• Latest
Түлкібас ауданының экономикасын көтеру мақсатында туризм бойынша 5 ірі жоба жүзеге асады

Түлкібас ауданының экономикасын көтеру мақсатында туризм бойынша 5 ірі жоба жүзеге асады

01/07/2024
ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

26/06/2025
Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

26/06/2025
Бәйдібек ауданында егінге аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілуде

Бәйдібек ауданында егінге аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілуде

25/06/2025
ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

24/06/2025
Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

Бәйдібек ауданында су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді

23/06/2025
Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

Бәйдібек ауданында егін және орманды қорғау шаралары жүргізілуде

23/06/2025
Бәйдібек ауданында  «Жер аманаты» жобасы аясында аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өтті

Бәйдібек ауданында «Жер аманаты» жобасы аясында аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өтті

23/06/2025
Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы өнімі биыл 5 айда 7,2 млрд теңгеге жетті

23/06/2025
Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4 ауыл округте қаржыландыру жүреді

23/06/2025
Бәйдібекте биылғы егін шаруашылығы мәселелеріне арналған мәжіліс өтті

Бәйдібекте биылғы егін шаруашылығы мәселелеріне арналған мәжіліс өтті

23/06/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Sunday, June 29, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Түлкібас ауданының экономикасын көтеру мақсатында туризм бойынша 5 ірі жоба жүзеге асады

01/07/2024
in Қоғам
0
Түлкібас ауданының экономикасын көтеру мақсатында туризм бойынша 5 ірі жоба жүзеге асады
533
SHARES
1.5k
VIEWS

Табиғаты әсем Түлкібас ауданы экономикасының дамуының маңызды бағыттарының бірі – туризм саласы. Ауданда туризмді дамытуға ден қойылған.

Қазіргі таңда Түлкібаста 36 туристік нысан жұмыс істейді. Атап айтқанда, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақ пен туристік базалар, 4 киелі аймақ және 3 қонақ үй келушілерге қызмет көрсетеді.  Туризм бағыты бойынша алдағы 3 жылда 13,4 млрд. теңгеге 5 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізілмек. Оның ішінде, «Ақcу Жабағылы» оңалту сауықтыру кешенін қайта құрылымдау және «Түлкібас саясы» ЖШС-нің қолданыстағы емдік сауықтыру орталығын кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар «Ақcу Жабағылы» ОСК» ЖШС арқылы 400 орындық оңалту сауықтыру кешенінің құрылысы қолға алынады. Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлер есебінен «Патсаев. К» және «Боташов Б» демалыс орындары ашылмақ. Жобалар толық іске қосылғанда, 323 жаңа жұмыс орны ашылады. Одан бөлек, төсек-орын саны қосымша 640 бірлікке артып, салық түсімдері ұлғаяды деп күтілуде.

Түлкібас ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 2,3 мың км². Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылы. Солтүстігінде Бәйдібек ауданымен, шығысында Жамбыл облысының Жуалы ауданымен, батысында Сайрам, оңтүстігінде Төле би аудандарымен шектеседі. Aудан Сырдария округіне қарасты, Шымкент уезі, Майлыкент болысының аумағында, орталығы Түлкібас стансасы болып, 1928 жылы 17-ші қаңтарда құрылғандығын мұрағат құжаттары растайды. 1930 жылы 17-ші желтоқсандағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің қаулысына сәйкес, осы жылдың 23-ші шілдесінде Түлкібас ауданы, Жуалы ауданына қосылды. Бес жылдай Жамбыл облысының қарамағында болып, 1935 жылы 9-шы қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қайта шаңырақ көтеріп, орталығы Ванновка ауылы болып бекітілді. 1963-1966 жылдары Сайрам ауданында болды. 1928 жылдан тәуелсіздік алған жылдарға дейін ауданды 19 азамат басқарған. Тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейін ауданды 9 әкім басқарған. 1993 жылы 7-ші қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазақтың қайсар ұлы Тұрар Рысқұловтың 100 жасқа толу құрметіне орай, аудан орталығы Ванновка ауылы Тұрар Рысқұлов ауылы болып өзгертілді. Қазіргі таңда аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов болып аталады.

