Аудан әкімі Арман Сәбитовтің тұрғындармен кезекті есептік кездесуі Құтарыс ауылдық округінде өтті. Тұрғындармен кездесуде алдымен Құтарыс ауылдық округі әкімі Мырзахан Керімбековпен және жауапты тұлғалармен дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылыс жұмыстарын талқылады.
Медициналық нысанның құрылыс жұмыстары «AK-KAZ-SAPA» ЖШС техникалық қадағалауындағы «Строительная компания EMAAR» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан жүргізілуде. Жалпы алаңы 0,3 га салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның жөндеу жұмыстары 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Бұдан соң аудан басшысы, тиісті тұлғалар мен ауылдық округ тұрғындары Құтарыс ауылдық пошта байланысы ғимаратының жөндеу жұмыстарына қатысты өз ойларын ортаға салды. Жалпы алаңы 70 КВ м2-ді құрайтын аталмыш орталық 0,30 га жер аумағында орналасқан. Сайрам аудандық «Қазпошта» байланыс торабының теңгеріміне тиесілі орында 2 қызметкер жұмыс істейді. Кездесу барысында аудан басшысы аталған ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме тарапынан жүргізу бойынша қажетті шаралар қарастырылатынын айтты. Сондай-ақ, кездесу барысында Арман Сәбитұлы төтеншеліктерге бірқатар тапсырмалар берді.
Атап айтқанда, Ақарыс ауылындағы тұрғын үйлер маңынан өтетін су басу қаупі бар аумақтардағы Арыс өзенінің арнасын бұру бойынша облыстық тиісті мекемелермен бірлесе, нақты жұмыстар атқару қажеттігін тапсырды. Бұдан бөлек, Қызылжар ауылы тұрғындарының өтінішіне сәйкес, Арыс өзенінің арнасын бұрып, қазылған аумақты ағын сумен қамту жұмыстарын жүргізуді жүктеді.
Қазақстанда «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру: Ұлттық құрылыстың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы қарқынды саяси өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Саяси модернизацияның тұжырымдамалық фрейміне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделі арқау болды. «Құлақ асатын мемлекет» — бұл үкіметтің азаматтармен өзара әрекеттесу, оларды толғандыратын мәселелер мен қажеттіліктерін түсіну бойынша белсенді күш-жігеріне баса назар аударатын мемлекеттік саясат тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама үкімет пен қоғам арасындағы ашық әрі айқын байланыс арналарын құруды көздеп, шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесінде азаматтардың дауысын естуге және ескеруге бағытталған. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері. «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» негізгі компоненттері: Ашық байланыс арналары. «Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» Үкімет азаматтарға ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді және ыңғайлы платформалар ұсынады. Бұл сандық платформалар және қоғамдық жиналыстар сияқты құралдар арқылы немесе т.б. жүзеге асырылуы мүмкін. Белсенді өзара әрекеттесу. Мемлекет азаматтардың наразылығын күтпей, олармен араласу мүмкіндіктерін белсенді түрде іздейді. Бұл әртүрлі дауыстарды тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір қауымдастықтарға немесе қызығушылық топтарына жүгінуді қамтуы мүмкін. Шешімдерді ашық қабылдау. Мемлекет азаматтардың саясаттың қалай тұжырымдалатынын және жүзеге асырылатынын түсінуін қамтамасыз ете отырып, шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын көрсетеді. Мұндай ашықтық мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға көмектеседі. Кері байланыстың «ілмектері». Азаматтарға олардың үлестері саяси шешімдерге қалай әсер еткені туралы кері байланыс тетіктерін құру өте маңызды. Бұл олардың дауыстары бағаланатынын және байыпты қабылданатынын көрсетуге көмектеседі.