Талайды сан соқтырған, қаншама өмірді жалмаған қаржы пирамидасы жайлы білмейтін адам кем де кем. Көл көсір ақшаның астында қаламын деп көз жасын тия алмай жүргендерді көріп жүрміз. “Қаржы пирамидасы” деген алаяқтардың алаңы екенін білсе де әлі күнге дейін оның шырмауынан шыға алмай жүргендер бар. Оның басты себептерінің бірі, халқымыздың қаржылық сауаттылығының төмендігі болып отыр. Қаржылық пирамидаларға қатысты да онымен күресудің ең маңызды әдісі – түсіндіру, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, дұрыс жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Осы мақсатта, “Жастар ресурстық орталығы” КММ мамандары аудан тұрғындарына ақпараттық түсіндірме жүргізді. Қаржылық пирамидалардың түрлері мен қаржылық сауаттылық жайында арнайы дайындалған брошюралар таратылды. Қаржы пирамидасының белгілері:
Аймақтағы «кепілдендірілген жоғары» табыс (доллармен айына 10 пайыз). 2. «жеңіл әрі жылдам ақша»
«Досыңды шақырып бонус алу» жүйесі, реферальдық сілтемелер, тартылған клиенттерден табыс табу.
Домендік атау мен сайт мекенжайларын жиі өзгерту, бұзылған сілтемелер мен ескертулер, бұғатталған әлеуметтік парақшалар және т.б.
Интернет желілеріндегі алаяқтықтың бір ерекшелігі- қылмыскерлер тек Қазақстан Республикасында ғана емес, аның аумағынан тыс жерлерде де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатта болады. Аталған қылмыстарды ашу алаяқтар ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, желілерде тіркелу кезінде және ақша қаражаттарын алу барысында да өз деректерін жасырып жасайтындығына байланысты ерекше қиындық туғызады.Қылмыстарды объктивті тергеу мақсатында тиісті процедуралық іс-шаралар мен қажетті операциялар және т.б тергеу амалдары өткізіледі, сондай-ақ істердің тергелу барысыұқыптылықты, көптеген карточкалық аударымдар бойынша мұқият аналитикалық жұмысты, ақыл-ойдың өткірлігін және көп уақытты қажет етеді.
Азаматтардың интернет-алаяқтық туралы әрбір өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі, қазіргі уақытта ол бойынша белгілі бір сот-тергеу практикасын, оларды ашу және тергеу әдістемесіннақты әзірленген. Мұндай қол сұғушылықтардың құрбаны жасына, жағдайына, ұлтына, мамандығына және т. б. статустарына қарамастан кез келген азамат болу мүмкін. Сонымен, интернеттегі алаяқтықты жүзеге асыру барысында қылмыскерлер өздерін банк қызметкері немесе банктің қауіпсіздік қызметі ретіндетаныстырады, жалған электронды чек пайдалану, сатып алу туралы хабарландыру, жарнамалық желілер арқылы тауарларды жарнамалау және сату және онлайн-кредиттерді ресімдеу арқылы жасайды. ьИнтернет-қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:
-паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеңіз, банк карталарының нөмірлерін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефонға келіп түскен SMS парольдерді, тіпті егер Сізге Банк қызметкерлері ретінде таныстырған болса да бермеу қажет.
– жарнамадағы ақпаратты, әсіресе жақсы басылған ақпаратты мұқият және толық оқып шығу;
– кез келген ұсыныстарға сын көзбен қарау;
– тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеу;
– белгісіз адамдарға ақша аудармау;
– күмәнді шарттармен мәмілелер жасамау;
– банк қосымшалары арқылы шоттағы шығыс лимитін белгілеп, мүмкін болатын транзакциялар мөлшерін шектеу;
– өз құжаттарыңызға қол жеткізуді шектеу (жеке куәлік, банк картасы), құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жолдамау;
Көрсетілген мәліметтер алаяқтарға белгілі болған жағдайда, оларға алдағы уақытта микрокредиттік қаржы ұйымдарында немесе банктерде олардың атынан несиелерді оңай рәсімдеуге мүмкіндік береді. Соңғы уақытта өзге адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын пайдаланып, қаржылай көмек сұрайтын алаяқтардың әрекеті күшейіп кетті. Мұндай алаяқтықтың құрбандары көбейген. Бұған дейін танымал тұлғалардың, әлеуметтік желі белсенділерінің жалған аккаунттарын жасау арқылы азаматтардан ақша сұрау жиі кездесетін болса, енді алаяқтар қарапайым азаматтарға да көшкен. Алаяқтық схемасы қарапайым: кез келген адаманың әлеуметтік желідегі жалған аккаунты жасалады. Сол арқылы оның жақын туыстарына, достарына не өзге таныстарына хат жазу арқылы белгілі бір банк картасына ақша аудару сұралады. Мұндай деректер әсіресе Telegram мессенджерін пайдаланушылар арасында жиілеген. Z-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мамандары шабуылға ұшырағандардың әлеуметтік желілерде байланыс деректерінің дербестігін сақтамағанын, сондай-ақ, байланыс деректерінің еркін таралып кеткенін айтып отыр.
