Шымкент қаласы, Шымкент университетін аяқтап дипломын алған соң, №3 П.Тәжібаев атындағы жалпы білім беретін мектебіне «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша алғашқы іс-тәжірибе жинау мақсатында жұмысқа орналасқан. Алдағы уақытта мектепте бос орын болған жағдайда жұмысқа алып қалатындықтарын айта кетті. Ақниет оқу бітірген жұмыссыз жастарды осы бағдарлама бойынша жұмыс жасауға шақырады.
Жастардың оқу бітіре сала жұмыс іздейтіні белгілі. Бірақ тәжірибесі жоқ, әлі еңбек нарығын көрмеген жасқа жұмыс жылдам табыла қоймайды. Бұл тығырақтан шығудың бір жолы бар. Ол – жастар практикасы. Жастарға ұсынылып отырған мемлекеттік көмектің бірі. Ендеше бұл бағдарламаға қалай қатысуға болады, сол жайлы сөз өрбітіп көрелік.
Кім қатыса алады?
Жастар практикасын оқуды енді бітірген, мамандығы бойынша әлі тәжірибесі жоқ, 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Тек оқу бітіргеніне 3 жылдан аспаса болғаны. Бұған мектеп пен колледж бітірген жастар да қатыса алады. Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу. Бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру. Бірақ жұмысы ауыр кәсіпорындар мен зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді. Ал жастарға кеңес мынау. Практикаға қабылданып, жұмыс берушіге жолдама алған жас түлек өзін жақсы жағынан көрсете алуы тиіс. Жұмыс берушіге жауапкершілігі мен ынтасын, талабын таныта алса, жаңа қызметке ие болмақ. Жастар практикасына қабылданған жас 6 ай бойы практикада болады. Одан аз да, кем де емес. Осы уақыт арасында нәтиже шығарғаны жөн. Жұмысқа келген жасты арнайы тәлімгер үйретіп, жөн сілтейді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, жастар практикасына қалған азаматтардың жартысы тұрақты жұмысқа орналасып қалады екен. Ал орналаса алмағандарға жұмыспен қамту орталығы басқа бір мүмкіндіктерді қарастырып көреді. Мәселен басқа мекемеге жіберу немесе Enbek электронды биржасына өтініш беру. Одан бөлек, шағын кәсіп ашу үшін мемлекеттік грант алу сынды мемлекеттік көмек түрлері бар.
Қалай қатысамын? Жастар практикасына қатысқысы келген азамат Жұмыспен қамту орталығына барып тіркеліп, өтініш береді. Орталық мамандары қатысудың шарттарын, қандай жұмыс орындары барын, бағдарлама ережелерін түсіндіреді.
Ол үшін мына құжаттар қажет:
– жеке куәлік (көшірмесі)
– еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса)
– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Жұмыс қандай? Бұл әр өңірде әртүрлі. Мемлекеттік қызметтен бастап жекеменшік компаниялар мен зауыттарға дейін – бәрі бар. Бағыты мен мамандыққа байланысты. Жастар практикасына келген азаматтың өзі де қай мекемеде тағлымдамадан өткісі келетінін айтып, өтініш білдірсе болады. Жастар практикасымен жұмысқа қабылдағысы келетін кәсіпорындар көп.
Еңбекақы қанша? Жалақы мөлшері әр жылда әртүрлі. 2021 жылдағы есептемеге сүйенсек, 94 мың теңге болмақ. Қолға алатыны – 80 мың теңге. Бұл – мемлекет тарапынан берілетін жалақы. Зейнетақысы мен сақтандыруы жүреді. Егер жұмыс беруші бөлек еңбекақы төлеймін десе, оған да жол ашық.
