• Latest
Ордабасылық ұстаздар «КіtapХан» байқауында жеңімпаз атанды

Ордабасылық ұстаздар «КіtapХан» байқауында жеңімпаз атанды

01/07/2024
ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

26/06/2025
Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

26/06/2025
Бәйдібек ауданында егінге аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілуде

Бәйдібек ауданында егінге аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілуде

25/06/2025
ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

24/06/2025
Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

23/06/2025
Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

23/06/2025
Бәйдібек ауданында  «Жер аманаты» жобасы аясында аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өтті

Бәйдібек ауданында «Жер аманаты» жобасы аясында аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өтті

23/06/2025
Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы өнімі биыл 5 айда 7,2 млрд теңгеге жетті

23/06/2025
Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

23/06/2025
Бәйдібекте биылғы егін шаруашылығы мәселелеріне арналған мәжіліс өтті

Бәйдібекте биылғы егін шаруашылығы мәселелеріне арналған мәжіліс өтті

23/06/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Sunday, June 29, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Ордабасылық ұстаздар «КіtapХан» байқауында жеңімпаз атанды

01/07/2024
in Қоғам
0
Ордабасылық ұстаздар «КіtapХан» байқауында жеңімпаз атанды
493
SHARES
1.4k
VIEWS

Ордабасы ауданының ұстаздары, мектеп басшылары және әдістемелік кабинет әдіскері «КіtapХан» байқауында бақтарын сынады. «КіtapХан» жобасы Президентіміз «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында оқушылар, педагог-ұстаздар, басшылар арасында көркем әдебиет оқу өскелең ұрпаққа насихаттау,мектеп табалдырығынан оқуға құштарлығын оятып тәрбие берсек, болашақта оқуға құштар ұлтқа айналатынымызды дәріптеп келеді.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұртас Алимкулов Бексұлтан Нұржекеевтің «Әй,дүние-ай!», «Зерде » жалпы орта мектебінің мектеп директоры Ұябаева Нұршагүл ханым  Санжар Керімбайдың  «Бейсен және болмыс», осы мектеп  педагог-ұстаздары Байларбекова Балжан Франсис Фукуяманың «Сенім», Мұстафин Дәурен Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» шығармаларын талдады 7 минутта көркем шығарманы талдап,жағдаятты сұрақтарға жауап берді. «КіtapХан» жобасының жылдық қорытынды жеңімпаздары болған ұстаздарымыз Алғыс хатпен сыйлыққа теледидарға ие болды.

Ғасырлар бойы жетілдіріліп, қаншама ұрпақты дұрыс жолға бағыттаған, адамның білімді, тәрбиелі, өнерлі болуындағы негізгі фактор — бұл кітапқұмарлық екені айдан анық. Кітап жастардың ой-санасының өсуінде ерекше орын алады. Өйткені жақсы кітап адамның бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу сезімін оятады. Кітап адамды кемелдікке жетелейді.Кітап адамның саналы өмірі мен руханият әлемінің басты факторы болып саналады. Кітап — білім көзі, даналықтың асыл қазынасы. Кітап оқыған адамның ойлауы дамиды, өмірге өткір көзқараспен қарайды. Соңғы кезде кейбір жастарымыз ғаламторға және әртүрлі әлеуметтік желілерге әуес болып, кітап оқуға деген қызығушылығы төмендеп бара жатқаны да жастарымыздың болашағына өз әсерін тигізбей қоймайтыны белгілі. Бүгінгі таңда еліміздің қарқынды даму кезеңінде данышпан ата-бабаларымыз айтқанындай, кітап оқу және кітапқұмарлық мәдениетін қалыптастыруға баса назар аудару мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілді. Өскелең ұрпақты жан-жақты дамытуда кітап оқудың рөлін арттыру мақсатында 2017 жылғы 12 январьда Өзбекстан Республикасы Президентінің “Кітап өнімдерін басып шығару және тарату жүйесін дамыту, кітапты талдау және кітап оқу мәдениетін арттыру, сондай-ақ насихаттау бойынша комиссия құру туралы” Жарлығы қабылданды. Бұл халықтың көп бөлігін кітап оқуға және кітапқұмарлықты насихаттауға, балаларымыздың балабақшадан бастап кітапқа деген сүйіспеншілігін оятуға, кітаптың мазмұнына баса назар аударуға, оның басып шығару сапасын жақсартуға, түрлі мазмұндағы кітаптармен толтырылған кітап дүкендерінің санын көбейтуге және оны одан әрі байытуға арналған.

