Қазақстан халқының тілдері күні татулық пен тұрақтылықты, ынтымақ пен бірлікті ту еткен жүзден аса ұлттар мен ұлыстар мекен еткен егемен еліміз үшін маңызды мереке. Осыған дейін 22 қыркүйекте атап өтілген мерекенің 5 қыркүйекке ауысқандығы тарихи маңызға ие. Өйткені, атаулы күн қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ халқының тағдыры мен тілінің болашағы үшін күрескен, Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспас-тұс келуде. Тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мақсатында Жетісай ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Жетісай» мәдениет үйінде «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Жиынға аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есенкелді Алданиязов пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлын Сейдалиев, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ директоры Құрманбек Рысмаханов пен Түркістан облыстық тәжік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Сұлтанов, тіл жанашырлары мен аудан тұрғындары қатысты.
«Тіл – кез-келген ұлт пен халықтың, жалпы адамзаттың негізгі қатынас құралы. Тілсіз өмір сүру мүмкін емес. «Ұлтты жоям десең, әуелі тілінен баста» деген ойдың астарында терең мағына жатыр. Расымен халқымыздың, дініміз бен діліміздің негізгі түп қазығы, ол – біздің ана тіліміз. Тіліміз бен ұлтымыздың жойылмауының жолында қаншама жанның құрбан болғанын ескерсек, ана тіліміз бен ата дәстүрімізге салғырт қарауға ешбіріміздің құқығымыз жоқ екенін аңғарамыз. Ана тіліміздің дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген тіл жанашырларына алғысымыз ерекше. Ауданымызда тұратын ұлттар мен ұлыстардың, түрлі этнос өкілдерінің бірлігі мен ынтымағына дәнекер болып жүрген ақсақалдарымызға да өз ризашылығымды білдіремін. «Тілге құрмет – елге құрмет». Баршаңызды мемлекеттік тілді құрметтей отырып оны жетік үйренуге шақырамын» деді Есенкелді Әшірханұлы. Құттықтау сөз соңында бір топ тіл жанашырларына аудан әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Мерекелік жиын барысында аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының орындауында патриоттық әндер шырқалып, мың бұралған бишілер түрлі этнос өкілдерінің биін биледі. Көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бір топ тіл үйренушілер мен студенттер Алаш арыстарының ана тілі туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, жұршылықты рухани байытса, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы – Конституцияның 7 – бабында-елімізде қазақ тілі-мемлекеттік тіл болып табылады деп айтылған. Бұл ретте мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында онымен тең орыс тілі ресми түрде қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ Мемлекет “Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау туралы”қамқорлықты өзіне алады. Қазақстанда тілдердің қолданылуын реттейтін басқа құжат-1997 жылы қабылданған “Тіл туралы” заң. Онда, атап айтқанда, мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында әрекет ететін мемлекеттік басқару, заңнама, сот өндірісі және іс жүргізу тілі. Қазақ тілін меңгеру әрбір азаматтың парызы, ал тілдің өзі – қазақстандықтарды біріктірудің маңызды факторы болып табылады. Қазақстанда тілдерді дамыту үшін 2011 жылы Арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданды. 2020 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары “үйлесімді тіл саясатын”жүргізуді көздейді. Бірнеше бағыт бойынша бағдарлама жұмыс істейді. Олардың бірі – “мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау”, оның шеңберінде еліміздің барлық азаматтарының қазақ тілін меңгеру жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Тағы бір бағыт – “мемлекеттік тілді насихаттау және қолдану аясын кеңейту”. Бұл жерде, атап айтқанда, қоғамдық санада қазақ тілінің беделді бейнесін қалыптастыру және бекіту жоспарланған. Екінші жағынан, мемлекеттік тілге деген сұранысты арттыру міндеті тұр. Мысалы, бағдарламада БАҚ қызметкерлеріне”қоғамның тілдік мәдениетін тікелей қалыптастыратын адамдарға” деген міндетті тілдік біліктілік талаптарын енгізу жазылған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 1998 жылғы “тіл туралы” Жарлығымен, сондай-ақ 2001 жылғы 7 ақпандағы “Тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” Жарлығымен осы мемлекеттік бағдарламаны Қазақстан Үкіметі жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Оның негізгі қағидаттары:
— мемлекеттік басқаруда қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту; — мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеруі үшін қажетті жағдайлар жасау; – тілді оқыту және меңгеру бойынша жаңа технологиялар мен озық әдістерді енгізу; – іс жүргізудің мемлекеттік тілге және т. б. біртіндеп көшуін жүзеге асыру.
“Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде”,” қазақпен қазақ тілінде сөйлей берсін”,” ұлтты нығайтудың бірінші тетігі — бұл тіл”, “Ана тілі — біз үшін ана тілі, өйткені бұл бүкіл ұлттың тілі”. Бұл қанатты сөздердің авторы Елбасы Н. Ә. Назарбаев болып табылады, ол өзінің Қазақстан халқына Жолдауында “Мемлекеттік тіл — Қазақстанның барлық халқын біріктіретін тіл”деп атап өтті.
