• Latest
Ордабасы ауданында «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мектеп бітірушілер  іс-шарасы өтті

Ордабасы ауданында «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мектеп бітірушілер іс-шарасы өтті

01/07/2024
ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

26/06/2025
Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

26/06/2025
Бәйдібек ауданында егінге аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілуде

Бәйдібек ауданында егінге аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілуде

25/06/2025
ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

24/06/2025
Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

23/06/2025
Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

23/06/2025
Бәйдібек ауданында  «Жер аманаты» жобасы аясында аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өтті

Бәйдібек ауданында «Жер аманаты» жобасы аясында аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өтті

23/06/2025
Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы өнімі биыл 5 айда 7,2 млрд теңгеге жетті

23/06/2025
Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

23/06/2025
Бәйдібекте биылғы егін шаруашылығы мәселелеріне арналған мәжіліс өтті

Бәйдібекте биылғы егін шаруашылығы мәселелеріне арналған мәжіліс өтті

23/06/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Sunday, June 29, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Ордабасы ауданында «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мектеп бітірушілер іс-шарасы өтті

01/07/2024
in Қоғам
0
Ордабасы ауданында «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мектеп бітірушілер  іс-шарасы өтті
496
SHARES
1.4k
VIEWS

Ордабасы  ауданының білім  бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты білім беру мекемелерінде 25 мамырда сағат 9.30 – да Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұсынымдарына сәйкес, «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында мектеп бітіруші түлектердің іс-шарасы өткізілді.  Оқу-жылының қорытындысында өткізілген жиын  балаларды ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әрбір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.  Іс-шара  мектептің бірінші басшылығының бұйрығымен және ата-аналар комитетінің келісімімен өткізілді.

Мектеп бітірушілер іс-шарасын бітіруші сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ұйымдастырып өткізді. Мектеп бітірушілер іс-шарасының құрметті қонақтары ретінде мектеп әкімшілігінің еркімен  ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері, 10, 20 жылдық мектеп түлектері, ардагер ұстаздар, ауылдың, ауданның еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар, демеуші ұйымдардың өкілдері қатыстырылды.

Мектеп бітірушілердің салтанатты іс-шарасы  мектеп қабырғасында және алаңында өткізілді.  Әр мектеп ұсынымға сәйкес креативті идеяларымен ерекше форматта өткізуге тырысты. 1 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі оқушылардың фотоларынан слайдшоу әзірлеп, көрсету; бір-біріне арнау жасау, тілек айту; ұстаздар мен білім ұясына алғыс айту әнін орындау, өлең оқу; ата-аналарына 11 жыл бойы алған өнер білімдерін паш ету секілді барынша жүректен жүрекке жетер креативті идеялармен өткізілді.

Сондай-ақ, үздік оқушылар мен  қоғамдық жұмыс белсенділері марапатталды. А. Иманов  атындағы жалпы білім беру мектебінде өткен мектеп бітіру іс-шарасына аудан аудан әкімі Оралбаев Азат Абдуғалиұлы, білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы қатысып, түлектерге игі тілектерін білдірді. Іс шараларға  рұқсат етілмейтін – мерекелік шараларға аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студиялар тартылған жоқ. Мерекелік дастархандар  ұйымдастыруға, жалға берілетін автокөліктермен экскурсиялар өткізуге,   әкімшілік пен педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинауға жол берілген жоқ, ондай оқиғалар орын алмады.

Мамандық  бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың.  Бас кезінде дұрыс  таңдау жасалған болса, онда адам Кен Робинсон айтып жүрген «өз элементіне» ие бола алады. Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан болашаққа қадам басар кезде талапкердің де, ата-ананың да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал. Десек те, ол кейде біздің айтқанымыздай бола бермейді. Кейде ЖОО бітірген жастарымыздың өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға қызығушылық танытпауының өзі сондықтан. Шынайы көзқараспен қарайтын болсақ, дұрыс таңдалған мамандық иесі қашанда өз ісінің шебері, әрі білгірі болып, қашанда сұрансқа ие болып жатады. Ол өз таңдаған бағытын жақсы көріп, сол саланың мақтанышына айнала алады.Кез келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары болады. Таңдау жасау барысында мамандыққа сұраныс пен оның беделі, мансап перспективалары, еңбек жағдайлары, орташа жалақы сияқты аспектілерді ескеру қажет. Өзін-өзі көрсетуге, әлеуетін ашуға жағдайдың жасалуы да маңызды. Әрине, мамандық таңдауда адам өзінің интеллектуалдық қабілетін, белгілі бір жоғары оқу орнына, бағдарламасына түсу мүмкіндігін де ескеруі керек. Бұл орайда осы салада жұмыс істеп жүрген достары мен туыстары көмекке келе алады. Мектептерде кәсіптік бағдар мен кәсіби бағдар әлі жетіле қоймағанына қарамастан, әрқайсымызда (алдымен өтініш берушінің ата-анасы) біз сенім артуға болатын айтарлықтай «әлеуметтік капитал» бар. Бірақ бұл үшін ата-аналар балаларына туыстарымен, қызметкерлерімен, достарымен «ақпараттық сұхбат» деп аталатын шараларды ұйымдастырып, белсендірек рөл атқаруы қажет.

