• Latest
Төлеби ауданының тұрғыны Әскербек Ақбөпе «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыс тапты

Төлеби ауданының тұрғыны Әскербек Ақбөпе «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыс тапты

11/06/2024
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07/05/2025

05/05/2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

03/05/2025

02/05/2025
ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

30/04/2025
АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

28/04/2025
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

26/04/2025

25/04/2025
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

20/04/2025
Сайрам ауданының әкімі Сабитов Арман Сабитұлының ҮНДЕУІ

Сайрам ауданының әкімі Сабитов Арман Сабитұлының ҮНДЕУІ

20/04/2025
ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

20/04/2025
АРЫС ЖАҒАСЫНДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ

АРЫС ЖАҒАСЫНДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ

19/04/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Friday, May 9, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Төлеби ауданының тұрғыны Әскербек Ақбөпе «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыс тапты

11/06/2024
in Қоғам
0
Төлеби ауданының тұрғыны Әскербек Ақбөпе «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыс тапты
498
SHARES
1.4k
VIEWS

Бүгінгі кейіпкеріміз – Әскербек Ақбөпе. 2001 жылы Төлеби ауданы Киелітас ауылында дүниеге келген. 2018 жылы Түркістан облысы Төлеби ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебін  бітірген соң, жоғары оқу орнына оқуға түскен. Жоғары білімді 2022 жылы аяқтап дипломын алған соң, №2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебіне «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша алғашқы іс-тәжірибе жинау мақсатында жұмысқа орналасқан. Жауапкершілігі мол, ісіне тиянақты Ақбөпені алдағы уақытта мектепте бос орын болған жағдайда жұмысқа алып қалатындықтарын айта кетті. Ақбөпе оқу бітірген жұмыссыз жастарды осы бағдарлама бойынша жұмыс жасауға шақырады.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет тарапынан жастарға айрықша қолдау көрсетіліп келеді. Азаттықтың алтын таңымен бірге азаматтарды ел болашағы үшін қызмет етуге ықпал жасайтын түрлі бағдарламалар жүзеге асқан болатын. Бүгінде мемлекетіміздің дамуы үшін Жолдауда айтылған «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген түлектер аянбай еңбек етуде. Бұл білімді жастарды қолдаудың бастау көзі болғаны анық. «Болашақ» бағдарламасы – еліміздегі жастардың дүниенің төрт бұрышына барып, білім қуып қайтуға жасалған теңдессіз мүмкіншілік. Еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы дүниежүзіне танылған қазақстандық брендке айналды. 1993 жылдан бері 13 мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасалып, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол ашылды. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп келеді. Сонымен қатар «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтау, халық тығыз қоныстанған өңірлердегі жұмыссыздық деңгейін төмендету, еліміздегі халық саны азая бастаған бірқатар өңірлерде демографиялық өсім көрсеткішінің артуына ықпал етіп, жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындарды мамандармен қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізген болатын. Ауылдық аймақтарда дәрігер, мұғалім, инженер, ауыл шаруашылығы мамандары және осы аумақтар үшін қажетті өзге де жоғары оқу орны түлектеріне деген қажеттілікті жою мақсатында жүзеге асқан «Дипломмен – ауылға!» республикалық бағдарламасы өз жемісін беруде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жетіп, жастардың инновациялық әлеуетін тиімді қолдана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болатындығының айқын көрінісін байқатты. Елімізде жастардың біліктілігі мен білімін ел дамуы үшін қолдану жұмыстарына баса назар аударып, мемлекет тарапынан өз кәсібін бастаймын деген жастарға 2,5% несие берілетіндігін, сонымен қатар ел жастары 100 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етілетіндігін жеткізді.

Табысқа жетудің жалғыз жолы – еңбек. Сондықтан дана халқымыз «Еңбек бәрін жеңбек» деп нақыл сөз қалдырған. Жұмыссыздық мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын қатты алаңдатып отырғанын Жолдау аясында айтқан сөзінен байқауға болады. Президенті NEЕT санатындағы жастардың мәселесіне назар аудару керектігін айтты. Елімізде не жұмыс істемейтін, не оқу оқымайтын, өз бетімен қалған жастарға көңіл бөлінеді деген болатын. Жұмысқа ынтасы жоқ жастардың қатары өткен жылдың бірінші жартысында 6,7 пайызға жеткен екен. Демек, 230 мыңнан астам жас азамат не жұмыссыз, не білімсіз қалып отыр деген сөз. Осы мәселені шешудің жолы ретінде Президент кәсіптік біліммен тегін қамту мәселесі әлі өзекті екенін айтқан еді. Жолдауда Президент ақпараттық технологиялар саласында кемінде 100 мың маман дайындау туралы да тоқталған болатын. Әлем сағат санап өзгеріп жатқан бүгінгі күнде цифрлы дамудың жолына түскеніміз анық. Қолымыздағы телефон ажырамас досымызға айналды. Бұл тапсырма Қазақстанның IT-индустриясының дамуына оң ықпал беретіні анық. Бұл дегеніміз еліміздің дамуы жолында жемісті еңбек етіп, өз еліміздің игілігі жолында пайдалануды көздеген білімді, ойы озат жастарымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруына ашылған жол деуге болады.