Елімізде кітап оқуды насихаттау мақсатында ауқымды реформалар жүргізіліп, іс-шаралар, түсіндіру жұмыстары, ақындармен кездесулер ұйымдастырылуда, нәтижеде балалардың кітапқа деген қызығушылығы артып келеді. Барлық оқу орындарында, соның ішінде Мырзашөл ауданының ақпараттық-кітапханалық орталығында оқырмандардың мәдениетін арттыру мақсатында кітапханаларда көшпелі білім беру семинарлары өткізіліп, оқушылардың пікірлері ескеріліп, оларда көркем әдебиеттер жеткізілуде. Халқымыздың, әсіресе жас ұрпақтың рухани және зияткерлік әлеуетін арттыруда, өз Отаны мен халқына деген сүйіспеншілік, адалдық сезімімен өмір сүретін терең ойлы тұлғаның ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуде маңызды санал­ған кітап оқу мәдениетін арттыруға ерекше назар аударылуда.

«Мен бойымдағы жақсы қасиеттер үшін кітапқа қарыздармын» – депті атақты  жазушы Максим Горький.  Кітап оқудан қалған ұлт, әсіресе, жас ұрпақ орны толмас ауыр рухани жұтқа ұшырап, азғындыққа құламай қоймайды. Демек, ол көрсоқыр, надан, кеще, мәңгүрт елге айналады. Егер біз кітап оқудан тыйылсақ, онда ой ойлаудан да, айналамыздағы құбылыстарды талдау, барлау, болжау, бағамдау қабілетінен де, адамгершілік, кісілік қасиеттен де, тіпті құнды ұтқырлық атаулының бәрінен де айрыламыз. Сонда төрт аяқты малдан адамның айырмасы қандай дәрежеде болмақ? Азғындық пен жұтаудың сан қилы түрін бір сәтке болса да, көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Бұл – сөз жоқ, қауіпті және өкінішке апарары анық. Кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, оқу арқылы жетілуінің, кемелденуінің арқасында қол жеткен дамылсыз даму үрдісінің жемісі, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы. Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» – деуі осыдан. Әлбетте, кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу, ондағы сөздің, ойдың, түйінді тұжырымының құдіретін түсіну мен түйсіну, алған әсерлерді кейін өмірлік қажетіңе жарата білу. Бұл – әрбір адамның білігі мен білім деңгейін, пайымы мен парасатын, көреген кемел кісілігін ұдайы шынықтыра білудің озық та ұтқыр жолдарын айқындай алатын алғы шарттарының бірі.  Көркем әдебиет – жас баланы саяси қайраткерге дейін тәрбиелейді Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да – кітап екені ақиқат. Сондай-ақ, оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге еліктеудің өзі, тіпті автордың өзі сияқты тұлға болуға құлшыну, бұл – теңдесі жоқ құбылыс. Демек, кітап оқу, бұл – текті кісілікке, кемел адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізу бағытында құрыштай шыңдала түсудің айтулы көрсеткіші екені хақ.

