Аудан әкімі Арман Сәбитов Қарамұрт ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жол жөндеу жұмыстарының сапасымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Жеті мама, Х.Нигмаджанов және М.Шерметов көшелеріне асфальт жамылғылары төселген болатын.
Ұзындығы 6,2 шақырымды құрайтын аталған көшелерді жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында қолға алынған. Жалпы ауыл округ аумағында 31 көше болса, оның ішінде, 20 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.
Аралау барысында аудан басшысы 11 көшеге асфальт төсеу бойынша жобалық-сметалық құжаттарды жүйелі дайындауды жүктеді.
Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін айтқан болатын. Бұл ретте Президент мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көбінесе азаматтар мен жергілікті жерлердегі шенеуніктер арасындағы кері байланыстың болмауына байланысты екендігіне назар аударды. Тұжырымдаманың ең басты қағидаты — мемлекеттік органдардың ашықтығы Президент Жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Бұл – Президенттің ең маңызды бастамасының бірі. Негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау. Осылайша, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Оның барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам болып, жұртшылықты еңбекке баулу керектігін жиі еске салып отырды.
«Мемлекет өз азаматтарын тыңдай білуі тиіс. Ең бастысы тыңдауы керек. Біз мемлекеттің әлеуметтік саясатын қайта қарауымыз керек. Ұлттық экономика – біздің қазақстандықтардың әл-ауқатына негізделуі тиіс. Басқаша айтқанда, мемлекет табысын бөлуде әділдікті күшейтуге тиіспіз. Бірақ, масылдық пиғылдың орын алуына жол берілмейді. Өкінішке қарай, бұл кесел ұлттық мінез-құлқымызға кері әсерін тигізуде. Біз бүкіл қоғам болып, жұртшылықты еңбекке баулуға тиіспіз. Табысты жұмыс істегені үшін азаматтарды қаржылай ынталандыру керек. Бұл – мемлекеттің міндеті. Біз осы міндеттерді орындауымыз керек», – деді Президент.
Кейін Қазақстанда халықтың жоғын жоқтап, қарапайым адамдардың ұранын көтеріп, туын ұстайтын Ұлттық құрылтай құрылды. Ұлттық құрылтайдың Ұлттық қоғамдық кеңестен қандай айырмашылығы бар деген сауалға Ерлан Карин былай деп жауап берген еді. «Егер Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі пікірталас тақырыбы ағымдағы әлеуметтік-экономикалық проблемалар, саяси реформалар мәселесі болса, ал Ұлттық құрылтайда талқылау тақырыбы жалпыұлттық құндылықтар негізінде қоғам бірігуінің одан ары дами түсуіне қатысты ұзақмерзімді сипаттағы мәселелер болады», – деді Мемлекеттік кеңесші. Ұлттық құрылтайдың құрамы Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталды. Президенттің пайымдауынша, Құрылтайдың жұмысы сапалы болуы үшін елдің жоғын жоқтайтын азаматтар бас қосуы керек.
«Бізде түрлі пікірталас орны бар. Бірақ ұлттық құрылтайдың орны бір бөлек. Құрылтай – кең ауқымды жиын. Бірақ бұл жұмыстың сапасына кері әсер етпеуі керек. Отырыстарды мұқият ұйымдастыруымыз қажет. Бұл жерде шын мәнінде халықтың үні естілуге тиіс. Кез келген адамды құрылтайға қатыстыруға болмайды. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жеткізетін азаматтар бас қосуы керек», – деген еді Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы Түркістан қаласында ұйымдастырылды. Онда «Қоғамдық консолидация», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым» жұмыс секциясына бөлінген сала мамандары ел ішіндегі мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын ұсынды. Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны Атырауда болды. Осы үш жиынның әрқайсысында қоғамымыздың басты құндылықтарына айналуы тиіс мәселелерге назар аударылды: бұл – Адал азамат, Адал адам, Адал еңбек және Адал табыс ұғымдары. Сондай-ақ Президент Əкімшілігі жанынан азаматтардың ұсыныстары мен шағымдарын қабылдайтын арнайы бөлім ашылды. 2020 жылғы 18 ақпанында «Ашық диалог» порталында «Халық үнін естуші мемлекет» тұжырымдамасына көшу» тақырыбында сауалнама өткізілді. Сауалнама «Халық үнін естуші мемлекет» тұжырымдамасын тұрғындар қалай қабылдайтынын және оған олардың тарапынан қандай ұсыныстар болатынын білу мақсатында жүргізілді. Сол жылдың мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әрбір азаматтың мемлекеттік қызметті жетілдіруге және қолжетімді цифрлық мемлекетті құруға үлес қосуына мүмкіндік беретін «Тыңдау» бірегей жобасын іске қосты. Мемлекеттік органдарға «бір терезе» қағидасы бойынша өтініш немесе талап жолдауға арналған «Е-Otinish» сандық платформасы енгізілді. Қазір қазақстандықтар аталған платформа арқылы өз сауалдарын жолдап, уақтылы жауаптарын алып отырғандығын білеміз