Созақ ауылындағы Әлішер Науайы атындағы білім ордасынан 2004 жылы қанат қағып, үлкен өмірге қадам басқанына 20 жыл болған түлектер игі істі қолға алды. Әр тарапта жүрген түлектер көп балалы отбасыға тұрғын үй сыйлады. Тағылымды шараға қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков түлектерге алғысын жеткізіп, баспана иесін қоныс тойымен құттықтады.
– Ауданымызда жақсы дәстүр жалғасып келеді. Бірнеше жылдан бері қалыптасқан түлектердің мұқтаж отбасыға үй сыйлау үрдісі биыл да жалғасын тауып, бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Осындай еселі еңбектерімен елдің құрметіне бөленген түлектерге шынайы алғысымды білдіремін. -деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы игі іске ұйытқы болған түлектерді алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғараев, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев сауапты іс атқарған 20 жылдық мектеп түлектеріне алғысын жеткізіп, ізгі тілегін арнады. Түлектерге аудандық мәслихат аппаратының алғыс хаты табысталды. Тағылымды шараның куәсі болған ауыл ардагерлері мен ел ағалары осындай игі шаралардың өрелі жас ұрпақтың бойына изгі қасиеттерді сіңіретінін айтып өтті. Созақ ауылынан берілген жаңа баспана 5 бөлмеден тұрады. Ішкі бөлмелері қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтылған. Су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Жер учаскесі 15 сотықты құрайды. Арнайы шарбақпен қоршалған. Үйдің аумағына қосалқы шаруашылықты дамыту мен бау-бақша өсіруге мүмкіндік береді.
Бес күндік жалғандағы адам баласына берілген сынақтардың бірі – мал-мүлік пен дүние. Иә, адам табиғаты оны жанынан да жақсы көреді. Қаншама адам сол үшін ақыретін ұмытса, енді біреулері бес күндік мал үшін ағайын-туыспен араз, дос-жаранмен қырғиқабақ.
Мал-мүлік игілік үшін жұмсалмаса, оның күнәлі жолдарда сарп етіліп жатқаны. Адам өзіне берілген құнды нығметтерді босқа емес, орынды жерге жұмсауы ләзім. Қасиетті Құранда: «…Өздеріне берген несібемізден нәпақа қылады (береді)» («Бақара» сүресі, 3-аят); «Нағыз ізгілік жүздеріңді шығысқа не батысқа қарату емес. Асыл ізгілік сол – кім Аллаға, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе, жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге, жақсы көре тұрып мал сарып қылса, намаз оқып, зекет берсе … », – делінген («Бақара» сүресі, 177-аят).
Табараниден жеткен хадисте: «Садақа ретінде берілген бір үзім нан Алла Тағаланың алдында Ухуд тауындай үлкейеді» – деп айтылған. Қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі. Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде: «Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деп баяндаған.
Асыл дінімізде қайырымдылық істері 4 бағытта өрбиді. Ықыласты түрде, мәжбүрсіз – сыйлық не садақа беруі, қарыз алған мұқтаж адамның қарызын қайтарымсыз, өсімсіз өтеп, қайтаруы, жылдық жинаған кірісінен зекет беруі. Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затты – садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілсе де ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет. «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін» деген хадиске сәйкес берілген садақа мен жасалған жақсылықты жасырын жасау ең абзал амалдың бірі. Құран Кәрімде 200 жерде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалады. Яғни Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал екені айтылады. Шексіз нығмет Иесі болған Алла мақлұқаттың табиғатында өзгеге жәрдем ету, барын бөліп беру сезімін жаратқан. Исламда сонымен қатар «садақа жария» деген ұғым бар. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді «садақа жария» дейді. Мешіт, медресе, аурухана тұрғызу, көше, көпір салу, ауызсуы жоқ ауылдарға су тартып, құдық қаздыру, жол салу, міне, бұлар халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істер. Тіпті, мұсылманның көңілін көтеріп, үміт сыйлау, түк бере алмасақ та, оған жымиып қараудың өзі – сауап. Сауапты көктен іздеп қажеті жоқ. Ол біздің айналамызда. Қамкөңіл жанға көмек қолын созу – ол да қайырлы іс.
Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде», – деп жауап берген. Өз отбасымыздан бастап, көрші-қолаң, ағайын-туыстарға, жалпы жұртқа шарапатымызты шашып, қайырымдылығымызды көрсету – мұсылмандық әрі азаматтық борышымыз.
Алла Тағаланың бір адамның ризығы мен нығметін өзге кісілерден артық не кем беріп қоюында үлкен хикмет бар. Демек, байдың малында мұқтаждың хақысы бар деген сөз. Дәулетті кісі Алланың берген нығметін Оның разылығы жолында садақа етсе – үлкен сауапқа кенеледі. Қасиетті Құран Кәрім аяттарына көз жүгіртетін болсақ, жомарттық пен қайырымдылық жасаудың маңыздылығы – парыз етілген намаз сөзімен қатар жүретінін байқаймыз. Хақ Тағала Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 3-аятында: «Олар ғайыпқа иман келтіріп, намазды толық орындап, өздеріне берген рызығымыздан жұмсайды» деген. Аят жолындағы «рызығымыздан жұмсайды» дегені – Алланың берген ризығын – Алланың разылығы үшін жұмсауға бұйырады. Көптеген тәпсір еңбектерінде Алланың берген рызығын Аллаға жақындау үшін мал-мүлік сарып қылу жөнінде баяндалады. Сондай-ақ, шариғат бойынша қайыр-садақаға лайықты мұқтаж адамдардың санаты реттілікпен көрсетілген. Олар: Ата-ана, ағайын, туған-туысқандар, жетімдер, кедейлер және сапардағы мүсәпір жандар қайырымдылық көмегіне лайықты екені мәлім.
