Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды негізгі сала бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.
- Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
- Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.
- Құжаттарды қабылдау жылдың маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады.
- Ұлттық комиссияның отырысының қорытындысымен үздік кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.
Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба.
Мемлекет басшысы дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты құру туралы идеяны алға тартты. Жобада барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашу мақсаты көзделген. Мәселен, жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралады. Бұл ретте Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған тұлғалар резервте тұрған кезеңде лауазымға міндетті түрде тағайындалуы шарт болып табылмайды. Резервте тұрған тұлғалар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында одан әрі кәсіби және тұлғалық даму үшін оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады.
Конкурсқа кім қатыса алады?
– Жасы 35-тен аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары.
– Жоғары білімі бар.
– 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар
– мемлекеттік тілді В1 деңгейінде білетіндер
Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу тәртібі
- Құжаттарды қабылдау. Құжаттар онлайн-платформада (pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу және оған жеке нөмір беру арқылы қабылданады. Тіркелу кезінде үміткерлер жеке құжаттарын және орта деңгей үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін нәтижесімен мемлекеттік тілде тестілеуден өткені туралы белгіленген үлгідегі жарамды ресми куәлікті жүктейді. Мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат алу үшін үміткер Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығында (ҚАЗТЕСТ) не ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының QAZAQ RESMI TEST тестілеудің онлайн-сервисінде тестілеуден өтуі қажет. Үміткерге өтініш берген кезде мемлекеттік тілді білу туралы сертификаты болмаған жағдайда, KAZTEST немесе QAZAQ RESMI TEST жүйесі бойынша тестілеуден өтуге сілтемелер ұсынылады. Ал үміткер тиісті сертификатты алғаннан кейін іріктеуге қатысу үшін тіркелуді аяқтай алады.
- Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау. Бұл кезең үміткерлердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға және оның нәтижелерін тексеруге мүмкіндік беретін екі бөлек тестілеу блогынан тұрады. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау ұсынылған мәтін фрагментін зерделеуге және оның мазмұнына сәйкес жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасын қамтиды. Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кестелер, графиктер және диаграммалар түрінде ұсынылған ақпаратты зерделеуге және мазмұнына сәйкес жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасын қамтиды. Қажет болған жағдайда үміткер қағазды, қарындашты және калькуляторды пайдалана алады. Әр бағалаудың ұзақтығы 25 минуттан аспайды. Бұл кезеңдердегі нәтижелерді есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Ең жоғары балл жинаған 1 000-ға жуық үміткер тестілеуді верификациялауға жіберіледі. Үміткерлерді бағалаудың нәтижелері кандидаттардың жеке кабинеттерінде және сайтта әкімшінің жеке кабинетінде жарияланған келесі күні сағат 18.00-ден кешіктірілмей орналастырылады. Тексеру (Верификация) – үміткерлердің қабілеттерін тексерудің қысқаша нысаны және тестілеу үдерісін аудио-бейне жазба арқылы үміткерлердің қабілеттерін қайта өлшеуге бағытталған. Тестілеуді тексеру тілі үміткердің бағалаудың алғашқы екі блогынан өткен тілге автоматты түрде орнатылады. Тексеруге қойылатын сұрақтардың жалпы саны – 30 (15 мәтін және 15 сан), олар кездейсоқ түрде таратылады. Тексеру процедурасының ұзақтығы 30 минуттан аспайды. Тексеру белгіленген тәулік ішінде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша оған ыңғайлы уақытта интернет байланысы арқылы жүргізіледі. Тексеру нәтижелері бойынша келесі кезеңге ең жоғары балл жинаған 500-ден аспайтын үміткер жіберіледі. Тексеру кезеңінің нәтижелерін орналастыру механизмі қабілеттілікті тексеру нәтижелерін орналастыру механизміне ұқсас.
- Ситуациялық есептерді шешу. Бұл кезең – ситуациялық тапсырмалар түрінде құрастырылған нақты мәселелерді шешуге үміткерлердің көзқарасын бағалауға бағытталған. Кезең үміткерге ыңғайлы уақытта Нұр-Сұлтан уақыты бойынша белгіленген күні онлайн платформада эссе жазу форматында өтеді. Бұл кезең онлайн-платформада аудио және бейне жазбамен сүйемелденеді. Ұзақтығы – 45 минуттан, көлемі 500 сөзден аспайды. Сарапшылардың жалпы пулы кем дегенде 105 адамды құрайды.
- Құзыреттерді бағалау. Ситуациялық есептерді шешу кезеңінен кейін 250 үздік үміткер құзыретін бағалау кезеңінен өту үшін онлайн-платформаға тіркеле алады. Олардың әрқайсысы ұсынылған нұсқалардан рәсімнің күні мен уақытын таңдай алады. Бұл кезең екі бағалау блогынан тұрады:
– ассессмент-орталық
– құзыреттілік сұхбаты
Ассессмент-орталық Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтеді. Ол үміткерлердің мінез-құлық көрсеткіштерінің жиынтығы арқылы белгілі бір құзыреттерін (стратегиялық ойлау, проактивтілік, қызметті басқару, командалық көшбасшылық, сенімділік) анықтауға және бағалауға бағытталған. Құзыреттіліктерді бағалауға барлығы кемінде 20 сертификатталған бағалаушы мен 5 супервизор тартылады. Ассессмент-орталық рәсімінің ұзақтығы 6-дан 8 сағатқа дейін созылады. Құзыреттерді бағалаудың келесі блогына құзыреттер бойынша сұхбатқа ең үздік нәтиже көрсеткен 125 үміткер жіберіледі. Құзыреттілікке негізделген сұхбат кәсіби HR менеджерлерін тарта отырып, жеке тереңдетілген сұхбаттың онлайн форматында өткізіледі.