Түркістанда «Харекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «SEN» форумы өткен болатын. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында әрі қасиетті Рамазан айында өткізіліп жатқан форум отбасы құндылығына бағытталған. Жиынға түрлі саладағы елге танымал, іскер әйелдер қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Форум аясында жалғызбасты ана Мунира Пазылбековаға баспана кілті табысталды. Бүгінде ол мүмкіндігі шектеулі екі қыз тәрбиелеп отыр. Шаңырақ күні әрі Рамазан айында жаңа баспанаға ие болған отбасы ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді. Бұл «Харекет» қайырымдылық қорының мұқтаж отбасыларға берген 1113-баспанасы.