Бүгін жастарды жұмыспен қамту мақсатта «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалы және аудандық Мансап орталығы бірлесіп аудан жастарына еңбек жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмекңкеде «AMANAT» партиясының өкілі «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы «Аманат» партиясы еңбек және халықты қорғау министрлігімен бірге жастарды нәтижелі жұмыспен қамтығу бағытталған «Жастарға жұмыс» жобасын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіткенін, аталған жоба шеңберінде еліміздің барлық жастарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру, жылдың мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдікпен несие беру, тау-кен өнеркәсібінде жаңадан 2 мың жұмыс орнын ашу, жастарды ірі кәсіпорындарда тағылымдамадан өткізу сынды жұмыстар атқарылуда екенін айтып өтті. Бүгінгі жәрмеңкегеде «Жастар практикасына», «Алғашқы жұмыс» бағдарламасымен жастарға жолдама берілді. Жұмысқа жолдама алған жастар ерекше көңіл-күйге бөленіп, жәрмеңкені ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді. «Жастарға жұмыс» жобасы аясындағы еңбек жәрмеңкелері алдағы уақытта да жалғасын табады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі шеңберінде білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің төмендегі шаралары қолданылады.
Жастар практикасы. Түлектерге алған кәсібі (мамандығы) бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесу үшін еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыспен қамтуға – 12 айға дейінгі мерзімге жастар практикасын өтуге жәрдемдесу шарасын ұйымдастырады
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидаға сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 5 жыл ішінде бітірген және 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектер жастар практикасына қатысушылар ретінде белгіленеді.
Жастар практикасын өту үшін жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс. Салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, айлық жалақы 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жастар практикасына қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгіну тиіс. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
Еңбек кітапшасы (бар болса). Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы. Жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз түлектерге, 35 жастан аспаған жастар, жұмыс тәжірибесі жоқтар қатарынан жүзеге асырылады. Оқу орындарының түлектері үшін “Алғашқы жұмыс орны” жобасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) бойынша немесе ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен келісім негізінде қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге жұмысқа орналастырады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
Білім туралы құжат (бар болса).
«Ұрпақтар келісімі» жобасы
Жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарды, оның ішінде білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қосымша шараларды іске асыру шеңберінде еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қатысушыларды зейнеткерлік жасқа жеткен белсенді жұмыскерді кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен шарт негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 6 ай мерзімге жұмысқа алады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).Білім туралы құжат (бар болса). Жастар практикасына, «Брінші жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына қатысу үшін «электрондық үкімет» веб-портал және www.enbek.kz Электрондық еңбек биржасы арқылы мансап орталықтарына жүгінбей-ақ өтінім беруге болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселесіне үнемі көңіл бөліп келеді. 2019 жылдың 17 мамырында еңбек және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өткен жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жұмыссыздық мәселесіне айырықша тоқталды. Ол:
– Жоғары оқу орындарды бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы 50 пайыздан сәл ғана асады. Біздегі «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Жастар – Ел тірегі», «Жастар практикасы» сияқты бағдарламалардың тиімділігін арттыру керек. Олардың қайсы нақты жұмыс істейді, қаншасы жүзеге аспай жатыр? Осыларды қайта қарау қажет. Бұл мәселені ұдайы назарда ұстау керек, – деп атап өтті.
Расымен де, біздің елде жастарды қолдауға арналған бағдарлама аз емес, тек бағдарламаның жүзеге асуы көңіл көншітпейді. Өйткені бағдарламаға жауапты шенділердің ынта-жігері жоқ. Бірі салғырттыққа жол берсе, енді бірі сыбайластыққа жол беріп, бағдарламаға бөлінген қаржы құмға сінген судай ізім-ғайым жоқ болып кетеді. Ал өңірлердегі жұмыспен қамту орталықтарының статистикалық мәліметтеріне қарар болсаңыз кейінгі жылдары жұмысқа тұрған адамдардың саны Қазақстан халқының санына жетерліктей. Жастарды қолдауға арналған бағдарламалардың баянсыз болып жатқанынан мемлекет басшысы да хабардар болса керек. Өйткені, жұмыссыздық жайы сөз болған жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастарды жұмыспен қамту жастар саясатындағы басты мәселенің бірі болып отыр. Әсіресе, бұл өңірлерде өте өзекті. Жастарға жол сілтеп, бағыт-бағдар беріп жатқан ешкім жоқ. Тіпті олардың басым көпшілігі жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы барын да білмейді. Өңірдегі жастар мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар қарастырылғанынан да бейхабар. Бұл мәселе тек жалаң үгіт-насихатпен, жалған статистикамен шешілмейді» – деп Үкімет пен облыс әкімдерінің жұмысын сынға алған болатын. Сонымен қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде дарынды жастардың көптігін, ел дамуының ертеңіне орасан үлес қосатын да – сол дарынды ұл-қыздар екенін, тек оларға жағдай жасап, мүмкіндік беру қажеттігін тілге тиек етті.
