Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. “Жастар Ресурстық Орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен ауданымыздын тұрғындарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратылды. Негізгі мақсаты жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу-олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндет.
Мемлекетіміздің маңызды қызметінің бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болды және болып қала береді. Бүгінде сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттің тиімді дамуына кедергі келтіретін және өте үлкен әлеуметтік қауіп төндіретін ең маңызды шарттардың бірі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық тетіктерін дамыту қазіргі қоғам мен мемлекет дамуының маңызды және өзекті мәселесіне айналуда. Қазіргі уақытта мемлекет жасаған барлық күш-жігерге қарамастан, сыбайлас жемқорлық елдің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіруде. Бұл қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұсқан келтіреді, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуда елеулі және айқын шығындарға әкеледі. Сондықтан, онымен тиімді күресуге дайындықты әлемдік қоғамдастық мемлекеттің өркениетінің, оның демократиялық құндылықтарды ұсынуының басты көрсеткіші ретінде қарастырады.
Сыбайлас жемқорлық – адам дамуының ең күрделі және қауіпті мәселелерінің бірі. Бұл мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен бірге адамзат өркениетінің негіздеріне нұсқан келтіреді, адамзат өмірінің барлық салаларының қалыпты дамуын бұзады, олардың адамгершілігі мен материалдық әл-ауқатын төмендетеді, сонымен қатар адам өмірі үшін де, бизнес жүргізу үшін де ең қауіпті дағдарыстардың бірін – сенім дағдарысын күшейтеді. Сыбайлас жемқорлық тек Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде өзекті мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық сипатын түсіну, оның трансұлттық болуы бүкіл әлемдік қауымдастықтың қауіпсіздігіне төндіретін қауіпті бейтараптандыру үшін мемлекетаралық деңгейде ғаламдық шараларды қабылдауды талап етеді.
Осы мәселенің маңыздылығын түсіне отырып және оның бүкіл әлемдік қауымдастық алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, біздің еліміз сыбайлас жемқорлық сияқты асоциалды құбылысты жоюға үлес қосуға тырысады. Бүкіл әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүріп жатыр: заңнамаға түзетулер енгізілуде, сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жаза қатаңдатылуда және т.б. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларында жыл сайын қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемасы атап өтіледі. Сонымен, «Жаңа он жылдық –жаңа экономикалық қалпына келтіру – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» және «Келешекті бірге құрайық» жолдауларында құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру, оны оңтайландыру, азаматтардың құқықтары мен мемлекет мүдделерін қорғауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күресті қамтамасыз етуге бағыттау арқылы оның тиімділігін арттыру саласындағы негізгі басымдықтарды анықтады.
Әрбір азамат заңға сәйкес өмір сүруі және жұмыс істеуі керек. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін өз құқықтарыңызды нақты білу, оларды қорғай білу, жеке, қоғамдық және кәсіби өмірде сыбайлас жемқорлық әдістерін қолданудан бас тартатын моральдық позицияға ие болу қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күрес ең алдымен, азаматтардың сыбайлас жемқорлық қатынастарға қатысқысы келмеуінен көрінуі керек. Сондай-ақ заңдағы қылмыс жолына түспеу үшін, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресу керек екендігі туралы нақты түсінік болу керек. Сыбайлас жемқорлықтағы құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне төзбеушілік – оны жоюға әкеледі. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – біздің ортақ парызымыз.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы және жеткен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында «Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді. Қоғамның қолдауынсыз жоғарыдан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек ішінара нәтиже береді. Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс», – делінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас-жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу – олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады.
Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес, қылмыстарды болдырмау және алдын алу баршамызға ортақ міндет болып табылады. Мемлекетіміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни, пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппаратың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Алсыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді және оған мүлдем төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс. Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Оны әрбір қазақстандық, әрбір отбасы бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы адамдардың заң мен әділдікке деген сеніміне, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні белгілі. Осындай қоғамда аса қатерлі кеселдің алдын алып, жолын кесу бағытында қолдан келгенше тосқауыл болып, еліміздің экономикасының дамуы жолында аянбай еңбек етуіміз қажет. Бұл еліміздің барша азаматтарының басты міндеті болуы тиіс.Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, әлемге танылғанымызға отыз жылдан астам уақыт өтті. Ел Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кедергілерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – алға қойылған мақсат сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Ел Президентінің биылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан халқына жолдауының» бесінші бағдарында, бюджет қаражатын және жалпыұлттық байлықты талан-таражға салатын жемқорлық әрекеттер мен оның астыртын жолдарын ұйымдастырушыларды іздеуге, түпкі амал-тәсілдерін анықтауға барынша күш салудың өте маңыздылығы айтылды. Биылғы жылы өткізілген «Жалпыұлттық референдумда» саяси жаңғыру бағдарын қолдап, Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам жасалды. Жемқорлықпен күрес барлық Қазақстан азаматтарының азаматтық борышы. Сондықтан, ел болашағы үшін баршамыз сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол бермейік. Жемқорлық – дерт.