• Latest
Түлкібастық жастарға кәсіпкерлік негіздері бойынша семинар өтті

Түлкібастық жастарға кәсіпкерлік негіздері бойынша семинар өтті

02/07/2024
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07/05/2025

05/05/2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

03/05/2025

02/05/2025
ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

30/04/2025
АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

28/04/2025
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

26/04/2025

25/04/2025
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

20/04/2025
Сайрам ауданының әкімі Сабитов Арман Сабитұлының ҮНДЕУІ

Сайрам ауданының әкімі Сабитов Арман Сабитұлының ҮНДЕУІ

20/04/2025
ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

20/04/2025
АРЫС ЖАҒАСЫНДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ

АРЫС ЖАҒАСЫНДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ

19/04/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Saturday, May 10, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Түлкібастық жастарға кәсіпкерлік негіздері бойынша семинар өтті

02/07/2024
in Қоғам
0
Түлкібастық жастарға кәсіпкерлік негіздері бойынша семинар өтті
509
SHARES
1.5k
VIEWS

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы”КММ-сі және “Шаңырақ” жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Түлкібас ауданында облыстық «BEST STARTUP» үздік жобалар аясында “Кәсіпкерлік негіздері: Жоба жазу және startup жобалармен жұмыс” тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингті, “Шаңырақ” жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы” ҚБ төрайымы Байзахова Сабира Мұратқызы мен Бизнес-тренер, құқықтану ғылымдарының phd докторы Бекбосынов Ермек Төленұлы өткізді.

Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік  жобалар мен технологияларды анықтау. Отандық жобаларды іске асыруда көмектесу, олардың коммерцияландыруына және ұлттық кәсіпорындарда енгізуге көмектесу;Алдағы уақытта, үздік жобалар бизнес идеясы бар, кәсіп ашуды көздеген жас кәсіпкерлердің бизнес жобаларын талдап олардың кәсіп ашуына жол көрсетіп, аталған байқауға қатысуға мүмкіндік алады.Шараға ауданымыздың кәсіп ашуды мақсат еткен бизнес жобалары бар болашақ жас кәсіпкерлер қатысты.

Кәсіп бастау үшін міндетті түрде көп ақша талап етілмейді. Осы мақалада шағын бюджетпен ашуға болатын бизнес түрлері туралы айтып береміз. Арнайы білім болғанын қажет етпейтін салаларды қарастырып, жаңа кәсіп ашуға салықты санамағанда қанша ақша қажет екенін есептеп, кәсіпкерлердің тәжірибелерін бөлісеміз.

Кілем мен диван тазалау. Бастапқы инвестициялар: 20 мың теңгеден басталады. Жұмсақ жиһазды химиямен тазалауды кішігірім қаражтпен де ұйымдастыруға болады. Бастапқыда барлығын өзіңіз істеп, кейінірек бизнесті кеңейту туралы ойлануыңызға болады. Негізгі шығын кәсіби жабдықтар мен химиялық заттарды сатып алуға кетеді. Бастапқыда Karcher шаңсорғышын жалға алуға болады, оның бағасы тәулігіне 9 мың теңгеден басталады. Жалға берушілер жабдықты қалай пайдалану керектігін көрсетіп береді. Содан кейін, мессенджерлерде, әлеуметтік желілерде жарнама жасап, алғашқы тапсырыстарды табуыңызға болады. Химиямен тазалау қызметтерінің бағалары көбінесе қалыптасқан: диван, креслолар — 5 мың теңге, кілем мен ковроландар — шаршы метріне 800 теңге тұрады. Тапсырыстың төменгі құны 15 мың теңге, өйткені адамдар әдетте, диван, екі кресло және бір кілемді бірден тазалауды сұрайды. Осындай химиялық жолмен тазалау шамамен екі сағат алады. Күніне үш тапсырыс түсіп тұрса, онда орта есеппен 45 мың теңге табыс алуға болады. Техника жалдау ақысын, химикаттарды және жарнаманы есепке алғанда бір күнде қолға 25 мың теңге таза пайда келеді.