Бүгінгі таңда «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде түлектерді жұмыспен қамту мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды. Соның бірі – жастар практикасы. Жастар практикасының мақсаты – түлектерге алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесу. Бұл шараны жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастырады. Ал жастар практикасының мерзімі – 12 айға дейін. Яғни жас маман тәжірибе жинақтаумен бірге бір жылдық еңбек өтіліне ие болады. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған шараның тағы бір – «Алғашқы жұмыс орны» жобасы. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс беруші келісім шарт жасайды. Келісім бойынша жұмыс беруші түлекті кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, ал жұмыспен қамту орталығы бір жылға жалақыны субсидиялайды. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған үшінші шара – «Ұрпақтар келісімі» жобасы. Бұл жоба негізінде зейнет жасындағы қызметкердің орнына жас түлек ауыстырады. Аталмыш жоба бойынша жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен келісім негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге тұрақты жұмысқа алады, ал жұмыспен қамту орталығы 6 ай жалақыны субсидиялайды. 2022 жылғы 14 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жағдай жасалып жатқанын, алайда, қолға алынған нақты шараларға қарамастан, жастарды жұмыспен қамту мәселесі толық шешілмей келе жатқанын, осыған орай жастарды жұмыспен қамти алмаған өңір әкімдерінің жұмысын жыл соңында майшаммен қарайтынын ескертті. Мемлекет басшысының өңір әкімдеріне қатаң ескерту жасауы жайдан-жай емес. Өйткені біздің елдегі ақ жағалылар арасында уәдеге тойғызып, тақырға отырғызып кету қалыпты жағдайға айналғалы қашан.
NEET жастардың көп болуының қаупі неде? Тұрақты жұмысты ұдайы іздеу жастарды кедейлікке жақындатып, әл-ауқатының төмендеуіне душар етеді. Олардың денсаулығында кінәрат көп және қылмысқа бейім болып кетеді. Халықтың бұл сегменті қоғамдық-саяси институттар мен үкіметке деген сенімнен жұрдай. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде NEET санатын жастардың маргиналдануы мен ажырауының көрнекілігі ретінде пайдаланады. NEET жастар саны өсіп, орта жаста да көбейіп, ұзақмерзімді әлеуметтік проблемаға айналуы мүмкін. ӘЕҰ деректері бойынша, NEET санатындағы жастар саны ең аз елдер қатарына 2019 жылы Жапония (3,0%), Нидерланды (3,1%), Сингапур (4,5%), Германия (5,4%), Швейцария (6,0%) кірді. Ең жоғары көрсеткіш Йеменде (44,8%), Иракта (44,6%) және Ауғанстанда (41,8%) тіркелген. Посткеңестік елдер арасында NEET үлесі Арменияда (36,5%) және Молдовада (27,9%) жоғары. ӘЕҰ әдіснамасында NEET санатына 15 жастан 24 жасқа дейінгі жастар енеді деп нақты көрсетілген.
NEET санатындағы жастардың ішіндегі 52 мыңы – үй шаруашылығын жүргізу, отбасы мүшелерін күту себебінен жұмыс істемейтін жастар, оның ішінде жас аналар бар. 33 мың адам – денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істемейтіндер мен мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатын адамдар.
Жастар арасындағы NEET үлесінің ең жоғары көрсеткіштері еліміздің оңтүстік өңірлерінде, сондай-ақ Қарағанды (12,3%), Ақтөбе (8,1%) және Маңғыстау (8,0%) облыстарында тіркелген.
NEET: 1 карта мен 6 бағыт
Мемлекет жас азаматтарды білім беру жобаларына тарту және жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар шараны қабылдауда. 2018 жылдың қыркүйегінде 18-29 жас аралығындағы NEET жастарын жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша Жол картасы қабылданды. Жұмыс 6 бағыт бойынша жүргізіледі. Олар: кәсіптік бағдарлау, кәсіби оқыту, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жастарды әлеуметтендіру, ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар.
