Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жұмыс сапарымен Сызған ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде ауданда әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды. Округ әкімі Б.Жаппарқұлов биыл жүзеге асқан ірі жобалар мен атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Биыл Сызған ауылдық округінде кешенді даму жобалары қарқынды жүзеге асуда. Ағымдағы жылдың сәуір айында ұзындығы 13,3 шақырым болатын «КХ-110» бағытындағы Қозмолдаққа дейінгі облыстық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Қозмолдақ елді мекеніндегі футбол алаңшасы жаңартылып, қайта пайдалануға берілді. Сондай-ақ Қ.Тоқмұхамедов және Ж.Дәуітбаев көшелерінде ұзындығы 2,3 шақырым болатын жаңа аяқжол төселді. Балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін Қайнар, Қозмолдақ және Басбұлақ елді мекендерінде ойын алаңшалары орнатылды. Ал Қозмолдақтағы Қ.Рүстемов көшесінде ересектерге арналған воркаут алаңы салынды. «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Қайнар елді мекенінің Қайнар-Бұлақ, Ж.Әділбеков және Б.Әметшеев көшелеріне жалпы ұзындығы 7,9 шақырым асфальт төселіп, ауылішілік жолдардың сапасы жақсарды. Жұмыстар жалғасын табады.
Құрметті Жұмыс берушілер!
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30 «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңына...
























