Өнеркәсіп саласында ауданымызда 20 кәсіпорын, оның ішінде 2 ірі және орта, 15 шағын және 3 қосалқы кәсіпорындар жұмыс атқаруда. Өнеркәсіп саласында 2022 жылы 41 млрд 480 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, 2023 жылы оны 46 млрд 126 млн теңгеге көтеру жоспары бар.
2022 жылдың қорытындысы бойынша 129,1 млрд теңгені құрады. 2023 жылы бұл көрсеткішті 136 млрд теңге немесе 103,5 пайызға жеткізу жоспарлануда. Жалпы аудан бюджетінің кіріс жоспары 2 млрд 477 млн теңгені құраған.
2023 жылы өнеркәсіп саласында 2 инвестициялық бастауын тауып, толық 2024 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Олар: Ленгір қаласынан «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехын іске қосу бағытында құны 1 млрд 551 млн теңгеге инвестиция тартып, нәтижесінде 150 адам жұмыспен қамтылады. «Аймар құс» ЖШС қуаттылығы жылына 440 мың дана құс өсіруді жоспарлап, құны 4 млрд теңгені құрайтын жобаны іске қосып, 24 адам жұмыспен қамтылады.
Кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 8764, жұмыспен қамтылғандар саны – 16 699 адам. 2023 жылы 17 500 адам тұрақты жұмысқа ие болады деп жоспар құрып отырмыз. Кіші және орта бизнесті дамыту үшін 2022 жылы 6100 жеке азаматтарға 3 млрд 921 млн теңгенің несиесі берілді.
Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 23 млрд теңге инвестиция тартылған. 2023 жылы 28,6 млрд теңгені құрайды деп болжануда.
Аудандағы бөлшек сауда көлемі 2022 жылы 13,4 млрд теңге болса, 2023 жылы бұл көрсеткішті 14,5 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Туризм бағытында 76 нысан демалыс аймағы, 64 саяжай қызмет көрсетеді. Олар: 1 шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру орны, 71 демалыс аймағы. 2022 жылы 41 488 демалушылар келген.
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы мен «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы арқылы жеке кәсіпкер Э.Еспенбетова Диханкөл елді мекенінде “Дихан Тау” саумалы сауықтыру орталығын іске қосты. Көксәйек ауылдық окургінде «Сақ» демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде.
Бүгінгі күнге балық шаруашылығы, тамақтану қызметі және сақ моншасы іске қосылды. Кемеқалған ауылдық округіндегі «Алма-тау» тау курортында бүгінгі күнге қосымша қонақ үй және спорт кешенінің құрылысы жүргізілді.
Тау туризмін дамыту мақсатында «Қасқасу туристік – рекреациялық кешенінің» жобасын жүзеге асыру мақсатында инфрақұрылым жүйепері тартылуда.
Төлеби ауданының әлеуеті туризмді дамытуға қолайлы болғандықтан, бұл салаға тартылған инвестиция көлемі де артуда.
Туризмді дамыту мақсатында Қаратөбе ауылдық округі аумағынан кәсіпкер Жұмағұлов Ерболат Нұрланбекұлы «Нұрлы сан» демалыс аймағын іске қосуды жоспарлауда. Тартылатын инвестиция көлемі 1 млрд 500 млн теңге. Демалыс аймақ аумағына 45 коттедж, сауықтыру орталығы, футбол алаңы мен бассейн, теннис алаңдарының құрылысы жүргізіледі деп күтілуде. Жоба іскен жағдайда 65 адам маусымдық, 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Балдыберек елді мекенінен 200 адамға арналған спорттық-сауықтыру орталығы іске қосылады деп күтілуде. Жеке кәсіпкер Құралбеков Нұрдәулет Құралбекұлы 6,8 га аумаққа 26 коттедж, бассейн, стадион, теннистік корт, жабық спорт кешені, кіші футбол алаңшасы мен жүгіру жолағын салуды жоспарлауда. Жоба құны 800 млн теңге. жүргізу үшін облыстық бюджеттен 1 млрд 050 млн теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, туризм саласына жылдың соңына дейін 3 млрд 757 млн теңге инвестиция тартылып, 25 жұмыс орны ашылады.
Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2022 жылы 61,6 млрд. теңгені көрсетті. Егін шаруашылығы саласында 24 млрд 446 млн теңгенің өінімі өндіріліп, 2023 жыл 28 млрд 500 млн теңгеге көтеру , мал шаруашылығы саласында 37 млрд 238 млн теңгені құраса, 2023 жыл жоспарды 39 млрд 354 млн теңгеге жеткізуді көздеп отырмыз. Былтырғы жылы жеке кәсіпкерлер Н.Муратов, Б.Тойлыбаев балық өсіру шаруашылығын қолға алып, 100 млн.тг. көлемінде инвестиция тартып, бүгінде арнайы бассейнде 13 мың дана сазан балығын өсіруде. Кемеқалған ауылдық округінде «Қазығұрт бақтары» АШӨК -500 тонналық қойма құрылысын өз қаржысы есебінен жүргізуде.
