Қазақстанда электр қуатының тапшылығы қазірдің өзінде әжептеуір сезіледі. Электр тоғын пайдаланғаны үшін төлейтін ақы тұрмысы орташа деген адамның өзінің қалтасын жұқартады. Тұрмыста электроника құралдарын пайдалануымыз да күннен күнге жиілеп барады. Тіпті май шайқаудың өзі электронды бұрынғыдай ешкім күбі күмпілдетіп жатпайды.
Алдағы бірнеше жылда жағдай нашарлауы мүмкін және энергия тұтынудың артуына байланысты, сондай-ақ генерациялаушы қуаттардың жоғары тозуына байланысты тапшылық облыстар мен ірі қалаларда тұрақты электр қуатының өшірілуіне әкелуі мүмкін.
Барлық генерацияның 70%-ға жуығын құрайтын көмір электр станциялары тозған жағдайда (шамамен 70%), оларды ауыстыру қомақты инвестиция мен уақытты қажет етеді. Осы тұрғыда энергиямен қамтамасыз етудегі дағдарыстың алдын алу үшін атом электр станциялары сияқты жаңа генерациялайтын қуаттарды салу маңыздырақ болып отыр.
Тіпті ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанға бірнеше атом электр станциясын салу қажет болуы мүмкін. Ғаламдағы елдердің көбі жылу электр станцияларынан бас тартып жатыр, өйткені оның экологиялық ахуалға тигізер зардабы орасан және климаттың жылынуына басты себепкердің бірі. Оның үстіне елімізде уранның мол қоры бар және оны өндіруден де алдамыз. Қолда бар дүниені неге пайдаланып қалмасқа?
Әсем Тұяқбаева – дәрігер.