Жалпы біздің жастарымыз жоғары сынып оқушылары болған уақытта  көбіне болашақ мамандығын таңдауға тиісті көңіл бөле бермейтіні анық. Кей жастарымыздың студент атанған шақта осы мамандыққа амал жоқ, біреудің айтуымен түсіп едім деп қынжылып отыратындары да жасырын емес. Сол себепті мен олардың бұл туралы неғұрлым ертерек ойлана бастаса дұрыс болар еді деген ой түйемін. Осы тұста жаңа туған баланы данышпанға әкеліп, «баланы қай кезден бастап тәрбиелеу керектігін» сұрағанда: данышпан қарияның «тәрбиесі кем дегенде тоғыз айға кешігіп қалған», – деген  даналық сөзі еріксіз еске түседі.  Мамандық таңдау уақыт пен түсінікті қажет етеді. Біз өзіміздің әлсіз және күшті қасиеттерімізді, мінезіміздің ерекшеліктері туралы мақсатты түрде ойлануымыз керек. Мысалы, Дон Клифтонның Strengths Quest тесті жеке тұлғаның күшті жақтарын іздестіру мен анықтауға көмектеседі. Тұлға қасиеттерін анықтауға арналған жалпы қабылданған тест – ұлы психолог Карл Юнг пен Изабель Бриггс Майерстің типологиясына негізделген классикалық тест. Жалпы алғанда, әрбір жеке психотиптің қандай әрекетке қолайлы екенін анықтауға көмектесетін көптеген психологиялық тесттер бар. Оларды тізбелеу қажет емес, Сіз тек осы үлкен таңдаудан пайдалы жағын қарастыруыңыз қажет. Біздің әрқайсымызда қоғам мен өзіміз жақсы көретін және құрметтейтін жақын адамдарымыз таңатын мінез-құлық пен қабылдаудың әртүрлі стереотиптері бар. Бұл өзі жек көретін немесе немқұрайлы қарайтын мамандықта оқып, диплом алып, ең жақсысы өз профилінен тыс жұмыс істейтін кейбір жастарды үлкен трагедияға алып келеді. Ең сорақысы, жек көретін кәсіптің бауын тартып, өздерінің де, айналасындағылардың да өмірін улап жатыр. Сондықтан мен мектеп оқушыларымен кездескенде, олардан «өздеріне ұнайтын» мамандықты таңдауларын сұраймын. Оны тексеру өте оңай. Мысал келтірейін. Арман жазушы болғысы келеді делік. Ол әлемдік мойындауды, Пулитцер сыйлығын, жанкүйерлерді және романдарының желісі бойынша Голливудтың фильм түсіргенін армандайды. Жаман ұмтылыс емес, солай ма? Бірақ, бір күрделі мәселе бар. Арман шығармашылыққа отырғаннан кейін жарты, бір сағат өтсе, оның басқа нәрсемен айналысуға көптеген себептер пайда болып тұрады. Яғни, осы жерде Арман өз-өзіне шынын айтса, жазуды ұнатпайтынын түсінер еді. «Көп адам жазушы болғысы келеді, бірақ шын мәнінде жазғысы келетіндер аз» – дегендей, мамандықты емес, қызмет түрін таңдау керек, не істегіңіз келеді, кім болғыңыз келетінін емес.

