жасөспірімнің мінез-құлқы өзгеріске ұшырайды. Ол ашушаң бола бастайды. Жасөспірім айналасындағылардың барлығын жау санап, айбат көрсетуді, аты-жөні жоқ қаһар шашуды әдетке айналдырады. Осындай және тағы басқа да белгілерді байқасаңыз, сіз нашақорға кездескен болуыңыз әбден мүмкін. Мұндай жағдайда, ең бастысы саспай, салмақтылықты жоғалтпау керек. Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін, сондықтан шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әрқайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек. Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бірде бір іс та-бысты аяқталмайды. Күш – жігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз керек. Ең бастысы – есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып күресуіміз қажет.
Елімізде де, бүкіл әлемде де алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы. Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына қауіп төндіреді.
Нашақорлық – есірткіге немесе психотроптық затқа тәуелділіктен туындаған ауру. Есірткіні қолдану нәтижесінде психикалық және физикалық тәуелділік қалыптасады. Тәуелділіктің қалыптасу жылдамдығы және оның ауырлығы әр түрлі болуы мүмкін. Яғни жасына, қолдану жиілігіне, ағзаның ерекшеліктеріне әсер етеді. Психикалық тәуелділіктің жағдайы адамның есірткінің көмегімен ішкі тепе-теңдікке қол жеткізгісі келетіндігінде және есірткінің әсерін қайта-қайта сезінуге тырысатындығында көрінеді. Есірткіні сатумен айналысу – қылмыс. Есірткі заттарын қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Нашақорлық өте қорқынышты ауру. Себебі есірткіге әуес адам келесі дозаға ақша іздеп, ұрлыққа, алдауға баруы мүмкін. Осындай қысқа сәт үшін ол саналы түрде, өзін өмірдің барлық қуаныштарынан айырады. Есірткі сатушылар өз «тұтынушыларына», яғни жасөспірім немесе мектеп оқушыларының компаниясына «инеге отырғызу» үшін әдейі бірінші дозаны аз мөлшерде сатып немесе тегін беруі мүмкін. Тіпті есірткінің алғашқы дозасы өлімге әкелуі ықтимал.
Қазіргі таңда жасөспірімдердің осы дертке көп ұшырасып жатқаны белгілі. Жасөспірімдік шақ алкогольді де, басқа да психоактивті заттарды, соның ішінде есірткіні де теріс пайдалану қаупін тудыратын бірқатар биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен сипатталады. Есірткіге тәуелділікті емдеу қиын. Бұл жастағы балалар көңіл-күйі өзгермелі, өзін тәуелсіз сезінгісі келеді және әрқашан емге қарсы тұрады. Жасөспірімдерде психоактивті заттарды тұтыну кезінде мінез-құлық пен жағдайдың себепсіз өзгерістері байқалады. Жасөспірімдегі нашақорлықтың көріністері әртүрлі болуы мүмкін, ол есірткі заттарының түріне байланысты. Дегенмен ата-аналар баланың есірткі қабылдайтынын түсінетін жалпы белгілер бар. Біріншіден, оның мінез-құлқы өзгеріп, оқуға деген қызығушылығын жоғалтады. Сыныптастары мен достарынан алыстап, өтірік айта бастайды. Жаңа «достарымен» көп уақыт өткізіп, агрессивті, ашуланшақ болатыны анық. Ол ата-анасынан аулақ жүреді, ұзын жеңді киім киеді, ал үйден ақша мен құнды заттар жоғалып кетуі мүмкін. Өзгеріс тек мінезде емес, сыртқы түрде де пайда болады. Терісі бозғылт сұрға айналып, киімі мен шашы ұқыпсыз болып, аяқ-қолы ісінеді. Есірткінің жасөспірімнің денесіне әсері ересек адамға қарағанда бірнеше есе күшті. Ең алдымен, ми зардап шегеді. Уақыт өте келе интеллектуалды қабілетін жоғалтып, есте сақтау қабілеті нашарлайды. Есірткіні үнемі қабылдау ағзаның созылмалы улануына себеп. Иммунитет төмендеп, өсу мен даму баяулайды, орталық жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Сондықтан саулыққа салғырт қарамай, зиянды әрекеттен аулақ болған абзал.
Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Нашақорлық – бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Есірткі – қармағына бір іліндірген соң, торға түскен балықтай қанша бұлқынғанмен, қайтып құтылу екі талай – кесел. Әсіресе, жастарды көктей орып, жуадай солдыратын – көкнәр, апиын, наша тарту есірткіқұмарлыққа жатады. Есірткінің әлемнің көп елдеріне жайылып, жасырын бизнестің ең қауіпті түріне айналуы қазіргі кездің ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды.
Еуразия жолдарының қиылысында орналасқан Қазақстанның геосаяси жағдайы есірткі тасымалдау үшін транзиттік дәліз ретінде халықаралық есірткі синдикаттары мен ұйымдасқан қылмыстық топтар үшін, есірткі заттарын орасан зор мөлшерде контрабандалық жолмен тасымалдауға қолайлы екені жасырын емес. Осының салдарынан республикамызда есірткіге тәуелді азаматтар саны айтарлықтай көбейіп отыр.
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресте болашақта жақсы нәтижеге жету үшін, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналығының негізінде, ең алдымен уәкілетті мемлекеттік органдармен нашақорлыққа қарсы қоғамдық корғаныс қабілетін әлеуметтік иммунитетті (наркоиммунитетті) қалыптастырудың маңызы зор.
Сонымен бірге, баспасөз беттері және электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа есірткінің зияны туралы кең көлемде ақпарат бере отырып, есірткі пайдалануға және нашақорлыққа қарсы насихаттау жұмыстарын күшейту қажет деп ойлаймын. Қорыта айтқанда, қылмыстар мен зұлымдық атаулының туындауына әкеліп соқтыратын нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күреске бүгінгі таңда ерекше назар аудару арқылы, мейлінше ықпалды әрі тиімді шараларды үздіксіз жүргізіп отыру баршамыздың басты міндетіміз.
Нашақорлар – әрі ауру адамдар, әрі қылмыскерлер деген маман, «егер әрбір сырқат адамды жазалап, қоғамнан аластатар болсақ, одан біздің мемлекетіміздің өркендеуіне ешқандай пайда келмейді. Ешкім нашақор болып тумайды, оның осындай жағдайға душар болуына маңайындағы араласатын таныстарының және есірткіге бой алдырған немесе есірткіні пайда көзіне айналдырған адамның ықпалы әсер етеді. Сондықтан алдымен есірткіні таратушыларға қарсы күресті күшейту керек. Есірткі саудасымен және ұйымдасқан қылмыспен күресу дүниежүзінің барлық елдері үшін өткір мәселе болып отыр. Заңсыз есірткі айналымына және есірткіге тәуелділерге қарсы жүргізіліп жатқан шаралар бізде әлсіз емес. Десек те осы атқарылып жатқан жұмыстарды министрлік, акпарат комитеті, құзырлы органдар одан әрі тереңдете берген абзал», – дейді Марғұлан Асқарұлы.