Тамақ өнеркәсібі — халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырса, аудан аумағында бұл саланы жетілдіруге барлық жағдай жасалған. Ауданда тамақ өнеркәсібін жандандыру үшін инвестиция да тартылуда.
«АДС АГРО» ЖШС құны 600 млн болатын инвест жобаны іске қосып, ет өнімдерін вакуммен орау цехын іске қосуды ойластыруда. «Қазығұрт бақтары» АШӨК 190 млн.тг. теңге қаржы жұмсап, 80 га шие егуді ойластыруда.
Кемеқалған ауыл округінде құны 1 млрд 123 млн теңге болатын жер көлемі 13 гектарды құрайтын сыйымдылығы 1040 м3. «Қарақуыс» су қоймасының құрылыс жұмысын бастауға 200 млн теңге қаржы қарастырылды.
Елді мекендердегі жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары 2022 жылы 8513 гектар жер болса, жоспар толығымен орындалды. Сондай-ақ, былтырғы жылы меморандум негізінде 22 151 гектар жер қайтарылды. Жалпы, 2022 жылы қайтарылған жер көлемі 30 664 гектар. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 9000 га, қазіргі кезде бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Аудандағы 55 елді мекеннің 54-і (98,2%) орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекеннің (Жаңакүш) ауыз су құбырын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, құны 287 млн теңгеге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, 2022 жылға қаржыландыру үшін тиісті салалық басқармаға құжаттары ұсынылды. 2023 жылы мәселе шешімін тапса, аудан аумағы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылады.
Аудан орталығы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Көктерек» су тазалау ғимаратының құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудандағы 55 елді мекеннің 51-і орталықтанған табиғи газбен қамтылған. Бүгінге қалып отырған 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары шілде айына дейін аяқталып, жыл соңына дейін аудандағы 55 елді мекен 100 пайыз орталықтанған газбен қамтылатын болады.
Ленгір қаласындағы кәріз жүйесіне қатысты мәселені шешу мақсатында “3-Кәріздік тазарту қондырғысының” (КОС-3) құрылысын жүргізу қолға алынды. Жоба құны 2,6 млрд теңгені құрайды. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ұлттық қор есебінен Екпінді, Біркөлік елді мекендерінің электр жүйелері мен трансформаторын орнатуға 110 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Республикалық бюджет есебінен Тағайна елді мекенінің 11 көшесіне электр жүйесі мен трансформатор орнатуға 120 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Төрт елді мекеннің электр желілері мен трансформатарлары ауыстырылуда. 3 жобаның құрылысы биылғы жылы жалғасын табуда.
Жоба құны 2 млрд 169 млн теңгені құрайтын Ленгір қаласы «Алатау» мөлтек ауданындағы 2,0 га жер теліміне 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, 29 елді мекеннің 73 көшесінің электр желілері және трансформаторлары ауыстырылады.
Ленгір қаласы мен 14 елді мекеннің 18 көшесіне 38,2 шақырым түнгі жарық орнатуға 105 млн теңге қарастырылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы 10 елді мекеннің 12 көшесіне құны 60 млн теңгені құрайтын түнгі жарықтандыру орнатылады.
2022 жылы облыстық маңызы бар 230,7 шқ жолдың қанағаттарлық жағдайы 96,1%, аудандық маңызы бар жолдар – 144,05 шқ, жарамдылығы 90,3%, елді мекендердің ішкі көшелері – 680,1 шқ, қанағаттанарлық жағдайы 80,1% жетті. 22 ішкі көшелерді орта жөндеуден өткізуге 241 млн.тг., облыстық бюджет есебінен 232 млн. тг., 2 аудандық маңызы бар жол орта жөндеуден өткізу 50 млн қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. “Ауыл-Ел бесігі” жобасы аясында 2 елді мекеннің мекеннің 2 ішкі көшелерін орта жөндеуден өткізуге 60 млн қаржы бөлінді.
2023 жылы 17 елді мекеннің 18 ішкі көшесін орта жөндеуден өткізу 433 млн қаржы қарастырылды. “Ауыл-Ел бесігі” бойынша 7 елді мекеннің 29 көшесін орта жөндеуден өткізуге 835 млн теңге бөлінеді.