“Мәселен, сіз белгілі бір зат не тауарды сату туралы хабарландыруды интернетте орналастырдыңыз делік. Алаяқтар сізге хабарласып, оны сатып алу жөнінде келіседі және сіздің банктік картаңызға тауарға ақша аудару үшін сілтеме жібереді. Одан әрі сілтеме бойынша өтіп, сіздің банк картаңыздың CVV/CVC-коды көрсетілген деректерін енгізу ұсынылады, оларды енгізген соң банк картасының шотынан ақша алынады. Осылай алаяқтар әлеуметтік инженерияның көмегімен төлем картасының мәліметін алып, қаржыға қол жеткізеді” дейді қызмет мамандары. Осы орайда интернет алаяқтарынан сақтану үшін KZ-CERT қызметі келесі кеңестерді ұсынады:
Интернет жүйесі арқылы келген сілтеме бойынша өткен кезде мекенжай жолына, яғни, доменнің дұрыстығына, акция жүргізетін ұйымның не компанияның ресми атауындағы артық символдарға назар аудару керек.
Әлеуметтік желілердегі өз профиліңіздің дербестігін баптауларда байланыс деректерін (қызметтік және жеке телефон нөмірі) көпшілікке қолжетімді етпеген дұрыс. Мобильдік нөмірді (бизнес-аккаунт) көрсету қажет болған жағдайда, жеке және жұмыс нөмірлерін бөлу қажет, яғни, жеке нөмірді туыстармен және жақындармен байланысу үшін ғана пайдаланған дұрыс. Есептік деректеріңізді үнемі тексеріп, көп факторлы аутентификация пайдаланылатын сенімді парольдерді қолданыңыз. Браузерде, операциялық жүйеде және мобильдік құрылғыларда пайда болатын түрлі терезелер мен хабарламаларға қатысты абай болыңыздар. Банк картаңыздың деректерін сақтап, картаның сыртқы жағындағы 3 санды CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз. Сондай-ақ, банктен келіп түсетін SMS-кодты ешбір жағдайда бейтаныс жандарға хабарламаңыз. Интернетке қол жеткізудің ашық қоғамдық Wi-Fi-нүктелеріне сенбеңіз, сонымен қатар өз аутентификациялық деректеріңізді қорғалмаған сымсыз желілер арқылы енгізбеуге тырысыңыз. Бопсалаушылардың телефон бойынша талаптарын орындамаңыз, ал егер Сіз интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз ең жақын полиция бөліміне немесе 102 телефоны арқылы дереу жүгініңіз. Жеке деректерді, жеке куәлік деректерін, банк карталарының деректерін және тағы басқа мәліметтерді қамтитын құжаттарыңыздың көшірмелері бен банк картасының суретін ешкімге жібермеңіз.