Жалпы, мамандардың пайымдауынша, Еуразия жолдарының қиылысында орналасқан Қазақстанның геосаяси жағдайы есірткі тасымалдау үшін транзиттік дәліз ретінде халықаралық есірткі синдикаттары мен ұйымдасқан қылмыстық топтар үшін Ауғанстаннан Ресейге, одан кейін Еуропаға есірткі заттарын орасан зор мөлшерде контрабандалық жолмен тасымалдауға қолайлы екені жасырын емес. Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымға шығарып, жанталаса қимылдап жатқан халықаралық есірткі синдикаттары мен ұйымдасқан қылмыстық топтар заңсыз тасымалдау кезінде, еліміздің тұрғындарын «жол бойы» зақымдап улау салдарынан, республикамызда есірткіге тәуелді азаматтар саны айтарлықтай көбейіп отыр. Осыған байлынысты «Есірткісіз Қазақстан» деген атаумен талай шаралар да ұйымдастырылды. Бұл ретте мамандардың айтар ойы да бар. Есірткі пайдаланатын адамдардың өз денсаулығына көзқарасын өзгерту, олардың санасына адам денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы туралы идеяны түсіндіріп, жеткізу – маңызды психологиялық алғышарты болып табылатын салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу және енгізу. Өйткені, адамның өз денсаулығына көзқарасының өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдетеді. Азаматтардың құқықтық сауаттарын арттыру арқылы өз еркімен немесе көндіру арқылы оңалу үшін жағдай туғызу. Баспасөз беттері және электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа есірткінің зияны туралы кең көлемде ақпарат бере отырып, есірткі пайдалануға және нашақорлыққа қарсы насихаттау жұмыстарын күшейту; Уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алуға және оны емдеуге мамандандырылған медициналық мекемелердің материалдық-техникалық әлеуетін нығайту; нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі ынтымақтастықты дамыту сияқты халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеу қажет. Бүгінгі таңда адамзат қоғамына орасан зор зиянын тигізіп отырған жайттардың бірі – ғаламдық проблемалардың бірі көптеген зиянды әрекеттер, олар есірткі, шылым, спиртті сусындар. Ғаламдық проблема дегеніміз — әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Осы проблемалардың ішінде адамзат дамуының немесе үлкен жетістіктерге жетуінің жолында бөгет болып тұрған нашақорлық. Нашақорлық қоғамымыз үшін қайғы-қасірет. Ал нашақорлық бар жерде наркобизнес жүретіні баршаға мәлім. Егер наркобизнестің жолын бөгесек, нашақорлықтан толықтай құтылуға мүмкіндік туады. Жастардың қауіп-қатерді жақсы көруі, жыныстық бұзылу, өзін-өзі көрсету, күшін дәлелдеуге тырысу, генетикалық құрылымының есірткіге бейімдігі, иманның әлсіздігі, нашар отбасы және бұзық қоғамнан туған сенімсіздік, болашақ туралы уайымның адамды жалғыздыққа итермелеуі, жоқшылықтың өзін-өзі өлтіруге итермелеуі, байлықтың масаңдатуы, мемендік есірткіге итермелейтін негізгі себептер болып табылады. Нашақорлық–әлеуметке ортақ проблема. Жер бетіне миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Нашақорлық- әлемге ортақ проблема, қоғамның дерті. Есірткілер – адам психикасының жағдайын, көңіл-күйін, санасын, айнала қоршаған әлемді қабылдауын, тәртібін өзгертетін заттар. Ол тікелей санаға, миға әсер ететін заттар болып табылады. Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан басталады. Сондықтан жастар арасында нашақорлық жедел дамып келеді. Олай дейтін себебім, есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Бірінші рет көргенде ләззат алып, сосын адам тәуелді болып, іздеумен болады. Сөйтіп, қас-қағым сәтте нашақорға айналып шығады. Қоғам мен әлеуметтік орта бұл кеселмен күресуде өз ықпалын тигізуі қажет.Жанұяда ата-ана мен баланын арасында өзара түсініспеушіліктің, немқұрайлылықтың немесе ата-ана арасындағы жиі ұрыс-керістер- мұның бәрі есірткіге бой ұрудың себептері. Жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшелігі,атап айтқанда, өзін-өзі бағалау, құрбыларының ықпалына көну, психикалық ауру-депрессиялық синдром есірткіні қолдануды ертеректен бастауға себеп болады. Адам оны бірінші рет татып көргеннен кейін, оны іздеп тәуелді бола бастайды.Есірткіге ақша табу үшін ата-анасын тілдеп,небір қастандықтарға барып, мал-мүлкін сатып жіберуге дайын тұратын немесе отбасын қатты қинайтын жағдайларға тап болады. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Мысалы, нашақор адам мен дені сау адамды салыстырып көрейік. Дені сау адам таңертең ертерек тұрып, жуынып, таңғы жаттығуларын жасап, тамақтанады, жұмысына барады. Бір күндік уақытын достарымен немесе жанұясымен қызықты өткізеді. Өзі қалағанындай кез-келген нәрсемен айналысып, уақытын текке өткізбейді. Ал нашақор адамды алатын болсақ, ол әдеттегідей тәуелділігімен, сол есірткіні іздейді де тұрады. Бір күндік өмірі басқалардан ақша талап етумен, есірткіні қалай да тапсам деген ойлармен ғана өтеді. Басқаларды ұмытып, өз әлемінде ғана өмір сүреді. Бұл өмірлердің қайсысы жақсырақ деп ойлайсыз?Есірткіге құмар адамдардың қылмыстық істердің ауыр түрлеріне баруы жиі кездесетін жағдайлардың бірі.Осы қатермен күресудің негізі есірткінің таралуы мен қолданылуына шек қою.Осы күрестің негізгі үлесі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне артылады.Олар осы жүкті сезіне отырып,өз қызметтерін жоғары деңгейде мүлтіксіз орындап келеді. Нашақорлық қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыз күреспей, бірлікте жұмыла күрессек, алынбас қамал жоқ. Біз өзімізді – өзіміз құрметтеуге тиіспіз. Бойымыздағы бар қабілетімізді тек жақсылыққа бағыттап, зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болуымыз қажет. Өзіміздің бос уақытымызды пайдалы іске арнайық. Өз тағдырымыз – өз қолымызда.