Мамандықты дұрыс таңдау – бұл ұзақ кәсіби өмірде сенімділік, жан тыныштығы және материалдық әл-ауқат. Тек өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға қажетті мамандықты таңдап алу керек. Сонда адам кейін өз мамандығы бойынша жұмыс таба алады. Мысалы, ең көне мамандықтардың бірі – ұстаздық. Ол қай уақытта да сұранысқа ие болған және бола бермек. Өйткені, білім адамзатты әрқашан алға жетелейді. Әлбетте, белгілі бір мамандықтың әлеуметтік мәні мен одан моральдық қанағат алуы өте маңызды. Көптеген адамдар жұмыс істеп қана қоймай, қоғамға пайда әкелгісі келеді. Бұл алдымен педагогикаға, мұғалімдік мамандыққа қатысты. Әрбір адамның кез келген саладағы табысқа әсер ететін белгілі бір жеке қасиеті болады. Бұл тамаша есте сақтау, күрделі ойлау, бай қиял және табиғаты бойынша генетикалық және көбінесе тәрбиеге, білімге және өмірлік тәжірибеге байланысты басқа да ақыл-ой қабілеттері болуы мүмкін.

Мамандықты дұрыс таңдап, қоғамда лайықты орнын табу оңай шаруа емес. Таңдау жасамас бұрын, «Болашақ мамандығыңыздан не күтесіз?» деген сұраққа шынайы жауап беріңіз. Көп нәрсе осыған тікелей байланысты. Барлық мамандық маңызды. Кейбіреулері математикалық қабілеттерді қажет етеді, басқалары шығармашылықты қажет етеді, енді біреулері дене шынықтыруды қажет етеді. Жақсы немесе жаман мамандық болмайды, тек Сізге ұнайтын немесе ұнамайтын мамандық бар. Өмірде бәрі бір-бірімен байланысты болғандықтан, дұрыс мамандық өмірдің барлық саласына әсер етеді. Таңдау неғұрлым сәтті болса, өмір жолы соғұрлым қызықты және табысты болады. Бүгінгі жаһандық өзгерістер өзекті және сұранысқа ие мамандықтардың әлемдік статистикасын есепке алуға мүмкіндік береді. Воллонгонг университеті мен Австралияның Жұмыспен қамту департаменті зерттеу жүргізіп, 2023 жылы ең сұранысқа ие және өзекті мамандықтарды анықтады. Демек, қазір білім беру саласында мамандардың тапшылығы өткір мәселе күйінде тұр. Әсіресе, педагогикалық кадрларға сұранысқа толық жауап беру оқу бағдарламаларының өзектілігіне тікелей байланысты. Ынталы, білімді, білікті ұстаздар қашанда сұранысқа ие.

Сұраныстағы мамандықтарды зерттеу бойынша үздік төрттікке келесі педагогикалық мамандықтар енді: 3 – бастауыш сынып мұғалімдері, 9 – орта мектеп мұғалімдері, 10 – мектеп мұғалімдері, 12 – мектепке дейінгі білім беру мұғалімдері. Мұғалімдер – балаларды жақсы көретін, түсінетін және олардың болашақ өмірінің берік іргетасын қалау үшін олармен жұмыс істегісі келетін адамдар. Мұндай жандарға өмірдің ең маңызды саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған педагогикалық жоғары оқу орындары көмектеседі. Қазір университетімізде педагогикалық сыныптар жобасы жүзеге асырылуда, онда біздің мұғалімдер жоғары сынып оқушыларына мұғалімдік мамандық туралы түсінік береді. Осылайша, мұғалім мамандығын таңдау керек пе, соны түсінуге құнды негіз жасайды.

Болашақ білімде. Толық цифрландыру және басқа да жаһандық процестер еңбек нарығына және елімізге өзіндік түзетулер енгізуде. Қазақстанда алдағы жеті жылда ең сұранысқа ие мамандықтар белгілі болды. Бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында күтілуде. Оның үстіне бұл салаларда барлық пәндер бойынша базалық білім беретін мұғалім мамандығы маңызды рөл атқарады. Кез келген кәсіптің материалдық жағы да маңызды, оны елемеу өзімізді алдау деген сөз. Осыны түсінген үкімет соңғы жылдары мұғалімдердің жалақысын, білім гранттарының санын, педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің шәкіртақысын айтарлықтай арттырды. Бұл үдеріс жалғасуда және оның нәтижесін көріп отырмыз. Бүгінде педагогикалық жоғары оқу орындары жастар арасында қайтадан беделге және сұранысқа ие болды.

Қорытындылай келе, жастарымызға болашақ мамандығын таңдауға жауапкершілікпен қарауды сұраймын. Бұл әрбір адамның өміріндегі маңызды сәт, оны жіберіп алмау керек және таңдауға байыптылықпен қарау керек. Ал, жоғары оқу орнындағы табысты білім еңбек нарығында білімі мен біліктілігі бағаланатын білікті маман болуға мүмкіндік береді.