Күдікті интернет-ресурстар немесе ақшалай пайдаға үміттендіретін сілтемелер айқындалған жағдайда KZ-CERT қызметіне (1400 (тәулік бойы) нөмірі, қызмет сайты, Telegram мессенджеріндегі “ҚР ақпараттық қауіпсіздігі” тобына не жеке хабарлама жіберу арқылы) хабарлаңыз. Бөтен адамның мүлкін жымқыру, теріс жолмен алдау не болмаса заңсыз жеке бастың өзге де мүддесiне орай жымқыру, жою, бүлдiру көшіру бұл алаяқтық болып есептеледі. Жалпы қазіргі қоғамда алдау, сенімге қиянат жасау, біреудің ала жібін аттау, бөтен мүлікті ұрлау кең таралған қылмысқа айналып отыр. Оның ішіндегі қоғамға кері әсерін тигізіп жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі — ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ұялы телефонның әр жағында халықпен интернет арқылы кері байланыс жасап сауда-саттықпен қызмет көрсетіп, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Интернеттің арқасында күнін көріп жүрген алаяқтардың қылмыстық іс-әрекеті, әдіс-тәсілдері күнделікті өзгеріп, жаңарып отырады. Қылмыстық кодекстің 190-бабы екінші бөлігінің төртінші тармағында интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Аталған қылмыстың құрбаны болудан сақтану жөнінде қанша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, тұрғындар салымдар салу арқылы оңай олжа табу, басқа өңірлерден арзан затқа қол жеткізу мақсатында ақша аударымдарын жасап, алаяқтардың тұзағына іліну фактілері толастамай, үдей түсуде.Бұл фактілердің алдын алу үшін бірінші сақтық танытқан жөн. Сақтансан сақтаймын деген. Адам тек өзің-өзі ғана алаяқтықтан аман алып қала алады. Алаяқтың арбауына берілмей, сергелдеңге түсуден сақтану өз қолыңызда. Сақтан сансақтаймын деген.
Қазіргі кезде киберқылмыстың 99 пайызы интернет алаяқтық. Бұл туралы бүгін Парламенттің төменгі палатасында киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша отырыста ҚР Ішкі Істер Министрінің орынбасары Айдос Рысбаев мәлімдеді. Ішкі Істер Министрінің орынбасарының айтуынша соңғы 7 жылда Қазақстанда интернети алаяқтық он есе өскен. «Мұндай қылмыстар өткен жылы тіркелген қылмыстардың жалпы санының 19 пайызын және барлық алаяқтықтардың 50 пайызын құрайды. Бұл ретте өткен жылы ғана азаматтарға келтірілген залал 21 млрд. теңгені құрады. Бүгінгі күні 3645 интернет алаяқтық тіркелген. Ол барлық жасалған қылмыстың 18 пайызын құрайды және жасалған жалпы алаяқтықтың 43 пайызы. Қазір 4000 интернет алаяқтық жасады деп 2000 адам ұсталған», -дейді Айдос Рысбаев.
Маманның сөзінше Қазақстанда интернет алаяқтықты көбінесе шетел азаматтары жасайды екен. «Қазақстандықтарға қатысты мұндай қылмыстар шетелден де жасалады. Мысалы, Украина аумағында қазақстандық азаматтарға қатысты қылмыс жасаған ірі “Колл-орталық” мүшелері ұсталды. Осы себепті мұндай қылмыстардың трансшекаралық сипаты оларды тергеуде ерекше қиындық тудырады», -деп отыр Айдос Рысбаев. Өкініштісі ұрланған ақшаның 90 пайызы елден шығып кетеді екен. Ішкі Істер Министрлігі өкілінің сөзінше, азаматтар алаяқтардың «құрбанына» айналғанын түсінбей тұрып-ақ ұрланған ақша шоттардан алынып, шетелге жіберіледі. Орташа алғанда, олардың қылмыс жасаған сәттен бастап ішкі істер органдарына жүгіну уақыты 3 күннен бірнеше айға дейін созылады.
«Шетелдік алаяқтар» өздерінің қылмыстық мақсаттары үшін «дроптарды» («қылмыстық тізбектің ең төменгі» буыны, банк картасының ұрланған ақшаның «транзитіне» айналуына келісетін адам) пайдаланады. Қазақстан азаматтарын телеграм-каналдар арқылы тауып алады. Олар оларға «курьер» жұмысын ұсынады, егер олар келіссе, олар өздері туралы барлық жеке ақпаратты, соның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттар мен банк картасының нөмірлерін беруін талап етеді. «Дроптардың» шоттарына қаражат түскеннен кейін, соңғылары 10%-ға дейін өздеріне қалдырады, қалғаны алынады және/немесе алаяқтар көрсеткен банктік және басқа электрондық шоттарға аударылады» , -деп отыр Айдос Рысбаев.
Бүгінгі таңда киберқылмыстарға ақпаратқа заңсыз қол жеткізу, оны жою, өзгерту, бұғаттау жатады. Сонымен қатар, зиянды бағдарламаларды құру және пайдалану, интернет желісінде порнографияны тарату мен авторлық құқықты бұзу және электронды жымқыру және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын басқа да қылмыстар жатады. Қазақстан азаматтарына өздерінің қылмыстық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған 44 миллион әрекетінің жолы кесіліпті.
ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай алаяқтықтан сақтану жолдарымен бөлісті. Елімізде алаяқтықтардың құрбаны болған адамдар көп. Олардың басты себебі, азаматтардың циярлық сауаттылығының өте төмен болуында. Негізінен, алаяқтардың құрбаны – үлкен жастағы қариялар мен сауаты төмен адамдар. Ал, осындай интернет алаяқтықтардан қалай сақтанамыз?
Бұл туралы маман төмендегідей кеңестерді ұсынады:
– Алдымен ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару немесе несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына құлақ түрмеу қажет. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейтінін есте сақтаңыздар!
– өздерін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыз;
– белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа желі көздері арқылы жеке деректерді бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін ғана төлем туралы келісуге тырысыңыз;
– күмәнді шарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, айқын табыс көзінсіз қаржы схемаларынан сақ болуға тиіссіз;
– қосымшаларды орнату үшін тек ресми Aп стор (App store), Плэй маркет (Play market) көздерін пайдаланыңыз;
– Белгісіз адамдардан келіп түскен сілтеме бойынша өтпеуге тиіс. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады;
– банкинг қызметіне қол жеткізу құпия сөздерін жиі өзгертіп отырыңыз, 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;
– өз шоттарыңыздағы ақша қозғалысын жиі тексеріп тұру қажет.
Сондай-ақ, осындай алаяқтар хабарласқан жағдайда ресми өкілдіктерден сұрау жүргізіп, хабарласқан нөмірдің қызметкерлер базасында тіркелгені туралы ақпарат алуға болады. Интернет алаяқтықпен айналысқан адам Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес 4 жылға дейін, ал қылмыстық топ құрамы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Интернет алаяқтық – интернет ресурстары арқылы (Olx, WhatsApp, Instagram, Telegram және т.б) адаммен бетпе-бет кездеспей, сеніміне кіріп, алдау арқылы ақшасын иемденіп, артынан ізін суыту. Пандемия кезінде интернет арқылы алданғандар саны 2 000 000-ға жеткен. Одан бері бұл көрсеткіш өсіп келеді. Жалпы қазіргі таңда алаяқтықтың ең кең тараған түрі бұл – интернет алаяқтық болып отыр. Бұл жағдайда алаяқты ұстау оңай емес. Себебі, алаяқтық іс-әрекет жүзбе-жүз емес, интернет желісі арқылы жүзеге асатындықтан оларды қолға түсіру қиын. Ақпараттық технологияның кең дамыған заманында, қолында смартфоны бар кез келген адам алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Олардан сақтанудың ең негізгі тәсілі жеке деректерді оңды солды тарата бермеу! «Өзіңіздің ұялы телефоныңызға немесе дербес компьютеріңізге басқа біреулердің айтуымен Skype, Anydesk сияқты қосымшаларды орнатуға болмайды, сол арқылы алаяқтар сіздің қаражаттарыңызды жымқыруы мүмкін. Тағы да банк картасының нөмірі, алдындағы он алты саны және де артындағы үш саннан тұратын CVV кодты ешкімге ешқандай жағдайда айтуға болмайды! Тіпті картаның жарамдылық мерзімі туралы да айтпаған жөн!» дейді мамандар Бүгінде алаяқтың қулығына құрық бойламайды. Күн өткен сайын олар жаңа айла ойлап табуда.
Алаяқтар қалай алдайды?
Фишинг – адамдардың жеке мәліметін ұрлау арқылы
Егде жастағыларды сеніміне кіріп, зейнетақысын жымқыру
Қайырымды істің атын жамылып, ақша жинап жұртты алдау
Жұмысқа орналастырамын деп, ақша сұрап, артынан сатып кету
Жоқ пәтерді жалға беру «Пәтер жалдау кезінде де алданып қалғандар аз емес. Алаяқтар негізінен krysha.kz, olx сияқты платформаларға жалған хабарландыру беріп, әдемі тауардың суретін қойып, бағасын әлдеқайда арзан етіп көрсетеді. Содан соң бұған сұраныс артып, адамдар мұндай мүмкіндіктен айырылып қалғысы келмей, алдын ала төлем жасап, кейін алданғанын түсініп жатады. Мұндай алаяқты іздеп табу көп жағдайда қиын», – дейді криминалдық полиция қызметкері
Интернет ресурстарынан бөлек алаяқтар адаммен тікелей байланысқа шығып, хабарласу арқылы өз құрбандарын іздейді. Көбінесе алаяқтар таңғы 11:00 мен 18:00 шамасында жиі хабарласады екен. Интернет алаяқтықтан сақтану шараларының бірі – цифрлық сауаттылықты дамыту.
