«Дипломмен ауылға» бағдарламасы: 0,01 проценттік кредиттің сомасы ұлғайды. Бұған дейін “Дипломмен ауылға” бағдарламасы аясында берілетін кредиттердің ең жоғары сомасы 1500 АЕК (5,5 миллион теңге) болса, биылдан бастап оның мөлшері 2000 АЕК-ке (7 миллион 384 мың теңгеге) дейін өсті. «Дипломмен ауылға» кімдер бара алады? Бағдарламаға ауылдық жерлерге барған немесе бұрыннан тұрып жатқан мамандар қатыса алады. Бірақ нақты салалар белгіленген. Олар: денсаулық сақтау; білім беру; әлеуметтік қамсыздандыру; мәдениет; спорт; агроөнеркәсіптік кешен мамандары; ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері; Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекеніне қажетті мамандардың тізбесін жасап отырады. Осы тізім бойынша жұмысқа келген адамдарға жеңілдетілген кредиттер мен жәдемақы беріледі. Кредиттің сомасы өсті. Бұған дейін “Дипломмен ауылға” бағдарламасы аясында берілетін кредиттердің ең жоғары сомасы 1500 АЕК (5,5 миллион теңге) болса, биылдан бастап оның мөлшері 2000 АЕК-ке (7 миллион 384 мың теңгеге) дейін өсті. Ал аудан орталығына барған мамандар 2 500 АЕК (9,2 млн теңге) кредит рәсімдей алады. Ақша тұрғын үй сатып алуға немесе салуға ғана беріледі.
Кредиттің шарттары: мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады); мерзімі – 15 жыл; Негізгі талапқа сәйкес, кредит алған адам ауылдық жерде өз мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл жұмыс істеуі керек. Жәрдемақының көлемі қандай. Былтыр ұлттық экономика министрі “Дипломмен – ауылға” жобасына қатысушыларға берілетін көтерме жәрдемақыны ұлғайту туралы бұйрықты да шығарған. Оған сәйкес, жәрдемақыны 70-тен 100 АЕК-ке (369 200 теңгеге) дейін арттыру жоспарланған.
Ресми мәліметке сәйкес, 2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан астам маман 17 млрд теңге сомасына көтерме жәрдемақы алған. 45 мыңнан астам маманға баспана сатып алу үшін 142,5 млрд теңге бюджеттік кредит берілді.
Құжатты қалай тапсырады? 2023 жыл 1 сәуірден бастап Отбасы банкі “Дипломмен ауылға” жобасының сенімді агенті болып бекітілді. Сондай-ақ бағдарлама толығымен цифрлық форматқа ауыстырылды. Осыған байланысты барлық өтінім otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданады. “Дипломмен ауылға” жобасына қатысуға өтінім беру үшін алыдмен otbasybank.kz порталында тіркелу керек. Одан кейін электронды-цифрлық қолтаңбамен өтінімге қол қою қажет.
Жәрдемақы мен бюджеттік кредитке де өтінішті де бір мезгілде банк порталы арқылы беруге болады.
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап “Дипломмен ауылға” жобасының сенімді агенті болып Отбасы банк тағайындалды. Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді. Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін “Дипломмен ауылға” жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады. “Дипломмен ауылға” жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қоюы қажет. Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда). Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады)
Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек. Енді “Дипломмен ауылға!” жобасы шеңберіндегі қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Сондықтан кредиттері бар қазақстандық азаматтар банктің клиенттері болуы тиіс. Бұл төлемдерді уақтылы өтеу үшін және болашақта мерзімді өткізіп алмау немесе өсімпұл есептелмеу үшін жасалатын шара. Банктің клиенттері бола отырып, олар кредит талаптарын өзгертпестен оны төлеуді жалғастырады.
Банктің клиенті болудың мынадай бірнеше тәсілі бар:
– Otbasy bank мобильді қолданбасын жүктеп, оның көмегімен ағымдағы шотты және депозитті ашу;
– ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу;
– жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласу.
