Қазіргі кезде Түркістан қаласының аумағы үлкеюіне және трансформаторлардың қуаты жетіспеуіне байланысты тұрғын үйлердегі тұрмыстық құралдардың да істен шығуы көбейді. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековпен кездесуде жергілікті тұрғындардың көтерген мәселесінің ең маңыздысының бірі осы болды. Бұл мәселе де кезең –кезеңімен, рет ретімен шешіліп келеді. Мәселен, Сауран секторында әкіммен сұрақ-жауап бөлімінде сектор аумағындағы елді мекендердегі тазалық, электр бағаналарын ауыстыру, көшелерге асфальт төсеу, қалалық маршруттар бағытын ретке келтіру секілді бірқатар мәселелер қозғалды.
– Жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады. Сол себепті түсіністікпен, сабырмен қарауға шақырамын. Жалпы көтерілген барлық мәселені алдағы уақытта міндетті түрде басшылыққа ала отырып, орындауға тырысатын боламыз. Әсіресе, қаламыздағы электр бағаналардың 70%-ы ескірген. Апатты жағдайда болған электр бағаналар болса, оларды жедел ауыстыруға тапсырма беремін – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
Тәжтажал індеті кезінде қалалықтардың барлығы да Интернетті пайдалану кезінде, оқушылардың онлайн оқу тұсында электр жарығының жетіспейтіндігі байқалды. Бұл бір жағынан қалалықтар қатарының тым тез көбеюіне байланысты сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету кезек күттірмейді. Қаламызды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Яссы», «Шауғар» мөлтек аудандарына және ХКТУ аумақтарын 10-0,4 кВ жоғары кернеулі электр кабель салу құрылысы,темір бетонды бағаналарын орнату және заманауи кабельдік жүйеге ауыстыру және әрбір үйдің есептегі жаңарту жұмыстары толығымен аяқталды. Аталған жоба бойынша жеке үйлерге, яғни абоненттерді жаңа тоқ желісіне қосу жұмыстары жалғасуда, қыркүйек айында толық қосылып бітеді деп күтілуде. «Отырар» тұрғын алқабында бүгінгі таңға он жаңа трансформатор ауыстырылды. Қосымша он трансформатор ауыстыру жоспарлануда. Бекзат секторында сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында төрт дана трансформатор орнатылды. Қазіргі таңда, Бекзат секторындағы Жамбыл мектебінің жоғарғы тұсындағы 514 үйді қамтитын электр желілерін жаңарту жобасы әзірленуде. Құрылысын жүргізу 2022-2023 жылдарға жоспарлануда.Жалпы, Түркістан қаласы бойынша 39937 электр абонентінің тек 33 937 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған (орташа сағат тұтыну -48,8МВт).
Жылу беру маусымына әзірлік барысы кестеге сай. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің алты сектордағы тұрғындармен кездесулерінде көп айтылатын шағымдар мен өтініштердің дені жылу беру маусымы кезіндегі олқылықтар. Соған орай, қаладағы сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен нысандар кезең-кезеңімен ауыстырылуда. 2021 жылы бір нысанның құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 14,2 шақырым қамтылды. Жылу құбырларының тозу деңгейі 79%-дан 30% төмендеді. Сонымен қатар бір нысанның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құрылыс жүргізу 2023 жылға жоспарлануда. Нәтижесінде жылу құбырларының тозу деңгейі 30%-дан 10%-ға дейін төмендейді.Түркістан қаласында қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазарту ғимараты бар. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3.Сонымен қатар, 127 шақырым сарқынды су жүйесі, 27 дана КНС бар. Түркістан қаласы бойынша орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылу көрсеткіші 32,2 пайызды құрап, 12297 абонент пайдалануда.
Түркістан қаласын толық сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету үшін 15 нысанға бөлінген. Оның ішінде үш нысан Тұран-1, Отырар-1, Отырар ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын алаптан №21 канализациялық сорғы станциясына дейін ағын сулардың магистральды жүйесін салудың құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға тапсырылған.
Қазіргі таңда, алты нысанның Бірлік, Ортақ-1, Тұран-2, Бекзат, Отырар-2, Яссы және Ыждыхат алаптарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, республикалық бюджетке төрт нысан енгізілді. Олар Түркістан-Қызылорда тұрғын үй массиві, Алтын Шаршы, Ортақ-2, Яссы және Ыждыхат 2-кезеңі қаржыландыруға ұсынылып, екі нысанның Ортақ-3 және Баянауыл аумағының жобалық сметалық құжаттары рәсімделуде. Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары сапалы сарқынды су жүйесімен 95% қамтамасыз етілетін болады.