Есірткі – бұл адамның көңіл – күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді. Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір – өмір сүру үшін беріледі. Есірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nerke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар. Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.
Есірткі – химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады. Олар түрлі топтарға бөлінеді:
– таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар ( марихуана, гашиш, саңырауқұлақтар)
– химиялық өндіруден өтетін өсімдіктерден алынатын улы заттар( гашиш
майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк);
– синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ және момент желімдері);
Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар. Есірткі дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе – теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелдікке жол ашатын, жеке адамды психологиялық жағынан және экономикалық және әлеуметтік жағынан қиындыққа әкеліп соғатын заттар.
Адамның әрекеттерінде, ой – сезімдерінде өзгерістер тудыратын табиғи және синтетикалық заттарды есірткі деп атаймыз. Есірткінің көп түрі болады, бірақ ең көп қолданылатыны мыналар: апиын, морфин, героин, кокаин, кадинин, анхалим левини. Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады. «Денсаулық-зор байлық». Дені сау ұрпақ болу үшін:
1.Спортпен айналысу керек
- Салауатты өмір салтын ұстану
- Дұрыс дәруменді тағамдармен тамақтану
- Жеке бас тазалығын сақтау
- Өзін-өзін сыйлау, таза ауада болу
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»
Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.
Нашақорлық қазіргі уақытта бүкіл әлем қауымдастығын алаңдатып отырған өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл нашақор болған отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның трагедиясы. Нашақорлық жастарға әсер етеді және бәрі жасөспірім кезінен басталады.
Есірткі дегеніміз – бұл адамның психикасы мен мінез-құлқына әсер етді, оны тұтыну психикалық және физикалық тәуелділіктің (есірткіге тәуелділіктің) пайда болуына әкеледі, яғни адам мұндай есірткіні үнемі қабылдау қажеттілігін сезінеді. Есірткі кезең-кезеңімен адамның жүйке жүйесін, оның миын бұзады, сондықтан есірткіге тәуелді адамдарда деменция тез дамиды.
Тұрақты психикалық бұзылулар пайда болады. Адам бей-жай, көңілсіз, ашуланшақ, күдікті болады. Оны негізсіз қорқыныш мазалайды. Есірткінің барлық заңсыз тұтынушылары бұрыннан алған білімдерін, дағдыларын, өмірлік тәжірибесін, моральдық-этикалық және рухани құндылықтарын, болашаққа деген оң көзқарастарын жоғалтады. Адамның кәсіби белсенділігі төмендейді, ол қоғамдық жұмыстардан алынады, оның барлық бос уақыттары есірткі туралы ойлармен өткізеді. Демек, жиі сабаққа келмеу және төмен еңбек өнімділігі, мектепте немесе колледжде оқуды тоқтату, жақындарына қамқорлық жасауға деген құлшыныстың болмауы. Басқаша айтқанда, нашақор адам ретінде деградацияға ұшырайды, ашулы эгоистке айналады, тек келесі есірткі мастығын күтумен айналысады. Кейіннен есірткіні қолдану ауыр психикалық ауруға алып келеді. Есірткіні тұтынушылар мен нашақорлардың ВИЧ, В және С гепатиттерін, жыныстық жолмен берілетін ауруларды жұқтыру ықтималдығы жоғары екендігін де есте ұстаған жөн. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз іс-әрекеттеріңізге жауапкершілікті сезіну қабілеті, қоршаған әлемнің азғыруларына «ЖОҚ» деп айта білу ғана тәуелділік пен есірткіге тәуелділіктің мызғымас қабырғасына айнала алатынын есте ұстағаныңыз жөн.