“Дипломмен ауылға” жобасы шеңберінде қазақстандықтар 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады. Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне де otbasybank.kz платформасы арқылы өтініш беруге болады. Жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы қараша айында жаңа жетіжылдық мерзімге ел Президенті болып сайланған соң, алғашқы Жарлығын ауылға арнап, Үкіметке ауыл-аймақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырған еді. Бұл құжат 2023 жылғы 28 наурызда қабылданып, онда ауыл шаруашылығын дамытып, ауылды жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар белгіленді. Солардың бірі – ауылдардағы кадр тапшылығын болдырмау мақсатында жүзеге асырылып келе жатқан «Дипломмен – ауылға!» жобасын одан әрі жалғастыру және жетілдіру. Аталған мемлекеттік бағдарламамен қыруар іс тындырылғаны анық. Мәселен, ауылдық елді мекендерде жұмысқа орналасқан 105 мыңнан аса маман әлеуметтік қолдау шараларын біржолғы көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған жеңілдікті бюджеттік кредитті алған. Алайда олардың бір бөлігі барған жерлерінде тұрақтамай, көп ұзамай басқа жақтарға кетіп қалғаны мәлім. Салдарынан ауылдағы кадр тапшылығы мәселесі әлі толық шешілген жоқ. 2020-2022 жылдары ауылдық елді мекендердегі дәрігерлер саны 12,7 мыңнан 13,4 мыңға дейін (5,1 пайызға), орта буын медицина қызметкерлерінің саны 51,2 мыңнан 54,3 мыңға дейін (5,9 пайызға) өскен. Әйтсе де, осы кезеңдегі тапшылық 3,9 мың бірлік болған. Мұғалімдер қатары да 195,3 мыңнан 209,6 мыңға дейін (7,3 пайызға) көбейгенімен, бос орындар саны 2 240 бірлікті құраған.
«Дипломмен – ауылға!» жобасы бойынша ауылдық жерлерге көшіп барып, жұмысқа орналасатын мамандардың жеңілдікті шарттармен 1 500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі бюджеттік кредитті пайдаланып, тұрғын үй сатып алуы үшін қойылатын негізгі талап – ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымда тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеме қабылдау. Әу баста бұл мерзім 5 жыл болып белгіленген еді, кейін екі жылға қысқартылды. Соған қарамастан Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша 2020 жылдан бері жеңілдікті кредитті пайдаланған мамандар санының азаю үрдісі байқалады. Нақты айтсақ, 2020 жылы 5 016 маман жеңілдікті кредит алған болса, бұл көрсеткіш 2023 жылы 3 518 маманға дейін, яғни 30 пайызға азайған. Ал кредит сомасы АЕК-тің жыл сайынғы инфляция мөлшеріне сәйкес арттырылуына орай, 2020 жылғы 4 167 мыңнан 2023 жылы 5 175 мыңға дейін өскен. Бұл ретте «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларын күшейту мақсатында биылдан бастап тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған жеңілдікті бюджеттік кредиттің мөлшері бұрынғы 15 жылға дейінгі 0,01 пайыздық сыйақы мөлшерлемесі сақтала отырып, аудан орталықтары үшін 1 500 АЕК-тен (5,2 млн теңге) 2 500 АЕК-ке (9,2 млн теңге) дейін және қалған ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке (7,4 млн теңге) дейін ұлғайтылғанын айтқан жөн. Сарапшылардың пікірінше, осылайша жеңілдікті бюджеттік кредит мөлшерінің ұлғайтылуы ауылға жұмысқа барып, тұрғын үй сатып алғысы немесе салғысы келетін мамандар санының көбеюіне ықпал етеді. Бұл шара, әсіресе тұрғын үй бағасы салыстырмалы түрде арзан солтүстік өңірлердің ауылдық елді мекендеріне жұмысқа баратын мамандар үшін тиімді болмақ. Себебі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, ауылды жерде салынатын тұрғын үйдің 1 шаршы метріне жұмсалатын орташа шығын өткен жылдың қазан айында Қостанай облысында – 73,3 мың теңге, Павлодар облысында – 97,9 мың теңге, Солтүстік Қазақстан облысында – 119,4 мың теңге болған. Ал осы көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында – 175,6 мың теңгеге, Абай облысында – 172,9 мың теңгеге, Алматы облысында – 166 мың теңгеге, Ақмола облысында – 161 мың теңгеге, Жетісу облысында – 158,6 мың теңгеге, Маңғыстау облысында 137 мың теңгеге жеткен. Осылайша, тұрғын үй шаршы метрінің бағасы шарықтап кеткен өңірлердегі ауылдарға жұмысқа баратын мамандарға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бөлінген бюджеттік кредит қаражаты жеткіліксіз болуы мүмкін. Өкінішке қарай, мүдделі мемлекеттік органдар ежелгі «бәрін бір шыбықпен айдау» қағидатынан әлі де бас тартпай келеді. Сарапшылардың айтуынша, әр өңірге сараланған тәсіл қолданылғаны жөн.
