Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Шардара ауданына жұмыс сапарымен келіп, аймақтың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған нысандардың құрылысымен танысты. Аудан әкімі Арман Карсыбаев аудандағы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, күн тәртібіндегі түйткілдерді саралады.
З.Жолдасов Шардара су қоймасының құрылысын қарап, жұмысымен танысты. Сондай-ақ, қаладағы 4- шағын аудандағы саябақ, емханаға баратын жаңа жол және өзге де абаттандыру нысандарын аралады. Сонымен қатар, Шардара қаласының басты мәселесіне айналған ауыз су бас су торабына барып, түйіткілдің шешу жолдарын талқылады.Осы ретте жауапты мамандарға мәселені шешу жолдарын жан-жақты анықтауды тапсырып, облыс деңгейінде сараланатынын жеткізді.
Су – жер бетіндегі тіршілік көзі, күнделікті тұрмысқа қолданылатын ауыз су көзінің тазалығына, оның сапасына аса көңіл бөгеніміз абзал. Су – біртұтас бөлінбейтін зат. Ол сутек пен оттектен тұрады. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Су адам денсаулығының кепілі екені рас. Қоғамдық өндірістің жедел дамуы, қалалардың урбанизациясы, халық санының тез өсуі, қоғамның тұрмыс жағдайының жақсаруы, халықтың мәдени деңгейінің өсуі, осының бәрі-судың қажеттілігін өсіреді. Сондықтан қолданылатын су экологиялық жағынан қауіпсіз болуы керек. Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда ғана өзінің физиологиялық қызметін орындай алады. Тазалығы жөнінен су мөлдір, иісі, дәмі жоқ болып, ең бастысы құрамында ағза үшін зиянды химиялық заттар және ауру туғызатын микробтар болмауы тиіс. Сонымен қатар адам үшін судағы еріген химиялық заттардың құрамы мен мөлшерінің мәні зор. Химиялық элементтердің мөлшеріне қарай кейбір су көздерінің емдік қасиеттері де бар. Суды емдеу орындарында екі түрлі жолмен ауыз суы ретінде және шомылатын су ретінде пайдаланады. Табиғатта судың орнын ауыстыратын зат жоқ. Су-тіршілік көзі, су-өмір. Су құрамын анықтау үшін ҚР ҮЭМ 2016 жылғы 6 маусымдағы №239 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес су жинау орны және су тазарту қондырғыларының сенімгерлікке алған жеке кәсіпкерлері келісім-шартқа отырып, тоқсаныға 1 рет ауыз суға сынама алынып, оларға толық химиялық-физикалық зерттеулер жүргізіледі. Атап айтқанда иісіне, дәміне, түстілігіне, лайлығына, сутектік көрсеткішіне, қалдық хлорға, сульфат, хлорид, нитрат иондарына, ауыр металл тұздарына, т.б. химиялық элементтер құрамына қаралады.
«Су — тіршілік көзі». Әрине, адам баласының күнделікті тіршілігін сусыз елестету мүмкін емес. « Су… Сенің түсің де, иісің де, дәмің де жоқ. Сондықтан сені суреттеу мүмкін емес. Бірақ сен адамға рақат сыйлайсың. Сені тіршілікке қажет деп айту аздық етеді. Сен тіршіліктің өзісің!» -деген екен Антуан де Сент-Экзюпери. Су адам өмірінде алатын орны ерекше. Бұл таңқаларлық жайт емес, себебі адам ағзасының 70 пайызын су құрайды. Жер бетіндегі тіршіліктің өзі суда пайда болған деседі.Біздің планетамыздың үштен төрт бөлігін су алып жатыр.Барлық теңіздер мен мұхыттардағы судың көлемінің өзі миллиондаған куб шақырымға жетеді. Егер мұхиттар орта есеппен 4 шақырым, ал кей жерлерінде 11 шақырым төмен орналаспаса, онда жер бетін 3,5 шақырым биіктікте су алып жатар еді дейді ғалымдар. Мұхиттағы сулар әрқашан таза болып, оттегі алмасып тұруы тиіс. Үлкен су қоймаларындағы сулар бұзылмас үшін, судың құрамының 3-4 пайызы тұзды болады.Бұл оны бұзылудан сақтайды. Мұхиттағы су –тұзды су.Адамға шаруашылық және ауыз суды тұтынуына тек қана тұщы су қажет.Жылдан жылға тұщы суды қолдану қажеттілігі артып келеді. Үлкен қаланың әрбір тұрғынына күніне тұтынуға бірнеше жүздеген литр су қажет. Таза тұщы су адамға ішуге, ас әзірлеуге, ыдыс-аяқ , киім- кешек жууға, үй тазалауға, бақша егуге, жуынуға, өсімдік өсіруге т.б.тұрмыс әрекеттерінде қолдануға болады.Жұмыс істеу үшін зауыт пен фабрикаларға да көп мөлшерде тұщы су қажет екендігі де анықталған. Егіс далаларын суару үшін де аз су кетпейді. Өзектілігі: Дүние жүзінің ¾ бөлігін су алып жатыр. Су – баға жатпес табиғат байлығы. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол зат алмасу процесінде шешуші роль атқарады. Ал зат алмасу процесі- барлық органикалық өмірдің негізгі екені белгілі. Жер бетіндегі барлық судың 3 пайыздан аз бөлігі ғана тұщы суды құрайды. Жер бетіндегі тұщы су қорының 97 пайызы Антарктида, Гренландия және полюстер мен таудағы мұздықтар үлесіне тиеді. Құрлықтың тек 3 пайызын көлдер мен өзендер алып жатыр.Егер барлық тұщы су полярлық мұздықтар мен мұздарда, адам аяғы тимейтін жерлерде жатыр деп санайтын болсақ, онда өзендер мен көлдерді қастерлеп, кірленуіне жол бермеуіміз керек.