Былтырғы жылы 4 елді мекенге 6,2 шақырым тас төселіп, 2023 жылы 2,4 млн теңге 1 елді мекеннің 0,5 шақырымына тас төселеді.
2022 жылы 5,4 шақырымға аяқ жол салынса, биылғы жылы 2.8 шақырым аяқ жол салу жоспарлануда.
2023 жылы Жаңаұйым, Ұйымшыл, Мәдени елді мекендерінің 3,7 шақырымына су ағар (лоток) орнатуға 58,7 млн теңге қарастырылды.
2022 жылы Ленгір қаласында 180 пәтерлі 9 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, нәтижесінде 10974 шаршы метр іске қосылды. Ленгір қаласы І мөлтек ауданы аумағынан 9 дана 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыстарының сметалық құны 7 млрд 786 млн теңге болатын және Базарная және Қ.Дүйсемұратұлы көшелеріндегі 5 қабатты 40 пәтерлі 4 дана тұрғын үйлердің сметалық құны 1 млрд 817 млн теңгені құрайтын жобалар әзірленіп, сараптамалардың оң қорытындылары алынып қаржыландыру үшін салалық басқармаларға ұсынылды.
Ал, Алатау мөлтек ауданындағы 3 класстағы тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіуге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, сараптамадан өткізу жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілуде.
Халықты тұрғын үй салуға жер телімдерімен қамту мақсатында 216,7 гектар немесе 1007 жер телімін құрайтын 5 (Көксәйек, Зертас, Бірінші Мамыр, Қаратөбе, Қайнар) елді мекенде инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Ленгір қаласының Алатау, Шаңырақ мөлтек аудандарында инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Алатау мөлтек ауданындағы инженерлік-коммуникация құрылысына (электр жүйесімен жарықтандыру) 200 млн және автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстарын жүргізуге 1 млрд 199 млн теңге қаржы қарастырылды.
Ленгір қаласындағы Төлеби – Ә.Бектаев көшелерінің қиылысындағы шатқалда, Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аудан бюджетінен 39,9 млн теңге бөлініп, елді мекендерді абаттандыру мен көркейту жұмыстары атқарылды. Төлеби- Ә.Бектаев көшелерінің қиылысындағы шатқалға «ETNO – АYYL» жобасы бойынша облыстық бюджеттен 44,0 млн теңге бөлініп ұлттық дәстүр бойынша («Алтыбақан», «Киіз үйлер», «Мафтар») орнатылды.
Ленгір қаласындағы орталық саябақты ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аудан орталығынан Зертас елді мекеніне шыға берісіндегі жол бойына Төле баба монументі тақтайшасын орнатылды.
Сарқырама елді мекенінің 1,5 гектар аумағына жеке кәсіпкер демеушілігімен саябақ салынды. «Үздік елді мекен», «Үздік көше» және «Үздік аула» номинациясы бойынша жүлдегер атанғандарға балалар ойын алаңшасы орнатылды. Бұл бағытта бюджеттен 37,5 млн теңге бөлінді.
2023 жылы аудандық тұрғын үй бөлімі арқылы үздік атанған елді мекендерге балалар ойын алаңшасын орнату, Ленгір қаласындағы Тәуелсіздік саябағын ағымдағы жөндеу, 1 мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасын табады.
2022 жылы Бірінші Мамыр ауылдық округінен құны 6,7 млн теңгені құрайтын «Халыққа қызмет көрсету кеңсесі» іске қосылды. 2023 жылы Ленгер қаласынан 4 авто машинаға арналған өрт сөндіру депосының (бекет) құрылысына 438,9 млн теңге, Бірінші Мамыр елді мекенінің бас жоспарына өзгертулермен түзетулер енгізуге 5,4 млн теңге. Біркөлік (757 га) және Қасқасу (300 га) елді мекендерінде орналасқан туристік-рекреациялық аймақ үшін егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуге 56,9 млн теңге қаржы қаралды.
2022 жылға 4 нысанның құрылысын жүргізуге 764 млн теңге қаржы қарастырылды.
– Ленгір қаласындағы 200 орындық №6 мектеп құрылысына 734 млн теңге;
– Ленгір қаласындағы 80 орындық оқушылар үйінің құрылысы 10 млн теңге;
– Зертас елді мекеніндегі Шомшақты орта мектебіне 150 орындық оқу блогы, асхана, шеберхана, спорт зал және әкімшілік бөлмелерінің құрылысына 10 млн теңге;
– Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық орта мектебінің құрылысына 10 млн теңге қаржы қаралды, нысандар құрылысы жалғасуда.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1 мектептің құрылысын жүргізуге 415 млн теңге, 1 мектепті күрделі жөндеуге 259 млн теңге қаржы бөлінді.