Өмір – адамзаттың басты байлығы. Ол табиғатпен тығыз байланысты екені бәрімізге белгілі. Ондағы тау мен тас та, самал жел мен ұлан-ғайыр атырап та адам өмірінің бір бөлшегі. Біз бұл құбылыстарды көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы сезініп, өмір сапасын арттырамыз. Бұл дегеніміз – адами құндылықтарды бойға сіңіру.
Менің ойымша,өмірде көптеген құндылықтар бар. Ол әуелі-мен, менің кіші Отаным – отбасым, достарым, білім деңгейім және денсаулығым. Осы аталған құндылықтарға жету жолында адамзат баласы көп қиындықтан өтіп, уақыты мен күшін сарп етеді. Біз өз өмірімізді құнды заттармен толықтырып, білім деңгейімізді жетілдіріп, өмірдегі мақсат-мұратымызды айқындап, жаңа өмір позициясын игере отырып қана нағыз адам боламыз. Мен өмір баспалдақтарын енді-енді аттап келе жатқандықтан, өмір сүргім, оқығым-тоқығым, жетістікке жетіп, жаңашыл нәрселерді байқап көргім келеді. Сондықтан да, менің таңдауым – салауатты өмір салтын ұстану. Біздің қоғам махаббат пен мейірімге толы. Алайда, ақтың қарасы, жақсылықтың жамандығы қоса жүретіні секілді махаббат пен мейірбандыққа да кереғар нәрселер көп-ті. Теріс бағыттағы, жалпы әлем бойынша ауқымды мәселелердің бірі – нашақорлық. Көптеген адам бұл мәселеге атүсті қарайды. Әсіресе, жастар арасында белең алған бұл ауру өз өршуін тоқтатар емес.
Жалпы нашақорлық дегеніміз – есірткі немесе психотроптық заттарға тәуелділіктен туындайтын ауру. Нашақорлық көптеген қылмыстарға тікелей себепкер. Ғылыми деректерге сүйенер болсақ, кәмелетке толмаған нашақорлардың шамамен 2/3 бөлігі қылмыскерге айналады. Себебі, есірткіге деген құмарлық келесі дозаны алу үшін қылмысқа апармай қоймайды. Әсіресе, ұрлық жасауға көптеп итермелейді. Сонымен қатар, кейде агрессивтілік тудыратын есірткілер өзінің қатыгездігімен мағынасыз қылмыстарға жетелейді. Ақырында есірткіден әлсіреген қылмыскер өзі оңай құрбан болады. Жоғарыда сөз болған ғаламдық мәселе біздің елімізде де айтарлықтай өршіп, ауыздықтатпай тұр. Тас шайнап, құм түкіретін ата-бабамыздың ізін, есірткіні жанына серік еткен нашақор азаматтардың жалғап келе жатқаны әрине, өкінішті-ақ.
Нашақорлық – қоғам дерті. Нашақорлықпен күресу бір немесе бірнеше адам оңай жеңетін нәрсе емес. Бұл жерде түрлі мамандар, ата-аналар,қоғам белсенділері, сіздер мен біздер әрбір Қазақстанның азаматы тысқары қалмауы керек. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз. Дүниедегі ең құнды, ең бағалы зат – ол сенің өмірің. Сенің өмірің, сенің амандығың, сенің жарқын әрі айқын болашағың өз қолыңда! Дұрыс таңдау – жарқын болашаққа бастар көпір және бақытты өмірдің айнасы
Бабаларымыз «Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта көтерілген даудың алдын ал» деген екен. Ғасыр дерті не айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінде күн тәртібіндегі еңбасты мәселенің бірі болып келеді. Есiрткi жербетiн әбден жайлапалды. Кез келген мемлекеттiң алдында нашақорлыққа күрес ашық жарияланып отыр. Қазақтың тегiнде болмаған есiрткi қазiргi таңда есiрiп кеткен. Сарапшылардың пiкiрiнше, бiздiң елiмiз тiптi есiрткi саудасының жол торабына айналған. Жыл сайын есiрткi мен күрес шараларына бөлiнетiн қаржының көбеюiне қарамастан нашақорлар саны күннен күнге өсiп келедi.
