Би — ең көне өнер түрлерінің бірі және оны ешбір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Би арқылы адамның ішкі әлемі мен эмоциясы, тарихы мен мәдениеті көрініс табады. Қазақтың ұлттық биі де дәл осындай сырлы әрі мәнді өнер түрі. Әр қазақ биінде символикалық мән бар. Әр қадам, әр қозғалыс — бұл біздің ұлы мәдениетіміздің көркем таңбасы, бұл қазақтың тарихы мен тағдырының бір бөлшегі. Би арқылы адам өз ұлтының мәдениетін құрметтеп қана қоймай, сол мәдениеттің ішкі мәніне терең үңіле алады. Би — қоғамдық байланыстың, ұлттық мақтаныштың әрі рухани ұлт бірлігінің символы. Қазақ биі өз тарихы мен дәстүрін сақтай отырып, жаңа кезеңдер мен мәдени өзгерістерге бейімделе алатынын көрсетеді. Бүгінгі таңда қазақ биі, дәстүр мен заманауи үрдістердің үйлесімі ретінде дамып келеді. Қазіргі уақытта ол жаңа деңгейге көтерілді. Заманауи хореографтар дәстүрлі биді сақтай отырып, оған жаңа элементтер енгізіп, әлем сахналарында жоғары бағаланып жатыр. Мысалы, ‘Бисұлтан’ сияқты ансамбльдер ұлттық би өнерін әлемге танытуда елеулі еңбек етіп келеді. Ансамбль тарихына көз жүгіртсек, 2002 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде би өнерінің әуесқой өнер өрендерінен жинақталған «БиСұлтан» би атты ансамбль құрылған еді. Дәл осы біріккен ұжым 2004 жылы унивесриттте «Хореография» мамандығының ашылуына серпін болды. Бұл ансамбль қазірде өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпаған айрықша көзтартар мәнге ие шығармашыл топтардың бірі. Тіпті сахналық кастюмдері мен ерекше киімдері көпшіліктің назарын елең еткізетін қасиеттері толасқанды. Түрлі байқаулардың шыңын бағындырған ансамбльдің көркемдік жетекшілері ҚР үздік хореографтары, ҚР мәдениет қайраткерлері Орынбай Айболат пен Гүлнәзия Тәуекелова. Ұжымның түрлі сахналарда би арқылы мәнді-мағыналы, терең тарихқа үңілдірген спектакльдері де бар. Соның бірі 2023-інші жылы өткен университетімізде еліміздің тәуелсіздік күніне орай «Бисұлтан» би ансамблінің «Терең тарихтан – Жарқын болашаққа» атты хореографиялық спектаклін айрықша атап өтуге болады. Хореографиялық спектакль қазақтың қилы тағдырын, қуанышы мен жұбанышын, тәуелсіздіктің ақ таңы жолында қаза болған ұлт жанашырларын, ғасырлар қойнауында жатқан төл тарих жолын бейнеледі. Мың бұралған бишілер терең тарихтан – жарқын болашаққа дейінгі әр кезеңді, сол сәттегі қазақ болмысы мен мінезін көркем түрде жеткізе білді.
«Терең тарихтан – Жарқын болашаққа» атты хореографиялық спектаклі
Университетіміздің студенттерінен құралған «Бисұлтан» би ансамбліне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» және «Үлгілі» атағын беру туралы комиссиясының шешіміне сәйкес «Халықтық» атағы берілген. Жоғарыда айтып өткендей, ансамбл көптеген байқаулардың жеңімпазы атанған. Атап айтар болсақ, 2003 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» халықаралық шығармашылық фестивалінде бас жүлдені жеңіп, дәл сол жылы Польша мемлекетінде «Мазовше» корольдік би ансамблінің ұйымдастырумен Халықаралық хореографиялық фестивалінде Дипломант атанды. Ал 2011 жылы Ресей Федерациясының Уфа қаласында өткен Халықаралық «Байық» фестивалінде «Гран-при» иеленген. Сондай-ақ, 2022 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болып жарияланған Түркияның Бурса қаласындағы халықаралық Наурыз фестиваліне қатысты. Ал 2023 жылы Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул және Вонджу қалаларына барып, өз өнерлерімен көпшілікті тәнті еткен еді.
Айта кетейік, «Бисұлтан» би ансамблінің шығармашылық қойылымы Қазақстандағы «Хореография» мамандығының студенттері арасындағы бірегей авторлық жоба болып саналады.
Көркем Әбдіғали
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
4 курс студенті