«Дипломмен – ауылға!» жобасы бойынша ең жоғары нәтижеге жетіп отырған Түркістан облысында біржолғы көтерме жәрдемақы алған мамандар санының бюджеттік кредит алған мамандар санына арақатынасы – 1:3. Яғни Түркістан облысының ауылдарына осы жоба бойынша келген әрбір үшінші маман ғана жеңілдікті кредит есебінен тұрғын үй сатып алды. Осыған ұқсас жағдай жалпы республика бойынша да байқалып отыр. Кейінгі үш жылда ауылдық елді мекендерге келген мамандар саны азайып кетті және «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында ұсынылатын екі әлеуметтік қолдау шарасының арасындағы алшақтық арта түсті. «Негізгі мәселе кредиттің ұсынылатын мөлшерінің жеткіліксіздігінде ғана емес, сонымен қатар халықтың кредиттелуінде, теріс кредиттік тарихтың болуында, жылжымайтын мүлік нарығында тұру үшін қажетті қолайлы жағдайлар жасалған тұрғын үйдің болмауында, ауылды жерлерде жалақының аздығында және халықтың шығыстарының көбеюінде, сондай-ақ «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабардарлықтың төмен болуында», дейді Экономикалық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Динара Мұқышева.
Шынында да, ауылға жұмысқа барған дипломды мамандардың тұрақтамауының негізгі себебінің бірі – олардың теріс кредиттік тарихына байланысты тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін жеңілдікті бюджеттік кредитке қол жеткізе алмауы. Өйткені кейінгі жылдары азаматтардың көпшілігінің әл-ауқаты төмендеп, екіншідеңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан ауыр шартпен кредит алып, қарызға белшеден батып жүргені белгілі. Ал Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларының» 18 тармағында: «Әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ, сондай-ақ кейінгі екі жыл ішінде 90 күнтізбелік күннен аса мерзімі өткен берешегі жоқ көрсетілетін қызмет алушыларға ұсынылады», деп көрсетілген. Ауылды қажетті кадрлармен толық қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін аталған қағидаларға өзгеріс енгізіп, «Дипломмен – ауылға!» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға немесе салуға берілетін жеңілдікті бюджеттік кредиттің қолжетімді болуын ойластыру қажет. Осы орайда былтыр «Дипломмен – ауылға!» жобасының сенімді агенті болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тағайындалғаны дұрыс шешім болғаны даусыз. Пайда қуған екіншідеңгейлі банктердей емес, мемлекет мүддесін көздейтін аталған мемлекеттік банк «Дипломмен – ауылға!» жобасына қатысушы мамандардың, әсіресе жоғары және арнаулы орта оқу орындары түлектерінің ауылдық елді мекендерге көптеп барып, мамандықтарына сай жұмысқа орналасып, баспаналы болуына жанашырлық көрсетеді деп үміттенеміз.
Ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін қажетті мамандармен нығайту, сондай-ақ ауылдық жерлерде дипломы бар кадрларды ұлғайту мақсатында 2009 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылып жатыр. Жоба ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мамандардың басты мәселесін шешуге мүмкіндік беретін әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға, атап айтқанда, жеңілдікті шарттармен тұрғын үй сатып алуға бағытталған. Бұл оқуын аяқтап, ауылға баратын мамандар үшін тамаша мүмкіндік болып көрінеді және негізгі талап — осы ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымда тиісті мамандық бойынша кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме қабылдау. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, 2020 жылдан бері «Дипломмен ауылға» жобасы аясында жеңілдікті кредиттеуді пайдаланған мамандар санының қысқаруы бойынша теріс үрдіс байқалды. 2020 жылмен салыстырғанда 2023 жылы олардың саны 30 пайызға кеміп отыр. Мұндай деректі Экономикалық зерттеулер институты ұсынып отыр. Бұл ретте, 2019 жылдан бастап біржолғы көтерме жәрдемақы сомасының 1,4 есеге, 252 500 теңгеден 345 000 теңгеге дейін, сондай-ақ бюджеттік кредиттің ең жоғары сомасының 1,4 есеге 2023 жылы 3 784,5 мың теңгеден 5 175,0 мың теңгеге дейін ұлғаюы байқалды. Аталған институттың жетекші сарапшысы Динара Мұқышеваның айтуынша, бұл өсім «Дипломмен ауылға» жобасы аясында берілетін әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерінің жыл сайын ұлғаюына байланысты емес, АЕК мөлшерінің жыл сайын ұлғаюы есебінен болып отыр. Сонымен қатар, тұрғын үй нарығындағы бағаның жыл сайынғы өсуін ескере отырып, 2023 жылы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшеріне қатысты кейбір өзгерістер енгізілді. Осылайша, 2024 жылдан бастап аудан орталықтарына келген мамандар үшін бюджеттік кредит мөлшері кредит сомасынан жылдық 0,01 пайыз мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға 1500 АЕК-тен 2500 АЕК-ке дейін немесе 9,2 млн теңгеге, ауылдық елді-мекендер үшін — 2000 АЕК-ке дейін (7,3 млн теңге) ұлғайтылды. Қалаларда тұрғын үй құнының одан әрі өсуі болатын және болжанатын жағдайларда, жеке тұрғын үй сатып алу немесе салу мүмкіндігі тіркелген мамандар үшін ауылда тұрақты тұру және жұмыс істеу үшін жеткілікті салмақты ынталандыру болуға тиіс еді. Өз кезегінде, бюджеттік несие мөлшерінің ұлғаюы жеңілдетілген несиелеуді пайдаланғысы келетін мамандар санының азаюы мәселесін ішінара шешеді. Осы орайда сарапшы мысал ретінде Түркістан облысын келтіреді. Оның дерегінше, «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ең жоғары нәтижелерді көрсететін Түркістан облысында көтерме жәрдемақы алған мамандар санының бюджеттік кредит алған мамандар санына арақатынасы — 1:3. Яғни, Түркістан облысының ауылдарына осы жоба бойынша келген әрбір үшінші маман ғана жеңілдікпен кредит арқылы тұрғын үй сатып алды. Динара Мұқышеваның айтуынша осыған ұқсас жағдай жалпы республика бойынша да байқалды.