Расында да бүгінгі жастарымыздың көпшілігінің кітап оқуға деген ниеті құрдымға құлдыраған тұста талғам, таңдау туралы, адамгершілік туралы сөз қозғаудың өзі артық сияқты. Мұның негізгі себебі неде? Бұл ел ішінде қандай өзгеріс-құбылыстың кесірінен туындап отыр? Сөздің шыны керек, бұл мемлекеттік идеологиялық саясаттағы ең үлкен қателік пен олқылықтың салдары еді. Яғни кітап оқымау, журнал ұстамау, газетке қарамау, қысқасы, жас ұрпақты кещелік пен надандыққа жығудың, яғни мұндай жүгенсіз азғындау мен рухани жұтаудың құрдымына қарай жеткізудің, мүгедектік шарықтаудың қасіреті – тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейін басталған айтулы қасіреттеріміздің бірі екеніне бұлтартқысыз дәлел. Өмірлік шындыққа текті кісілікпен тіке қарайтын уақыттың туғаны қай заман. Бұл қаншама ащы болса да, шындығы – осы. Көреген көсемдікпен қасіреттің алдын алу мақсатында, қалыптасқан ұтқыр құндылықты ерекше мүдделікпен сақтап қалуды үйлестіре де, оздыра да алмадық. Жеке бастың мүддесі үшін ұр да жық ұранды жекешелендірудің кесірінен елді мекен, аудан орталығындағы көптеген мәдени ошақ – кітапханалар, оқырман залдары талан-таражға түсіп, түбегейлі жабылып тынды. Елдегі болып жатқан құбылыстың барысын жан-жақты терең талдаудан ажыраған ұлт, ұрпақтың қандай таңдауы болуы мүмкін? Олай болса, кітап оқуға деген кешегі құмарлықты қайтсек қайта қалпына келтіреміз? Қазақ елі ұтқырлықпен жаңаша арттыра аламыз ба? Қашан? Қалай? Мұндай өзекті де өткір сұрақтардың жауабын күллі қоғам, мемлекет болып, һәм ұлт, халық болып талқылайтын көкейтесті ең өзекті мәселеге айналғаны қай заман. Алайда бүгінгі қоғамымыздың кітап орнына пайдаланып жүргендері – ұялы телефон, компьютер және ғаламтор, смартфон негізгі оқу құралы болып отырғандығы белгілі. Әрине, айналысқа енген жаңа технология мен техникалардың жетістіктері қоғамға қажет те болар. Бұл жердегі әңгіме олардың ешқандай сараптаусыз, бақылаусыз, шектеусіз күймен жүгенсіз кетіп, зиянды тұсының тамыры тереңдеп бара жатқандығы жайында болып отыр. Бұл ешкімнен де жасырын емес. Бұл тарихи факт. Осының кесірінен бұлардың адамзат баласына тигізіп отырған пайдасынан гөрі, керісінше, кесапатты зияны әлдеқайда аса ауыр күйде екені ақиқат. Алды-артымызды тиянақты талдаусыз, болжаусыз, талғамсыз тек көзсіздікпен, бассыздықпен, ессіздікпен еуропалық «өркениет-сымаққа» есуастықпен еліктеу, ешіре құлшыну дертінің арты ауыр болатыны да даусыз. Айталық, бүгінгі және келешек ұрпақтарымыздың ой санасын жан-жақты улап, түрліше жағымсыз сәулелері денсаулыққа қатысты иммунитеттерді ұрлап, жүйке (нерв) талшықтарын талқандап, құлақ-көзден айырып, бойдағы табиғи қабілеттерін жалмап, мәңгүрттік қаулап, ақырында оларды теңдесі жоқ ұтқыр ұлттық дана жолдан қалай болған күнде де тайдыру, адастыру, азғындату, құрдымға жығудағы қатерлі қасіреттері анағұрлым басым күймен ушығып барады. Адам түгілі хайуан қорқатын сұмдықтар жасалынып жатыр. Соның салдарынан ұлттық тарихымызда бұрын-соңды болып көрмеген қылмыс пен опасыздықтың түрлері көбейіп, күшейіп келеді. Ол ол ма, бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген өзі-өзіне қол жұмаудың (суицидтің) сан алуан түрі де, одан көз жұмған адамдардың саны да шектен тыс артып, рекордтық дәрежені жаңалай түсуде. Мысалы, өзі-өзіне қол жұмсап өмірден озғандар саны 2016 жылы 3962-ге жетіпті. Бұл тіркелгені. Тіркелмегені қаншама?! Міне, бұлардың кесапатты ықпалы қоғамымызда күшеюіне байланысты елдің, қоғамның, һәм ұлттың, ұрпақтың жүгенсіз зардап шегушілігі де жылдан жылға артып келеді. «Егер кітапханалар жабылса, онда түрме сала бастау керек» –  деген  сөздің қаншалықты маңызы бар. Сол сияқты кітап оқуды ыждаһатты түрде қолға алмайтын болсақ, біздің көретін қасіреттеріміздің зоры әлі алда сияқты…

Қазір қазақ ұлты, әсіресе, жастар кітап оқудан алшақтап барады дегенде біз сол кеңестік дәуірдегі кітап оқу деңгейін және кітап оқу мәдениетін еске аламыз және салыстырамыз. Бүгінде мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, мемлекеттік қызметкерлер қажеттің бәрін қолма-қол интернеттен алатыны белгілі. Олар кітап дүкенінен, кітапханадан кітаптар іздеп, уақыт кетіргілері келмейді. Әдеби  кітаптардың да  электрондық нұсқалары да интернетте пайда бола бастады. Қалай  десек те, кітаптың жөні бөлек. Ең бастысы – ой-санаңды өсіреді. Жақсыға үйретіп, жаманнан жиретеді. Бала денсаулығына да зиянсыз. Демек, рухани құндылықты ұрпақтың бойына  дарытып, ойына қондыра алсақ ұтылмас едік. Біздің елімізде де «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіліп келді. 2008 жылы қазақ халқының классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» шығармасы жыл кітабы  ретінде жарияланса, 2009 жылы ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» шығармасы таңдалды. Одан кейін Жұбан Молдағалиевтың «Мен – қазақпын!» поэмасы  таңдалды. Бұдан  әрине, ұтқанымыз көп болды. Осы зайырлы дәстүрімізді бұзып алдық. Біз, қазақ қауымы, әсіресе жастарымыз, тұрақты түрдегі кітап оқудан қалса, онда ойлау, талдау, болжау, таңдау тағылымдық пен танымдық қабілет-қасиеттеріміздің айтулы дәрежеде ақсайтыны, ой-өсіріміздің қалыптасу дәрежесі мен текті кісілік келбетіміздің ұтқырлығы төмендеуге жететіндігі айдан анық ақиқат. Мұндайда халық қасіретті ноқтаның сағағын үзуді мүлде білмейтін кеще тобырға айналатыны ақиқат. Күрессіз күймен тек өлместің күйін ғана кешуден әрі аса алмайтын, көкіреккөзі соқыр, арсыз, намыссыз, жігерсіз, сауатсыз, надан, кеще  адамзатқа өмірлік жақсылық атаулының таңы атпайды. Керісінше ұлтсыз, тексіз билік бұндай елдің ақыл-есін жиюға жібермей, етек-жеңін жинауға жеткізбей, кіріптар бейшаралық пен мүсәпірлік дәрежеден шығармай, жүгенсіз алдап-арбау арқылы тізеге жығып, аяусыз езуді, табанға салып жаншып, обырлықпен билеп-төстеушілікті үдете түскендігі тарихтан белгілі.