Қоғамдық жұмыс. Жастар практикасының құрамында қоғамдық жұмысқа тарту бағыты бар. Бұған мектеп пен колледжді енді бітірген түлектер қатыса алады. Ол үшін кәсіптік білім алу, курс оқудың қажеті жоқ. Қоғамдық жұмысқа тарту 12 мерзімге уақытша жұмыспен қамтуды көздейді. Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға екі төменгі жалақы мөлшерінде, яғни 85 мың теңге көлемінде жалақы төленеді.Жұмыс өтілін көбейту. Жастар практикасына еңбек өтілін жинағысы келгендерге тағы бір мүмкіндік бар. Ол – “Бірінші жұмыс орны” бағдарламасы. Яғни, азаматтың өзі таңдаған мекемесінде екінші рет тағы жұмыс тәжірибесінен өтіп, еңбек өтілін көбейте алады. Мұндағы жалақы мөлшері 58 мың теңгені құрайды. «Жастар практикасы» бағдарламасы – арнаулы және жоғары оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі бірден-бір жол. Оны әкімдік қалалық Жұмыспен қамту орталығы арқылы ұйымдастырады. Бұл бағдарлама жастардың өз мамандығы бойынша практикалық тәжірибе жинақтауына жол ашып, келешекте тұрақты жұмыс орындарына орналасуына мүмкіндік береді. «Жастар практикасы» өткен үш жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 жастан аспаған, алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арнайы арналған. Бұл бағдарлама бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие. «Жастар практикасының» ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жұмыссыздардың жалақысын қаржыландыру еңбек шартына сәйкес 12 айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
«Жастар практикасынан» өту кезеңі жұмыссыздың еңбек өтіліне сәйкес есептеледі. Бұл ретте «Жастар практикасына» қатысушыға, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, кемінде 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айлық жалақы төленеді. Түлектердің көпшілігі практика өткен ұйымда жұмыс істеуге қалады. Көп нәрсе үміткердің өзіне байланысты. Егер ол жастар тәжірибесі барысында өзін танытып, жұмысқа тез кірісіп кете алған болса, оған тұрақты қызметкер ретінде қалуды ұсынады. Жалпы, Жұмыспен қамту орталығы қаладағы бірқатар ұйыммен келісімшарт жасасады. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелер, түрлі компаниялар бар. Алдымен оқу бітірген жастардан қай ұйымға тағылымдамаға барғысы келетіндері сұралады және тілектерін ескере отырып, олар белгілі бір ұйымға тәжірибеден өтуге жіберіледі.
Жастар практикасы – бұл жас мамандар үшін практикалық тәжірибе алудың бірегей мүмкіндігі. «Жастар практикасының» мақсаты – ең алдымен, кәсіби тәжірибе жинау. Содан кейін өзін көрсету арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу. Жастар практикасы — алған мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелерінің 35 жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған бағдарлама.Жастар практикасының ең басты құндылығы — сіздің ең алғашқы еңбек тәжірибесін алуға және еңбек өтілі болуға мүмкіндіктеріңіз бар. Жастардың оқу бітіріп, қолға диплом алған соң мамандық бойынша жұмыс іздейтіні белгілі. Бірақ тәжірибесі жоқ, әлі еңбек нарығын көрмеген жас маманға жұмыс жылдам табыла қоймайды. Бұл тығырақтан шығудың бір жолы бар. Ол – жастар практикасы. Жастарға ұсынылып отырған мемлекеттік көмектің бірі. Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, тәжірибие жинақтауға көмектесу. Жастар практикасын оқуды енді бітірген, мамандығы бойынша әлі тәжірибесі жоқ, 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Тек оқу бітіргеніне бес жылдан аспаса болғаны. Бұған колледж бітірген жастар да қатыса алады. Жастар практикасына қабылданған жас 12 ай бойы практикада болады. Жастар практикасына жолданған азаматтардың басым көпшілігі сол жұмыс атқарған мекемесінде тұрақты жұмысқа орналасып қалуда. Жастар практикасына қатысқысы келген азамат Төлеби аудандық Мансап орталығына келіп жұмыссыз ретінде тіркеледі. Орталық мамандары қатысудың шарттарын, қандай жұмыс орындары барын, бағдарлама ережелерін түсіндіреді. Ол үшін жеке куәлік, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжатымен Мансап орталығына өтініш береді. Жеке басын куәландырғаннан және «Еңбек биржасы» ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар өтініш берушіге қайтарылады. Жастар практикасына келген азаматтың өзі де қай мекемеде тағлымдамадан өткісі келетінін айтып, өтініш білдірсе болады. Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде кемінде 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жалақы толық мемлекет есебінен жүргізіледі.
Жақында халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама 2029 жылға дейін ұзартылды. Аталған құжат 2025 жылға дейін жүзеге асырылуы керек болатын. Үкімет мерзімін ұзартқан бағдарлама қазақстандықтардың, оның ішінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталған.
«Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажет. Жұмыс нақты және мақсатты болуы керек. Әрбір басқару деңгейінде кедейлікті азайтудың нақты көрсеткіштері белгіленуі тиіс. Жұмысқа мұқтаж азаматтардың нақты санын анықтау қажет» – деген Президент тапсырмасы негізінде жүзеге асып жатқан бағдарлама 5 бағытты қамтиды. Олар: өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орнын құру, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде ауыл тұрғындарының кірісін арттыру, табыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шаралар және мемлекеттік қолдау шаралары, бюджет қаражаты есебінен жалақыны көтеру бойынша міндеттемелер, халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдау. Деректерге көз жүгіртсек, ЖОО бітірген түлектердің шамамен 35 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Ал 40 пайызы оқу бітіргеннен кейін бір жыл көлемінде екі қолға бір күрек таппайды. Осы орайда жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюды көздеген бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай 3,3 миллионнан астам адамды, оның ішінде 2,3 миллион жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Қазақстанда қазіргі уақытта 207 жұмыспен қамту орталығы бар екен. Олар аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда тұратын адамдарды қабылдайды. Жастарды жұмыспен қамтуға арналған «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға» сынды бағдарламалары бар. Аталған бағдарламалар жастарды жұмысқа орналастырудың тетігін іске асыруды қамтиды. ЖОО бітірген жас маманға бірден жұмыс табылуы қиын. Қолында дипломы болғанымен, тәжірибесі жоқ маманды көп мекеме жұмысқа алғысы келмейді. Осы орайда мемлекет жастарға тығырықтан шығудың жолын ұсынады. Ол – «Жастар практикасы». Биыл да аталған жоба жалғасын тауып отыр. Мемлекеттік жобаға жұмыс берушілердің өзі аса қызығушылық танытып отыр. Былтыр «Жастар практикасына» 436 жұмыс беруші қатысып, 1996 жаңа жұмыс орнын ашқан. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға қызметке орналастыру үшін 2 164 жұмыс орнына 324 жұмыс берушімен шарт жасалған. Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы Жастарды жұмыспен қамту бөлімінің маманы Айгүл Рақышеваның айтуынша, «Жастар практикасы» әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды нақты қажеттіліктері бойынша анықтауға, жастарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. – «Жастар практикасына» оқуды енді бітірген, мамандығы бойынша әлі тәжірибесі жоқ жастар қатыса алады. Бағдарламаға қатысудың бір шарты – оқу бітіргеніне 3 жылдан аспауы керек. Яғни, мектеп пен колледж бітірген жастар да қатыса алады. «Жастар практикасының» басты мақсаты – колледж немесе ЖОО жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу. Яғни, алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру. Жұмыс түрі әр өңірде әрқалай. Жұмыс берушілер арасында мемлекеттік мекемелер, жкеменшік компаниялар мен зауыттар бар. «Жастар практикасына» келгендер қай мекемеде тағылымдамадан өткісі келетінін айтып, өтініш білдірсе болады. Алайда бір айта кетерлігі, жастар жұмысы ауыр кәсіпорындарға, зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді. Бағдарлама аясында практикаға қабылданған жас түлек өзін жақсы қырынан танытып, қабілет-қарымын көрсете алуы тиіс. Өйткені жұмыс берушінің талабы маңызды. Жұмысқа келген жасты арнайы тәлімгер үйретіп, жөн сілтейді. Жас маман жауапкершілігін, талабы мен жұмысқа деген қызығушылығын танытса, жұмысқа тұрақты орналаса алады. Былтыр 998 түлекті жұмыспен қамту жоспарланған. Білім беру ұйымдарының 252 түлегі жастар тәжірибесіне қатысып жатыр. Биыл 900-ге жуық жас түлекті жұмысқа орналастыру көзделіп отыр. «Жастар практикасына» қатысушылардың жалақы мөлшері әр жылда әртүрлі. Биылғы есептеме бойынша, 198 мың теңге. Қолға алатыны – 107 мың теңге. Бұл – мемлекет тарапынан берілетін жалақы. Зейнетақысы мен әлеуметтік медициналық сақтандыруы жүреді. Егер жұмыс беруші бөлек еңбекақы төлеймін десе, өз қалауындағы дүние. «Жастар практикасы» бойынша жас мамандарды жұмысқа қабылдағысы келетін жұмыс орындары көп. Бүгінде IT мамандары, заңгер, экономист, қаржыгер, экология саласы және балық шаруашылығы бойынша мамандар сұранысқа ие болып отыр
Жастар практикасы – еңбек қызметінің түрі, жүзеге асырылатын білім беру ұйымдарының түлектері білім беру бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мақсатында сатып алу бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алған кәсібі (мамандығы). Жастар тәжірибесі әдейі жұмыссыздар үшін арналған ішінен білім беру ұйымдарының түлектерін білім беру бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған кәсібі (мамандығы) жоқ, жасы жиырма тоғыз жастан асқан. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар: 1) жастар практикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2016 ж. № 919 қаулысымен бекітілген өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуына арнайы арналған; 2) жастар практикасына қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған көздерден жүргізіледі; 3) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланылмайды.