Түлкібас атауының шығу төркіні мен тарихи сыры қазіргі уақытқа дейін толық ашылмаған, әрі жұртшылықтың оған байланысты пікірлері де алуан түрлі. Алайда, санаулы зерттеулерге сүйенетін болсақ, бұл отаршылдық топонимнің негізгі атауы Түркібасы (кейбір деректерде Түрікбасы) ауданы екені анық. Оңтүстік Қазақстан облысындағы бұл ауданның аталуына, оның шығу тарихына қатысты бірқатар тұжырымдар бар. Сынаптай сырғыған уақытта дыбыстық өзгерістерге ұшыраған бұл мекен халық арасында Түлкібас деп аталып кеткен, оған қазақ тілінде «р» мен «л» дыбыстарының буындық ұқсастығына байланысты бір-бірінің орындарын жиі басуы себеп болды. Мысалы, «қаперімде» сөзі «қапелімде», «мұсылман» сөзі «мұсырман» сөзіне айналғандай «Түркібас» атауы да «Түлкібас» атауына ауысып, дыбыстардың өзара өзгеріске ұшырағанын байқалады. “Түркі-басы” деген екі негізгі атауын көне заманның көлбеуінде Қазақстан аймағын VI-XIII ғасырда мекендеген түркі тайпаларына байланысты этнотопнимдер қатарына жатқызамыз. Ауданның осылай аталу уәжін Махмутхан-шейх бабаның “түрік халқының басына барып жатамын” деп айтқан сөздерімен де жиі байланыстырады. Атаудың тура мағынасына үңілетін болсақ, түлкі басының бейнесінің орнына ежелгі заманның түркі тайпалары көз алдыңа елестейді. Әдебиет әлемінің шексіз айдынында еңбек еткен жазушы, әрі Түлкібас ауданының тумасы Мархабат Байғұт та осы пікірді ұстанады. Жергілікті халықтың аузында болса, ауданда жайлаған түлкілер жайлы әңгімелер, аңыздар, не ертегілер де тарамаған. Тіпті, шығыстанушы В.В. Бартольд өзінің 1893 жыл­ы жарыққа шыққан “Орта Азия сапарының есебінде” Түркібас атауының жергілікті халық аузында Түлкібасыға айналуы жайлы тұжырымын ұсынады. Ауданның Түркібасы болып аталуында қырғыз халқының дәстүрлі “Манас” эпосы да дәлел ретінде қарастырылады, себебі бұл дастанда қырғыз халқының түркі және қытай халықтарымен өзара әрекеттесуі баяндалады. Бұл дастанда Түркібасы атауы жайлы ақиқатты мына жолдардың өзі меңзеп тұрғандай сезіледі:

« Қазақ, қырғыз бірікті,

Қытайлардың соры екен.

Алты жүз мың қол болып,

Арада Қытай қамалып,

Бұрынғы аты Жылан су,

Түрікоғлы түмен барғаны.

Бас қосты бәрі түрік деп,

Жыланды аты жоғалып,

Түркібас атқы қалғаны.

Түркібас аты өшіпті,

Қазіргі ақыр заманда,

Түлкібас атқа көшіпті».

Осы жолдардың мұра ретінде бекер қалмағанын және осы сөздердің астарындағы мағынаны түсінген бойда, Түлкібас ауданының шынайы атауы Түркібасы деген тұжырыммен келіспеуге болмас. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 782 қаулысына сәйкес, Түлкібас ауданының тарихи Түркібасы атауын қайтару жайлы жобасы қарастырылуда.