Мамандық таңдау мәселесі – адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау әрбір адамның мұқиятылығын қажет етеді. Ең алдымен мамандықтар туралы әр түрлі сайттағы ақпараттармен танысу керек.

Мамандық таңдау барысында жас түлек «Мен қалаймын», «Менің қолымнан келеді», «Маған керек» деп, өз қабілеттіліктерін, ішкі сенімдері мен нақты мүмкіндіктерін ескеру қажет. Ұнайтын мамандықты таңдау және өмір бойы өзіңізді қамтамасыз ету үшін алдымен адам өзін танып, мұқият зерттеу қажет. Ең алдымен қызығушылығыңызды, бейімділігіңізді, мінез сипаты мен физикалық мүмкіндіктеріңізді жақсы түсіне алу керек. Негізгі қасиеттеріңіз бен байқалмайтын қасиеттеріңізді анықтау қажет. Ары қарай өзіңізге сәйкес келетін мамандықтарды таңдау кедергі туындамайды. Осыдан кейін ғана оқу орнын таңдау қажет. Ең бастысы жоғары оқу орнындағы оқу процесінің өзіндік талаптарын да есепке алу керек. Мамандық таңдауда ата-аналар, туыстар мұғалімдер және таныс адамдар көмек көрсете алады. Бірақ әрбір жас түлек өзінің мүмкіндіктерін жақсы біледі.

Кейбір ата-аналар балаларының мүмкіндіктерін ескермей, өздерінің қалауларын таңдауға мәжбүрлейді. Ол ата-ананың жүзеге аспаған арманы болуы мүмкін. Мен жас кезімде дәрігер мамандығын жақсы көрдім. Бірақ жолым болмады. Енді баламның дәрігер болғанын қалаймын. Осындай жағдайлар туындап қалса, өз мүмкіндігіңізді және жүрек қалауын тыңдап көріңіз. Алдыңызға қойылған мақсаттардан шегінуге болмайды.

Оқу орнына түскеннен кейін ресми мамандық алу басталады. Неғұрлым сапалы білім алу үшін қандай да бір жоспар жасауға болады. Негізгі және қосымша мақсаттарға бөлу. Осы мақсаттарға қол жеткізудің жолдары мен құралдарын айқындау. Мүмкін болатын қиындықтар мен кедергілерге қарсы күресу үшін өзінің ішкі күштерін шоғырландыру.

Мамандық таңдауда жіберілетін қателер:

– Беделді кәсіптердің жетегінде кету;

– Ата-анасы үшін мамандық таңдау;

– Мамандықты таңдауға ақпараттардың жеткіліксіздігі;

– Өзінің психологиялық ерекшелігін түсіне алмау;

– Басқалар не таңдаса, соны таңдау;

– Грант көп берілетін мамандықтарды таңдау;

– «Диплом алсам болды» деген пікірді ұстану.

Осындай қателіктер жіберілмес үшін не істеу керек?

1.Балалық шақты еске алыңыз.Бала кезіңізде сізде қандай үміт пен арман болды?

2.Өзіңізді толық зерттеңіз.

3.Жеке тұлғаның профилін жасаңыз.

4.Басқалардың сізді қалай көретінін біліп, өзіңізді жақсы түсініп алыңыз.

  1. Жақын досыңыздан, отбасы мүшелерінен немесе сенімді адамнан сізді сипаттайтын 10 кілт сөз жазуды сұраңыз. Олар сіздің бағалауыңызбен сәйкес келетініне назар аударыңыз.
  2. Педагог мамандығының бес негізгі бағытын белгілеңіз. Маркер немесе басқа құралмен сіз үшін ең тартымды екі бағытын таңдаңыз. Неге олар қызығушылық тудырады? Бұл бағытқа қандай өмірлік тәжірибем бар. Болашақта бұл бағытын қалай көре аламын. Олар сіздің жеке басыңыз бен құндылықтарыңызға қалай сәйкес келеді?

7.Сіздің темпераментіңізді ескеру қажет.Жұмыс стилі соған байланысты.

Сангвиниктер – сенімді қызметкерлер. Оларға бір сарынды және баяу жұмыс ұнайды. Шыдамдылық пен тапқырлыққа қабілеттілігін іске асыратын тірі және қозғалмалы жұмыс қажет. Холериктерге циклдік жұмыстар ұнайды. Мұндай жұмыстар оларға табыс әкеледі. Флегматик кез-келген әрекеттерді үнемі жылдам орындауды талап етпейтін оқу және өндірістік жұмысқа бейімді. Олар үшін ең бастысы жылдамдық емес,жұмыс сапасы тұрады. Меланхолик сангвиникаға толық қарама-қарсы. Сонымен қатар, оның жұмыс өнімділігі көңіл-күйге толығымен байланысты. Сондай-ақ, таңдау кезінде қандай мамандар қандай да бір салада сұранысқа ие болатынын ескеруді ұмытпаңыз.