Ел Президенті Қазақстанда оқуға жылдық 2-3% жеңілдікпен кредиттер берілетінін атап өтті. «Отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы артқан сайын ондағы оқу ақысы да өсе түседі. Сондықтан мемлекет Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайыз аралығында болады», – деді Мемлекет басшысы. Бұл шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамда әріптестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады, әрі еліміздің болашағы атанған жастарды қолдаудың тағы бір жарқын көрінісі деп атауға болады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды ұсынды. Бұл озық ойлы, бәсекеге қабілетті елдің білімді жастарына жасалып жатқан үлкен қолдаулар мен мүмкіндіктердің бірі. Ел Президенті 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлемдер кезеңін бір жарым жылға дейін ұлғайтуды, ал әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айырылу бойынша төлемдер мөлшерін орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін арттыруды тапсырды. Бұл – жас отбасылар үшін қуанышты хабар.

Еліміздің қарыштап дамуы мен гүлденуіне жастардың қосатын үлесі көп екендігін және болашақ білімді ұрпақтың қолында екенін айқындап көрсетті. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар келешек қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы екені мәлім. Еңбек нарығын дамыту және халықтың, оның ішінде жастардың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша жүзеге асырылатын шаралар жастарды қолдау ісін ілгерілетіп қана қоймай, алдағы уақытта жастарды қолдау, көтермелеу тұрғысындағы игі қадамдарға кеңінен жол ашатынына сеніміміз мол.  Мемлекет басшысы жастар саясатына қатысты бірқатар маңызды мәселелерге де тоқталып өтті. Соның ішінде жастарды дамыту мен оларды қолдауға арналған бағдарлама қажет екенін ескертті. Президент жаңа Жолдауында: «Елімізді инновациялық жолмен дамыту үшін Астанада және Алматыда қажетті экожүйе қалыптастыруға мән беріліп отыр. Бірақ мұнымен шектелуге болмайды. Мен аймақтарға барғанда дарынды әрі ойы ұшқыр, яғни креативті азаматтармен үнемі кездесемін. Біз олардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауымыз керек. Аймақтағы жоғары оқу орындарының негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру қажет. Оны нақты сектормен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге асырған жөн. Бұл жұмысты әрбір облыс орталығында жүргізу керек. Астана хабының тәжірибесін кеңінен пайдаланған жөн, – деді. Ресми ашылғанына көп уақыт бола қоймаған Astana hub халықаралық IT стартаптар технопаркі жақсы нәтижелер көрсетіп отырғаны мәлім. Бұл жоба жастардың кәсіпкерлікке алғашқы қадамдарын жасауда берер мүмкіндігі зор екендігін көріп келеміз. Қазіргі таңда технопарк стартаптарының біразы шетелдік кәсіпкерлерге тиесілі. Бұл – отандық экономикаға өте тиімді. Өйткені олардың жобалары мемлекетке салық төлеп, елімізде жұмыс орынының көбеюіне үлес қосады. Одан бөлек әлемдегі үлкен Nokia, Huawei сынды корпорациялар өкілдіктерін ашып, жас кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беріп отырады. Былай айтқанда, Astana hub кәсіпкерлер мен мемлекет арасындағы модератор.Технопарк жұмыс алаңымен қамтамасыз етіп, үлестіруші қызметін атқарып келеді. Мұндай жүйе еліміздің басқа да қалаларында ашылып, қолдауға ие болатын болса, білімді жастарымыздың дамуына, мықты жобалардың іске асуына зор мүмкіндік туатыны сөзсіз.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі шеңберінде білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің төмендегі  шаралары қолданылады.

Жастар практикасы.  Түлектерге алған кәсібі (мамандығы) бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесу үшін еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыспен қамтуға – 12 айға дейінгі мерзімге жастар практикасын өтуге жәрдемдесу шарасын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидаға сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 5 жыл ішінде бітірген және 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектер жастар практикасына қатысушылар ретінде белгіленеді. Жастар практикасын өту үшін жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс. Салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, айлық жалақы 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жастар практикасына қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгіну тиіс. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі: Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

Еңбек кітапшасы (бар болса). Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы. Жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз түлектерге, 35 жастан аспаған жастар, жұмыс тәжірибесі жоқтар  қатарынан жүзеге асырылады. Оқу орындарының түлектері үшін “Алғашқы жұмыс орны” жобасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) бойынша немесе ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен келісім негізінде қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге жұмысқа орналастырады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

Білім туралы құжат (бар болса).