Ежелгі адамзат тарихында атақты халиф Харон Рашид жаулап алған жерлерінен салықты  кітап түрінде алуы неткен көрегендік еді. Ақиқатқа ұмтылған адамдық рухтың  ұлылығының кепілі – білім алуда жатыр. Кезінде ислам өркениеті Византия  империясымен болған бір шайқастан кейін тұтқынға түскен византиялықтардың үлкен тобын ежелгі грек ойшылдарының математика, медицина, философия бойынша   жазылған кітаптарына айырбастаған көрінеді. Мұның өзі білімге деген құштарлықты   көрсетсе керек. Сол сияқты 1931 жылы Қазақстанның астанасы Ақмешіт, яғни  Қызылордадан Алматыға көшкен кезде зиялыларымыз «Ел астанасында міндетті түрде  ұлттық  кітапхана  болуы  керек»  деген  екен.  Осыдан  соң, іле-шала кітапхана  құрылып,  оның  алғашқы директоры Ораз Жандосов болыпты.  Жоғарыда айттық, кітап оқылмаған жерде қатыгездік туады. Жастар көргенін істейді. Айталық, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған қайырымсыздық, қатыгездік, қанішерлік, анайылық, баскесерлік атаулының бәрі шектен тыс етек жайып кетуі, міне – осыдан болса керек. Мұның сыртында отбасындағы өзекті әлеуметтік, тұрмыстық мәселелердің дер кезінде ұтқыр шешімін таппай және оқыту-ағарту саласындағы кешегі кеңестік дәуірде озық дәрежеде қалыптасқан ұтқыр жүйені біліксіздікпен құлатудан кейінгі пайда болған тұралату, күйреу дертінен әлі күнге арыла алмай жатқандығымыз тағы бар.

Қалай дегенде де, ендігі жерде, компьютерлік техникаларға тәуелділік айрықша артқан тұста қоғамымызды кітап оқуға күштеу арқылы қызығушылығын арттыру, бұл – оңай шаруа емес. Себебі, қоғамдық тізгіннен де, өмірлік ескектен де айырылып қалдық. Уақыттың өзі дәлелдеп отырғандай ұлттық шаңырақты ортасына түсіру оп-оңай, кейін оны қайта қалпына келтіру, керегесін тіктеу, уығын тіктеу ең қиын шаруа. Бұның бәрі, сайып келгенде, адамның өмірлік ізденімпаздыққа, талғампаздыққа, адамгершілікке деген құштар талпынысты, құлшынысты ниетін, бейнетқор еңбекқорлыққа деген қабілетін жоятын кесапатынан орын алып жатқандығы сөзсіз. Бұған қоса ұлттық рухани жұтау қасіреттерін артыра түсетіні де даусыз. Сонымен бірге миллиондаған көрермені бар телеарналар мен жарнамалардың ұлтқа, ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты кереғарлықты жүгенсіздікпен жасап отырған қиянаттары өз алдына бір төбе. Бірақ қоғамды, ұрпақты қайткен күнде де жөнге түсіру, оларды сан алуан қаскүнемдіктің тырнағынан қорғау ауадай қажет шаруа. Бұл – ардың ісі. Бұл – көреген кісілік пен кемел тектіліктің, кемеңгер көсемдік пен дара даналықтың ісі. Ұлттық қауіпсіздігіміздің табантасы сонда ғана қапысыз қаланады емес пе?! Ендеше қоғамымызда мемлекет тарапынан бұларға қарсы тұра алатын батыл қадам, ұтқыр да озық шешімнің пәрменді ықпалы қажет. Қалай айтқан күнде де бұндай кезек күттірмейтін мемлекеттік стратегиялық өзекті мәселенің түйінін шешу үшін бәріміз, қоғам, мемлекет, ұлт болып жұмылып, қолға алатын кезең әлдеқашан туғаны ақиқат.

Жапырақсыз қалса бұтақ – жетім,

Оқылмай қалса кітап – жетім.

Білімсіз болса ұрпақ – жетім,

Қорғаусыз болса ұлт – жетім.

Кітап оқымағанның – ойы жетім,

Талдай алмағанның – таңдауы жетім.