Бүгінгі таңда халықтың яғни көпшіліктің мұқтаж болған мәселесі жолдың, кей өңірлерде көпірдің болмауы екені мәлім. Жағдайы келісті кісілер, болмаса бірнеше кісі бірігіп батпақ лай болып, су жиналып аяқ басарға жер қалмаған көшелердің жолын жөндеп беру, су үстінен жолды қыстартып өтетін көпір салу – үлкен сауап. Ол жолдан қаншама адам жүріп өтеді, қаншама пенденің батасын аласың. Ал енді сауабы мол және ол ақырет күніне дейін үздіксіз жүріп тұратын ізгілік амал бар десек, не айтар едіңіз? Әрине, бұған адамның қызығушылығы туады. Өзіңіз тірі кезіңізде жасаған ізгі амалдың сауабы бақилық болған соң да жазылып тұратын амалға кім қызықпас? Дәл сол сияқты бір күні Алланың елшісі (с.ғ.с.) сахабалармен отырған уақытта: – Адам өлген соң оның үш амалынан басқасы тоқтатылады, — дейді. Қасындағы сахабалар таңырқап: – Уа, Аланың елшісі! Ажалдың өзі тоқтата алмайтын ол не қылған үш амал? — деп сұрайды. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.): – Біріншісі, жүріп тұратын садақасы; екіншісі, тастап кеткен пайдалы білімі; үшіншісі, өзіне дұға етіп отыратын тұяқ қалдырып кетсін, — деп айтады (Мүслим). Хадисте айтылып отырған «жүріп тұратын садақа» – адамдар алғыс айтып, күнделікті пайдаланатын көпір көтеру, жол салу, мешітпен бірге құдық қазу, су құбырын жүргізу, қайырымдылық мақсатта емхана, асхана, мектептер салу. Адамдар бұл ғимараттарды пайдаланған сайын, сауабы солардың көтерілуіне демеушілік қылған азаматтарға, иелеріне, құрылысшыларға, жалпы соған себепші болған кісілерге жетіп отырады. Бұлардың сауабы мен марапаты бұл дүниеде һәм ақыретте беріледі. Бұл дүниеде адамдар олар үшін рақмет айтып, БАҚ құраларында аттары атталып, алғыс хаттар берілсе, ақыретте сауабы Жаратушының құзырында. Сонымен қатар, сауап еш азаймайды. Пайғамбардың (с.ғ.с.) былай деп айтқан мәшһүр хадисы бар: «дәлун ғалал хаир ка фағилиһи» (Жақсылық жасауға себепші болған адам, сол ізгі амалды жасаушымен тең). Сол сияқты дін исламда жамандыққа себепші болсаңыз, сіздің артыңыздан жамандық жасаған барлық адамдардың күнәсі сізге жазылады. Өйткені, сол нәрсеге себепші болған өзіңіз. Сонымен, халықтың жақсы өмір сүруі үшін су құбырын жүргізу, балаларға жақсы мен жаманды, обал мен сауапты, оқып, жазу сауатын үйрететін білім ордаларын салу, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасылары үшін жеңілдетілген немесе қайырымдылық емхана, асхана, дүкен салу, тіпті, ағаш отырғызу, көгалдандыру сияқты т.б. жұмыстар жасау – сауабы ақыретке дейін жетіп тұратын амалдарға жатады. Бастысы – ниеттің шынайы болуы.
Мал-мүлік адамға сақтау үшін емес, жұмсау үшін берілген. Мұқтаждықтан артығы қайырымдылыққа жұмсалуы қажет. Хазреті Әбу Умама (р.а.) пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) былай риуаят етеді: «Әй, адам баласы, жаныңдағы артық болғанын жұмса. Бұл сен үшін қайырлы. Ол заттарды сақтап қоюың өзің үшін зиян. Өте зәру болса, дүние жинауыңда айып жоқ. Бергенде жанұяңа жақын жандардан баста. Үстіңгі қол астыңғы қолдан, яғни берген қол алған қолдан қайырлы».
Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы.
Асыл дінімізде қайырымдылық істері 4 бағытта өрбиді. Ықыласты түрде, мәжбүрсіз – сыйлық, қайырмалдық, құрмалдық және садақа беру. Қарыз алған мұқтаж адамның қарызын қайтарымсыз, өсімсіз өтеп беруі. Жылдық жинаған кірісінен – зекет беру. Уақп – үзілмейтін садақа беру. Яғни, белгілі бір мал-мүлікті көп мәрте қайырымдылық жолында пайдалану үшін ұзақ мерзім жұмсамай ұстап тұру арқылы жүзеге асады. Осылайша қайырымдылық түрлері жөнінде сөз ете отырып, қайырымдылық істерін исламның мызғымас жүйесі ретінде қарастырамыз. Қасиетті Құран Кәрім аяттарына көз жүгіртетін болсақ, жомарттық пен қайырымдылық жасаудың маңыздылығы – парыз етілген намаз сөзімен қатар жүретінін байқаймыз. Хақ Тағала Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 3-аятында: «Олар ғайыпқа иман келтіріп, намазды толық орындап, өздеріне берген рызығымыздан жұмсайды» деген. Аят жолындағы «рызығымыздан жұмсайды» дегені – Алланың берген ризығын – Алланың разылығы үшін жұмсауға бұйырады. Көптеген тәпсір еңбектерінде Алланың берген рызығын Аллаға жақындау үшін мал-мүлік сарып қылу жөнінде баяндалады. Сондай-ақ, шариғат бойынша қайыр-садақаға лайықты мұқтаж адамдардың санаты реттілікпен көрсетілген. Олар: Ата-ана, ағайын, туған-туысқандар, жетімдер, кедейлер және сапардағы мүсәпір жандар қайырымдылық көмегіне лайықты екені мәлім.
Осы орайда Әбу Һұрайра (Оған Алла разы болсын) риуаят еткен хадисінде пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Адам баласы дүниеден өткен соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: Садақа жария, пайдалы ілім, артынан дұға қылатын ізгі ұрпақ»дегенін жеткізеді. Яғни, пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы амалдарды орындаған адам, тіпті, о дүниелік болып, амал дәптері жабылса да – осы үш амалдың сауабы үздіксіз жалғаса беретіндігін хабарлайды. Осы аталмыш амалдардың біріншісі «Садақа жария», яғни Алла разылығы үшін жұмсалған қайырымдылық, қайыр, садақа істері. Бұл садақа жарияға – мешіт салу, мектеп, медресе, емхана тұрғызу, көпір салу, жол салу, құдық қазу деген сынды тағыда басқа көпшіліктің пайдалануына арналған қайырлы да, қайырымдылық істерін жатқызуға болады.