Тіл коммуникация мен Ой білдірудің маңызды құралы бола отырып, тіл адамның әлемді үнемі, белсенді игерудің және тәжірибені білімге айналдырудың құралы болып табылады. Бұл үдерістің негізінде адамдардың нақтылы қызметі жатыр, ол шындықты тұтас, жүйелі-мазмұндық тілдік интерпретациялау, әлемнің ерекше ақпараттық-тілдік көрінісін жасау. Қазақ терминологиясының қазіргі жай-күйі оның қалыптасу көздері туралы, Жеке терминдер мен терминологиялық жүйелердің құрылу уақыты туралы, номинацияның тәсілдері мен әдістері туралы түсінік береді. Әрбір ұлттық тілдің терминологиясы осы ұлт өкілдерінің практикалық және танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесі болып табылады, өйткені қоғамдық кәсіби қызметтің барлық салалары арнайы ұғымдардың атауларында көрініс табады. Осыған байланысты ғылым тілін зерттеу Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін алуына байланысты оның ғылымның түрлі салаларындағы рөлі мен функциялары да айтарлықтай өзгерді. Әсіресе, терминологиялық үдерістегі қазақ тілінің рөлі атап өтілді,яғни қазақ сөздері терминдер ретінде кеңінен қолданыла бастады. Халықаралық терминдер қазақ нұсқаларымен ауыстырылып, архаизмдер, пассивті сөздер және т. б. белсенділігі артты. Осылайша, қазақ термин білімі дамудың жаңа жолына айналды,өйткені ол тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы жаңа заман талабына сай болды.
Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс. Ол талай тарих сынынан өтті. Ғасырлардан — ғасырларға сүрінбей жетті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде саналады. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда. Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары, біздерге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат. Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі! Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.
Туған тіліңді қорғау – туған отаныңды қорғаудан да маңыздырақ. Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әйтеуір, азат етеріңе сенесің. Ал тілің жауланса — бітті. Басқа тілге көшіп, туған тілін ұмытқан және өз ата байлығына қайта оралуға мойны жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық рухын жоғалтып үлгерген, өзіңе түрі ғана ұқсайтын қандастарың жаудан бетер қарсыласады. Олардың үлкен бөлігінің ана тілін мойындамай, өзге тілдің мүддесін ашық түрде қолдауының арқасында ұлт жойылуға бет алады. Әлгі бейшара ұлт үшін бұған теңдес қасірет болмақ емес.
Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары, біздерге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат. Ана тілі қанның, қиылған жанның, толқытқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек. (С.Торайғыров). Бірақ қазақ тілі — тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл ортақ тіліміз екенін ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда тұратын оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтарының тілі.
«Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» деген Елбасымыздың сөзін есте сақтағанымыз дұрыс болар. Қазақ тілі өте бай, орамды, көркем тіл. Тіл арқылы өнер білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды сол тіл арқылы үйренеді. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан ана тілін білмей, ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес. Қазіргі жаңартылған бағдарлама талабына қарай үш тілдікті алға қойып отыр. Әрине, әр тілді меңгеру, әр тілде сөйлеу әркімнің арманы. Жеті түрлі ілім біл, жеті елдің тілін біл деген. Біздің мектебіміз аралас мектеп болса да мемлекеттік тілге деген құрмет өте жоғары. Тәуелсіздік алғалы бері қоғамдық қызу талқылаудың тақырыбына арналған басты мәселенің бірі — тіл мәртебесі. Тілі мен ділін ұмытқан ұлттың да болашағы бұлыңғыр екені анық. Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы — ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі — мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу — біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау — өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін 1993 жылғы Конституцияда бекітіп, 1997 жылы 11 шілдеде тәуелсіз Қазақстанның Тілдер туралы заңы қабылданды. Қазақтың тілі – қазақтың жаны. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Ал заманның ағымына қазақ тілін бейімдеу үшін латын қарпіне көшу қарқынды түрде жүзеге асып жатыр. Ендігі таңда қоғам алдында үлкен жауапкершілік тұр. Себебі бұл тұрғыда әрбір азамат мінез танытып, үлес қосуы маңызды. Қазақ тілі тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін әрбір азаматтардың тілі. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілін дамыту,оның қолдану аясын кеңейту, дамуы мен жетілуіне жан-жақты қамқор жасау бүгінгі күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселелердің бірі. Осындай мемлекеттік маңызды мәселені жүзеге асыру үшін арнайы қабылдаған бағдарлама мен іс-шараларды тұрақты түрде жүргізу, күнделікті жұмыс барысында мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бәрімізге ортақ міндет.