Қазiр Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Бұл бiр нешерет көзге түсiп тiркелгендерi. Тiркелмегендерiнiң қанша екенi әзiрге белгiсiз. Республикамызда нашақорларды емдейтiн 9 орын бар екен. Үстiмiздегi жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жұмыстарын жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен әйел адамдар екенi анықталған. Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық жаза күшейтiлсе де, нашақорлардың саны азаяр емес.
Нашақорлық – тұңғиық түбі, адамды елікті ретін аждаһаның бір басы. Дүниежүзі елдерін жайлап, күн сайын тамырын тереңге жайып, асқынып бара жатқан нашақорлықтың мұншалықты етек алуы неден деген сұраққа жауап іздеп көрейікші. Менің ойымша, оның басты себебі- еліктеушілік, отбасындағы тәрбиенің тізгіннен кетуі, немесе жанкүйзелісі, жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық болуы да мүмкін. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі – мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әртүрлі. Біріншіден, олар өз- өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады.
Нашақорлық ұлт таңдамайды. Есірткіге құмарлық өмір бойы сақталуы мүмкін. Тек санаулылары ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады. Қауіптен құтылудың ең дұрыс тәсілі – оларды еш уақытта татып көрмеу. Дана халқымызда: «Аллам сақтанғанды сақтайды» дейді. Сондықтан жаман әдет, жат қылықтан аулақ болып, саламатты өмір салтын ұстанғанымыз жөн болар.
XXI ғасырдағы жастар арасында белең алып тұрған дерттің бірі -нашақорлық. Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi-iрi мәселесi болады. Қоғам өркендеп, адамның ой-санасы дамыған сайын оған төнер дерт те, кесел де күшейе түсетiні анық. Өкiнiштiсi сол, қарап отырсақ осындай ем қонбайтын кеселдi дерттердi адамдар өздерi ойлап табады.
Жалпы, нашақорлық (грек тілінде narcomania – құмарту) есірткі заттарына паталогиялық құмарлық болып табылады. Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар да аз емес. Нашақорлық – жеке тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтып қана қоймай, өзінің адамгершілік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылып, мамандық ала алмайды және қоршаған ортасына, өзіне зиян келтіреді. Есірткіге қатысты проблемалар және есірткіні қолданудың алдын алу. Жастар арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін жоғарылату; психоактивтік заттарды қолдануға қарсы дағдыларды дамыту. Қарастырылып отырған проблема жайлы жасөспірімдердің білім деңгейін анықтау. Есірткіні қолданудың себептері мен салдары және іс-әрекеттердің мүмкін стратегиясы туралы нақты ақпарат беру мақсатында Отырар аудандық орталық ауруханасы жанынан құрылған «ЖасҰя» Жастар денсаулық орталығының мамандары ауданымыздағы білім ордалары мен ұйымдарға барып арнайы жиындар өткізуде.