Аудан байлығы – Ақсу-Жабағылы қорығы. Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық Талас Алатауының Солтүстік-Батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандары және Жамбыл облысы Жуалы ауданы жерінде орналасқан. Сонымен қатар, қорық құрамына екі палентологиялық бөлім кіреді. Бірі Қарабастауда жер көлемі 126 га., екіншісі – «Әулие», жер көлемі 100 га. Екеуі де Бәйдібек ауданында қорықтың негізгі аймағынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қорықтың қазіргі жер көлемі 85754 га. Оның ішінде: Түлкібас ауданында-21255 га., Төле би ауданында-53597 га, Бәйдібек ауданында-231 га., Жамбыл облысы, Жуалы ауданында-10682 га. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясының шығысында, 18-20 шақырымдай жердегі Жабағылы ауылында. Қорықтағы ең ірі өзен – Ақсудың ұзындығы 120 шақырым, ені 10 метрге жетеді, тереңдігі жарты метр. Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құстың 550 түрі, өсімдіктің 200-ден астам түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген. Аудан орталығы Тұрар Рысқұлов ауылында 21 мыңнан астам адам тұрады. Ауылды қақ жарып өтетін орталық көше бұрын Ленин атында еді, 1994 жылы Тұрар Рысқұлов есімі берілді. Аудан орталығында бүкіл Әлемге белгілі тарихшы-ғалым, қолбасшы – қайраткер Мұхаммед Хайдар Дулати мен түрік жұртына ортақ тұлға Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылған.

 

Көне тарих – бұрынғы ата-бабаларымыздың жолы. Өткен ғасырдан біздің дәуірімізге дейін сан қилы құпиясын қойнына алып, ежелгі дүниенің көне көз елшісіндей болған тарихи ескерткіштер біздің ауданымызда да жетерлік. Аудан аумағында бұрындары болған «Шарафкент», «Будухкент», «Томтодж», «Абардадж» деген үлкен қалалардың орны анықталған.

Қазақстанның «Киелі жерлер географиясы» кіші жобасы бойынша алдын ала ұсынылған сакральды орындар тізіміне Түлкібас өңірінен 39 киелі жер туралы мәлімет облыстық жобалық кеңсе базасына жолданған. Соның ішінде Түркістан облысы бойынша жергілікті маңызы бар тізіміне енген 4 киелі жер анықталды.

Мәселен, «Ақтас әулие» Керейт ауылының іргесінде, ауылдың солтүстігінде орналасқан. Ақтас әулие бұлағының күншығысы қатпар тасты төбеге ұласады, оңтүстік-батысы егістік алқаппен, батысы ауылдың ескі қорымымен ескі мешіт үйі арқылы, ал батысы тегістеле келіп, ауыл басындағы төбемен шектеледі. Ақтас әулие бұлағында терек пен тал ағашы бар, айнала қамыс басқан, диаметрі шамамен 150-160 метр алқапты алып жатыр. Ақтас әулие бұлағынан басқа тоғай ішінде бірнеше бұлақ көзі бар.

Ал, Тамшы әулие Кершетас ауылынан 12 шақырым оңтүстік-шығыста, Лагерь шатқалында орналасқан. Шатқал аңғарында Машат өзені бар. Машат өзенінің сол беткейінде Шошқабұлақ тауларының сілемдері бар. Өзеннің екі аңғары биік қатпар тасты жота, өзен бойында демалыс саябақтары орналасқан. Тамшы әулие Машат өзенінің оң қапталында тау аңғарына сұғына кіріп, биіктігі 80-85 метрдей қатпарланған тас қабаты бар. Қож-қож жартастар, сан алуан желектер көмкерген, кіргенде көз сүрінетін, әсері керемет көріністі қуыс қойнауында тастан тамшы тамып тұрады. Тас қабатының үстіңгі жағы 30-35 метрдей қара, орта тұсы 20-25 метрдей ақ сұр, ал астыңғы қабаты ылғалданған, судан көгеріп мүк басқан. Оның қалыңдығы 20-25 метрдей келеді. Осы араны жергілікті халық «Тамшы әулие» деп атайды.