«Ұрпақтар келісімі» жобасы. Жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарды, оның ішінде білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қосымша шараларды іске асыру шеңберінде еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қатысушыларды зейнеткерлік жасқа жеткен белсенді жұмыскерді кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен шарт негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 6 ай мерзімге жұмысқа алады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

Білім туралы құжат (бар болса). Жастар практикасына, «Брінші жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына қатысу үшін «электрондық үкімет» веб-портал және www.enbek.kz Электрондық еңбек биржасы арқылы мансап орталықтарына жүгінбей-ақ өтінім беруге болады.

Қазір елімізде 505 мыңға жуық жас оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді. Өткен жылы бұл NEET санатындағы азаматтар екі есе аз еді. Биыл жастар саясатындағы өзгерістерге байланысты жас мөлшері 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Сәйкесінше көрсеткіш те аспандады. Олар неге әлі күнге дейін бос кезіп жүр? Әлде «Жұмыс істегісі келген жол іздейді, қалғаны сылтау іздейдінің» кебі ме? Мемлекеттің экономикалық әлеуеті халықтың қаншалықты жұмыспен қамтылғанымен өлшенеді. Демек, кез келген елдің даму жолында екі қолға бір күрек таппай сенделгендердің тигізер әсері зор. Қазақстандағы саясаттанушы, әлеуметтанушы, психологтердің пікірінше, жұмыссыз жастар суицидтің, ажырасу­ фактілерінің көбеюіне негіз. Сондай-ақ нашақорлыққа, ішімдікке салынуға бейім келеді екен. Өткен жылғы статистика бойынша республикада 18085 адам нашақорлыққа қатысты тіркеуде тұрған. Оның 97-сі кәмелет жасына толмаған жастар. Бұл бізге белгілісі ғана, есірткіге әуес жандардың қатары біз ойлағаннан да әлдеқайда көп болуы ықтимал.  «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы былтыр жасаған әлеуметтік зерттеуін бағдарласақ, орталық жүргізген сауалдамаға жауап берген азаматтардың 61,1%-ы жұмысқа орналасуда кездедетін ең басты қиындық ретінде жұмыс тәжірибесінің жоқтығын атаған. Ал үштен бір бөлігі ЖОО мен кәсіптік оқу орнында алған мамандық бойынша орналасудың қиын екенін айтқан. Шенділер бұл проблеманы одан әрі күрделендіріп алмас үшін жыл сайын жаңа бастамаларды іске қосады. Ал нәтиже берген жобалардың мерзімін ұзартып, аясын кеңейтеді. Соның бірі – жастар практикасы. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов хабарлаған еді.

«Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде заң қабылданды. Оның бірнеше жаңа нормалары бар. Егер бұрын жастар санатына 29 жасқа дейінгі азаматтар кіретін болса, қазір 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Демек, жастарға арналған механизмдерді қолданатын азаматтардың саны едәуір артты. Егер бұрын жастар категориясына 3 млн 700 адам кірсе, қазір 5 млн 700 мың адам кіреді. Яғни олар осы нормаларға, осы қолдау тетіктеріне ие болады. Сондай-ақ «Жастар практикасы» бағдарламасына сәйкес, бұрын жастар жарты жыл өтетін болса, қазір ол бір жылға дейін ұзартылған. Осы бір жылдың ішінде жастар 100 мың теңгеге жуық айлық алады. Сонымен бірге «Алғашқы жұмыс орны» деген бағдарлама да бір жарым жылға дейін ұзартылды. Бұл бағдарлама бойынша да жастар 100 мың теңгеге дейін айлық алады.

«Жастар практикасы» жобасының мақсаты – университет пен колледж бітірген азаматтарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу. Яғни олардың тәжірибе жинақтап, белгілі бір қызметке бейімделуіне жәрдемдесу. Тек бір ескере кететіні жобаға оқу бітіргеніне 3 жылдан аспаған маман ғана қатыса алады. Әрі жастар ауыр кәсіпорындар мен зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді.

