Түркістан қаласындаығ Шауғар секторында 3 нысанның құрылысы аяқталып, 5 мыңға жуық адам сапалы электрмен қамтамасыз етілді. Одан басқа, 1 нысанның құрылысы жүргізілуде (3 мың абонент). Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде 4 мәселе көтеріліп, нәтижесінде 4 трансформатор орнатылды.Бұл өз кезегінде қала тұрғындарды сапалы электрмен қамтуды 98,5%-дан 99% жеткізеді.
Ал оталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% немесе қаланың 12 297 абоненті қамтылған. Шауғар секторында 2022 жылы 1 нысанның құрылысы жүргізілуде, 1 нысан қаржыландыруға ұсынылды және 1 нысанға ЖСҚ әзірленуде.
Қала аумағында 845 шақырым жол, 875 көше (оның ішінде 316,1 шқ. асфальт жол, 392,5 шқ тас жол, 136,4 шқ топырақ жол). Нәтижесінде, 2022 жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4% дан 39,5% артып, нәтижесінде: Асфальт жол 333,6 шқ (39,5%), Тас жол 478,3 шқ (56,5%), Топырақ жол 33,1шқ (4,0%). Шауғар секторында 177 көше болса (оның ішінде 67 көше асфальт жол, 91 көше тас жол, 19 көше топырақ жол)
Ағымдағы жылы 30,8 шқ құрайтын 30 көшеге тас төсеу жұмыстары, 20,5 шқ. құрайтын 19 көшеге аяқжол орнату жұмыстары жұргізілді одан бөлек сектор аумағында 20 аялдама нысанын орнатылды және 2 дана бағдаршам нысанын жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2 нысанның құрылыс жұмыстары жоспарлануда атап айтсақ Темір жол аумағындағы жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысын 2023 жылы іске асыру жоспарлануда, Қалаби көшесін 2023-2024 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізілу жоспарлануда.
Қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78 сыйымдылығы жоғары автобустар (жақсы жағдайда) болса, қалған 142-сі шағын автобустар (нашар жағдайда). 2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус (40 – «ТехПрофАвто» ЖШС, 38 – «Жолаушы» ЖШС) алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34% жаңаланды. 2020 жылы қала аумағындағы жарықтандырылған көшелер үлесі 31,8% құраған. жалпы көрсеткіш – 269 көше, 347,7 шқ.
2021 жылы Түркістан қаласында 124 көшеге (147,8 шқ) жарықтандыру жүйесі жүргізіліп, жарықтандырылған көшелер үлесі 46,5% құраған. Жалпы көрсеткіш – 393 көше, 495,5 шқ; 2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, қала аумағындағы 93 көшеге (123,1 шқ) құрылыс жұмыстары жүргізіліп жарықтандырылған көшелер үлесі 57,4%-ға жетті. Жалпы көрсеткіш – 485 көше, 618,6 шқ;
Алдағы 2023 жылы қаламыздың 277,2 шқ құрайтын 272 көшесіне құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 89%-ға (895,8 шқ құрайтын 757 көшені) жеткізу жоспарлануда. Қала аумағында саябақтар мен гүлбақтар, көшелер мен жасыл баулар мен аумақтарда көгалдандыру күтіп-ұстау, санитарлық тазалық.
Негізгі бағыты: Түркістан қаласы аумағындағы жалпы қолданыстағы саябақтар, скверлер,бульварлар, көшелер мен жасыл аймақтарды тазалау, жинау, жасыл желектерді (ағаш, бұталар,көгал,гүлдер) күту және егу, шағын сәулеттік формалар мен ескерткіштерді, субұрқақтарды, суғару жүйелерін күтіп-ұстау және салу. Күту жұмыстары қаңтар айынан желтоқсан айы аралығанда жыл бойы жүргізіледі.
Қызмет көрсету аумағы: 248 нысан – 524га., ағаш көлемі: 695 247 дана, көгал аумағы: 2 560 000 ш.м., бұталар көлемі: 350 856 дана, гүлдер аумағы: 7 га
Техникалар мен құрылғылар: 211 бірлік (56 ірі, 155 ұсақ ). Саябақтар 30 нысан 237 га, сквер аллеялар 30 нысан 34га, көшелер 29 нысан 60 га, жасыл алаңдар мен аймақтар 15 нысан 121га, секторларғабекітілген көшелермен аумақтар 147 нысан 47,5 га.