Сонымен қатар, қайырымдылықтың ең абзалы – мұқтаж жандардың қажетін өтеу. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығымен және таза ниетімен ерекшеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Өкінішке орай, жомарт азаматтардың саны азайып келеді, адамдар кез-келген жағдайда, бірінші кезекте өз пайдасын ойлап тұрады. Сіздерге айтарым, ашкөздік пен сараңдықтан аулақ болайық, игі істер жасамасақ, адамдық кейпімізді жоғалтып аламыз. Мен, жомарттық қасиеті бар тұлғаларды ұнатамын. Олар адамдармен тек материалдық құндылықтарымен ғана емес, сонымен бірге жан дүниесінің байлығымен де бөліседі. Жомарт адам жақсы істерді көпшіліктің алғысын алу үшін жасамайды, ол мұқтаждарды кішкене болса да бақытты еткісі келеді. Қолында тұрған зат өзіне қажет болғанымен, оны артық сөз айтпай басқаға бере салады. Біз осындай керемет жандардан үлгі алуға тиіспіз. Қазіргі заманның жастары, «мейірімділік» деген сөзді сирек естиді және мағынасын толық түсінбейді. Менің ойымша, мейірімділік дегеніміз – қиын жағдайға тап болған адамға шын жүректен қолдау көрсетіп, басқа адамның бақыты үшін өз уақытыңды, ақшанды немесе денсаулығыңды құрбан ету. Жасөспірімдердің арасында қатыгез, өзімшіл және мақтаншақ балалар көбейіп келеді. Біреу құлап қалса, оны көтерудің орнына, ұялы телефонның камерасына түсіре бастайды. Сондықтан, ата-аналары балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуі керек. Қайырымдылық — мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық — мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.Қазіргі заманда байыған дамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады. Қайырымды, мейірімді адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. Қайырымдылық — мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық — мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.Қазіргі заманда байыған дамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады. Қайырымды, мейірімді адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау), Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу). Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты — мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедей-кепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайыр садақа берумен де көрініс табады. Өкінішке орай, мейірімділік пен қайырымдылық сынды қасиеттер барлық адамға тән емес. Тіпті біздің заманда оның қажеті де жоқ дегенді естиміз. Алайда бұлай дейтіндер қатты қателеседі. Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Лепірме сөз сияқты көрінсе де, мейірімділік пен қайырымдылық адамға адам болып қалуына көмектеседі. Қалаған жағдайда мұндай лайықты қасиетке кез келген адам ие бола алады. Қалай дейсіз ғой? Аздан бастаңыз. Адамдар әртүрлі. Біреулер жастайынан басқаның қайғысын бөлісуге, риясыз көмекке дайын болып өседі, ал кейбіреулер керісінше әрекет етеді. Адамның мұндай болмысына генетикалық бейімділігі, тәрбие ерекшеліктері, кімдермен жақсы араласатыны және т.б. көптеген фактор әсер етуі мүмкін. Бұйрық бойынша мейірімді және қайырымды болу мүмкін емес. Алайда мейірімсіз және енжар өзімшілдердің өзі жақсы жаққа өзгеріп, жақсылық жасауға құмар болатын кездері болады. КСРО кезеңінде «Өмірде ерлік жасауға әрдайым жағдай табылады» деген ұран танымал болған. Бұл тұжырымды сәл өзгертіп: «Өмірде жақсылық жасауға әрдайым жағдай табылады» деуге әбден болады. Айналаңызға қараңызшы. Кез келген жерден көмегіңізге мұқтаж адамды кездестіре аласыз. Бұл кез келген адам болуы мүмкін, мысалы, қарт көршіңіз, кішкентайын өсіріп жатқан жалғызбасты ана, қиын жағдайға тап болған танысыңыз. Оларға уақытыңыз бен назарыңызды бөліңіз, көмегіңіз қажет емес пе екен, сұраңыз. Мысалы, қарт адамдарға сыртқа шығу қиын болса азық-түлігін тасып беруге болады немесе дәрісін әкеліп беріңіз. Бұл көмегіңіз болмашы болса да, ең бастысы, шынайы және шын жүректен шыққан ұсыныс болсын. Мейірімді іс жасағаныңызға өзіңіз де бір сәт риза болып қаласыз. Және, бұдан кейін де мейірімді істер легін жалғастыруға ықыласыңыз ашыла түседі. Көмегіңіз қандай түрде білдірілетіні аса маңызды емес. Бұл:
— қолдан келген материалды көмек;
— физикалық көмек (үй жинасу, азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізу, кішкентай баланы қарай тұру және т.б.);
— кеңес айту;
— рухани қолдау;
— тегін заңгерлік кеңес және т.б. болуы мүмкін. Қалай болғанда да, сіз басқа адамға көмектесіп қана қоймай, өзіңіз де қайырымды, мейірман бола түсесіз. Қандайда бір қайырымдылық ұйымына хабарласып, көмекке зәру адамдар жайлы мәліметтер ала аласыз. Олар сізге қажетті байланыс ақпараттарын және нақты қандай көмек керек екенін айтады. Сонымен қатар жетімдер үйінің балаларына да, мысалы, сыйлықтар немесе қажетті киімдер сатып алып беріп көмектесе аласыз. Не үшін қайырымды және мейірімді болу керек? Қайырымдылық пен мейірімділік адамға тек жақсы жағынан әсер етеді. Қоғам кілең енжар, тек өзін ойлайтын адамдардан құралса, қандай болар еді? Біреудің көмегіне сену түгілі, қай жерде қастық жасап кетер екен деп күтіп жүру қандай әсерге бөлейді? Мұндай адамдардың ортасында өмір сүргіңіз келер ме еді? Табиғаттың «ең мықты тірі қалады» деген заңы бар. Онда (тек кейбір ерекшеліктерді ескермегенде) мейірімділікке орын жоқ. Бірақ адам түйсікпен ғана өмір сүрмейтіндіктен саналылар қатарына жатады ғой. Бір дана адам: «Өркениетті қоғамға оның балаларға және қарттарға, яғни қорғансыз адамдарға қарым-қатынасына қарап баға беруге болады» деп бекер айтпаған. Әлсіз адамдарға, өмірлік қиын жағдайға түсіп қалғандарға көмектесе отырып, адам өзінің адамгершілік қасиеттерін көрсетеді. Ал біреулердің қайғысына ортақтасу арқылы өз өміріне басқаша қарай бастайды, құндылықтарын зерделейді. Бұрынырақта сүбелі көрінген, жанға маза бермеген мәселелер басқалардың қайғысының жанында түкке тұрғысыз болып көрінуі мүмкін. Сондықтан мейірімді де қайырымды адамдар өз өмірін біреуге қастық ойластырып, пайда табуды көздеп, бекер өткізбеуге тырысады. Әлбетте, мейірімді болу – өміріңді толықтай біреулерге көмектесуге арнап, өз қызығушылықтарың мен отбасыңды және т.б. ұмыту деген сөз емес. Мұндай пірәдар адамдар аз және арты жақсылыққа әкелуі екіталай. Сонымен бірге әр нәрсенің шектен шықпағаны дұрыс. Өкінішке орай, мейірімді және қайырымды адамдарды барлық жағдайға жедел жәрдем ретінде пайдаланғысы келетіндер бар. Мұндай әрекеттерді сыпайы, бірақ қатаң түрде тыйып отырған жөн. Ерік берсеңіз, мойныңызға отырып алатындар әрдайым табылады. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, студенттердің жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз.
