Түркі халықтарының дәстүрі мен өнерін, ептілігі мен тектілігін, бірлігі мен ерлігін паш ететін көкпар ұлттық спортын дәріптеп жүрген қазығұрттық шабандоздар бүгінгі жалпыхалықтық референдумға арнайы қатысып, өздерінің таңдауларын жасады.
Ұлттық спортты серік етіп жүрген жігіттер елімізде өтіп жатқан саяси науқанға бір кісідей қатысып қайтпақ ниетте атқа қонған. Саптама етік киіп, тобылғы қамшы ұстаған олар өз таңдауларын жасады.
Атадан қалған дәстүрді жалғап, ат баптау, көкпар тарту секілді ұлттық спорт ойындарын кеңінен дәріптеп, көкпар ұлттық ойынында көптеген жетістікке жеткен аға буын өкілдері өз үзеңгілестерін ертіп келіп, еліміздің болашағы үшін маңызды науқанда белсенділік танытты.
Сонымен қатар, барша Қазығұрт жұртшылығын осынау маңызды науқанға белсене қатысуға шақырды.