Аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша Ақсукент ауыл округінің әкімі Мади Нұрлыбаев Ақсукент ауыл округінің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндады.
Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың сандық көрсеткіштеріне тоқталды. Одан бөлек, Ақсу ауылы, Абылайхан көшесі бойында белгiленбеген орындарда сауда жасаушы азаматтармен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілгені жөнінде баяндады. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық саладан бөлек, алдағы уақытта қай өңірлерде құрылыс жоспарланып жатқанын жеткізді. Келесі кезекте аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Баймырза Бейсембаев аудан аумағындағы жол саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелерге тоқталды. Соның ішінде, облыстық маңызы бар КХ-3 Көксәйек-Ақсу, Шаян-Мыңбұлақ жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол бойындағы инфрақұрылым жүйелерін жылжыту қажеттігін айтты. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы қозғалған мәселелерге қатысты бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеп, жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін жеткізді.
Жиында аудан әкімі Арман Сәбитов: Мемлекет башысы «Реформаларымыз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделді. Бұл қағида – мемлекетіміздің басты тірегі” деген болатын. «Әділетті Қазақстанды құру – елдегі ауқымды реформалардың темірқазығы. Біз осы жолдан таймаймыз. Оң өзгерістер қоғамның үмітін оятты. Халқымыз Президенттің төңірегіне топтасып отыр. Азаматтарымыз таңдаған жолымыздың дұрыстығына көз жеткізіп, өткен конституциялық референдумда, Президент сайлауында толық сенім білдірді. Осы уақыт ішінде біз ұлт мүддесіне, ел тағдырына келгенде біріге алатынымызды талай мәрте дәлелдедік. Алдағы уақытта да дәлелдей береміз. Ертеңгі референдумда да осы сенімнің үдесінен шығамыз деп ойлаймын. Өйткені, бұл үміт пен сенімнің артында мемлекетіміздің болашағы тұр. Осы жолда халқымызбен бірге депутаттар да бар күш-жігерін жұмсауы керек. Өйткені, Президент бастамаларын, реформаларын табысты іске асыру – барлығымыздың ортақ жауапкершілігіміз», – деді ол. «Өтпелі кезеңдегі барлық қиындықты еңсеріп, орнықты даму жолына түстік. Ендігі мақсат – осындай табыстарды еселеп, жаңа белестерді бағындыра беру. Әйгілі француз ойшылы Жан-Жак Руссо «Мықты мемлекет қана өз азаматтарының еркіндігін қамтамасыз ете алады» деген екен. Халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту үшін Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыруымыз керек. Бұл ретте «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстануымыз қажет» деді Президент. Ендеше Мемлекет басшысы тапсырған үделерден бірге шығумыз керек” деді аудан әкімі А.Сәбитұлы