Жүзеге асырылатын шаралардың ішінде атап өтетіндері:
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына ынталандыру. Атап айтқанда: мамандарға берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшерін 70-тен 100 АЕК-ке дейін ұлғайту, тұрғын үй сатып алуға 3,7 млн теңгеге дейін арзан несиелер беру көзделген.2014 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Серпін» жобасы аясында жұмыс күші мол оңтүстік өңірлерден келген жастар солтүстік өңірлерде оқуға алынып, жұмысқа қала алады. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім беру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол бойынша барлық ниеттілер жұмысшы мамандығын тегін ала алады. Өзін-өзі асыраушы және жұмыссыз жастарды оқытып, кәсіпкерлікке ынталандыруға арналған «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бар. Бағдарлама аясында 18 мың адам оқыды, 14 мыңнан астам адам өз жобаларын қорғады, шамамен қамтылған 150 мың адамның 90%-ы жұмысқа орналасты. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметі. Олардың саны ел бойынша 200-ге жуық. Жастар ресурстық орталықтарының қызметі. 2019 жылы елімізде 208 орталық тіркелген. Онда жастар жұмысқа орналасу, білім беру, кәсіби дайындық, бос уақыт, туризм және спорт туралы ақпарат алады.
Елдегі жастардың басым бөлігі интернет ақтаратындар екеніне қарамастан, NEET жастарының негізгі проблемасы – мемлекет көрсететін қолдау шаралары туралы ақпараттан тыс қалып жататыны. Жастар жүзеге асырылып жатқан «Жас кәсіпкер» бағдарламасы туралы да құлақтанбаған.
Жұмыспен қамту саласындағы гендерлік стереотиптер де проблеманы ушықтыруда. Жұмыс берушілер жұмысқа алу кезінде ер адамдарды жұмысқа тез қабылдауға бейім. Бұл әсіресе жұмысқа жоғары сұраныс бар техникалық мамандықтарға қатысты байқалады. NEET жастарының көп бөлігін ыңғайлы жұмыс кестесін қажет ететін жас аналар құрайтынын ескерсек, шындықтың ауылы алыс емес екенін байқауға болады. Соңғы жылдары қазақстандық NEET арулар үлесі ерлерге қарағанда екі есе көп. Білім алғанын растайтын диплом жастардың жұмыспен қамтылуына кепілдік бермейді. Бұны тегін (кәсіби/жоғары) білім беру бағдарламаларының нәтижесінен көруге болады. Алған білім сапасы көбінесе еңбек нарығының сұраныстарына сай келмейді. Жұмысшы кадрларға деген жоғары сұраныс пен тегін кәсіптік-техникалық білім беруге көшу сапаның өсуіне әкелген жоқ. Отандық жұмыс берушілер қазақстандық «техника мамандарының» біліктілік деңгейіне қанағаттанбайды. Жыл сайын жұмыс берушілер ұсынатын 20 мыңға жуық бос жұмыс орны толмай қалады. Мұның бәрі «Серпін» жобасынан да көрінеді. Бір жағынан, жоба кеңеюде – оңтүстіктен студенттерді қабылдауға дайын оқу орындарының саны өсіп, гранттар артып келеді. Жұмыс қолы тапшылығы бар өңірлерде жастарды жұмысқа орналастыру және кейіннен сол жерде алып қалу сол шешуі жоқ мәселе күйінде қалып отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, NEET санатындағы жастардың ең аз үлесі бар елдер екі негізгі бағытқа баса назар аударады: (1) жастардың мектепке дейінгі білім алуына инвестиция салады, (2) жастар ортасындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге ғылыми тәсілдер негізінде, оның ішінде жеке тәсіл негізінде атаулы бағдарламаларды әзірлеу.
Бірінші бағыт алдын алу тетігі болып саналады және ұзақ мерзімді тиімді тәсіл. Мектепке дейінгі білім беруге инвестиция салудың пайдасы мол екенін ерте жастан білім беру және тәрбиелеу бойынша көптеген ғылыми зерттеу растап отыр.