Көпшілікке танымал Түркібасы әулиенің басына салынған кесене Азаттық ауылында, «Шымкент – Алматы» автомобиль жолының сол қапталындағы тау беткейінде орналасқан. Алыстан күмбезді сағана көзге шалынады. Сағанаға зиярат етушілер баспалдақ арқылы көтеріледі. Баспалдақтың жалпы саны- 688. Жоғары көтеріліп 196 баспалдаққа жеткен соң, оң қанатта бұлақ суы бар. Бұлақ суы ешқайда ақпайды, көлшік болып тұрады. Бұлақ суының оңтүстігінде төрт түп қарағаш бар. Бұлақ суының оңтүстігі мен шығысында қарағаш тамырларынан шыққан бірнеше түп бұта бар. Бұлақ көзінің шығыс жағында 17-20 метрдей жердегі беткейдің 4 жері көгеріп, онда қамыс, қоға өскен. Ол жай сым темірмен қоршалған. Сол араның солтүстік-шығысында дәл сондай көгеріс орын бар, ол орын үлкендеу, қоршалған, ортада жиде мен қарағаш өсіп тұр, айналасын қамыс пен қоға басқан. Аталған жердің бәрінде бұлақ көзі бар. 245-247 баспалдаққа көтерілгенде оң қол тұста диаметрі 10-12 метрлік тегістік бар. Онда үш бұлақ көзі бар, жоғарылау тұрған бұлақ көзін қоға басқан, төбесін түнікемен жауып, көлеңкелеп қойған, астындағы екі бұлақ үстіне тас қаланған, айналасы ашық. 322 баспалдақ тұсында шығысқа жүретін сүрлеу жол бар, сүрлеу жол 18-20 метр жердегі төрт бұрышты темір мұнараға апарады. Темір мұнараның торлама ішіне 3,5 метр биіктікке дейін тас толтырылған. Мұнара биіктігі 6 метр шамасында.

Қасқабұлақ шыңы болса Жабағылы өзенінің сол жақ бетінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 3700 м биіктікте жатыр. Қасқабұлақ шыңының ерекшелігі – тас және қола дәуірінен қалған 2000 ға жуық тастарға қашалып салынған таңбаларымен белгілі. Көне суретшілер тасқа ойып салған бейнелер сол кездегі тіршіліктің қандай деңгейде болғанын баяндайды. Жартастарда адамдардың тіршілігі, көптеген аңдар мен құстардың, маралдар, таутекелер, арқарлар, түйелер және аңшы суреттері бейнеленіп қашалған. Аталған таңбалар осы күнге дейін жақсы сақталған.

Түлкібас – тек Түркістан облысына ғана емес, бүкіл Қазақстанға өзінің тұмса табиғатымен, көкорай шалғынымен, жасыл-желегімен танымал. Осыған орай, Түлкібасты бейресми түрде – екінші Швейцария деп айтып жатады. Расында “Ақсу-Жабағылыдай” флора мен фаунаға бай қорығы бар Түлкібасқа Швейцариядай туризм орталығы болуға мүмкіндік мол. Оған таңғажайып табиғаты өз әсерін тигізіп отыр. Ендігі қалғаны, әкімдік тарапынан табиғат ішіне қажетті инфрақұрылымдар жүргізу. Тиісті нысандар салу. Кәсіпкерлерге жағдай жасау. Әрине, бұл нысандар табиғатқа залал келтірмесе болды. Яғни, құрылыс жұмыстарын табиғатпен үндестіре, үйлестіре білген абзал.    Статистикалық мәліметтер келтіре кетсек, Түлкібасқа келетін туристер саны жыл сайын артып келеді. Осыдан-ақ, сырт елдер де Түлкібасқа қызығушылар саны артқанын байқауға болады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш өсе түседі. Сапалы қызмет болған жерде келетін туристер саны да артпақ. Әрине, орналастыру орындары болмаса туризм де болмайды. Аудан аумағында 2 қонақ үй: «Карима» және «Ережеп Ата», 2 емдік-сауықтыру орыны: «Ақсу-Жабағылы оңалту сауықтыру кешені» және «Ақ-бұлақ балалар өкпе құрт емдік шипажайы», 7 балалар сауықтыру лагері: «Машат-Арасан», «Таң нұры», «Машат Ерке», «Арман», «Б.Саттарханов», «Отырар», «Орбита», 18 демалыс аймақтары келіп демалушы қонақтарға қызмет көрсетеді. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің Түлкібас ауданы аумағында да жол бойы қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп жатыр. Бұл орталықтар күндіз-түні жұмыстарын тоқтатпай, сапаға баса назар аударуда.   Сонымен қатар Гүлдер, Водник балалар лагерлерін де қайта құрылымдау, қалпына келтірту жұмыстары жүргізілуде.  Аудан аумағында туризм саласын дамытуға бағытталған біршама инвестициялық жобалар биыл іске қосылуы жоспарланып отыр.  Жалпы, биыл ауданда туризм саласын дамытуға орай бірнеше жоспарлап түзіліп, жобалар жүзеге асуда. Нәтижесінде, алдағы уақытта шетелден келетін туристер саны артатыны кәміл.