Кеңестік дәуірде білмеген дүниеңді тезірек білу үшін үйдегі бар кітапты ақтарып, онда болмаса кітапханаға барып іздейтін едік. Тауып алған соң жан-жақты терең зерделеп, санамызға шегелеп сіңіретін едік. Осындай ізденімпаз еңбекқорлықтың арқасында ғана, өмірлік мүдделі ниет пен ынталы ықыласты еселей білудің арқасында ғана, ақырында бұрынғыдан да бетер тың серпінді серпіліспен өзімізді-өзіміз жетілдіруші де едік, қатардан оза да түсуші едік. Өмір болған соң әр қилы жағдайлар кездесіп тұрады ғой. Түрліше себеппен кітап оқи алмай қалсақ, құнды дүниеңді ұрлатып алғандай қуыстанып,  қоғамдық ортада да, білімді, білікті адамның қасында да өзіңді кем дәрежеде тұрғандай сезіктеніп, күйзеліске түсетінбіз. Сол себептен де өзіміздің күнделікті өмірлік күйбелең тіршілігімізде орын алған осынау қателіктеріміз бен олқылықтарымыздың орындарын қайткенде де тезірек толықтыру мақсатында, бәсекелі жарысты жаңаша оздыра түсудің бағытында кітаптарды жанталасты күймен оқуға, қайткен күнде де ізденімпаз білімді, сауатты адамдардан оза түсуге құлшынатынбыз. Өйткені, ол кезеңде кез келген отбасында теңдесі жоқ дәрежеде молшылық түбегейлі орныққандықтан, әрбір адамның басында мерейлі береке мен мереке тиянақты дәрежеде қалыптасқандықтан тамақ тоқ, уайым жоқ, алаңсыз тіршілік кешті. Ел-жұрт бірі қалмай жатса да, тұрса да жаппай кітап оқудың үлгілі өнегесін оздырды. Әлемдік таңғажайып құндылықтар мен құбылыстарды игеруге жол ашты. Бұл өз кезегінде ғылымның құпиялы тұстарын зерттеп айқындауға құлшындырды. Кітап миллионға жуық таралыммен шығып жатса да жетіспейтін. Сол себептен кітапты тапсырыс (подписка) арқылы қолға түсіру үрдісі де орнықты. Кітап ұстаздық рөлді қапысыз атқаратындықтан естінің тәрбиесін бұрынғыдан да бетер жетілдіре түседі. Ал текті уызға жарымай өскен, отбасында тәлім-тәрбиенің ұтымды үлгі-өнегелерін көрмей өскен, кейін ондай адам көреген талғампаздықпен, ізденімпаз еңбекқорлықпен өмірлік текті тіршілікті, кемел кісілікті айналасындағы адамдардан, қоғамдық ортадан көре біліп, өзін қайткен күнде де өзгеріске түсіре білуге ерекше мүдделікпен құлшынбаған адам ғана баяғы ұлтсыз, тәрбиесіз, тексіз, мінезсіз қалыбында қала береді. Күнделікті тіршілік барысында өзін-өзі тәрбиелей алмайтын адам, өзгені де, тіпті өзінің ұл-қызы мен немере-шөберелерін де тәрбиелей алмайтыны, ұтқырлықпен үнемі көземелдеуді оздыра алмайтыны даусыз. Өз ұрпақтары үлгі тұтарлық өнегелі қасиеті болмайды. Сонымен бірге қамшының сабындай өмірлік қысқа тіршіліктің барысында өзін-өзі жеңе алмайтын бұндай адамда өзгеден озуға лайық жаңарудың ешқандай да үрдісі болмайды.

Шындығына келгенде дәл солай! Ерекше күйде ескеретін келесі екінші жағдай: ол өскелең ұрпақтарымызды ұлттық көрнекті тұлғаларымызбен, сан саладағы қайраткерлерімізбен мүмкіндігін қалай да тауып жиі кездестіріп отырудың ұтқыр үрдісін оздыра түсу, бұл – олардың кітап оқуға деген қызығушылығы мен құмартушылығын арттыра түсумен қоса, озық дәрежеде ұтқыр өмір сүре білуге деген, қоғамдық ортада тұлға бола білуге деген тың серпінді серпілістерін айрықша жандандыра түсетін ең ұтымды ұлттық асыл дәстүрлеріміздің бірі екенін бірі білсе, көпшілік білмейтіні сөзсіз. Кеше өткен кеңес заманында ұстаз (куратор) мектеп, институт ішіндегі және қалалық орталық кітапханаларда ай сайын ақын-жазушылармен, көрнекті қоғам қайраткерлерімен  оқушыны, студенттерді кездестіріп тұрудың, жаңа шыққан кітаптарды талдау бағытында сан алуан диспуттар өткізіп тұрудың алтын дәстүрі болатын. Көп оқығанның тоқығаны зор, көпті көргеннің түйгені мол адам прогрессившілдік бағытта әрдайым жаңашыл, бастамашыл, халықшыл, турашыл, ойшыл, көшбасшы күрескерлік дәрежесінде озық жүреді. Дүниеде қасіреттің үлкені – ойдың жетімсіздігі. Ойы жетім адам – нағыз жетім. Ол – нағыз бақытсыз адам. Ол ұлтсыз, тәрбиесіз, тексіз, өзімшіл, қайырымсыз, қаскүнем, қатыгез болады. Кеңестік дәуірде адамдар бір-біріне есепсіз дәрежеде ерекше мейірімді, бауырмал, қамқоршыл, адал жанашыр әрі айнымас сүйеніш бола білуге ұмтылатын, құлшынатын, аңсайтын. Ал қазақ халқы тәуелсіз ел атанған тұста, яғни қазіргі таңда бұндай ұтқыр құбылыстың дәстүрін де, текті кісілікпен үнемі жетілудің арқасында кемелденушіліктің үрдісін де кездестіруге қатысты түсінік-ұғымының өзі санамыздан бұлбұл ұшып, мұңға айналып, теңдесі жоқ құндылықтарымыздың мүлде жоқ болудың қасіретті дертіне ұшырағандығы қандай өкінішті, десеңізші.

