4 қазан 2024 жылы Қызылсенгір ауылындағы Балайым балабақшасында маңызды жиын өтті. Сарапшы Қурбанбав Садық жиынға қатысып, балабақша ұжымына Атом электр станциясы (АЭС) салу жөнінде кең көлемде ақпарат берді. АЭС салудың елдің болашағына тигізетін әсері туралы өз ойларымен бөлісті. Балабақша ұжымы білім беру мен ауылдың дамуына оң ықпал ететін бастамаларды қолдайтынын білдірді, сонымен қатар, жас ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды талап етті. Жиын барысында АЭС салудың маңыздылығы, ел экономикасына, экологиясына әсері, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарының ашылуы туралы сөз қозғалды. Атом электр станциялары – біздің дамуымыз, болашағымыз! Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Барлығыңыз дауыстарыңыз маңызды деді.