Мамандық  бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың.  Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.

Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан болашаққа қадам басар кезде талапкердің де, ата-ананың да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал. Десек те, ол кейде біздің айтқанымыздай бола бермейді. Кейде ЖОО бітірген жастарымыздың өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға қызығушылық танытпауының өзі сондықтан. Шынайы көзқараспен қарайтын болсақ, дұрыс таңдалған мамандық иесі қашанда өз ісінің шебері, әрі білгірі болып, қашанда сұранысқа ие болып жатады. Ол өз таңдаған бағытын жақсы көріп, сол саланың мақтанышына айнала алады. Кез келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары болады. Таңдау жасау барысында мамандыққа сұраныс пен оның беделі, мансап перспективалары, еңбек жағдайлары, орташа жалақы сияқты аспектілерді ескеру қажет. Өзін-өзі көрсетуге, әлеуетін ашуға жағдайдың жасалуы да маңызды. Әрине, мамандық таңдауда адам өзінің интеллектуалдық қабілетін, белгілі бір жоғары оқу орнына, бағдарламасына түсу мүмкіндігін де ескеруі керек.

Жалпы біздің жастарымыз жоғары сынып оқушылары болған уақытта  көбіне болашақ мамандығын таңдауға тиісті көңіл бөле бермейтіні анық. Кей жастарымыздың студент атанған шақта осы мамандыққа амал жоқ, біреудің айтуымен түсіп едім деп қынжылып отыратындары да жасырын емес. Сол себепті мен олардың бұл туралы неғұрлым ертерек ойлана бастаса дұрыс болар еді деген ой түйемін.  Мамандық таңдау уақыт пен түсінікті қажет етеді. Біз өзіміздің әлсіз және күшті қасиеттерімізді, мінезіміздің ерекшеліктері туралы мақсатты түрде ойлануымыз керек.

Біздің әрқайсымызда қоғам мен өзіміз жақсы көретін және құрметтейтін жақын адамдарымыз таңатын мінез-құлық пен қабылдаудың әртүрлі стереотиптері бар. Бұл өзі жек көретін немесе немқұрайлы қарайтын мамандықта оқып, диплом алып, ең жақсысы өз профилінен тыс жұмыс істейтін кейбір жастарды үлкен трагедияға алып келеді. Ең сорақысы, жек көретін кәсіптің бауын тартып, өздерінің де, айналасындағылардың да өмірін улап жатыр. Мамандықты дұрыс таңдау – бұл ұзақ кәсіби өмірде сенімділік, жан тыныштығы және материалдық әл-ауқат. Тек өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға қажетті мамандықты таңдап алу керек. Сонда адам кейін өз мамандығы бойынша жұмыс таба алады. Мысалы, ең көне мамандықтардың бірі – ұстаздық. Ол қай уақытта да сұранысқа ие болған және бола бермек. Өйткені, білім адамзатты әрқашан алға жетелейді.

Әлбетте, белгілі бір мамандықтың әлеуметтік мәні мен одан моральдық қанағаталуы өте маңызды. Көптеген адамдар жұмыс істеп қана қоймай, қоғамға пайда әкелгісі келеді. Бұл алдымен педагогикаға, мұғалімдік мамандыққа қатысты. Әрбір адамның кез келген саладағы табысқа әсер ететін белгілі бір жеке қасиеті болады. Бұл тамаша есте сақтау, күрделі ойлау, бай қиял және табиғаты бойынша генетикалық және көбінесе тәрбиеге, білімге және өмірлік тәжірибеге байланысты басқа да ақыл-ой қабілеттері болуы мүмкін.

Мамандықты дұрыс таңдап, қоғамда лайықты орнын табу оңай шаруа емес. Таңдау жасамас бұрын, «Болашақ мамандығыңыздан не күтесіз?» деген сұраққа шынайы жауап беріңіз. Көп нәрсе осыған тікелей байланысты. Барлық мамандық маңызды. Кейбіреулері математикалық қабілеттерді қажет етеді, басқалары шығармашылықты қажет етеді, енді біреулері дене шынықтыруды қажет етеді. Жақсы немесе жаман мамандық болмайды, тек Сізге ұнайтын немесе ұнамайтын мамандық бар. Өмірде бәрі бір-бірімен байланысты болғандықтан, дұрыс мамандық өмірдің барлық саласына әсер етеді. Таңдау неғұрлым сәтті болса, өмір жолы соғұрлым қызықты және табысты болады.

Болашақ білімде. Толық цифрландыру және басқа да жаһандық процестер еңбек нарығына және елімізге өзіндік түзетулер енгізуде. Қазақстанда алдағы жеті жылда ең сұранысқа ие мамандықтар белгілі болды. Бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында күтілуде. Оның үстіне бұл салаларда барлық пәндер бойынша базалық білім беретін мұғалім мамандығы маңызды рөл атқарады. Кез келген кәсіптің материалдық жағы да маңызды, оны елемеу өзімізді алдау деген сөз. Осыны түсінген үкімет соңғы жылдары мұғалімдердің жалақысын, білім гранттарының санын, педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің шәкіртақысын айтарлықтай арттырды. Бұл үдеріс жалғасуда және оның нәтижесін көріп отырмыз. Бүгінде педагогикалық жоғары оқу орындары жастар арасында қайтадан беделге және сұранысқа ие болды.

Қорытындылай келе, жастарымызға болашақ мамандығын таңдауға жауапкершілікпен қарауды сұраймын. Бұл әрбір адамның өміріндегі маңызды сәт, оны жіберіп алмау керек және таңдауға байыптылықпен қарау керек. Ал, жоғары оқу орнындағы табысты білім еңбек нарығында білімі мен біліктілігі бағаланатын білікті маман болуға мүмкіндік береді.

Мамандық таңдаудың оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау керектігін, тіпті, әлемдегі ең қауіпті мамандық тізімін де айтып өттік. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны мен мамандықтарын қызу таңдау үстінде болар. Біздің бүгінгі әңгімеміз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман иелеріне де қатысты. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ “Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда” деп бекер айтпаса керек.  “Мамандық” сөзі латын сөзінен шыққан, “жұрт алдында сөйлеу, жариялау” дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.  Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі – маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі – еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі.  Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.  Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайа психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн.  Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес.

Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау десек қателеспейміз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.  Бұл өте жауапкершілігі мол әрі маңызды іс. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып саналатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар екен. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан жақты дайындалу керек шығар?! Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыту үшін білім алып, соған сай мамандыққа машықтану керек.  Журналист әр саладан xабары болу керек деген қағиданы ескере келе, өзімді xалыққа жақын маман иесі болып көруді жөн санадым. Қазақ той десе қу басы домалайтын xалық қой, барлығыз тойда дастарxан басында отырғанда жүгіріп жүрген даяшыларға мән бермейміз. Көңіл бөлгеннің өзінде әлемдегі ең оңай жұмыс тек тұрасың, тойды тамашалап, қарында тойғызып қайтасың деген ойлар барлығының басынан өткен болар. Бірақ, көргеніңнің бәріне сене берудің қажеті жоқ. Олардың қызметі, жасаған істері, тіпті, даяшылардың көңіл-күйлерінің бәрі келген қонақтарға әсер етеді. Зерттеу нәтижесінде, даяшының жұмысы қиын болғанымен төленетін ақысы төмен екен. Несімен қиын дейсіздер ғой, мен сіздерге даяшының бес күндік өмірінен сыр шертсем. Әрине, ол ресторан емес қарапайым тойxана. Таңмен бірге оянып жұмысқа дайындық жасайсың, көпшілік жерде талап түскі сағат 12:00 де жұмыс орныңда болу. Келісімен столдардың барлығын жайғастырып олардың сыртын арнайы қаппен қаптап реттейсің. Кішкене тіс шұқығыштан бастап табақтағы етті әкелуде сенің мойныңда. Барлық керек заттарды қойып болғансоң, той уақыты жақындағанда әдемілеп киініп, боянып, шығуың міндетті. Бір тал шашың шығып тұрса қараушыдан сөгіс еститініңе күмәнің болмасын.