Расында да, Алаш баласы, кітапты үнемі оқып отыруды оздыра алмаса, күнделікті қоғамдық болмысты талдап отырмаса, өмірлік озық таңдау мен талғам-танымның ұтқырлығын шыңдап отырмаса, ақ пен қараның, жақсы мен жаманның, шындық пен өтіріктің, қасірет пен өнегелі құттың, алтын мен мыстың аражігін талдап ажыра алмайтын адамнан не күтуге болады? Тәуелсіз елдігіміз бен ұлттығымыздың бүгінгі және келешек тағдырына қатысты алды-артымызды жан-жақты талдай алмайтын, тіпті ұлттық алтын құндылық пен асылдық атаулының ұтқырлығын замана талаптарына сай жетілдіре түсу бағытында сын көзқараспен жаңаша бағамдай отырып, ұрпағымыздың ой санасына жаңаша сіңіруді оздыра алмайтын әке-шеше, ата-әженің  бойында текті кісіліктің қандай кемел қадір-қасиеттері болуы мүмкін? Қысқасы, һәм қазақтың ой санасын болсын, қоғамдық құрылымның кез келген сатысын болсын, ең алдымен дамылсыз кемелдендіре білуге қатысты ұтымды ұтқыр үрдіс-дәстүрлеріміздің озық дәрежеде болмауы, бұл – құрдымға қарай құлдыраудың, орны толмас қасіреттерге ұрындырудың зорына әкеліп соқтырмай тынбайтындығы сөзсіз. Ендеше, ендігі жерде, алдағы ағымдағы уақыттың бәрінде де қазақ баласы, не істемек керек?

Кітапты құмарту арқылы құлшыныспен сүйсіне көп оқыған адамның көкірек көзі әрқашанда ояу, зейіні зерек, жүрісі сергек келеді. Озық дәрежеде өмір сүре білуге деген құштарлығының ұтымдылығы айнадай айқын әрі күндей жарық, абырой-беделі жоғары, мәртебелі мерейі биік, мінезі көркем, келбеті әсем,  азаматтығы бекзат, талғампаз іскерлігі ұтқыр күйде келеді. Өмірлік таңдауы мен ұлттық мұраты асыл дәрежеде дамылсыз дами түседі. Кез келген қоғамдық ортада, отбасында сөз сөйлеуге келгенде сөзшеңдігі мен ойшылдығы дара күйде болады. Сабырлы, байсалды, жүрегі кең, сезімтал, кешірімпаз дәрежеде өнегелі тіршілік кешудің ұтқыр үлгісін оздырады. Сөз саптауға келгенде тілі жүйрік және шешендік шеберлігін кез келген ортада мойындата білуге келгенде шуақты нұрлы сәулесін үнемі айналасына шашумен ғана өмір сүреді. Ұлттың үнемі жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, халықтың сөзін дер кезінде айтуға келгенде ешкімнен де қаймықпайтын адал халықшыл, турашыл, ұлт мүддесіне қатысты мәселеге келгенде күрескерлік жолда белсенді келеді. Тек жеке қара басының байлығын күйттеп, саяси ұпайын арттыра түсу мақсатында ұлт, халық мүддесіне қарсы сатылымпаздық пен опасыздыққа барудың жолын өле-өлгенше түсінбей өтеді. Сонымен қатар олардың өздерінің ұл-қыздары мен немере-шөберелерінің ой санасына ұтқырлықпен құятын өмірлік өнегелі өсиеттері мен баталарының тағылымдық құдіретінің ұлағаты орасан зор дәрежеде болады. Көп оқыған текті адамның рухани қоржыны ізденімпаз еңбекқорлықпен жинаған-терген гауһарлар мен інжу маржан түйіндерге толы болып, әмбебаптық дәрежеге жетеді. Қысқасы, кітапты заманның қатаң талаптарына сай лайықты адам өмір сүру үшін оқу қажет. Әлемдік ұтқыр құндылықтар мен асылдарды дер кезінде игере отырып, ұлттық болмысымыздың ұтқырлығын жаңаша оздыра түсу үшін оқу қажет. Кітап – сарқылмайтын теңдесі жоқ алтын бұлақ және көнеріп тозуды білмейтін алтын қазына. Білім-ілім, бұл – нұр. Ендеше кітапты түпнұсқадан оқуды ешбір техника да, технология да алмастыра алмайды. Қысқа тіршілікте көзіміз әбден жеткен мол дүние жайлы қазбалап айта берсек, кітап оқудан адамзат баласының алатын жан-жақты ләззәті мен құдіретті қуатында шектеулік жоқ. Болуы мүмкін де емес.

