Бүгін 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Ата заңы, Конституциясы күні мерекесіне орай, ауданның туризмін дамыту мақсатында Шардара ауданы әкімінің кубогына арналған жағажай спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Атап айтқанда, қатысушылар балық аулау, волейбол, футбол, қол күрес, гір көтеру және арқан тарту спорт түрлерінен сайысқа түсті. Сондай-ақ, жастар мен еріктілер су қойма жағалауына «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында тазалық шарасын жүргізді.
Спорттық шараның ашылуына аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Б.Шомпиев қатысып, баршаны айтулы мерекемен құттықтап, аудандағы жан-жақты жетістіктерге тоқталып өтті.
Ашылу салтанатынан кейін сайыстар басталып, келген командалар тартысты ойын көрсетті.
Жарыста белсенді өнер көрсетіп, жеңімпаз болған қатысушылар арнайы мадақтама қағазы мен сый-сияпаттарға ие болды.
ИНВЕСТОРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ – БАСТЫ МІНДЕТ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен барлық мемлекеттік органның басты міндеті – отандық және шетелдік инвесторларға қолайлы орта қалыптастыру екенін...