Адамның өмір сүру дағдысы мен діни таным-түсініктер күн сайын өзгеруде. Алайда біз «әр нәрсе өз асылына, негізіне оралады» деген тұжырымды сөздің өміршеңдігіне көз жеткізіп келеміз. Соның бір дәлелі ретінде айтатын жайт, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) заманынан бастау алып, ата-бабаларымыздан осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жақсы істің бірі, үзілмейтін садақаның түрі – уақыптың қайта жаңғыруы. Сөздікте уақып «ұстау» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғатымыздағы мәні – белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалану. Мысалы, үзілмейтін садақа жасауды ниет еткен адам жылжымайтын мүлікті Алла жолында уақып етсе, оның игілігін мұқтаж жандар ұдайы көреді. Біздің елімізде діни уақып жақсы дамып келеді. Діни уақып дегеніміз – құлшылық жасауға, білім алуға арналған жылжымайтын мүліктер (мешіт, медресе, жоғары діни оқу орны, қайырымдылық мекемесі, т.б.). Сонымен қатар, қайырымдылық уақып бағыты да қарқын алды. Қайырымдылық уақып дегеніміз – жылжымайтын мүлік пен қаржы көздерін сауапты істерге жұмсау. Уақыптың тағы бір түрі – арнайы немесе ұрпаққа арналған уақып. Арнайы немесе ұрпаққа арналған уақып дегеніміз – ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дәуірінде, сахабалардың кезінде уақыттың өзі тудырған уақып. Уақыптың бұл түрі әуелі адамның өз ұрпағына, содан кейін жалпы халықтың игілігіне жұмсалады. Мысалы, бір адамның екі дүкені болуы мүмкін. Ол біреуін ұрпақтарына қалдырып: «Осыдан түскен табысты екіге бөліңдер де жартысын қайырымдылыққа жұмсап, жартысын өздерің пайдаланасыңдар» дейді. Бұл сауапты қадам ұрпақтың да, жалпы халықтың да қамын жеуді көздейді. Шариғатымызда мұндай уақыптың түрін «муштарак уақыф» (ортақ уақып) деп атайды. Осы ретте Ислам тарихынан бір мысал келтіре кетсек. Әбу Талһа (оған Алла разы болсын) деген кісі мәдиналық сахабалардың арасында бай мұсылман болатын. Оның өзге адамдармен салыстырғанда ең үлкен құрма бағы бар еді. Құрма бақтарының ішінде Бәйруһа деп аталатын бақты өзгеше ұнататын. Бұл бақ дәл мешіттің жанында орналасқан еді. Кейде Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әлгі баққа кіріп, бұлақтан су ішетін. «Жақсы көрген нәрселеріңді (дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар» («Әли-Ғимран» сүресі, 92-аят) деген аят түскен кезде Әбу Талһа (оған Алла разы болсын) Алла елшісіне барып: «Уа, Расулалла! Алла Тағала: «Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар» деді. Мендегі бар дүние-мүліктердің ішінен Бәйруһа бағын өте жақсы көретін едім. Енді оны Алла жолында жұмсағым келеді. Иншалла, Алла Тағала бәлкім менің бұл садақамды қабыл етер» дейді. Осыдан кейін: «Уа, Расулалла! Осы бақты Алланың қалауы бойынша пайдаланыңыз» дейді. Бұған ризашылығын білдірген Алла елшісі: «Бұл – қандай олжалы сауда!» деп алғысын жеткізеді. Кейбір риуаяттарда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сол сахабаға: «Бұл ісіңді қолдаймын. Бірақ оны туған-туыстарыңа, жақындарыңа таратқаның абзал» деген екен. Ол Бәйруһа бағын жақындарына, туыстары мен ағайындарына теңдей бөліп берген екен. Біз бұл оқиғадан Әбу Талһаның (оған Алла разы болсын) туыстарына арнайы уақып жасағанын анық аңғарамыз. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзіне сыйға берілген бау-бақшаны (ол заманда бау-бақша ең үлкен табыс көзі ретінде бағаланған) уақып ретінде жұмсаған. Бірде сахаба Омар ибн Хаттаб (оған Алла разы болсын) Хайбар жорығында бір жерді меншігіне алады. Бір күні Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алланың елшісі, мен Хайбар соғысында бір жерді меншігіме алдым және ондай байлыққа бұған дейін қол жеткізбедім. Бұл жерге қатысты маған қандай әмір бересіз?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер қаласаң, ол жерді уақып ет те, одан түскен пайданы садақа қылып отыр», – дейді. Бұл – Исламдағы ең алғашқы уақып. Сахаба Османның (оған Алла разы болсын) яхудиден сатып алған құдығын Мәдина қаласының тұрғындары әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Ол жерде халифаның құрма бағы да бар. Одан түскен қаражат сол заманнан бері пайғамбар мешітінің қажеттілігіне жұмсалып келеді. Өз уағында Құнанбай қажы Қарқаралыда мешіт салып, Меккеге қажылық жасауға барған қасиетті сапарында киелі шаһардан үй тұрғызып, уақып жасады. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының қалалық советтен берген өзіне тиесілі үйді соғыстан ұлы қайтыс болған кейуанаға беруі (уақып жасауы) ұрпаққа мәңгі өнеге болып қалды. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап дініміз бен дәстүріміздің жанашыр азаматтары өздеріне тиесілі ғимараттарды уақып жасап, сауапты іске үлес қосып келеді. Осындай игі қадамның арқасында елімізде осы кезге дейін Діни басқармаға қарасты 14 қайырымдылық мекемесі ашылды. Сондай-ақ мешіттер мен медреселер бой көтерді. Айта кетер жайт, аталған қайырымдылық мекемелерінде еліміздің ертеңгі болашағы саналатын жас өрендер дініміздің, салт-дәстүріміздің асыл құндылықтарынан сусындап, діни һәм зайырлы білім алуда. Сонымен қатар оларды патриотизмге баулып, ғылыми жобалармен айналысуына барлық мүмкіндік жасалуда. Білікті һәм тәжірибелі ұстаздар жас балаларға діни білім берумен қатар, оларды ғылыми ізденістерге баулып, жан-жақты білім нәрімен сусындатып келеді. Баланың болашағы үшін жасалған кез-келген сауапты іс – еліміздің өркендеуіне қосылған үлес деп атар едім. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 272-аятында: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» дейді. Уақып жасаушы адамның ниеті аса маңызды. Шариғатымызда: «Уақып етушінің сөзі – Құдайдың үкімімен тең» деген қағида бар. Яғни, уақыпқа берілген мүлік оны Алла жолында жұмсаған иесінің айтуы бойынша пайдалануға беріледі. Халқымыз: «Өзін ғана ойлаған, Жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, Адамдықтың белгісі» дейді. Асыл дініміз өзгелерге көмектесуге, қамкөңіл жандардың қамын жеуге үндейді. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 30 жылдық мерейтойы аясында қоғамда көптеген қайырымдылық іс-шараларға ұйытқы болды. Бұл – қайырымдылық уақып бағытында бір жылда жасалған жұмыстарымыздың нәтижесі. Исламда «садақа жария» деген ұғым бар. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді «садақа жария» дейді. Мешіт, медресе, аурухана тұрғызу, көше, көпір, жол салу, ауызсуы жоқ ауылдарға су тартып, құдық қаздыру – сауабы үзілмейтін уақып. Бірде Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» деп сұрайды. Сонда ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде» деп жауап берген. Өз отбасымыздан бастап, көрші-қолаң, ағайын-туыстарға, жалпы жұртқа шарапатымызты шашып, уақып жасау – мұсылмандық әрі азаматтық борышымыз. Алла Тағаланың бір адамның ризығы мен нығметін өзге кісілерден артық не кем беріп қоюында үлкен даналық бар. Бай кісі Алланың берген нығметін Оның разылығы жолында уақып жасаса – үлкен сауапқа кенеледі. Өйткені, уақып – сауабы сарқылмайтын садақа. Еліміздің кейбір жомарт азаматтары өзінің туып-өскен ауылына балабақша, мешіт, көпір, жол, спорт кешенін, т.б. салып, халықтың ықыласына бөленуде.
Қайырлы істің ұршығын иірген халқымыздың қанына сіңген игі қасиеттердің сауабы мол болғай. Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр» деген тамаша сөз бар. Жетімін жылатпаған халқымыздың бұл ел қамын ойлайтын азаматтарына қалдырған аманат сөзі іспетті. Қайырлы істің ұршығын иірген халқымыздың қанына сіңген игі қасиеттердің сауабы мол болғай. Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр» деген тамаша сөз бар. Жетімін жылатпаған халқымыздың бұл ел қамын ойлайтын азаматтарына қалдырған аманат сөзі іспетті. Қайырымдылық – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Сондай қасиетті бойына сіңіріп, өзінің емес өзгенің бақытын ойлап мұқтаж жандарға көмек беріп жүрген жастар көбеюде.
Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу шарт емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Үлкенін сыйлаған, қариясын қастерлеген, жетімін жылатпаған, кемтар жанды ешкімнен кем көрмеген қазақ халқына тән қасиет екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қазіргі таңда елімізде балалар үйіне, қарттар үйіне және көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын созамыз деген оймен қайырымдылық қорларының көбейіп жатқаны жаныңды жадыратады. Жүректері жылу мен мейірімге толы жандар қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып, қолдарынан келгенше азық-түлік ретінде және ақшалай көмек көрсетіп жатыр. Мұқтаж жандардың арманын орындауға атсалысып жүретін «Харекет» қорын да атап өтпеске болмас. Әзілдерімен көрермен қауымын ду еткізіп, мағыналы көріністерімен жүрекке жылу ұялатып, халықтың көзайымына айналған «Өнер қырандары» театрының әртістері бүгінде 650 баспананы халықтың көмегімен мұқтаж жандарға табыстады.
Осы сынды үйсіз жүргендер баспана сыйлап, денсаулығында ақауы бар кішкентай бүлдіршіндерге ақшалай көмек беріп жатқан қайырымдылық қорларының саны 70-тен асты. Пайғамбарымыз Мұхамедтің (с.ғ.с) «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» дегенін ұмытпайық. Бес күндік пәни дүниеде қайырымды іс жасап, көп балалы отбасына, балалар үйіне, қарттар үйіне аса көңіл бөлейік.