Су-тіршілік көзі. Тірлігі оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін бактериялар бар,бірақ сусыз өмір сүретін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесінің 50-90 пайызы судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 килограммға кемісе, адам өледі. Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды. Су- табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің 2/3 бөлігін су қабаты алып жатыр. Судың тағы бір кереметі оның су қабаты, ауа қабаты, құрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі. Судың тағы бір қасиеті –жақсы еріткіш. Ас тұзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минерал заттарын ерітеді. Бұдан судың физикалық қасиеті өзгереді. Дәм және иіс пайда болады,жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне байланысты. Ішуге жарамды судың 1 литрінде 2-20 грамм еріген тұздары болады. Ол адам ағзасына пайдалы әр түрлі сырқаттардан айығуға жәрдемдеседі. Ондай суларды шипалы сулар дейміз.
Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан тұрады.Адам ағзасының құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді. Су-тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, ағыл- тегіл терлетеді,қалжыратады.
Су- ұлы саяхатшы. Ол бір орнында отырғанды ұнатпайды.Жер бетіндегі су айналымы да – ғажайып. Су ауа қысымы өзгере қалса, сапарға аттануға әзір тұрады. Су айналымы үздіксіз жүріп тұрады. Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Ол күннің жылуы ауада көрінбейтін газға айналдырған кезден басталады.Бұл газ су буы деп аталады. Су буы жоғары көтеріліп,суиды және су тамшыларына айналады. Осы тамшылардың жиналып бірігуінен бұлт түзіледі. Жел оларды айдайды. Бұлттардан су жаңбыр, қар жерге жаңбыр күйінде түскен су өзендер мен тоғандарға қосылады жəне жерге сіңеді. , бұршақ болып жерге түседі. Ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы).
Су бірде қарға, бірде мұзға айналып, кейпін өзгертіп отырады.Бұл судың түрлі қалыпқа ене алатынын көрсете алады. Ол бірде сұйық, бірде газ түрінде, бірде қатты күйде болады. Сұйық күйде судың молекулалары онша тығыз бірікпегендіктен, қалаған жағына аға алады. Ол кез келген ыдысқа немесе тереңдікте орналаса алады. Сондықтан жаңбырдан кейін асфальт пен жер бетінде шалшықтар пайда болады. Бұған қарапайым тәжірибе жасадым. Түрлі көлемдегі үш ыдыс алып, суды үшеуіне кезекпен құйып шықтым. Сол кезде судың ыдыстың көлеміне қарай түрлі көлемге енетіне көзім жетті. Қатты суық түсіп, мұз немесе қарға айналғанда, су қатты күйге енеді. Тоңазытқышқа шыны бөтелкемен су қойдым. Мұз болып қатып, бөтелке сынып кетті. Соның арқасында су қатқан кезде бұрынғы қалпына қарағанда көлемі ұлғаятынын білдім. Өзге сұйық заттарға қарағанда осы қасиетімен ерекшеленеді.Қатып жатқан мұзды жылы жерге әкелсе, от ериді. Қарды қолға ұстаса, ол да еріп, молекулалардың тәртібі бұзылып, су қайтадан сұйық қалпына келеді.
Газ тәрізді күйге су қыздырған кезде айналады. Мұндай күйде будың молекулалары бір-бірінен алыс орналасатындықтан, олар тез тарайды. Бу жеңіл болып көрінеді. Бірақ оның күші паровоздар мен кемелерді қозғалысқа келтіреді. Сонан кейін бу күшінің орнын қуат күші алмастыра алады. Судың мұндай күйлерін біз жыл бойы, яғни тұман, шық, қырау, бұршақ, қар түскенде кездестіреміз. Су климат пен ауа райының өзгеруіне тікелей әсер етеді судың қорына байланысты әрбір аймақтың климаты да өзгеріп отырады. Мұны теңіздер мен көлдердің деңгейінің өзгеруіне байланысты ауа райының өзгеруінен байқауға болады. Судың булануына көп жылу қажет. Су қатқан кезде ол осы жылуды қайтарады.Су баяу қызып, баяу суиды. Су жерді құрғап кетуден сақтайды. Сонымен қатар, судың буы ауада Жердің жылуын ұстап, оның ғарышқа ұшып кетуіне жол бермейді. Сонымен су планетадағы температураның өзгеруін реттеп отырады.