Жастар практикасы – бұл: Түлектер үшін – кәсіби тәжірибе алу; өзін көрсету және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін алу; мемлекеттен қаржылық қолдау алу (мансаптың алғашқы 180 күнінде).
Жұмыс берушілер үшін – жас, ынталы, дәлелді қызметкерді алу; компанияда тәжірибеден өту кезінде болашақ қызметкерді тегін тексеру (6 айға дейін); қайта оқытудың орнына маманды үйрету; өз компаниясының әлеуметтік жауапкершілігін көрсету.
Жастар практикасына қатысу шарттары. Жастар практикасы жоғары оқу орындарының, колледждер мен лицейлердің түлектерін алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы болып табылады. Бітіруші меншік нысанына қарамастан кез келген ұйымда жастар практикасынан өте алады. Мемлекет жастар практикасына қатысатын оқу орындары түлектерінің еңбекақысының 100% айына 15 мың теңге мөлшерінде төлейді (салық шегерілгенге дейін).
Жұмыс беруші өзінің қалауы бойынша қосымша практиканту. Жастар практикасының ең жоғары мерзімі – 6 ай. Жастар практикасынан өтуге ниет білдірген оқу орындарының түлектеріне арналған жадынама. Жастар тәжірибесі дегеніміз жастар тәжірибесі жоғары оқу орындарының, колледждер мен лицейлердің түлектерін алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы болып табылады. Жастар практикасына қатысушының жұмыс күні жұмыс берушімен анықталады (жұмыс беруші қол қойған жұмыс уақытын есепке алу табелімен расталады). Мемлекет жастар практикасына қатысатын оқу орындары түлектерінің еңбекақысының 100% айына 15 000 теңге мөлшерінде төлейді (салық шегерусіз). Бітіруші меншік нысанына қарамастан кез келген ұйымда жастар практикасынан өте алады. Жұмыс беруші өзінің қалауы бойынша қосымша практиканту. Жастар практикасының ең жоғары мерзімі-6 ай. Оқу орнын бітіргеннен кейін өз мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жоғары оқу орындарының, колледждер мен лицейлердің түлектері жастар тәжірибесіне қатыса алады. Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және оның аудандық бөлімдері зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы сұратады. Жастар практикасына оқу орнын бітіргеннен кейін зейнетақы аударымдары жоқ түлектер жіберіледі.
Жастар практикасына қалай қатысуға болады
1 қадам. Құжаттар пакетін дайындау.
Құжаттарды жинау қажет:
- Жеке куәлік
- 3-шығарылым туралы зақым келтіретін оқу орнынан
- Диплом немесе анықтама. СТН көшірмесі
- ӘЖК
- Шарт зейнетақы қоры
2-қадам. Жастар практикасынан өту орнын іздеу (жұмыс беруші).
Бітіруші өз бетінше (немесе практика, мансап және маркетинг бөлімінің (оқу орнының) көмегімен жастар практикасынан өту үшін жұмыс берушіні таба алады. Егер түлек жұмыс берушіні таппаса, ол Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тиісті бөлімшесіне (аудандық бөлімдер немесе қалалық еңбек биржасы) жүгіне алады.
3-қадам. Жастар практикасына жолдама алу.
- Егер бітіруші Орал қаласында тұрақты тіркелген болса, онда оған: тұрақты тіркелген жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажет (аудандық бөлімдердің мекен-жайлары және жастар практикасын үйлестіруге жауапты қызметкерлердің телефондары қоса беріледі) Жоғарыда аталған құжаттар тізіміне қосымша үй кітабының көшірмесін ұсыну. 2. Егер түлек Орал қаласында тұрақты тіркелмесе (басқа қаладан келген студент), онда оған қажет: Еңбек құқығы Жастар практикасынан өту үшін жолдама алу. Жұмыс берушінің заңды мекенжайы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдама беру.
Жұмыс берушіде ресімделу. 1. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бекіткен үш жақты үлгі шартқа жұмыс берушіде қол қойылсын (Шарттың үлгісі қоса беріледі). 2. Жұмыс берушіде жастар практикасына жолдаманың үзбелі талонын толтыру және оны бұйрықтың көшірмесімен бірге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсыну. 3. Ай сайын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жалақыны есептеу үшін жұмыс уақытын есептеу табелін ұсыну.