Түркістан қаласының қоғамдық көліктерінде енді AlemPay карталарын қолдануға болады. Бұл карталар арқылы оқушылар жол жүру ақысына 35 теңге төлеп, жеңілдікпен жүре алады. Ересектерге арналған карталар да бар. Карта құны – 500 теңге, әрі оны үйден шықпай-ақ, телефон арқылы онлайн толықтыруға болады. Картаны сатып алу үшін Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, №356 мекенжайына келу қажет. Бұл жаңа жүйе Түркістан қаласының қоғамдық көлігінде жол жүруді одан әрі ыңғайлы және жылдам етеді7 Сондай-ақ, қоғамдық көлік жолаушыларынан төлемді карта арқылы жасауды сұраймыз.
Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!
Баршаңызды сенбі, 19 сәуір күні өтетін ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ қатысуға шақырамыз. Түркістан - тарихи, киелі, рухани шаһар. Өз қаламызды таза ұстайық!