Екінші бағыт – дәл қазір алдымызда тұрған проблеманы шешу және NEET санатының үлесін төмен деңгейде ұстап тұру. Жапонияның, Люксембургтің, Норвегияның тәжірибесі неғұрлым тиімді болып саналады. Ол бойынша жастардың осы санатқа кіру себептерін анықтап, кейіннен жеке-жеке, нақты бағыттағы бағдарламаларды әзірлеуге ғылыми тұрғыдан дайындық жасайды.
Жапонияның «дұрыс дағдыларды» (soft skills) дамытуға, әлеуметтендіруге, жастардың осы санатқа кіруінің себептерін жекелеп зерттеуге және өзін-өзі дамытуға ықпал ететін бағдарламаларды жүзеге асыруға үлкен мән беретіні байқалады. Сингапурда соңғы онжылдықта тағылымдамадан өту немесе жұмыс істеуге студент кезінде-ақ келетін жастар көбейгені байқалады. Бұл болашақта еңбек нарығына да оң әсерін тигізеді. Өйткені бұл жастар тәжірибе мен біліктілікті ерте жинап, оқушылық өмірден үлкен өмірге аяқ басар кезде қиналмай, дағдармай жол тауып кете алады.
Нидерланд жетістігінің сыры мектепке дейінгі және мектептегі білім беруге инвестицияның күшеюі, балаларды жастайынан баулуда жатыр. Статистика бойынша Нидерландтағы үш баланың екеуі мектепке дейінгі білім беру орталықтарына барады. Мемлекет мұнымен қатар, жұмыс істейтін аналар үшін әртүрлі жеңілдіктер ұсынады. Жарты күн жұмыс істегісі келетін және қалған уақытын баласына қамқорлық жасағысы келетін аналар үшін жұмыс сағаттары мен төлемдерді реттеудің бірыңғай жүйесі бар.
NEET санатындағы жастар қатарын азайту жөніндегі Норвегия саясатының ерекшелігі жастармен ғана емес, сонымен бірге тікелей жұмыс берушілермен де жұмыс істеуінде болып тұр. Кешенді тәсіл Норвегия Үкіметіне еңбек нарығын реттеуге және олардың транзиттік кезеңінде жастар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Қазақстанда NEET санатындағы жастарға көмек көрсету аясында, жоғарыда айтылған қысқа мерзімді «Жас кәсіпкер», ұзақ мерзімді «Серпін», Баршаға арналған кәсіптік және техникалық білім беру бағдарламасы секілді түрлі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Мақсаты – олардың Қазақстандағы қазіргі заманғы еңбек нарығының сұраныстарына қаншалықты сәйкес келетінін, тегін білім берудің қаншалықты сапалы екенін түсіну, түлектер санына негізделген формальды тәсілдерден алшақтау. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, көптеген ел мемлекеттік қолдаудың әсерін бағалаудың өзіндік жүйесін құруда. NEET жастары өте аз елдердің тәжірибесін ескере отырып, жастар жұмыссыздығын азайтуға бағытталған ұйымдардың қызметін жақсартуға ғана емес, оның ішінде ұзақ мерзімді мониторинг арқылы, сонымен қатар жеке тәсілге, әлеуметтендіруге және өзін-өзі дамытуға көмектесуге баса назар аудару керек. Бұл – жеке және топпен кеңес бере алатын психологтардың, коучтардың қызметіне кіреді. Бірнеше рет атап өткеніміздей, жастармен олардың тілінде сөйлеу керек және бар мүмкіндіктер туралы ақпаратты жастар арасында сұранысқа ие ресурстарда беру қажет.
NEET жастарды жұмысқа алу үшін жұмыс берушілерді ынталандыру керек. Атап айтқанда, мұндай жаңа қызметкерлер үшін жұмыс берушілердің әлеуметтік аударымдарын азайтуға немесе ұзақ уақыт жұмыссыз жүрген, біліктілігі төмен жастарды жұмысқа алатын компанияларды субсидиялауға болады. Сондай-ақ, зерттеушілер ХЖҚО қызметін зерттей отырып, жұмысқа орналасуға өтінім беру рәсімін оңайлатудың, жұмыстың электрондық форматын жақсартудың маңыздылығын атап өтті. Олардың оқу орындарымен, жұмыс берушілермен, жастар ресурстық орталықтарымен ынтымақтастығы мен өзара үйлестіруді күшейту қажет. ХЖҚО сонымен қатар еңбек нарығындағы трендтер, жұмыс берушілерге қажет кәсіптер мен дағдылар туралы көбірек ақпарат берсе нұр үстіне нұр.