Қазіргі әлемдік экономикаға назар салсақ, кез келген мемлекет қол қусырып қарап отырған жоқ. Жаһандық экономика жанталас үстінде. Кім озық технологияға ие болады, соның айдарынан жел еседі. Табиғи ресурстарға талас та, тартыс та өрбіп жатыр. Алыстағы Америка мен ежел­ден өз сыбағасынан айрылмайтын Еуропа елдерін былай қойғанда, қазір Қытай мен Үндістан азық-түлік қауіпсіздігі мен демографиялық дамуы тұрғысынан үлкен «ойыншыға» айналды. ТМД елдері арасында көршілес Өзбекстан да өлермендікпен алға ұмтылып жатыр. Осындай жағдайда еліміз қаннен-қаперсіз отыра ала ма? Мемлекет басшысы Жолдауында бәсекенің бәсті жолында бәйгенің алдын бергісі келмейтін елдерден қалып қоймауды ерекше ескертті. Ұлттық экономиканың жаңа үлгіге өтуі туралы сөз болғанда, басқа өзекті салалармен қатар туризмді дамыту мәселесі алдан шығады. Әлемнің көптеген елі осы туризм арқылы «күн көріп отыр». Алдын ала болжам бойынша бұл салада 2030 жылы 1,8 млрд адам ағымы күтіледі. Мыңдаған халық халықаралық шекаралардан өтеді. Баратын, көретін, қызықтайтын, демалатын жерді іздейді. Ал бұл тұрғыда жалпақ әлем жұртшылығы Қазақстанды жақсы біле бермейді. Туризмнің алуан түрі бойынша қандай мүмкіндіктің бар екенін, оның ішінде эко және этнотуризм туралы мардымды ақпарат жоқ. Кейінгі 5-6 жылда ішкі туризм бойынша оң динамика өрістеп, 10-15% деңгейіне жетті.

Мемлекет басшысы «Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді. Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс. Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керек. Оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн. Жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды, басқаша айтқанда, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет», деп өзекті мәселені көтерді. Туризм тікелей және жанама түрде экономиканың 32 секторына әсер етеді. Ел Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №360 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Бағдарламада туристік саланы дамытудың тетіктері жан-жақты қарастырылған.

Осы бағдарламада ішкі туризм мен ұлттық қорықтар жұмысын дамыту бойынша 2023 жылы көлік инфрақұрылымын дамытуды, автомобиль қатынасы мен тұрақты қалалық көліктің қолжетімділігін, әуе және теміржол қатынасын дамытуды, шекаралық өткізу пункттерінің инфрақұрылымын, сумен жабдықтауды және су бұруды қоса алғанда, елдің туристік дестинацияларын кешенді дамыту мен абаттандыру, туристік инфрақұрылымды дамыту, Қазақстанның табиғи, тарихи-мәдени, этностық әртүрлілігі мен гастрономиясының ерекшеліктерін ескере отырып, туристік дестинациялардың саласында сапалы және тең түпнұсқалы туристік өнімдерді жасау, сондай-ақ елдің «киелі география» мәдени-географиялық картасын әзірлеу жоспарланған.