Мемлекеттік жұмыстың есептеуі бойынша 8 сағатты жұмыс жоспары болса, даяшылықта ондай жағдайларлы мүлде есіңнен шығарып таста. Себебі: 12-ден кешкі 18:00-ге дейін столды дайындап шапқыласақ, алдағы үлкен міндет той. Әрине сен күліп жүруге, сыпайы сөйлеуге трысасың. Кей-кезде, оғанда үлкен шыдамдылық керек. Саған берілген столдың қонақтары: « өте сабырлы және түсінігі мол адамдар болса екен»,- деген тілек барлық даяшыда той алдында  болатын тілек.   Той біткен соң, нағыз қарбалас басталыды. Үйге тек түнгі сағат 3-те немесе 5-те ораласың.  Даяшылар – басқа елде тасбысты жұмыс иелері екенін біреу білсе, біреу білмес. Мысалы: Америкада олардың жалақысына үй, машина тіпті бар жағдайыңды жасап алуға болады.  Қазақстанда ондай табыс таппаса да үлкен мейрамханаларда  200 мың теңге жалақы алуға мүмкіндік бар.  Бірақ, талап та сәйкесінше: бойы 170 см асу,  келбеті келісті, 3 тілді еркін меңгерген азамат немесе азаматша болуы керек.

Дұрыс таңдау жасау үшін 7 қарапайым кеңес ұсынамыз

Қазіргі кезде көптеген адамдар жоғарғы оқу орнын бітірген соң, алған дипломын сандыққа салып қояды. Кейбір жастар өзі оқыған мамандық бойынша неге жұмыс істегісі келмейді?  Мамандық таңдау – болашақ өміріңізге қатысты өте маңызды және жауапты қадам. Сондықтан шешім қабылдамас бұрын, сіз қай салада жұмыс істегіңіз келетінін шешіп алу керек.

Адамның әлеуметтік құндылығы, оның адамдар арасындағы орны, жұмысының ұнауы, физикалық және психикалық денсаулығы, кәсіби жолдың қаншалықты дұрыс таңдалғанына байланысты. Дұрыс шешім қабылдау үшін мамандық таңдауға әсер ететін негізгі факторларды ескеру қажет. Ата-ананың пікірі, материалдық жағдай, жеке ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, баланың жеке қабілеті – мұның бәрі оның қандай мамандық таңдайтынына әсер етеді.

Дұрыс таңдау жасау үшін мына қарапайым кеңестерді ұсынамыз.

1.Болашақ мамандығыңыздан не қалайтыныңызды ойлаңыз. Кім болғыңыз келетінін, немен айналысуды ұнатасыз, неге қол жеткізгіңіз келетінін, қандай қызмет саласында жұмыс істеген қызықты, жоғары жалақы қаншалықты маңызды екенін анықтаңыз.

2.Сіз қандай жұмысқа бейімдісіз, қабілеттеріңізді, қызығушылығының бен ынтаңызды ескеріңіз. Қызығушылық дегеніміз – затты немесе құбылысты білуге, оны зерттеуге ұмтылу. Бейімділік – белгілі бір қызметпен айналысуға ұмтылу. Қызығушылықтар мен бейімділік сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Қызығушылық адамды білім алуға итермелейді, ой-өрісін кеңейтеді, мамандықты меңгеру жолындағы кедергілерді жеңуге көмектеседі.Сондай-ақ, кәсіби қызметте табысқа жету үшін сізге ұнайтын жұмыс түріне қабілеттілік қажет. Ал қабілет дегеніміз – кез келген іс-әрекеттің табысты болуын, осы әрекетті игеріп, меңгерудің жеңілдігін қамтамасыз ететін тұлғаның жеке ерекшеліктері. Өз қабілетін білмеу және оны мамандық талаптарымен байланыстыра алмау дұрыс емес таңдауға әкеледі.

Көптеген хобби мен қызығушылықтар еңбек нарығындағы ұсыныстармен сәйкес келеді. Мысалы, компьютерлік ойындарды ойнағанды ​​ұнататын болсаңыз, сіз ойын дизайнері немесе ІТ маманы бола аласыз. Егер сіз сурет салуды немесе өнерді ұнатсаңыз, дизайнер немесе сәулетші мамандығын үйренуге болады. Егер сіз спортпен айналысуды ұнатсаңыз, жаттықтырушы қызметін қарастырыңыз. Сіз химияны жақсы көретін болсаңыз, болашақта сіз фармацевт бола аласыз. Тамақ жасау қабілеті сияқты дағдыларды аспаз немесе кондитер сияқты кәсіпке айналдыруға болады.

3.Денсаулық жағдайыңызды ескеріңіз. Денсаулығыңызға байланысты сізге істеуге болмайтын мамандықты таңдамас үшін міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз. Белгілі бір физикалық сипаттарды және денсаулық жағдайын білмеу – мамандық таңдауда зиян келтіруі мүмкін. Қазіргі уақытта белгілі бір мамандықтарды алуға көптеген қарсы көрсеткіштер бар.. Мысалы, жүрегі ауырыртан адамдар,  ұшқыш бола алмайды. Ал аллергиямен ауыратындар химик немесе шаштараз болып жұмыс істей алмайды. Сондықтан денсаулық жағдайының барлық ерекшеліктерін білу қажет.