Біз, бәріміз де – қуат көзіміз. Есті де текті, көреген де кемеңгер басшының өзге мемлекеттер қазақ халқын көргенде таңғаларлық, үлгі-өнеге тұтарлық ұлағаты зор айтулы елі, оның кемел ұрпағы болуға міндетті. Сондықтан мемлекет, қоғам болып, һәм ұлт, халық болып, бір кісідей бір жұдыққа жұмыла бірігіп, пәрменді күрескерлікті қаулатудың жобасын жедел түрде қолға алатын ең өзекті де, ең өткір де адамзаттық мәселе екенін айдай айшықтау еді. Өйткені, бүгінгі таңда ұрпақтарымызға мемлекет ананың айрықша ұтқыр махаббаты тапшы. Өмір шындығын дәлірек айтсақ – рухани қамқорлыққа зәру елміз. Сонымен қатар біздің негізгі көздегеніміз осынау көкейтесті өткір мәселелерге күллі елдің, ұлттың, мемлекеттің, қоғамның назарын аудару, ой салу, толғануға түрткі болу, серіппедей серпінді серпіліске түсіру арқылы қоғамды, ұлтты, ұрпақты жаһандық бәсекеге лайық кемелдендіре білудің ұтымды жолдарын (жобаларын) бірлесе үйлестірудің, оның ұтқырлығын оздырудың мақсатында баршаны жанқияр күрескерлікке шақыру. Оқы! Шабыттан! Жаса, Алаш баласы! – демекпіз. ХХІ ғасырдың сахнасында қазақ қауымы Мәңгілік елге айналу дегеніміз, ең алдымен өмірлік күрескерлік белсенділігі орасан зор, жан-жақты сауатты, білімі мен біліктілігі мол, текті мәдениеті мен іскер кемелдігі жоғары, жаһандық бәсекеге қабілетті ұлт бола білу деген сөз. Демек, күллі елді, ұлтты, һәм ұл-қыздарымыз бен шәкірттерімізді бәсекелі жарысқа лайық дәрежеде кемелдендіре білуді ұтқырлықпен үнемі оздыра түсу деген сөз. Яғни, ХХІ ғасыр сахнасында қазақ елі тек есті де текті, кемел де көреген, білікті де кемеңгер дәрежедегі өз ұл-қыздарымызбен, немере-шөберелерімізбен мақтануды да, марқаюды да бұрын-соңды болмаған дәрежеде алға оздыра білудің арқасында ғана ұлттық мәртебелі мерейімізді теңдесі жоқ дәрежемен көкке асқақтата білудің озық та ұтқыр өнегелерін оздыра алатын алтын ғасырына айналдыру деген сөз. Бұл – Алаш баласы үшін мың бақыт. Ұлылардағы ұлы мақсат пен көреген көсемдіктің дәрежесі міне, осындай болса керек-ті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтың кітаппен дос болуы керегін үнемі еске салып келеді. Шынында да, бұл – дәл қазіргі сәттегі маңызды мәселенің бірі. Мәселен, Президент Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Бұл қиын мәселе екенін түсінемін. Әсіресе, олардың бар назары әлеуметтік желіде болған кезде, тіпті, қиын. Бірақ бұл мәселемен айналысу керек. Сондықтан «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны қолға алуды тапсырамын. Қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін және жанрларын қамтитын арнайы тізім жасалуға тиіс. Сол тізімдегі кітаптар барлық балаға қолжетімді болуы керек», деген болатын. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдаған кезде де қазақ әдебиетінде қазіргі оқырман талабына сай, іздеп жүріп оқитын қызықты туындылар жазылуы керек екеніне айрықша назар аударды. Оқушылардың рухани дамуы үшін олардың театр, мұражайға, тарихи орындарға жиі барып тұруы да маңызды екенін де қадап айтты.