Жасырынатыны жоқ, кез келген жұмыс беруші, маманның тәжірибесіне аса мән береді. Жаңа ғана оқу орнын бітірген адамда қайдан тәжірибе болсын. Салдарынан кей жоғары білімі бар студенттер жұмыс таба алмай сандалып қалады. Осы орайда жастар практикасы оларға үлкен мүмкіндік. Бұл ретте бос қаңғып жүрген маманды қабылдаған жұмыс орны да ұтылмайды. Себебі олардың еңбекақысын мемлекеттің өзі өтейді. Ал бір жылға қызметке кіріскен азамат болса, тәжірибе жинақтайды. Өзім дәл осы жобамен бірнеше жасты қатарыма қабылдадым. Практика кезінде өздерінің қарым-қабілетін шыңдап, жақсы тұсынан көрінгендерді тұрақты жұмысқа алдым. Тек болашақта Үкімет бұл бағдарламаға бөлінетін квота санын арттырса екен деген ұсынысым бар, – деді Қазақстан Жастар конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

Осы бағдарламамен жұмысқа кіріскен азаматтардың жартысы сол орында тұрақты қызметке ауысады екен. Ал орналаса алмаған жастарға жұмыспен қамту орталығы басқа мүмкіндіктерді іздейді. Мәселен, тағы бір мекемеге жіберу немесе «Enbek» электронды биржасына өтініш беру арқылы қолдау жасау. Одан бөлек, шағын кәсіп ашу үшін мемлекеттік грант алу сынды мемлекеттік көмек түрлері қарастырылады. Былтыр Астана қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына 17,9 мыңнан астам жас жұмысқа орналасуға өтініш білдірді, «Жастар практикасы» жобасы бойынша – 923 жас, «Алғашқы жұмыс орнына» 179 адам жұмысқа орналастырылды, «Ұрпақтар келісімшартымен» 3 адам жұмысқа орналастырылды,­ «Әлеуметтік жұмыс орын» бойынша 49 адам­ жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 950 азамат жіберілді. Сонымен қатар жастар арасында грант иегерлері – 204 адам. «Бастау бизнес» – 2251 адам. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысып жұмысқа орналасқан – 40 жас болды, онлайн оқыту 196 азамат оқыды. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізуден 9671 адам өтті. Тұрақты жұмыс орындарына 3407 жас жұмысқа орналасты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сүйенсек, биыл республика бойынша жастар практикасына 22 мыңға жуық азаматты жіберу жос­парланған. Ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасына кемінде 3 мың жастың қатысуын ұйымдастыру көзделіпті. Бұл бағдарламаларға қатысу үшін олар не істеу керек? «Алғашқы жұмыс орны» жобасы колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне, жұмыс тәжірибесі жоқ жастар, оның ішінде NEET санатындағыларға арналған. Қатысу ұзақтығы – 18 айдан аспайды. Жалақы мөлшері – 30 АЕК. «Ұрпақтар келісімшарты» – 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған білім беру ұйым­дарының түлектеріне арнайы құрылатын жұмыс орны. 6 ай өткен­нен кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс беріледі және ол зейнет­керлік жасқа толған қызмет­керді алмастырады. Қатысу ұзақтығы – 6 ай. Мұнда да еңбекақы 30 АЕК мөлшерінде. Жұмыспен қамту орталығына барып тір­келіп, өтініш берсе, орталық ма­ман­дары қатысудың шарттарын, қандай жұмыс орындары барын, бағдарлама ережелерін түсіндіреді. Түйіндесек, биыл 20 мыңнан астам түлек қаңтардағы ҰБТ-да шекті балды жинай алмады. Әрине, бұл шешуші сынақ емес. Талапкерлерде әлі төрт мүмкіндік бар. Десе де ескеретін факт. Осы ретте хакім Абай да «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» деп теріс жолға түспес үшін күпірлігімізді емес, шүкірлігімізді арттырып, жалқаулықты емес, еңбекқорлықты серік ету керек екенін ескертеді.

Previous Post

Төлеби ауданы: Жастарды жұмыспен қамту – басты міндет

Next Post

Еңбек адамы: Төлебилік көпбалалы ана мемлекеттік қолдаумен кәдесый дайындайтын цех ашқан

Related Posts

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

by Алаш Ақпарат
07/05/2025
0

Бүгін Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерін арнайы құттықтады. Аудан басшысы тыл ардагерлері...

by Алаш Ақпарат
05/05/2025
0

Бүгін, 5 мамыр күні Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара...

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

by Алаш Ақпарат
03/05/2025
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы Жеңіс туралы ұмытпау дегеніміз, бұл - ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі...

by Алаш Ақпарат
02/05/2025
0

Келес ауданында облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Бала тәрбиесінде ата-ананың эмоционалдық қолдауының маңызы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті....

Next Post
Еңбек адамы: Төлебилік көпбалалы ана мемлекеттік қолдаумен кәдесый дайындайтын цех ашқан

Еңбек адамы: Төлебилік көпбалалы ана мемлекеттік қолдаумен кәдесый дайындайтын цех ашқан

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07/05/2025

05/05/2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

03/05/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,458)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page