Аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен кезекті рет аппараттық мәжіліс өткізілді. Күн тәртібінде екі мәселе көтерілді. Алдымен Сайрам Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ақылбай Жақыпбеков Сайрам ауданында «Отбасының цифрлық картасы» АЖ-нің деректерін өзектендіру бойынша баяндады. Атап айтқанда, «Отбасының цифрлық картасы» АӘЖ-нің әл-ауқат деңгейі, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласының, ауыл шаруашылығы салаларындағы ОЦК деректерін өзектендіру нәтижелеріне жан-жақты талдау жүргізді. Бұдан бөлек, «Д» және «Е» санаттағы отбасылардың санын төмендету бойынша тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.
Бұдан кейін аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева Сайрам ауданының 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларының меморандум көрсеткіштерінің орындалуы туралы баяндама жасады. Әрбір бөлім бойынша 8 айдағы индикаторлардың орындалуына талдау жасап, көрсетілген нәтижелерге тоқталды. Басқосу барысында аудан басшысы аталған санаттағы азаматтардың деректерін өзектендіру бойынша ауылдық округтерде жұмысшы топтарының құрамы жасақталып, арнайы бекітілген мамандар жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды. Және кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері ауылдық округ әкімдерімен бірлесе мемлекеттік бюджет және жеке инвестиция есебінен жүргізіліп жатқан нысандардың статистикалық есептілігін (1КС, 1Инвест) тапсырылуын қамтамасыз етуді, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 3 тоқсанға жоспарланған мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуын бақылауға алуды, аудандық «Ветеринариялық қызметі» МКК-ның Сайрам аудандық филиалы қыркүйек айында Қарабұлақтағы Беккери шұңқырын пайдалануға тапсыруды, ал жыл соңына қалған 2 мал тоғыту орындарының құрылысын аяқтау қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, салалық бөлім басшыларына 9 ай қорытындысымен меморандумда бекітілген барлық индикатор жоспарының орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.Жиын соңында аудан әкімі Арман Сәбитұлы жауапты қызметкерлерге мал сою орындарына қатысты өзекті тақырыпты тағы бір пысықтады. Бұл мәселеге айрықша назар аудара отырып, нәтижелі жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты.
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. Реформаларымыз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделді. Бұл қағида – мемлекетіміздің басты тірегі. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік. Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті. Бәсеке жоғары болғандықтан сайлау нәтижесін алдын ала болжау мүмкін емес болды. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді деп есептеймін. Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды. Сондай-ақ ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты. Еліміздің жастары әрдайым менің айрықша назарымда екені баршаға мәлім. Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын. Өскелең ұрпақты ел ісіне баулу – өте маңызды мәселе. Олар қоғамға жаңа құндылықтар әкелуге тиіс. Сайлау кезінде жас кандидаттар бірігіп, өз тобын құрғаны белгілі. Осы одақтың белсенді мүшелері Парламентке және мәслихаттарға өтті. Осылайша өкілді билік тармағына саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатыр. Жастар мұны елімізді дамытуға берілген бірегей мүмкіндік деп бағалауы қажет. Сондай-ақ әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың Мәжіліске өтуіне жағдай жасалды. Саяси науқан қоғамдағы әрбір азамат Парламентке мүше бола алатынын және «әлеуметтік лифт» жұмыс істейтінін айқын аңғартты. Әділетті қоғамның қалыптасуы дегеніміз – осы! Біздің басты міндетіміздің бірі – жеке меншікті қорғау және нарықтың бәсекелі болуын қамтамасыз ету. Сол үшін сот және құқық қорғау жүйесіндегі реформаларды жалғастыру қажет. Мен еліміздің кәсіпкерлеріне үндеу жасағым келеді. Қазақстан – бәріміздің ортақ мекеніміз. Ендеше, қастерлі Отанымызды бірге өркендетейік, болашағымызды бірге құрайық. Мен Президент ретінде сіздерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетініне кепілдік беремін. Жалпы алдағы бесжылдық шағын және орта бизнесті қолдауға арналуы керек. тҰлттық жобалар уақтылы және сапалы жүзеге асырылуға тиіс. Бюджеттің әрбір тиыны тиімді жұмсалуы керек. Осының бәріне парламенттік бақылау жасау айрықша маңызды. Өздеріңізге дауыс берген азаматтар үлкен үміт күтіп, сенім артып отыр. Депутаттар билік пен қоғамның әріптестігін нығайтуға үлес қосуы қажет. Бұл жұмыс «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орнықтыруға септігін тигізеді. Әсіресе сайлауда жеңіске жеткен Amanat партиясы осы жұмысқа белсене атсалысады деп сенемін. Партияның тәжірибесі мол, қоғам тарапынан жан-жақты қолдау бар. Сондықтан Amanat партиясы алдағы өзгерістердің бел ортасында болады деп үміттенемін. Еліміздің негізгі басымдықтарын баршаңыз жақсы білесіздер. Бұл – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру. Сол арқылы тамыры тереңде жатқан мемлекеттілік дәстүрімізді нығайта түсу. Осы орайда мен Парламенттің алдағы жұмысы туралы ойымды ортаға салғым келеді” деді Президент. Демек, Мемлекет басшысының осы тапсырмалрын біз жергілік атқарушы органдар орындауымыз керек – деді Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов.