Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына (Концепция) сәйкес, ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі негізгі индикаторлық көрсеткіш саналатын ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау тапсырмасы бойынша 2024 жылға 133 бірлік техника сатып алу көзделсе меже 1,5 есегеге артық орындалды. Яғни, 206 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жаңадан сатып алынды. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңадан сатып алу есебінен агроөнеркәсіптік кешен саласының негізгі капиталына 3,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған.
Қазіргі таңда ауданда жалпы ауыл шаруашылығы техникасы, яғни машина-техника паркі 35 пайызға жаңартылды. Аталған көрсеткіш бойынша өткен 2023 жылдың қорытындысымен облыстық «Алтын күз-2023» мерекесінде Шардара ауданы «Ауыл шаруашылығытехникаларын жаңалау» номинациясы бойынша үздік аудан атанған. Жалпы ауданда 1589 дана доңғалықты а/ш техникалар бар. Оның 127 данасы шынжыр табанды, 35 данасы астық ору комбайндары және 152 данасы әр түрлі маркадағы мақта теру комбайндары.
үркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы да әзірленді. Онда ауыл шаруашылығы саласын негізгі 6 бағытты дамытуға басымдылық берілді. Тұжырымдама аясында 2027 жылға дейін жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін 2 есе, салаға тартылатын жеке инвестициялар көлемін 6 есеге ұлғайту, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,3 есеге ұлғайту міндеттері қарастырылған. Осыған орай жыл басында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен алқалы жиын өткені белгілі. Оған ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, инвесторлар мен ғалымдар қатысып, тұжырымдаманы кеңінен талқылады. Жобаның Түркістан облысының ауылдарында кооперативтік қозғалысты дамытуға серпін беретіндігі атап көрсетілді. Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 5 жылға арналған тұжырымдамасы агроөнеркәсіптік кешенді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын нығайтуға және саланың экспорттық бағдарын күшейтуге мүмкіндік береді.
2024 жылы 57 800 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда. Жыл басынан бері 3,2 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады. Биылғы жылы тамшылатып суғару әдісі 1500 гектарға, жаңбырлатып суғару әдісін 150 гектарға енгізу жоспарлануда. Ауданда 302 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда «Ислам Даму» банкінен 17,4 миллиард теңге қаржы қарастырылған. (2019 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады). «АУЫЛ – АМАНАТЫ» жобасына Қоссейіт, Ұзын ата, Ақшеңгелді, Достық ауыл округтері енген. Ауылдарда 4 ауыл шаруашылығы өндірістік коорпоративі құрылып, жобаларды несиелендіруге құжаттар рәсімделуде.Оның ішінде: Құс шаруашылығын дамыту, су үнемдеу технологиясын ендіру, құрама жем өндіру және қайта өңдеу бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Шардара ауданы – Түркістан облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі аумақтық-әкімшілік бөлік. Шардара ауданы 1964 жылы 31 желтоқсанда құрылып, Сарыағаш ауданына қарасты Абай, Ақтөбе, Ленин жолы, Чапаев; Қызылқұм ауданының Шардара, Жаңашардара ауылдық кеңестерi мен Сырдария кенті құрамына енді. Орталығы алғашында Абай ауылы болды. 1968 жылы 9 тамызда Сырдария кентіне Шардара атауымен қала мәртебесі берілген. Бүгінде Шардара ауданы – бүгінде экономикалық өркендеген аймақ.
2024 жылдың 3 айының қорытындысымен жергілікті бюджетке 1,29 миллиард теңге түсіп, жоспар 144,5% орындалды. Шығыстар бойынша жоспардағы 1,7 миллард теңгенің 99,9% игерілді. (үнемделген қаржылар). Өзіңіздің жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту туралы тапсырмаңызға сәйкес, кешегі күнгі мәслихат сессиясында жергілікті бюджет түсімдері 577,0 миллион теңгеге ұлғайтылған. 2024 жылдың 3 айының қорытындысымен 6,5 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. (нақты көлем индексі 91,9 пайыз, себебі ГЭС аз өнім шығарған) Бұлар негізінен балық өңдеу, мақта және күріш өңдеу, электр энергиясын өндіру кәсіпорындарының көрсеткіштері. 2024 жылдың 3 айының қорытындысымен негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 4,7 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі – 106,6 пайызға орындалды.
Ауданға жеке кәсіпкерлер есебінен инвестиция тарту бағытында жыл аяғына дейін жалпы құны 10 миллиард теңгені құрайтын 15 жобаны іске асырылады деп жоспарлануда. 195 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген.2024 жылдың алғашқы 3 айлығында құрылыс жұмыстарының көлемі 2 миллиард 285 миллион теңгені, нақты көлем индексі 106,3% құрады. 2022 жылдан 2024 жылға өтпелі 1 миллиард 40 миллион теңгені құрайтын 6 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, оның 5-і пайдалануға берілсе, 1 нысан 2024 жылға өтпелі болды. Есепті мерзімде 9000 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 103,4% құрады. Шардара ауданындағы 23 елді мекеннің 18 елді мекені ауыз сумен қамтылған. Халықтың ауыз сумен қамтылу деңгейі 95,97%. 5 елді (Құйған, Бағыскөл, Қуанқұдық, Бозай, Бимырза) мекеннің халық санының аздығына және ауыл округтерінен шалғай орналасуына байланысты экономикалық жағынан тиімсіз болып танылған. Бозай мен Бағыскөл елді мекендер тізімінен алуға ұсыныс берілуде. Қалған 3 елді мекенге ауыз су қондырғысы (кешенді модульды блок) биыл орнатылады. (Энергетика басқармасы тарапынан орнатылады). Бүгінде Ұлттық қор есебінен «Қызылқұм» ауылының ауыз су беру торабы құрылысы» жүргізілуде. Жоба құны 348,1 миллион теңге. Жоба бойынша тереңдігі 1020 метр ұңғымасын бұрғылау қарастырылған. Мердігер тарапынан 5 рет бұрғылау жұмыстары сәтсіз жүргізілуіне байланысты, 6 рет жаңа нүктеден қайта бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, 1020 мерт деңгейге жетті.
Мамыр айында толығымен аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде, аудан тұрғындарының 97 пайызы таза ауыз сумен қамтылатын болады. Өзіңізге белгілі, Шардара қаласының тұрғындары ауыз суды Шардара су қоймасынан ашық көзден пайдаланады. Жылдың шілде-қыркүйек айларында су қоймадағы судың деңгейі төмендеп, сапасы мүлдем нашарлайды. Мәселені шешу үшін Шардара қаласынан 30 шақырым қашықтықта, құмның ішінде орналасқан су қоры жеткілікті, су сапасы сынақтан өткен, «Тама» ұңғымасы жер асты суы анықталды. Жергілікті бюджет есебінен 30 миллион теңгеге ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттама) мен ТЭН (техника экономикалық негіздеме) дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Бүгінгі таңда қаржыландыру үшін салалық басқармаларға ұсынылған.
Аудандағы ауылдық округтерге қарасты 23 елді мекеннің
10 елді мекені және Шардара қаласына қарасты 15 шағын ауданы толығымен табиғи газ жүйелерімен қамтылған Қазіргі таңда халықтың қамтылуы 94,0 пайыз. Бүгінгі таңға ЖШардара ауданы Жаушықұм ауылында табиғи газбен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде аудан халқының 97,1% табиғи газбен қамтылады. (Айдаркөл Қашар, Жоласар, Баспанды, Қуан құдық, Құйған, Бимырза шалғай елді мекендер болуына байланысты ауданды газбен қамту 100 пайыз ету экономикалық жағынан тиімсіз). Шардара қаласы тұрғындарының 27% кәріз жүйелерімен қамтылған Қолданыстағы канализция желісінің ұзындығы 36 шақырым. Шардара қаласын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында құны 906,9 миллион теңгені (РБ, ОБ) құрайтын қаланың Қызылжар, Майқала, Абай, Ақбала шағын аудандарының кәріз жүйелерінің құрылысы толық аяқталған. Қазіргі таңда құрылыс барысында бұзылған автомобиль жолдарды және аяқ жолдарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Нысан мамыр айында пайдалануға берілетін болады.
Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 719,5 шақырым. Биылғы жылы аудандық бюджеттен 206,6 миллион теңгеге 12 көше және «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы 568,5 миллион теңгеге 14 көше асфальттау жоспарлануда.Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы көшелердің үлесі 90,2 пайызды құдайтын болады. 2024 жылдың 3 айында аз қамтылған 295 отбасыға немесе 1 894 адамға 54,0 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек (АСП) және кепілдендірілген әлеуметтік пакет төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар 2023 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3 176 адамнан 1 894 адамға немесе 59,6 пайызға төмендеді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында есепті кезеңде 819 азамат жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасы аясында 97 жаңа жұмыс орындары ашылды. Шардара ауданы бойынша 31 мектепте 19216 оқушы бар. Мектепке дейінгі 41 ұйымдарда 4655 бүлдіршін тәрбиеленуде. 2023 жылы «Шардара мектеп-лицейі» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 254,9 миллион теңге қаржы қаралып, пайдалануға берілген. 30 мектептің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 78,0 миллион теңге қаржы қаралып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 2023-2025 жылдары аралығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданда 2 мектептің құрылысын жүргізу қолға алынған. Жобаға сәйкес, 1500 оқушы заман талабына сай мектеппен қамтылады. 2024 жылы Көксу ауылындағы Т. Айбергенов мектебін күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 879,5 миллион теңгеге ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Конкурс нәтижесі бойынша “Vek-Stroy-Com” ЖШС-гі жеңімпаз атанып, келісім шарт түзілуде. Нысан 2025 жылға өтпелі.
Спорт саласы бойынша 2024 жылдың 3 айлығында республикалық және халықаралық жарыстарға қатысқан Шардара ауданының спортшылары төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді. Шардара ауданына қарасты 11 мәдениет мекемелері және 1 тілдерді оқыту және дамыту орталығы халыққа қызмет көрсетеді. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылға Қызылқұм ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстарына 200,0 миллион теңге қаржы бөлінді.