Цифрлық сауаттылық дегеніміз – интернет желілерін қауіпсіз және тиімді пайдалануға қажетті білім мен дағды. Статистикаға сүйенсек, еліміз бойынша цифрлық сауаттылықтың деңгейі көңіл көншітпейді. Жиі азаматтар цифрлық мәдениетінің төмен болуына байланысты өзінің жеке, дербес деректерін алаяқтың қолына беріп қойып, соңынан сан соғып қалады. Елімізде цифрлық мәдениетті дамыту шаралары қарқынды түрде жүзеге асып жатыр. Заман талабына сай бұл мәдениет түрін жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында мектепте оқыту қолға алынды. Алаяқ ұсталған жағдайда ауыр жаза қарастырылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Қазақстанның киберполициясы киберқылмыстармен күреске белсенді қатысып, оң нәтижелер көрсетіп жүр. Киберполицияның негізгі қызметтеріне хакерлік, фишинг, интернеттегі алаяқтық, жеке басын ұрлау, маңызды инфрақұрылымға шабуылдар, зиянды бағдарламаның таралуы, кибертерроризм деген сияқты киберқылмыстардың алдын алады. Киберполиция сонымен қатар киберқауіпсіздік туралы ақпараттандыру шараларын жүргізеді және киберқылмыспен күресу үшін басқа құқық қорғау органдарымен және жеке сектормен бірлесіп жұмыс істейді.
Өткен жылы қазақстандық киберполиция 3000-нан астам киберқылмыстарды ашты, оның ішінде:
Интернеттегі алаяқтықтың 1500-ден астам фактісі
500-ден астам хакерлік фактілер
300-ден астам фишингтік фактілер
Киберқылмысты болдырмау үшін төмендегі кеңестерге көз салыңыз:
Құпиясөздерді қиындатыңыз!
ЭЦҚ-ны ешкімге бермеңіз!
Бөтен азаматтардан келген электрондық хаттарды ашпаңыз!
Ғаламторда өзіңіз туралы аз ақпарат беріңіз!
Маңызды деректердің көшірмесін жасатып алыңыз!
Күдікті сайттарға өтпеңіз!
Күмәнді сайттарда өзіңіздің жеке деректеріңізбен бөліспеңіз!
Тауардың бағасы төмен жарнамаларға сенбеңіз!
Кредит делдалдарына сенбеңіз!
Қазақстандық киберполиция трансшекаралық киберқылмыспен күресте өз жұмысын жетілдіруді және басқа елдермен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырып келеді. Азаматтар, әдетте, өздері танысудың бастамашылары болып табылады, желіде хабарландырулар табады. Алаяқтармен байланысқа түседі және олармен алдау мен сенімді теріс пайдалану арқылы адасып, тауарларды сатып алу үшін өз бетінше ақша жібереді. Мысалы, Таразда Капашеваға қатысты интернет-алаяқтықтың 37 эпизоды бойынша қылмыстық процесс аяқталды. Ол екі жыл бойы «Instagram» әлеуметтік желісіндегі өз парақшасын пайдалана отырып, әйелдер киімін сату сылтауымен 37 азаматты алдап, 671 500 теңге көлемінде ақша қаражатын иемденген. Ағымдағы жылы алаяқты әшкерелеп, үш жылға бас бостандығынан айырды.