Аталған бағдарламада ішкі туризмді және ұлттық қорықтарды да дамыту назардан тыс қалмаған. Ішкі туризмді дамытудың бір саласы бойынша еліміздегі автомобиль жолдарын салу, темір, әуе жолдары бағыттары ашу көзделген. Қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде автомобиль жолы салынып жатыр. Мәселен, Отырар музей қорығы орна­ласқан аймаққа жету үшін Шәуілдір-Түркістан бағыты бойынша төрт жолақты автомобиль жолының құрылысы жүріп жатыр. Біздің елде 10 басымдықты аумақты қарастыратын мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бұл аумақтар Астана, Алматы қалаларынан басқа, біздің Ұлттық парктеріміздің көпшілігін, Бурабай, Баянауыл, Шарын, Маңғыстауды қамтиды. Мемлекет ол жерлерге инфрақұрылымды дамытуға қаржы бағыттайды. Бұл өз кезегінде жеке бизнес пен инвестицияларды тартады.

Еліміздің қай аймағы болса да туристерге өзіндік болмысымен, табиғатымен, тарихымен ерекшеленеді. Алайда шет мемлекет азаматтарын тек көрікті жерлер ғана қызықтырмайды. Жақсы сервис керек. Әлекедей жалаңдап, ілтипатпен иіліп, келген меймандарды күтіп алу-шығарып салу секілді мәйін тірліктер үлкен даярлықты қажет етеді. Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи-мәдени орны туристік әлеуетін арттыруға үлкен инвестиция салынса, қаншама жұмыс орындары ашылар еді. Сонымен қатар еліміздегі тарихи-мәдени мұраны сақтау, зерттеу, көпшілікке насихаттау мәселесі де шешім табар еді. Жалпы, түркітілдес дүниеде, ислам әлемінің басқа елдерінің арасында Түркістанның әлеуеті өте зор. Бұл өңірге Малайзия, Индонезия, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінен қызығушылар жеткі­лікті. Осы ретте «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей қорығының толық әлеуеті әлі дұрыс пайдаланылмай келеді. Қазіргі таңда музей қорықтың Арыстанбаб кесенесі, Отырар қалашығы, Сапар орталығы, Отырар музейі сияқты туристік нысандары бар. 2020-2022 жылдары «Отырар қалашығын ішінара зерттеу, сақтау және қайта жаңғырту» жобасы аясында Отырар қалашығын ашық аспан астындағы музейге айналдыру жұмыстары жүргізілді. Туристерге автотұрақ, электрокар жолы, аяқжол, субұрқақ, әжетхана секілді орындар салынды. Қалашық аумағында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары орнатылып, электр шамдарымен жарықтандырылды. Музей-қорықтың алдағы жылдарға арналған жоспарында Отырар қалашығынан бөлек Құйрықтөбе, Алтынтөбе, Күйік-Мардан, Ақтөбе-ІІІ тарихи-мәдени ескерткіштер бағыты бойынша (Түркістан қаласына шыға беріс жолдың бойы) ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді, зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін сол орындарды ашық аспан астындағы музейге айналдыру арқылы туристік тартымдылықты арттыру көзделген. Осы істі жеделдету керек.

Шетелдік сарапшылар «Қазақстан басқа елдерден ерекшеленіп тұратын «нақты» тур өнім жасамайынша туристік қызметтер нарығында өз орнын таппайды» деген пікірде. Құдайға шүкір, елімізде мұндай «ерекшеліктер» жоқ емес. Ұлы Жібек жолындағы мәдени туризм, сонымен қатар, экотуризмді өркендету аса маңызды. Тарихи-мәдени орындарға бай Алматы, Оңүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облысымен қатар Шығыс Қазақстан да туристерге ең қызықты аймақтар. Бір ғана Есіктен және Берелден табылған «Алтын адам» неге тұрады? Экотуризмнің бүгінде аса дамыған жері – Алматы өңірі. Мұнда «Алматы облысының алтын алқасы» туры бар. Тур ұлттық парктерді, Көлсай, Қайыңды көлдерін, Шарын шатқалын, Іле Алатау Ұлттық паркін қамтиды. Сондықтан мұнда туристер көптеп келеді. Щучинск-Бурабай курорттық аймағының да тартымдылығы зор. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының әлеуеті ескеріле бермейді. Қатон­қарағайда ұлттық парк бар. Әсем табиғат, пантамен емделу, балмен емделу жағынан әлеуеті өте зор. Экотуризмді дамыту бойынша Маңғыстау облысы да сұранып тұр. Онда аdventure-туризмге (саяхатшылық туризмге) басымдық беріледі. Қазір әлемде эко- және аdventure туризм қосарланған беталыстар байқалады. Себебі аdventure табиғатқа соншалық зиян келтірмейді, сондықтан елімізде эко және саяхатшылық туризмді дамытуға басымдық берген жөн.