Бұдан бөлек, бұған қоса Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасы негізінде Оқу-ағарту министрлігі «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын қолға алғанын білеміз. Бәріне бірдей топырақ шашуға болмас, десек те мектептердің көбінде бұл жобаның жүзеге асырылуы көңіл көншітпейді. Мектептер оқу бұрышын ұйымдастырумен ғана шектеліп қалмаса екен дейміз. Мұғалімдер, сынып жетекшілері, ата-аналар бірлесіп, жас буынның кітап оқуға қызығушылығын ояту мақсатында нақты да жүйелі жұмыс жүргізіп отырса, құба-құп. Айталық, оқырмандар конференциясы, «Мені қызықтырған кітап» тақырыбына эссе, «Кітап оқуға құштар сынып» байқауы сынды іс-шаралар өткізу жақсы дәстүрге айналса, «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру анағұрлым нәтижелі болмақ.

Сондай-ақ оқушыларды елге танымал тұлғалардың оқуға деген сүйіспеншілігі туралы мәліметтер де қызықтырары анық. Осыған орай, Мемлекет басшысының «Qazaqstan» ұлттық арнасына берген сұхбатындағы мына бір сөздерін келтірейік: «Мерзімді баспасөзді үзбей оқимын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты тапсырма беремін. Әлеуметтік желідегі өткір жазбаларды да үнемі шолып отырамын. Ал теледидардан жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды көремін. Жоспар туралы айтсақ, кейбір ойларымды түртіп қойып, күнделік жазатыным бар. Мүмкін болашақта қажет болар. Келешекте қазіргі өміріміз туралы ауқымды кітап жазу ойымда бар. Амандық болса жазамын». Осындай үлгілі үрдістерді де барынша насихаттау маңызды. Иә, оқуды әдетке айналдырған жанның ұтары көп. Кітап – рухани қазына, баға жетпес құндылық. Олай болса, құндылыққа жақын болу, оған сүйіспеншілік таныту, кітапты тұрақты серік ету – адами қасиеттің бір қырына айналғаны абзал. Неге десеңіз, оқу сауаттылығы – тұлға қалыптастырудағы маңызды көрсеткіштің бірі. Мектепте рухани-адамгершілікке, патриотизмге, еңбекке баулу сияқты, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру да тәрбие жұмы­сының басым бағыттарының біріне айналса дейсің. Бұл мектеп оқушысының оқу іс-әрекетін дамытуға, кітап мәртебесін көтеруге, кітап оқуды әдетке айналдыруға зор ықпалын тигізері хақ.Оқу не үшін керек? Өзін-өзі жетілдіру, білімін толықтыру үшін. Оқи отырып, ондағы оқиғаны көңілге түйесің, кейіпкердің іс-әрекетін саралайсың, жақсы жақтарын өнеге тұтып, жаман қылықтарынан жиренесің. Көп оқысаң, көп білесің. Жан-жақты білімді адам түрлі тақырыптардан хабардар болып, пікір таластыра алады, білгенімен бөліседі. Қазақ «Білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Білімі ағыл-тегіл азаматқа өзгелердің құрметі ерекше. Кітапты тек оқып қана қоймай, оның таңдаған саламызға, қызметімізге қатысты тұстарын көшіріп алып, алдағы жұмысыңа пайдаланып жүру де жемісін береді. Білімге ұмтылыс, оқып-үйренуге құштарлық ізсіз кетпейді. Тұрақты түрде оқитын адамның бәсі биік. Қашанда қай ортада болсын айтары бар, білімі терең, көңілге түйгені мол адамның біліктілігі, бәсекеге қабілеттілігі басым болады. Сөзімізді ұлт өнерінің саңлағы Серке Қожамқұловтың «Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуға тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес» деген сөзімен түйіндегіміз келеді.

Previous Post

Ордабасы ауданында «Білімім – Отаныма!» - жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтті

Next Post

Ордабасылық ұлағатты ұстаз – өңірдің мақтанышы

Related Posts

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Белгілі отандық спортшы Арман Оспанов туған жері Төлеби ауданындағы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық шарасына қатысты. Төлеби ауданы Біркөлік аймағында...

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Аудан орталығында Бәйдібек ауданының әкімдігі мен Ауыл партиясы өкілдері ұйымдастырған ауыл шаруашылығын дамытуға арналған семинар-кеңес өз жұмысын бастады. Жиынға аудан...

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды. Арнайы іссапармен өңірге келген Ауыл партиясы Төрағасының орынбасары Айтуғанов Қайрат Қапарұлы және...

Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Ақбастау ауылдық округі, Тұрақты ауылындағы су шаруашылығы нысандарының жағдайымен танысты. Сапар барысында Бала бөген өзенінен Тұтарық...

Next Post
Ордабасылық ұлағатты ұстаз – өңірдің мақтанышы

Ордабасылық ұлағатты ұстаз – өңірдің мақтанышы

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

26/06/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Бәйдібек ауданында егінге аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілуде

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,541)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In