Алаяқтар үнемі ұрлықтың жаңа және жетілдірілген әдістерін іздейді, онда олар келесі схемаларды қолданады:
– интернет-сайттарда сату туралы хабарландырулар, онда алаяқ-сатушылар жәбірленуші алмайтын тауар үшін ақша аударуды сұрайды;
– сатып алу туралы хабарландыру, алаяқ сатып алушылар банк картасының деректемелерін және (немесе) тауарға ақша аудару үшін СМС-кодтарды сұрайды. Содан кейін олар банктік шоттан ақша ұрлайды;
– «егіз» интернет-сайттары немесе жалған интернет-дүкендер арқылы түпнұсқаға ұқсас тауарларды сату, онда алаяқтар өз құрбандарын төмен бағамен және тиімді ұсыныстармен қызықтырады;
– достардың хабарламалары, алаяқтар әлеуметтік желідегі басқа біреудің парақшасын пайдаланып, достың (туыстың) басшылығымен оларға ақша аударуды немесе сіздің картаңыздың мәліметтерін сізге ақша аудару үшін хабарлауды сұрайды;
– телефондағы вирустар, алаяқтар телефондағы вирустарды іске қосады, «зарарланған сілтеме» бойынша өтуді ұсынады және телефонға байланған банк картасына қол жеткізеді;
– фишинг, құпия деректерге қол жеткізу, құрбанның банктік картасына заңсыз қол сұғуды пайдалана отырып, адамдардың шоттарынан ақша ұрлау.
Ұсыныстар:
Осындай қылмыстардан қорғану өте оңай. Ең алдымен, тиімді ұсыныстар туралы ақпарат алған кезде эмоцияларға берілуге болмайды. Ақша аудару туралы кез келген өтініш сізді алаңдату керек.Егер сатушы сатып алынған тауар үшін толық немесе ішінара алдын-ала төлемді электрондық шотқа аударуды талап етсе, бейтаныс адамға сенуге қаншалықты дайын екеніңізді ойлаңыз. Ұқсас тауарлардың орташа құнын қараңыз. Тым төмен баға сізге күдік тудыруы керек.
Жарнаманы және оны орналастырған адам туралы ақпаратты мұқият зерттеңіз. Мүмкін, нарықта сатушылардың рейтинг жүйесі бар, бұл жағдайда басқа сатып алушылар қалдырған пікірлерді зерттеңіз.
Есіңізде болсын, беделді Интернет-дүкендер сізден виртуалды әмиянға немесе ұялы телефонның шотына ақша аударуды сұрамайды. Интернеттегі дүкен туралы ақпаратты іздеңіз, оның нарықта қанша уақыт болғанын көріңіз. Ірі немесе сізге белгілі компанияның веб-сайты кездескен жағдайда, сіздің браузеріңіздің мекен-жай жолында оның атауының дұрыс жазылғандығына көз жеткізіңіз. Сіздің картаңызбен бір нәрсе дұрыс емес деген күдік туындаған жағдайда, мысалы, сіз оны бұғаттау туралы СМС-хабарлама алдыңыз, дереу банкке хабарласыңыз. СМС-хабарламада көрсетілген нөмірлерге қоңырау шалмаңыз және хабарлама жібермеңіз. Сіздің картаңыздың жай-күйі туралы хабардар ете алатын жалғыз ұйым, ол сізге қызмет көрсететін банк
Ашықхатты, музыканы, суретті немесе қандай да бір бағдарламаны жүктеуге сілтеме бар хабарлама алған кезде оны ашуға асықпаңыз. Сілтемені басу арқылы сіз өзіңіз білмей телефонға вирус кіргізіп алуға немесе ақылы қызметтерге жазылып алуы мүмкінсіз. Брокерлік компанияны таңдау кезінде ақшаңызды жоғалтпау үшін алаяқтық компанияны сипаттайтын келесі белгілерге назар аудару керек: жоғары пайыздық уәде, тіркеудің болмауы, жаңадан келген трейдерлерге тұрақты пайда туралы уәде. Өз капиталыңызды сеніп тапсырмас бұрын, интернет-ресурстарды ғана емес, брокер туралы ресми ақпаратты да мұқият зерттеңіз. Коронавирустық пандемиямен байланысты төтенше жағдайдың енгізілуіне, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің кең таралуына және интернетке деген үлкен сұранысқа байланысты адамдар тауарларды интернет-сауда арқылы сатып алуды және электронды төлем жасауды қалайды. Өкінішке орай алаяқтар соны пайдаланып, сенімділік немесе оңай пайдаға деген құштарлық секілді адами қасиеттерді қолданумен азаматтардың мүлкін қашықтан (онлайн) иемденеді. Мұндай жағдайларда «қолыңмен ақша бересің, аяғыңмен артынан жүресін» деген халық даналығы бірден еске түседі. Сақ болыңыз және өзіңізден жақсы ешкім сіздің мүлкіңіз бен жинақтарыңызды сақтай алмайтынын ұмытпаңыз. Қаржылық сауатты болуыңыз керек