Адам баласы қоғам ретінде өмір сүруге бейім жаратылғандықтан бір-біріне мұқтаж. Осындай мұқтаждық адамдардың бір-біріне жәрдемдесуін, бір-бірінің кем-кетігін толтыра отырып, үйлесім негізінде өмір сүруін талап етеді. Сондықтан да ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан. Алла Тағала:«Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған. Жаратқан иеміз көптеген аяттарында мұсылмандарға қарата: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни, о дүниеде тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)» («Хаж» сүресі, 77-аят), «(Кімге) қандай жақсылық жасаған болсаңдар, Алла тағала оны шүбәсіз біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят), «Жақсылық атаулының қайсыбірін істесеңдер де, Алла тағала оны міндетті түрде біледі» («Бақара» сүресі, 197-аят), «Кімде-кім мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады» («Зілзала» сүресі, 7-аят) деген. Мейірімі шексіз Алла өз пенделерінің өмірінде ізгілік үстемдік ету үшін, түсірген иләһи бұйрықтары арқылы адамшылық қасиеттен жұрдай болып, адам деген ардақты атттан айырлып қалуға шақ қалған қоғамды Ардақты елші мен оның адал серіктерінің қажырлы еңбектерінің арқасында аз уақытта күллі адамзатты тәнті еткен «сахабалар жамағаты» тарих сахнасына шықты. Алла Тағала жақсылық жасауға шақырып қана қойған жоқ «Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар» («Бақара» сүресі, 148-аят), «Олардың арасында Алланың қалауымен қайырлы істерде алдына жан салмайтын ізгі жандар да бар. Міне, (Алланың) ең үлкен шарапаты осы» («Фатыр» сүресі, 32), «Міне, осынау ізгі жандар жақсылықта, қайырлы істерде дамыл таппай шырқ ұрып жүреді, жақсылық жасауда бір-бірімен жарысады» («Муминун» сүресі, 61) деу арқылы ізгі бастамада өзара жарысуға ұмтылдырды. Алла елшісі де (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар» (Муслим, иман 186) деп үмбетін ізгілікке шақырды. Ардақты елші саналы ғұмырының бәрін адамзаттың бақыты үшін арнап, жар құлағы жастыққа тимей, Хақ Тағалаға қауышар алдында: «Мен міндетімді атқара алдым ба?» деп, пайғамбарлық уәзипасын қолынан келгенше атқарғанына үмбетінің куә болғанын қалады. Жақсылық жолында жарыстың үлгісін сахабалар өмірінен де анық көреміз. Осыған қатысты әділдіктің рәмізіне айналған Омар (р.а.) басынан өткен бір оқиғаны былайша баяндайды: «Исламның кең таралуы үшін Расулалла бірде жәрдемдесуімізді бұйырды. Бұл менің байлығымның ең көп кезі еді. Ішімнен «Ей, осы бүгін Әбу Бәкірден озбасам ба» дедім. Мал-мүлкімнің жартысын Алла елшісіне әкеліп табыс еттім. Алла елшісі «Ей, Омар! Отбасыңа не қалдырдың?»,– деді. «Дүние-мүлкімнің жартысын қалдырдым»,– дедім. Біраздан кейін Әбу Бәкір келді. Ол мал-мүлкін тегіс алып келген екен. Расулалла (с.ғ.с.) одан, «Ей, Әбу Бәкір, сен отбасыңа не қалдырдың?»,- дегенде оның жауабы мынау болды: «Оларға Алла мен Расулының сүйіспеншілігін қалдырдым». Мұны естіген мен «бұдан кейін жақсылық жасау жолындағы жарыста мен одан ешқашан да оза алмаспын» деп түйдім». Қоғамда әділдік пен теңдік, өзара сыйластық пен мейірімділік үстемдік етіп, ізгілік орнау үшін Рақымды Алла Өзі нәсіп еткен байлықтың бір бөлігін мұқтаж жандарға таратып беру үшін зекетті парыз етті. Зекет ислам дінінің бес негізгі тіректерінің бірі ретінде қоғамдағы көптеген қажеттіліктердің орнын толтырып, түйіткелдерді шешуде үлкен рөл ойнайды. Алайда зекет дүние-мүліктің белгілі бір бөлігін ғана қамтыса, иманымыздың айнасы, жомарттықтың нышаны саналатын садақаның мөлшері адамның дарқан көңіліне тапсырылатын іс. Алла елшісі (с.ғ.с.)өнегелі өмірінде жомарттықтың керемет үлгісін көрсетті. Ол ақиқатты жаюда да жомарттықты асыл құрал ете білді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)үшін бір адамның мұсылман болуынан асқан бақыт жоқ еді. Тіршіліктегі соңғы дәм-тұзы таусылғанға дейін Оның жүрегінде дүниеге деген зәредей де құмарлық болмады. Пайғамбарымыз жасағандарын тек қана Алла үшін жасап, ниетін таза ұстады. Біреуге үйіп-төгіп дүние-мүлік берсе де, ол туралы жан адамға тіс жарып айтпады. Осы жомарттығымен көптеген адамдарды исламға тартты. Солардың бірі – кезінде Пайғамбарымыздың дұшпаны болған Сафуан. Хунәйн шайқасына шығарда Пайғамбарымыз одан қарыз алды. Шайқас біткеннен кейін мұсылмандарға көп олжа түсті. Сол олжаларды көріп қызыққан Сафуанға қалағанынша мал-мүлік берді. Алла елшісінің ерекше жомарттығын көрген ол қауымына барып: «Уа, халқым, тегіс исламға кіріңдер! Өйткені, Мұхаммед теңдессіз жомарттық көрсетті. Мұны тек қана кедейліктен қорықпайтын және Аллаға толық сенген адам ғана бере алады!» – деген-ді[3]. …Бір бәдәуи Пайғамбарымыздан мал-мүлік сұрады. Пайғамбарымыз сұрағанын берді. Тағы да сұрап еді, тағы да берді. Үшінші рет сұраған кезде жаннаттың гүлзары (с.ғ.с.) қолында ешнәрсесі қалмағандықтан тауып беруге уәде берген-ді. Алла елшісі өзінен гөрі өзгенің бақытына көбірек алаңдады. Осы бір ұлы тұлғаның арқасында мұсылмандардың ырысы артып, аз уақыттың ішінде-ақ әлемдегі ең бай елге айналды. Тіпті, елде садақа мен зекет беретін адам таба алмайтын күйге жетті. Жеке адам басына шаққанда түсетін табыс өте жоғары болды. Соған қарамастан олардың арасында өте қарапайым, тақуа ғұмыр кешкен адамдар да бар еді. Пайғамбарымыздың тәлім-тәрбиесі мен бүкіл әлемді қамтитын мейірім толы құшағында өскен адал сахабалар да өз өмірлерін басқалардың бақыты үшін арнады. Осы мақсатта Пайғамбарымыз: «Жомарт – Аллаға, жаннатқа және халыққа жақын, жаһаннамнан алыс. Сараң – Алладан, жаннаттан және ел-жұрттан алыс, жаһаннамға жақын»[4]деп мұсылмандарды қоғамшыл болуға баулыды. Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады. Кімде-кім қарызданып қысылған адамға түсіністікпен қарап, ісін жеңілдетсе[5], Алла тағала оның ісін екі дүниеде де жеңілдетеді. Кімде-кім мұсылман бауырының айыбын жасырса, Алла тағала екі дүниеде де оның айыбын жасырады. Сондай-ақ, Алланың құлы мұсылман бауырына жәрдем етуін тоқтатпайынша, Алла тағала да құлына жәрдем етуін тоқтатпайды» деген (Муслим, зикр 38). Сахабаның дінге деген адалдықтары мен ыстық ықыластары теңдессіз еді. Алла Тағала қалай бұрық беріп, Пайғамбар қалай тәлім етсе, айна қатесіз солай жасайтын. Жақсылық жолында жарысып, адамзат үшін шығарылған хайырлы үмбетке «Жақсы көрген дүниелеріңнен (яғни, бір бөлігін болса да) Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке қол жеткізе алмайсыңдар»(«Әли Имран» сүресі, 92-аят) деген аят түскен кезде олар ең жақсы көрген нәрселерін Алла жолында, қоғам игілігі үшін беруге асықты. Хадис жинақтарында келген мына оқиға бұған керемет мысал бола алады. Сахаба Әнәс (р.а.) былай дейді: «Ансарлардың Мәдинадағы құрма бақшаларының басым бөлігі Әбу Талханың (р.а.) еншісінде еді. Оның ең сүйікті дүниесі Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мешітіне қарама-қарсы орналасқан Бәйруха атты құрма бағы болатын. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол бақшаға жиі барып, балдай тәтті суынан ішіп тұратын еді», – деді. Әнәс (р.а.) әңгімесін жалғастырып: «Құранның «Жақсы көрген дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке жете алмайсыңдар»[6] – деген аяты түскенде, Әбу Талха Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп: «Уа, Расулалла! Алла тағала сізге «Жақсы көрген дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке жете алмайсыңдар» – деген аятты түсірді. Менің ең жақсы көретін дүнием – Бәйруха. Енді оны Алла Тағаланың разылығы үшін садақа етіп беремін. Алла Тағаланың құзырында оның жақсылығын көруді, әрі мен үшін сауап қоры болуын тілеймін. Уа, Алланың елшісі! Сіз соны қабыл алып, Алланың қалауы бойынша пайдаланыңыз», – деді. Сонда Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Бәрекелді, жарайсың! Мол табыс әкелетін дүние, міне, осы», – деп екі қайтара айтып, «Сенің айтқаныңды естідім (яғни, шынайы ықыласыңды көрдім). Алайда оны жақын туыстарыңа бөліп бергенің дұрыс болады деп ойлаймын», – деді. Сонда Әбу Талха (р.а.): «Уа, Алланың елшісі! Ендеше, айтқаныңыз болсын, солай істейін», – деді де, бақшаны ет жақындары мен немере аға-інілеріне үлестіріп берді», – деп айтты (Бұхари, зәкәт 44; Муслим, зәкәт 42). Иә, сахабалардың дәл осылай жасағандығына қатысты өзге де риуаяттар хадис жинақтарында жетерлік. Сахабалар осы аятқа сай іс-әрекет жасау үшін біреулері құлдарын азат етті, енді бірі қолындағы барды садақа етсе, енді бірі өзінен кейін келетіндерге ұдайы пайдасы тиіп тұру үшін дүние-мүліктерін Алла жолына атап кетті. Осылайша Пайғамбарымыздың кезеңінен бастап қазіргі күнге дейін мұсылман жұртшылығы арасында уақып (қайырымдылық қорлары) қызметі жалғасын тауып келеді. Иә, Жаратқан Жаппар Иеміз: «Жақсы көрген дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке жете алмайсыңдар» деп мұсылмандарды ең жақсы көрген нәрсесін беруге шақырды. Сонымен қатар: «Алланың өздеріңді үнемі көріп тұратынын қаперлеріңде ұстап, тек игі істер істесеңдер, өздерің үшін жақсылық істегендерің. Ал керісінше, жамандық атаулыға бой алдырсаңдар, оны да өздеріңе істеген боласыңдар» («Исра» сүресі, 7) деу арқылы жасалған жақсылықтың адамдардың өзіне қайтатынын білдірді. Қайырымдылық қорлары қоғамның кез келген саласын қамтып, көмекке зәру жандардың қажеттіліктерін өтеп, қоғам өмірін жақсарту жолында үлкен рөл ойнайды. Исламда адамзаттың игілігі үшін жасалатын садақаны «садақа жария» деп атайды. Осы орайда Пайғамбарымыз: «Адам қайтыс болған кезде мына үш кісінің тысындағылардың іс-әрекеттерінің бәрі тоқтайды: Артынан садақа жария (сауабы үздіксіз жалғасатын садақа) қалдырған, елге пайдасы тиетін ғылым қалдырған және өзіне дұға жасап тұратын салиқалы перзент қалдырған адам» (Муслим, Уасия, 14) деу арқылы мұсылмандарды осы дүниеде де ақыретте де ұдайы пайдасы тиетін ізгі істер жасауды әдетке айналдыруға тәрбиеледі. Иә, үздіксіз жалғасып тұратын, пайдасы адамзатқа тиетін садақаның түрі өте көп. Қоғамдағы сауатсыздықтың жойылуына жол ашатын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында бала-бақша, мектеп, мешіт, медресе, университет салу, адамдардың тұрмысын жақсарту жолында ауыз су тарту, көпір, жол, аурухана салу т.б. секілді көптеген ізгі шараларды тізбелей беруге болады. Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) жеткен хадисте: «Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Садақа беру – әрбір мұсылманның міндеті», – дегенде, Әбу Мұса: «Егер садақа беретін жағдайы болмаса ше?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өз қолымен еңбек етіп, бір жағынан, өзіне пайда келтіріп, екінші жағынан садақасын береді», – деп жауап берді. Әбу Мұса: «Ал егер оған да мүмкіндігі болмаса ше?