Туристер ең көп келетін жерлер – Қайыңды көлі, Үлкен Алматы көлі мен Шарын шатқалы. Сол секілді Алматы қаласына да қызығушылар көп. Мегаполистің әсем табиғатынан бөлек, мұндағы көптеген мәдени іс-шаралар, театрлар, жиі ұйымдастырылатын концерттік бағдарламалар мен галереялар туристерді тартады. Алматы – Еуропа мен Қытайды жалғайтын көпір іспеттес болуы керек. Әуежайдан бастап Алматыдағы асхана­лардың әмбебаптылығы, халқымыздың қонақжайлылығы туризмнің қарыштап дамуына жол ашады. Қытайдан келетін туристер көбіне Алматы мен Астананы аралағанды жөн көреді. Кейінгі жылдары Үндістан елінен де туристер көп келуде. Оның себебі, бұл елдерге транзиттік визасыз режім жүреді. Қазір визасыз режіммен Қазақстанға 60-қа жуық елден саяхатшылар келе алады. Оның ішінде Еуропа елдері де баршылық. Еуропалықтар біздегі табиғат пен экотуризмге қызығады. Тау шаңғысы туризмі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында әжептеуір дамыған. Осы тарапты әлі де жақсарту қажет. Ел тұрғындары қатарынан да, шетелдіктер тарапынан да келушілер қарасы аз емес. Бұған қыс мезгілі болмайтын елдердің тұрғындары көбірек қызығушылық танытады. Малайзиядан, Үндістаннан келеді. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Филиппин, Индонезия, Таяу Шығыс елдері, Сауд Арабиясы, Қатар, БАӘ. Бұлар мүлдем қар жаумайтын елдер. Сол себепті осы ағым одан әрі артады. Дегенмен бұл бағытты кеңейту керек, Шымбұлақта маусым кезінде адам ағыны тым көп болады. Алматыда тау шаңғысы курортын кеңейту туралы бас­тама бар. Осы ретте Түрген шатқалының мүмкіндігін кеңінен пайдаланған абзал.

«Ұлттық туристік өнім» деген ұғым бар. Мұнда төрт негізгі бағытқа назар аударылады: экотуризм, этнотуризм, еntertainment (ойын-сауық), ивенттер. Бұл бағыттар төрт Е тұжырымдамасына бірік­тірілген. Жеріміз болса – үлкен, ландшафтары әртүрлі, климаттық ерекшеліктері бар болғандықтан, таңдау да жақсы, мәдени алуандылық зор. Сон­дықтан әзірге 4 бағыт таңдалған. Эко­туризм дегенде біздің ұлттық парктер, аdventure-туризм алға шығады. Елімізді ерекшелейтін де осы бағыттар. Қазақстан – бұл алманың, қызғалдақтың отаны, Жібек жолы, жылқы малы алғаш рет қолға үйретілген мекен. Дұрыстап насихаттай алсақ, нағыз «біздерде мынадай бар» деп көрсете алатын тұсымыз. Инфрақұрылымды дамыту құзыреті негізінен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде шамалы ғана. Бұған қоса жергілікті атқарушы органдардың өз құзыреті бар. Республикалық маңызы бар жолдардың басым бөлігі «Қазавтожол» есебінен салынады. Жергілікті көрнекті орындарға апаратын жергілікті маңызы бар жолдар әкімдіктердің жауапкершілігінде. Жергілікті маңызы бар жолдардағы кез келген басқа жергілікті инфрақұрылым әкімдіктер мен ол табиғаты қорғалатын аймақта орналасқан болса, ұлттық парктердің құзыретінде. Ортақ іске бірлесе жұмылу, бірге үйлестіру жағы жетіспей жатыр. Туризм – біздің еліміз үшін тың сала. Оны өркендетуге отандық бизнес мойын бұрмаса болмайды. Бізде бірнеше ЖОО-да туризм саласы үшін кадр даярлай бастады. Жастар үшін бұл саланың перспективасы өте зор.