4.Еңбек нарығына талдау жасаңыз. Қазіргі уақытта қандай мамандықтар сұранысқа ие екені туралы мүмкіндігінше мол ақпарат жинаңыз. Бес жылдан кейін, оқу бітірген кезде қандай жұмыс орындары сұранысқа ие болатынын ойланыңыз. Бұл жағдайда ең жақсы көмекші бұқаралық ақпарат құралдары, жұмысқа орналасу сайттары. Сондай-ақ, мамандық туралы жақсы білетін мамандардың кеңесіне құлақ асыңыз.

5.Қаржылық жағдайыңызды талдаңыз. Мамандықты меңгеру сіздің қаржылық жағдайыңызға да байланысты болуы мүмкін. Сіз ақылы бөлімде оқи аласыз ба, соны ойлаңыз. Бұл мәселені отбасылық кеңесте талқылаңыз. Оқыту құны сізге ауыртпалық салмас үшін қаржылық мүмкіндіктерді де ескеру қажет.

  1. Кеңес тыңдаңыз, бірақ таңдауды өзіңіз жасаңыз. Көбіне ата-анаңыз мен достарыңыздың пікірі болашақ мамандықты таңдауға әсер етеді. Олардың нақты тәртібіне қарай мамандық таңдауға болмайды. Сіз тек олардың пікірін тыңдай аласыз, бірақ мамандық таңдау сіздің жеке ісіңіз.

Әрине, бір шаңырақтағы бірнеше ұрпақ бір салада еңбек етіп жатқан жағдайлар бар. Бірақ адамның белгілі бір кәсіпке бейімі мен қабілеті болмаса, ол ешқашан жоғары білікті маман бола алмайды. Өз өміріңіздегі күрделі мәселені өзіңіз шешуді үйренуіңіз қажет.

7.Сізді қызықтыратын мамандық бойынша жұмыс істейтін адамдармен сөйлесіңіз. Сізді қызықтыратын мамандықтар туралы көбірек біліңіз. Сізді қызықтыратын мамандықтар туралы түрлі мамандық өкілдерінен сұраудан ұялмаңыз. Олар қызмет саласы туралы құнды ақпараттармен бөлісе алады, өзіңізге ұнайтын мамандықтың артықшылықтары мен қиындықтары туралы айта алады. Сізге ұнайтын мамандықтарды оқытатын оқу орындарына барып, танысып көріңіз. Міндетті түрде ашық есік күндеріне барыңыз. Бұл болашақ мамандыққа қатысты маңызды ақпараттыбере алады. Дұрыс таңдау жасау дегеніміз – адамның мүмкіндіктерін, оның қабілетін, денсаулық жағдайын, білім мен дағды деңгейін ескере отырып, қызықты және жүзеге асыруға болатын мамандықты табу. Сондықтан мамандық таңдауда ең бастысы – сіздің бейімділіктеріңізді, қабілеттеріңізді және қызығушылықтарыңызды, сондай-ақ таңдаған мамандыққа еңбек нарығындағы сұранысты ескеру. Соңғы шешімді көптеген кеңесші емес, сіз ғана қабылдауыңыз керек екенін әрқашан есте сақтаңыз.

Previous Post

Ордабасы ауданында мектеп жанындағы жазғы лагерлердің ашылуы өтті

Next Post

Ордабасы ауданында «Білімім – Отаныма!» - жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтті

Related Posts

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Белгілі отандық спортшы Арман Оспанов туған жері Төлеби ауданындағы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық шарасына қатысты. Төлеби ауданы Біркөлік аймағында...

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Аудан орталығында Бәйдібек ауданының әкімдігі мен Ауыл партиясы өкілдері ұйымдастырған ауыл шаруашылығын дамытуға арналған семинар-кеңес өз жұмысын бастады. Жиынға аудан...

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды. Арнайы іссапармен өңірге келген Ауыл партиясы Төрағасының орынбасары Айтуғанов Қайрат Қапарұлы және...

Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Ақбастау ауылдық округі, Тұрақты ауылындағы су шаруашылығы нысандарының жағдайымен танысты. Сапар барысында Бала бөген өзенінен Тұтарық...

Next Post
Ордабасы ауданында «Білімім – Отаныма!» – жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтті

Ордабасы ауданында «Білімім – Отаныма!» - жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

26/06/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Бәйдібек ауданында егінге аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілуде

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,541)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In