«Мәселен, соңғы үш жылда ауылдық елді мекенге келген мамандар азайып барады және «Дипломмен ауылға» жобасы аясында ұсынылатын екі әлеуметтік қолдау шаралары арасындағы алшақтық артып келеді. Негізгі мәселе кредиттің ұсынылатын мөлшерінің жеткіліксіздігінде ғана емес, сонымен қатар халықтың кредиттелуінде, теріс кредиттік тарихтың болуында, тұру үшін қажетті қолайлы жағдайлармен жылжымайтын мүлік нарығында тұрғын үйдің болмауында, ауылдық жерлерде жалақының төмен болуында және халық шығыстарының арттыруында, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында әлеуметтік қолдау алу мүмкіндіктері туралы хабардарлықтың төмен болуында жатыр», — деді ол. Айталық, ауылдық жерлерде білім беру саласындағы маманның жалақысы 2023 жылы 240,5 мың теңгені құраған. «Республика бойынша жан басына шаққандағы ақшалай шығындар орта есеппен 260,8 мың теңгені құрайды. Ал ай сайынғы төлем сомасы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ең ұзақ мерзімге ең көп соманы қарыз алу шартымен 2023 жылы шамамен 30 мың теңге болды. 2024 жылы аудан орталықтарының мамандары үшін 50 мыңнан сәл астам теңгені және ауылдық елді мекен мамандары үшін 40,5 мың теңгені құрап отыр. Демек, ауылдық жерлерде білім беру саласындағы маманның тіпті жеңілдікті шарттар бойынша да тұрғын үй сатып алуға қаржылық мүмкіндігі жоқ», — деді сарапшы. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында бюджеттік кредит алған мамандар саны төмендеуінің келесі себебі — ауданның көптеген елді мекендерде сатуға арналған тұрғын үйдің болмауы. Оның ішінде 70-жылдары салынған абаттандырылмаған тұрғын үй «Дипломмен ауылға» жобасының критерийлеріне сәйкес келмейді, Мамандардың да көңілінен шықпайды. «Жас мамандардың кетуі және ауылдық елді мекеннен баспана алуға құлықсыздығы орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың болмауымен де байланысты. Бұл ретте, біздің ойымызша, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін реттейтін қолданыстағы қағидаларда тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны төмендетілген», — деді сарапшы. Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 46 АЕК-тен немесе 2023 жылы 158,7 мың теңгеден аспауы тиіс. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, республика бойынша ауылдық жерлердегі тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салуға жұмсалған орташа нақты шығындар 127,4 мың теңгені құрады. Алайда, Қазақстанның бірқатар облыстарында, мысалы Абай (172,9 мың теңге), Жетісу (158,6 мың теңге), Ақмола (161,0 мың теңге), Алматы (166,0 мың теңге), Шығыс Қазақстан (175,6 мың теңге) облыстарында 1 шаршы метр құрылысқа жұмсалатын орташа нақты шығындар тек республикалық мәндерден ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы қағидаларда көзделген шығындар сомасынан да асып түседі.
«Сонымен қатар, құрылыс аяқталғаннан кейін ауылға келген және „Дипломмен ауылға“ жобасы аясында қолдау алған маман Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйді пайдалануға беруді жүзеге асыратындығын назарға алу қажет. Бұл да қаржылық шығындарды көздейді. Осыған байланысты құрылысқа бөлінетін сома елдің бірнеше өңірінің ауылды елді мекендері мамандары үшін жеткіліксіз болуы мүмкін», — деді ол. Институт «Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылу барысын талдауды негізге ала отырып, өңірлердегі тұрғын үй құнына қарай бюджеттік кредит мөлшерін саралау мүмкіндігін қарастыру ұсынып отыр. «Халықтың кредиттелуінің жоғары деңгейін және теріс кредиттік тарихтың болуын, бұл мамандарға жеңілдетілген ипотека алуға мүмкіндік бермейтінін назарға ала отырып, мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің балама нұсқасын қарастыру қажет. Өйткені іс жүзінде әртүрлі өмірлік жағдайлар болуы мүмкін. Ал қағидалар оларды қолданудың өзгергіштігі тұрғысынан жетілдірілуі керек. Бұдан басқа, бюджеттік кредиттерді өтеу қажеттілігінің болмауы ауылдық елді мекенге келген мамандардың қолда бар табысын арттырады», — деді Динара Мұқышева.