Енді өз тарапымыздан бір ұсыныс жасасақ. Жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттен отандық туризмды дамытуға миллиардтаған қаржы бөлінеді. Әр өңірдің өз бағдарламасы бар. Неге осы қаражатты бір жерге жинақтап, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын қанатқақты жоба ретінде туристік бағыттарды жандандыруға қаржы салмасқа? Әйтпесе, жыл сайын еліміздің барлық өңірі туризмді дамытуға қаржы салады. Ал нәтижесі шамалы. Дамытуға дайын тұрған, қызмет көрсетуге епті, әлеуеті үлкен осы өңірлерді алдымен жедел дамытып алсақ, сосын барып түскен қаржыны қалған өңірлерді дамытуға салсақ болмай ма?

Сосын көп жағдайда туризмді дамытуға қажетті инфрақұрылым болуға тиіс деген үлкен талап үдесі бар. Жолы да, қонақ үйі де «жетісіп» тұрмаған Моңғолияға саяхаттаушылар саны неге жылдан-жылға артып барады? Ойландық па? Олар бір ғана Шыңғыс хан есімімен әлем назарын өздеріне аударып, туристік қызметтің бәрін соған сай құрып отыр. Сол Шыңғыс ханның бел баласы, тұла бойы тұңғышы – Жошы хан біздің жерде жатқан жоқ па? Мемлекет басшысы Ұлық ұлыс туралы, Жошы хан туралы бірнеше рет айтты. Қаперге алып жатқандар шамалы… Жошы хан арқылы Ұлытаудың туристік әлеуетін көтеріп алуға әбден болар еді!

Тағы бір сөз: Президент Өзбекстанға жасаған алғашқы ресми сапарынан кейін осы елдің туристік нысандарын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жалғау туралы, бұл үшін теміржол бағытын Түркістанға дейін қосу жөнінде ұсыныс жасап еді. Бұл да әлі күнге дейін ескерілмей жатыр. Бір сөзбен айтқанда, Президент Жолдауында еліміздің туристік әлеуетін кеңінен пайдалану, бұл бағытта керекті іс-әрекеттерді жедел жүзеге асыру туралы айтты. Енді соны «Сен салар да мен салар, атқа шөпті кім салар» дегенге жеткізбей, жұмыла қимылдау ғана күтіп тұр.

Previous Post

Ордабасылық ұстаз – бүгінде әлемді мойындатқан математик

Next Post

Түлкібас ауданында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 33 пайызға өсіп, 9 мыңнан асқан

Related Posts

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Белгілі отандық спортшы Арман Оспанов туған жері Төлеби ауданындағы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық шарасына қатысты. Төлеби ауданы Біркөлік аймағында...

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Аудан орталығында Бәйдібек ауданының әкімдігі мен Ауыл партиясы өкілдері ұйымдастырған ауыл шаруашылығын дамытуға арналған семинар-кеңес өз жұмысын бастады. Жиынға аудан...

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды. Арнайы іссапармен өңірге келген Ауыл партиясы Төрағасының орынбасары Айтуғанов Қайрат Қапарұлы және...

Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

by Алаш Ақпарат
26/06/2025
0

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Ақбастау ауылдық округі, Тұрақты ауылындағы су шаруашылығы нысандарының жағдайымен танысты. Сапар барысында Бала бөген өзенінен Тұтарық...

Next Post
Ордабасы ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 8,2%-ға өскен

Түлкібас ауданында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 33 пайызға өсіп, 9 мыңнан асқан

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

26/06/2025
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

26/06/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ТӨЛЕБИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРМАН ОСПАНОВ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Бәйдібек ауданында су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Бәйдібек ауданында егінге аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілуде

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,541)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In