Су – тіршілік көзі. Сусыз жан-жануарлар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды. Тамақсыз бірнеше апта өмір сүре алатын адамдар сусыз қалса, бірнеше тәуліктен соң өліп кетеді. Мамандардың айтуынша, ауыз суының ішінде табиғаттағы таза бұлақтың суынан пайдалы сусын жоқ. Ауыз суы мөлдір, бөтен иісі жоқ, дәмі жағымды, салқын (бірақ тым суық болмасын), денсаулыққа зиянды қоспасыз болуға тиіс. Ауыз су тазалығы- денсаулық кепілі. Ауа райы өте ысыған кезде (температура 35-40 С-ға жеткенде), адамдар мен жануарлар денедегі судың азаюйын ауыр сезінеді. Бұл жағдайда организмге керекті су мөлшері 2-3 есе өседі. Судың организмге жетпеуі ас қорыту процесінің бұзылуына, қандағы судың азаюын әкеліп соқтырады. Әртүрлі жұқпалы аурулардың басым көпшілігі ауа, тамақ, ауыз су арқылы жұғады. Себебі, ауыз су уланса, халық қырылады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, адамзат ауруының 90 пайызы сапасыз судың салдарынан туындайды екен. Жасуша ағзасына қорек заттарды (дәрумендер мен минерал тұздары) жеткізетін де, ағзаны лас заттардан тазартатын да — осы су. Одан басқа су тыныс алу мен жылу реттеу процестеріне де қатысады. Себебі, ауыз су уланса, халық қырылады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, адамзат ауруының 90 пайызы сапасыз судың салдарынан туындайды екен. Сондықтан таза емес ауыз суды пайдалану қауіпті: түрлі микроағзалардан тұратын су кейде оба, тырысқақ, гепатит секілді жаман ауруларға шалдықтыратыны белгілі. Жердегі барлық судың 97,2 пайызы ішуге жарамсыз! Шикі суды, әсіресе құдықтардың, өзендердің, тоғандардың, көлдердің суын ішпеген дұрыс. Ауыз суының ең залалсызы – қайнаған су.
Табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді, мақсатқа жетуге көмектеседі. Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.
Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.
Қажетті мөлшерде су ішпегенде:
Мидың жұмыс істеуі баяулайды.
Қан қоюланады.
Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.
Нәжіс сары түсті болады.
Іш қатуына (запор) себеп болады.
Су жетіспегенде:
Бас ауырады
Бас айналады.
Шаршау, әлсіздік пайда болады.
Ойдың тынықтығы бұзылады.
Тәбетсіздік туады.
Биік жерлерде, ауа ыстық қапырық болса, тұмау болса, дене қызуы артса ішетін су мөлшерінің көбірек болғаны жөн. Судың ластығы ағзада бірден сезілмейді, жылдар өте келе әр жеріңіз ауыратын болады. Ендеше, өзіңіздің және ұрпағыңыздың дені сау болсын десеңіз, таза су ішіңіздер деп айтар едім. Біздің үйіміздегі су ағатын шүмектегі ағытқанымымзда, одан құйылатын су бізге жеткенге дейін белгілі бір ұзақ және қиын жол арқылы өтеді. Су жаңбыр түрінде жауған кезде, бұл ішуге жарамды сапалы су. Бірақ жаңбыр жерге сіңгенде, ол топырақтың элементтерін сіңіреді.Жаңбыр суы жауу жолында түрлі элементтермен нәрленеді: кальций, магний, көміртек, кремний, күкірт. Бүкіл әлемде ауыз суды құдықтардан, су қоймаларынан, бұрғылау скважиналарынан немесе жер асты су бұлақтарының көздерінен алады. Жергілікті топырақтың құрамында бар элементтер осы суда еріген. Топырақтың құрамына қарай ауыз судың да дәмі әр жерде әртүрлі болады. Жер асты су көздерінен немесе су қоймаларынан алынатын су алдымен тазартылады. Алдымен ірі және ұсақ қатты бөліктерден тазартады. Оның құрамынан лай мен микробтар кетіріледі.Содан кейін суға дезинфекция жасау арқылы ондағы микроағзаларды өлтіреді. Ол үшін алдымен суды хлорлайды. Хлор улы газ болғандықтан дезинфекция жасау үшін аздаған мөлшерде ғана қосады. Әдетте 1 литр суға 0,002 грамм хлор салынады