2023 жылы аудандық балалар музыкалық мектебіне қосымша ғимарат құрылысына 100 млн теңге, “Ауыл – ел бесігі” бойынша 1 мектепті күрделі жөндеуге 280 млн теңге қаржы қаралды.
Аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны 48,6 мың адам Жұмыспен қамтылғандар 46,2 мың адам. Жұмыссыздар саны 715 адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады. Жалпы әлеуметтік салаға 2023 жылы 2 млрд 483млн теңге қаржы қаралса, оның ішінде алеуметтік пакетке 75,4 млн теңге, атаулы әлеуметтік көмекке 455,7 млн теңге, қоғамдық жұмыстарға 579,6 млн теңге, жаңа бизнес–идеаларына арналған гранттарға 124,2 млн теңге, «Жастар практикасы», «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары жүзеге асуда.
2022 жылы Алғабас, Екпінді және Жамбыл елді мекендерінде фельдшерлік-акушерлік пункті құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. 2023 жылы Кеңесарық, Зертас, Жаңажол, Диханкөл елді мекендерінде 4 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысына, Аққұм елді мекенінде 1 дәрігерлік амбулатория құрылысына жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.
Былтырғы жылы аудан аумағында 994 мәдени іс-шарасы өткізілді. Аудан өнерпаздары облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардан 5 – бас жүлде, 4- І – орын, 7- ІІ – орын, 7- ІII – орындарды иеленді.
Қазіргі кезде, мәдени ошағы жоқ Аққұм және Киелітас ауылдық округтерінде ауылдық мәдениет үйлерінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Қайнар, Қаратөбе елді мекендеріндегі ауылдық клубтарын және аудандық мәдениет үйінің үлкен залын ағымдағы жөндеуге 23,4 млн теңге қаржы қаралды.
Былтырғы жылы ауданның 90 жылдығына, өткен аптада Төле бабаның 360 жылдығына орай, ұлттық спорттың 7 түрінен облыстық деңгейде «Көшпенділер ойыны» сайысы ұйымдастырылды. Спорт саласы бойынша 2022 жылы 130 іс-шара өткізілді.
Былтырғы жылы аудан жастары Әлем және Азия біріншіліктеріне қатысып, 8 жүлде, Халықаралық жарыстарда 31 жүлде, Республикалық жарыстарда 130 жүлде және облыс біріншіліктерінде 750 жүлдеге иеленді.
3 футбол және баскетбол алаңшалары орнатылып, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Бірінші Мамыр елді мекенінде заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенінің және футбол алаңшасының құрылысына Ұлттық қор есебінен қаржы қарастырылды.
Кешеннің құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Зертас елді мекенінен құны 517,8 млн теңгелік спорт кешендерінің жоба-сметалық құжаттамасының оң қорытындысы алынып қаржыландыруаға ұсынылды. Жалпы құны 926 млн теңгелік Көксәйек елді мекенінен кешенінің құрылысын бастауға 2023 жылға 350 млн теңге қаржы қарастырылды.
Ауданда ауыз су мәселесі өзекті болып тұр. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту бағытында қосымша бұлақ көздерін ашу, жер асты су қорларын зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Слайдта елді мекендердегі ауыз су абоненттерінің саны мен қажетті су мөлшері көрсетілген.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Кселл» АҚ арасында түзілген меморандумға сәйкес мемлекеттік – жеке меншік әріптестік аясында халық саны 250 тұрғыннан төмен 13 елді мекендеріне мачталық антенна орнату жұмыстары және 4 елді мекендеріне жаңғырту (модернизация) жұмыстары жүргізілуде. Ауданымыздағы 12 қала, ауылдық округ әкімі аппараттары опто -талшықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған. 67 мектеп (34 мектеп опто-талшықты желіге қосылған. 32 фельдшерлі амбулаторлы пунктілер интернет желісіне қосылған.
Қоғамдық орындарда қазір тегін wi-fi желісі 3 жерде қойылған. Ленгер қаласы Мәдениет үйі алаңында, Жастар саябағында және Тәуелсіздік саябағында. Интернет қызметінің жылдамдығы 30-40 Мбит/с-ты құрайды.
Төлеби ауданында 23 мекен-жайға 46 бейнекамера орнатылды. Ленгер қаласы-17 жерге 33 камера орнатылған, оның ішінде 7 камера көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына орнатылған.
Төлеби ауданында 4 елді мекенінде Зертас, Қасқасу, Қоғалы, Жоғарғы Ақсу «Қазақтелеком» АҚ-ның «eQoldau» терминалының интернет желісіне ашық қолжетімділік пункті іске қосылған.