«Дипломмен – ауылға!» барған мамандардың 4 пайызы келісімді бұзған. Қаншама қаражат бөлінгенімен, оның тиімділігі ауылды дамытуға бағытталмай жатыр. Нәтижесі көптеген ауыл әлі күнге дейін тәжірибелі мұғалімсіз, білікті дәрігерсіз отыр. Бұл ойымызбен KAZGUU университетінің сарапшысы, әлеуметтанушы Айдар Хамит те келіседі. «Жұмыс мәселесімен кетуге мәжбүр. Бағдарламаның негізгі міндеті – ауылдағы кадр жетіспеушілігін жою. 70 пайызы білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасады. Ал 20 пайызы денаулық сақтау саласынан жұмыс тапқан. Қалған салаларда өте аз. Ауылда күнкөріс көзі мектеп, әкімшілік және аурухана ғана. Бағдарлама аясында мектепке келген мұғалім айлығына 25 пайыз қосып алады. Бірақ әкімшілік пен ауруханадағы мамандарға бұл үстемеақы қарастырылмаған», – дейді ол. Жалпы, 2009 жылдан 2021 жылдың 1 қарашасына дейін ауылға 7 464 маман тартылды, оның ішінде 5 027-сі – мұғалім, 1 410-ы – денсаулық сақтау, 113-і – әлеуметтік қамсыздандыру, 482-сі – мәдениет, 186-сы – спорт, 236-сы – агроөнеркәсіп кешені маманы және 10-ы – мемлекеттік қызметші. Байқасаңыз, мұғалім мен дәрігердің үлесі жоғары. Бағдарламаның шартына сәйкес дипломмен ауылға барғандар тек мемлекеттік мекемелерге жұмысқа орналасуы тиіс. Яғни, бұл бағдарламаның игілігін көбіне мұғалім мен дәрігерлер көріп жатыр. Мәселен, алматылық Арсен Мұратов ветеринар мамандығын тәмамдаған. Ауылда ата-анасының жанында жұмыс істеуді жөн көргенмен бағдарламадан шет қалыпты. «Ауылда бұл мамандықты қажет ететін бірде-бір мемлекеттік мекеме болмады. Көбіне жекеменшік кәсіпорындар болғандықтан, бағдарламаға қатыса алмай қалдым . Осы шектеуді алып тастаса, дұрыс болар еді», – дейді ол. Ауылға жолдама алған мамандарға 100 АЕК мөлшерінде бірреттік көтерме жәрдемақы (2022 жылы – 306 300 теңге), тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін 15 жылға дейінгі жылдық ставкасы 0,01 пайызбен 1 500 АЕК (2021 жылы – 4 594 500 теңге) көлемінде несие беріледі. 2020 жылы аталмыш жобаға ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері де қосылды.
Бағдарламамен алған үйді кейін қымбатырақ бағаға сатып, қалаға көшіп кетуге тосқауыл жоқ. Салдарынан кейбір жастар бағдарламаны баюдың жолына айналдырған. Мемлекет берген 4 миллион теңгеге ауылда тұратын ағайынының үйін қағаз жүзінде сатып алып, пайда тапқандар да кездесті. Мұндай деректер көбейіп кеткендіктен, Үкімет бағдарламаға өзгеріс енгізіп, қатысушыға туысқанының үйін сатып алуына қатаң тыйым салды. Ендігі мәселе бөлек. Химия пәні мұғалімі Айман Рысдәулет 2 жыл бұрын аталмыш бағдарламаға қатысып, жұмысқа орналасқан. Үй де алды. Алайда 1,5 жылдан кейін көрші ауылдың мектебінен жалақысы жоғары жұмысқа шақырту алып, жұмыс орнын ауыстырған. Бүгінде баспанасы болса да, пәтер жалдап жүр. «Жұмысымды ауыстырғанмен, несиеге алған үйім сол жерде қалды. Оның несиесін төлеп, екінші жерде пәтер жалдап тұрып жатырмын. Баспана мәселесін жан-жақты зерттеп барып, шешім шығарса екен», – дейді А.