Нашақорлықтың қалыптасуының екі негізі бар. Оның бірі отбасының қалыптастырған жеке тұлғаның спецификалық белгілері болса, екіншісі – сыртқы факторлар, әлеуметтік ортаның ықпалы, есірткінің сәнге айналуы, қиыншылықтар. Нашақорлықтың негізі туралы тағы бір ерекше көзқарасты атап өтуге болады. Оның авторлары нашақорлық пен маскүнемдіктің негізі адамның ішкі нашақорлық жүйесіндегі «ауру» ретінде түсіндіреді. Бұл теория бойынша жануарлардың ағзасы сияқты адамның ағзасында табиғи ішкі есірткі деп аталатын заттарды өндіретін ішкі нашақорлық жүйе бар. Олар ағзаны аурудан, стресстен сақтайды, жақсы көңіл күйді, жұмысқа қабілеттілікті, ұйқыны қалыпта ұстайды. Ішкі есірткілердің өңделуі төмендегенде (мысалы: ауру немесе стресстен соң) депрессия басталады. Өмірге қызығушылығы жоғалады, көңіл-күйі өзгереді, өзін нашар сезінеді, ұйқысыздық пайда болады. Мұндай жағдайда адам ішкі есірткілердің қорғауынсыз қалады және әр түрлі себептермен теріс жолға түсіп кетуі мүмкін. Ішімдік, есірткі заттары ағзаға ішкі есірткілер сияқты әсер етеді. Бұлар жасанды есірткілер деп аталады. Уақытша рахаттану сезімін тудыра отырып, олар адам ағзасының нашақорлық жүйесін төмендетеді. Нашақор есірткі қабылдамаған жағдайда оның ағзасы ішкі есірткілдердің қорғануынсыз қалады және соның әсерінен депрессия, «сындыру» синдромы басталады. Өзін қалыпқа келтіру үшін адам жасанды есірткі қабылдауға мәжбүр болады. Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді. Есірткі тұтынатын жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және заңға қарсы қояды, олардың болашағы жоқ. Нашақорлыққа шалдыққан науқас өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл.
Тағы бір мәселе ол есірткіге тәуелділік. Есірткі тұтынуды тоқтатуға болмайтын құмарлық:
– Есірткінің мөлшерін үнемі үстемелеудің қажеттілігі;
– Есірткілер болмағанда психикалық және тәндік қолайсыздықтың пайда болуы;
– Өмірге деген қызығушылықтың төмендеуінің өршуі (ештеңемен әуестенбеу, мектеп, жанұя өміріне, достарға, құрдастарға қызықпау);
– Зиянды зардаптарын біле тұра, есірткі тұтынуды жалғастыру;
– Тұтынатын есірткілердің мөлшерін және оны пайдалануға байланысты ахуалды бақылау қабілетін жоғалту.
Есірткілерді бір-ақ рет пайдалану есірткіні бір рет дәмін татқаннан кейін, тағы да тұтынуға құмарлық пайда болуымен, психикалық тәуелділіктің даму мүмкіндігімен, мөлшерден артық тұтынумен, есірткілік заттарға аллергиялық реакциялардың дамуымен, есірткіні қан тамыры арқылы тұтынғанда, ЖҚТБ жұқтырудың нақты мүмкіндігімен, есірткіге әуестік бүкіл өмір бойына сақталу мүмкіндігімен қауіпті саналады. Нашақорлықты емдеу ауру адамның және туған-туыстарының зор күш-жігерін, медицина қызметкерлерінің биік кәсіби дәрежесін, көп қаражат шығындарын қажет ететін ұзақ, күрделі, көп сатылы процесс. Бірлі-жарымды адамдар ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады, яғни дерттен айығады. Есірткілік заттарға әуестену бір ғана тәсілмен – есірткіні ешқашан, бір ретте татпау арқылы құтылуға болатын қатерлі, қалыпқа келтірілмейтін қауіп.
Балалар мен жасөспірімдердің девианттық тәртіп формалары тәрізді нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік ішімдіктерге немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы, психоактивті заттарға оңай қол жеткізу, жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мен қолы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы сияқты әлеуміттік факторлар үлесінде. Жиі жағдайларда есірткілер қоғамдық орындарда: мектептерде, дискотекаларда, кафелерде, көшелерде, саябақтарда, есірткілерді таратушылар мен сатушылардың пәтерлерінде алынады. Кез-келген есірткіні қолданғанда:
– терісінің ағаруы;
– ұйқысының бұзылуы (мүлдем ұйықтамау немесе тым ұзақ ұйықтау);
– тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу);
– сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз);
– көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының көлеміндей тарылуы);
– баланың терісінен және киімдерінен өзгеше иістің шығуы;
– қозғалу координациясының бұзылуы байқалады.
