Мемлекет басшысының өткен жыл Жолдауында елімізде жүзеге асатын реформаларға қатысты бес бағыт белгіленген болатын.
Осы ретте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындылды. Бастамалар жұрттың шынайы қолдауына ие болды.1 жылдың ішінде ауқымды істер атқарылғаны рас. Реформалардың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделгенін атап өткеніміз де жөн.
Өздеріңізде білесіздер, президент сайлауы өтіп, жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттар сайланып, қоғамдағы рөлі артты. Одан бөлек, Конституциялық Сот құрылды. Осы ретте бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтар саяси өмірге емін-еркін араласа бастады.
Одан бөлек, Президенттің сайлау алдындағы тұғырнамасында айтылған басты бастамалар биыл жүзеге асырыла бастады.Қазіргі таңда билік тың қарқынмен жұмыс істей бастағанын көзіміз көріп отыр.
Еліміздің ертеңі биік, болашағы жарқын болуы бір ғана Президентке немесе реформаға артылатын шаруа емес. Оған Қазақстанның әрбір азаматы өз үлесін қосу қажет. Әрбіріміз белсене кірісіп,қолға алатын жауапты іс.
Индира ИКАПОВА, Түркістан “Оқушылар сарайы” ЮНЕСКО клубының директоры