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Таршылық көрген мұқтажға қолұшын созсын», – деді. Әбу Мұса үшінші рет: «Бұл да қолынан келмесе не істейді?» – деп сұрады. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Онда адамдарды жақсылыққа (немесе қайырлы іс жасауға) шақырсын», – деді. Әбу Мұса тағы да: «Егер бұл да қолынан келмесе ше?» – деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ендеше жамандық атаулыдан бойын аулақ ұстасын, өйткені ол да садақа», – деп жауап берді» – делінген (Бұхари, зәкәт 30; Муслим, зәкәт 55). Осы хадистен аңғарғанымыздай жақсылық жасауға мүлдем шамасы жетпейтін адамның ешкімге тілімен де қолымен де зиян тигізбеуі садақа (жақсылық) ретінде қарастырылған. Жамандық жасамаудың өзін жақсылыққа бағана асыл дініміз ізгілікке, жақсылыққа қаншалықты мән бергенін анық көрсетеді. Жақсылық пен қайырымдылық тек дүние мүлік арқылы емес, қажет кезде қолмен, қажет кезде тілмен жасалады. Жасалатын жақсылықы атаулының бәрі садақаға жатады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кез келген жақсы іс – садақа» деген. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жылы сөз де садақа», – деген.» (Бұхари, әдәб 34; Муслим, зәкәт 56). Зекет беруден бастап жылы сөз бен жылы шырайған дейінгі нәрсенің бәрі садақа ретінде саналған ислам дінінің өзара көмектесудің шеңберінің қаншалықты кең екеніне көз жеткіземіз. Қоғамның, адамдардың пайдасы үшін жасалған кез келген жақсылық – садақа. Тіпті жамандық жасамаудың өзі жақсылық. Жетімнің басын сипау, мұқтажға көмектесу, туған-туыс, көрші-қолаң, дос-жаранның жағдайын сұрап, көңілдерін аулау, үлкендерге көмектесіп, кішілеге демеу болу иә жақсылықтың жолдары өте көп. Тек соны ниет ете білетін таза жүрек пен ыстық ықыласы болса, жетерлік. Ардақты елші (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде: «Кімде-кім Исламда бастама көтеріп, қандай да бір игі іске мұрындық болса, өзінен кейін сол істі істегендердің алған сауабындай сауапқа кенеледі. Одан кейін сол игі істі істегендердің сауабы титтей де кемімейді» деген (Муслим, зәкәт 69). Адамның ардақтылығы мен абыройы оның қоғамды түзету жолында тартқан қиындықтары мен соларды еңсеру жолындағы ерен еңбегіне қарай бағаланады. Осы ретте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Адамдардың арасында олардың азаптарына көніп, олармен бірге болған, олардың ыстығына күйіп, суығына тоңған мұсылман олардан оқшау тұрып қиындықтарына төзе алмаған мұсылманнан артық мол сауап алады»[7], деген хадисі мұсыланға ой салады. Мұсылманның мақсаты Алла разылығы үшін қызмет жасау және қол жеткізілетін ең жоғарғы дәреже Алланың разылығы екендігінде ешқандай дау жоқ. Өз кезегінде оның жолдары өте көп. Алла Тағаланың назарында жақсылық ретінде жазылатын кез келген іс-әрекет қайырымдылыққа жатады. Басқаша айтсақ, Алланың разылығы үшін жасалатын кез келген әрекетті осы категорияда қарастыра аламыз. Ол өз кезегінде шынай көңіл, таза жүрек арқылы жасалуы қажет. Жақсылық жасау діннің және діндарлықтың керемет жемісі. Мейірімі шексіз Алла Тағаланың ислам дінін жіберудегі басты мақсатты адамды екі дүниенің жақсылығына жеткізу. Осы жолда жасалған кез келген қадам жихадқа жатады. Жиһадты тек қана соғыс деу оның мағынасын шектеу. Оның мағынасы батыс пен шығыстың арасы секілді өте кең. Ол өз кезегінде орынды айтылған сөз, танытылған жылы шырай, қажет жағдайда үндемеу, қиналғанға демеу көрсету, аманатқа қиянат жасамау, өтірік айтпау т.б. істер, қысқаша айтқанда Алла разылығын көздеп жасалған кез келген әрекет жиһадқа жатады. Қолға қару алып күресу жихадтың бір кішкентай бөлігі ғана. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамның кемелденуіне тосқауыл қоятын нәпсімен күресті ең үлкен жихад деп санаған. Қолға қару алып күресу белгілі бір уақытта аяқталады, ал адамның бойындағы қызғаншақтық, көреалмаушылық, сараңдық, тәкаппарлық, мақтаншақтық т.б. секілді жағымсыз сипаттарын жойып, кемшіліктерімен күресу жан алқымға келгенге дейін жалғасатындықтан бұл күрес үлкен жихадқа баланған. Қайырымдылық пен жақсылық тек қана материалдық көмекпен өлшенбейді. Оған өзге адамдар үшін жасалған кез келген игілікті істер жатады. Күле қараудың өзі садақа, көңіл сұрау, жан-жануарға жанашырлық таныту, жолда жатқан бір кедергіні алып тастаудың бәрі осындай жақсылық істердің қатарына кіреді. Исламды қайырымдылық ен мейірімділік, жақсылық тан тыс қарастыру мүмкін емес. Жақсылық жасау адамның күнәларының өтемі саналады. Сондықтан мұсылмана баласы ұдайы жақсылық жасаудың соңында жүреді. Тіпті жоғарыда айтылғандай ең жақсы көрген нәрсесін Хақ жолында жұмсап, қоғам тіршілігін жақсарту жолында жарысады. Материалдық құндылықтар бірінші кезекке шыққан қазіргі таңда исламның садақа беру және жақсылық жасауға ұмтылдырған бұйрықтары мен кеңестері үлкен маңызға ие. Алла Тағаланың өзі сипаттағандай мұсылман жамағаты «Сендер адамдар үшін шығарылған қайырлы үмбетсіңдер» деген иләһи сөздердің мағынасын ешқашан ұмытпай, адамзат бақыты жолында еңбек ету ең үлкен абырой, ең үлкен жихад екенін ешқашан естен шығармау қажет. Алла елшісінің ғибратты ғұмырына көз жүгірткен кезде мұны нақты көре аламыз. Оның өмірінде шайқастардың алған орны өте санаулы ғана, ал адамзат бақыты үшін жасаған жақсылықтары мен ізгіліктері соңғы деміне дейін жалғасқан.