Ал, балалардан мынадай өзгерістер байқалады:
– жан жағындағы оқиғаларға бейтараптық;
– үйде болмау, мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі;
– есте сақтау қабылетінің төмендеуі;
– сынағанды көтере алмау;
– себепсіз кенеттен баланың көңіл-күйінің ауытқулары;
– ақша сұрау, ақшаның жоқтығына көнбеу;
– үйден бағалы заттар, киім мен ақшаның жоғалуы;
– белгісіз адамдармен жиі телефон арқылы сөйлесу.
Нашақорлықпен күресу барысында есірткіге қарсы күрес бөлімдерінде қызметкерлердің санын көбейту қажет. Өйткені саусақпен санарлық топқа есірткі бизнесі дес береді деуге сену қиын. Есірткіні анықтап, ұстап тауып алатын құрал-саймандар, техникалармен есірткіге қарсы күрес топтарының толық қамтамасыз етілуі керек. Есірткінің зардабын тартып асқындырған адамның бүкіл психикасы бұзылады. Біріншіден, жүйке жүйесін бірден уландырады, елітіп, еліртіп жібереді, ақылмен істейтін жұмыстардан бас тартатын болады. Ол ойламаған қылмыстарға итермелейді, нашақор ашуланшақ, шамшыл келеді. Осы кезде тағы да түрлі елестер пайда болады, яғни, ақырын ғана шыққан дыбыс нашақорға тау құлап жатқандай болып естіледі, алдында жатқан бір тал шыбық бөрене боп, тау төбе болып елестейді демек адамның аңғару, ойлау қабілеті нашарлап, бос сандырақтайды, бос күлетін болады. Зейін алаңдаушылығы көбейіп, қимылы тежеледі.
Нашақор әйелдерде түгелдей дерлік жыныс мүшесінің жұмысы бәсеңдейді, яғни, жатырларының еттері әлсірейді, сонымен қатар етеккірлерінің келуі де бұзылады (кейде ерте, кейде кеш). Ал нашақор әйел екіқабат болса, көптеген жағдайда түсік болады немесе олардан дімкәс кемтар балалар дүниеге келеді. Ер адамдарда да жыныс мүшесінің қызметі нашарлайды. Оларды ештеңе қызықтырмайды. Осы себепті өз жандарын өздері аямайды. Бір инені бір-біріне беріп, жалғастырып сала береді. Бұл түрлі жұқпалы ауруларға (тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабылуына) әкеп соқтырады.
Ата-аналарға айтарымыз, төмендегі заттар мен балаңыздан өзгерістер байқасаңыздар, тез арада медициналық көмектер беру керек. Инъекция үшін бейімделу – шприц, ине, жгут, бөтелкелердің қақпақтары. Қандай да бір химиялық заттар – реактивтер, препараттар, сұйық заттар, әсіресе еріткіш заттар, тұрмыстық және техникалық химия құралдары, тыныстауға, иіскеуге арнайы заттардың болуы (бетперде, түтікшелер).
Тұтас өсімдік немесе оның бөліктері, ұсақталғандары (гүлдің басы, жапырақ). Әр түрлі форма мен әр түрлі түстегі таблеткалар (әсіресе 714 нөмірінде штампалы), ампулалар, пластиктік пакеттегі кез-келген түстегі ұнтақ, емдік препараттың басқа да формалары. Химиялық препараттарды тазалайтын құрал-жабдықтардың болуы, марлядан, бинттен жасалған қоңыр түсті еріткіш сіңірілген сүзгі. Көздің астындағы қызарған ісік, мұрын жақтарының гиперемиясы, саусақтардың көгеруі, киім мен қолдағы дақтар, шаштан, теріден, киімнен спецификалық химиялық заттардың шығуы. Теріде иньекция іздерінің қалуы – жекелей және көптеп, жаңадан және бұрынғы іздердің қолда, иықта болуы. Қалтадағы ұсақ тұқымдар, синтетикалық материалдар, күйген шөптің иісімен араласқан дым. Метанол иісі бар қораптағы петрушка.
Нашақорлық – қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе – ол сенің өмірің. Сенің өмірің – ол өз қолыңда!