Рысдәулет. Үй демекші, бір рет берілетін 300 мың теңге көтерме жәрдемақы мен тұрғын үйге берілетін 5 миллион теңге бюджеттік несиеге сапалы үй табу да қиын. Себебі баспана бағасы да шарықтап тұр. Құны 7 миллионнан басталады. Оның өзі ескі. Жыл сайын жылжымайтын мүліктің шарықтайтыны белгілі. Осы орайда жас мамандарға берілетін несиенің мөлшерін ұлғайту қажеттілігі туындап отыр. Әрі елімізде баспана бағасы әр өңірде әртүрлі екені де ескерілуі тиіс. Шығыс Қазақстан обылысы Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова да «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасындағы кейбір шикіліктер жас мамандардың ауылға орнығуына кедергі болып жатқанын мәлімдеген еді. «Осы бағдарламамен аудандарда үй алу өте қиын. Себебі бағдарлама талаптарына сай келетін үйлер жоқ. Біз шекаралық аймақта орналасқан Катонқарағай ауданындағы Ақсу ауылын зерттеп көрдік. Бұл ауылға бірнеше жас маман келген. Бірақ әлі күнге дейін үй ала алмай отыр. Өйткені қаржы беретін банктің талаптарына сай келмейді. Амалсыздан жалған құжат жасап, ауылдағы ата-анасының үйін сатып алады. Бес жылдан кейін қалаға қайта оралып, жұмыссыз жастардың қатарын толықтырады. Осы мәселелерді заңдық тұрғыда қарау керек», – дейді ол. Ұялы байланыс пен интернет сапасының нашарлығынан көңілі қалады. Кей ауылдарда жол да, жарық та, жастар баратын мәдени орындар да жоқ. Кейбір ауылдарда оқу жүктемесі азайып, ауылға барған жас мамандардың жұмыссыз қала жаздаған, кетуге мәжбүр болған, несиелік қаржының үй сатып алуға жетпеген жағдайлары да кездескен. Сондықтан 3 жыл еңбек мерзімін бітірген соң тіл табыса алмаған жас маман қалаға қашады. Ұжымда «жассың деп менсінбейді» деген Айсұлу Нұрланқызының жұмыс істеп жүргеніне 2 жылдан асқан. Бірақ ол да қалаға қайтуға асық.
Жобаға 2019 жылдан беру мониторинг жүргізілмеген. Бағдарламамен тікелей айналысатын мекеме жоқ. Облыстағылар жас маман болғандықтан, Жастар басқармасына ысырып тастайды. Жастар басқармасына барсаң, ақшаны экономика және бюджетке жауапты басқармалар бөледі» дейді. Ал олар «Ауыл шаруашылығы басқармасы айналысады» деп жауап береді. Бір бағдарламаның барлық статистикасына жауап беретін арнайы мекеме болмағандықтан, деректі әр басқармадан сұратуға тура келеді. Негізі, «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасының үйлестірушісі – Ұлттық экономика министрлігі. Ұлттық экономика министрлігі 2021 жылғы бағдарламаға бөлінген 20 миллиард теңгенің 1,8 миллардын «игерілмеді» деп бюджетке қайтарған. Ал дәл сол кезде Батыс Қазақстан облысы бойынша 757 миллион теңге жетпей қалған. Осындай ыңғайсыз жағдайға кім кінәлі десең, әкімдік пен министрлік бір-біріне сілтеп отыр. Ал 13 жылда 123 миллиард теңге бюджеттік кредит алған адамдар туралы ақпарат жоқ. Жобаның шарты бойынша жастар тек ауылға жұмысқа баруы тиіс. Аты қала болғанымен, заты қала емес, тұрғын саны ауылдан да аз жерге барған маман әлеуметтік қолдау шараларынан қағылып жатыр. Өйткені оқу орнын тәмамдаған түлек ауылға ғана барғысы келеді. Аудандағы қалаға жұмысқа орналасқанда әлеуметтік қолдау төлемі де, үй алуға бюджеттік кредит те берілмейді. Сондай-ақ сол қаланың қасындағы ауылдың мектебімен салыстырғанда жалақысы 25 пайызға төмен болады. Қорытындысында, басты мәселе – бағдарламаны жетілдіру, екінші – ауылды дамыту. Бұл бағдарлама ауыл мен жас маманды біріктіретін өзгерістеді күтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына бөлінетін қаражатты 20 млрд теңгеге ұлғайтуды тапсырды.