Кейс. Алматыдағы Magic Clean химиямен тазалау қызметінің басшысы Максим Бенько тазалау ісін осыдан 12 жыл бұрын, Қазақстанда бұл сала енді ғана дамып келе жатқан кезде бастаған. Кәсіпкер 80 000 теңгеге қолданылған Karcher Puzzi шаңсорғышын, 20 000 теңгеге қарапайым кір жуғыш ұнтақ пен түрлі шүберек сатып алып, алғашқы тапсырысын қабылдады. Сонда бір-екі сағаттық жұмыс үшін клиент 20 мың теңгеге жуық ақша төледі, осындай табыс кәсіпкерді қатты шабыттандырды. Максим кәсібін «Барлық дивандар — 5000 теңге» қызметінен бастады, уақыт өте келе тапсырыстар көбейді, компанияда веб-сайт, әлеуметтік желілердегі парақшалар пайда болды, сондай-ақ, арнайы оқудан өтіп, жабдықтарды жаңартып, жаңа клиенттерді тарту және көбейту үшін жарнама беруге мүмкіндік туды.Қазір компания орташа сегменттен жоғары клиенттерге қызмет көрсетеді, оның жартысы — коммерциялық тапсырыстар, қалғаны — жеке тапсырыстар. Негізгі трафик Google және Yandex контекст жарнамасынан келеді. Сондай-ақ, компания хабарландыру тақталарында да орналасқан, бірақ ол жерден көбінесе бюджеттік тапсырыс келеді, ал ол компанияның нысаналы аудиториясына жатпайды. Күніне жарнама арқылы екі жоғары чекті тапсырыс келеді. Айына шамамен 60 тапсырыс шығады. Тапсырыстар шамалы болғанымен, олардың құны өсті. Кәсіпорынның айлық айналымы 2,5 миллион теңгені құрайды, оның таза пайдасы — 1,5–2 миллион теңге. Құрал-жабдықтарға, химиялық заттар мен жаңа саптамаларға айына шамамен 400-500 мың теңге қажет. Қазір командада үш адам бар — жетекшінің өзі және оның екі көмекшісі.

Жаңадан бастап жүрген кәсіпкерлерге Максим Бенько жабдықты жалға алғанның орнына, бөліп-төлеп сатып алғанды дұрыс деп санайды, өйткені ол арзанырақ және тиімдірек болып шығады. Сондай-ақ, сала бойынша білім алуға да қаражат бөлу керек — бұл өте маңызды нәрсе. Қазір тазалау жұмыстарының қыр-сырын ашатын көптеген онлайн курстар бар, оларды өту үшін орташа есеппен 100 мың теңге керек. Оқудан өту жұмыс барысында болып қалатын көптеген қателерді болдырмауға мүмкіндік береді. «Химиямен тазалау бизнесіне „кіру” де оңай, одан шығу да оңай, өйткені жұмыстың ерекшеліктерін білмегендіктен, кілем немесе диван бүлініп қалса, шығын жарты миллион теңгеден бір миллион теңгеге дейін баруы мүмкін».

Жыл бойы құлпынай өсіру. Бастапқы инвестициялар: 30 мың теңгеден басталады. Ашық жерде құлпынай өсіру — кәсіптің ең арзан түрі болып табылады, кәсіпкер оны өзінің меншікті жерінде де бастай алады. Бұл жағдайда тек тыңайтқыштар, отырғызу материалы, суару және зиянкестер мен арамшөптерден қорғайтын дәрі-дәрмек қажет. Ашық жерде өскен құлпынай тәтті болады. Өсіру технологиясы мен сорттары туралы ақпаратты ашық дереккөзден табуға болады. Кемшіліктердің бірі — кәсіптің маусымдығы болып табылады, өйткені аймаққа байланысты құлпынай өсіру мамырдан қыркүйекке дейін ғана созылады. Құлпынайды гидропоникалық жолмен де өсіруге болады — бұл топырақтан емес, минералды ерітіндімен қоректенетін әдіс. Сондықтан, өсімдік тезірек өсіп, өнім береді, күнделікті суару да қажет емес, топыраққа байланысты зиянкестер мен аурулар да жоқ.

Гидропоника әдісі жылыжайларда ғана емес, сонымен қатар, үй терезелерінде өсіруде де қолданылады. Ол кәдімгі пластик контейнерлерден тұрады. Егер үлкен отырғызу алаңдары туралы айтатын болсақ, онда бұл жүйенің кемшіліктеріне құрылымдардың жоғары бағасы және электр энергиясының құны кіреді, өйткені өсімдіктердің өсуіне ерітіндіге оттегінің үздіксіз жеткізілуі қажет. Ал егер кәсіпкер құлпынайды осындай жолмен өнеркәсіптік деңгейде өсіруді шешсе, онда жылыжай салу қажет болады. Жазда жидектерді 2 мың теңгеге сатуға болады, ал қыста оның бағасы екі есе өсіп, 5 мың теңгеге дейін көтеріледі. Құлпынайды онлайн, хабарландыру тақталары, жеке мекемелер және жеке тұлғалар арқылы сатуға, сондай-ақ мессенджер чаттарына хабарламалар жіберу арқылы сатуға болады.

Кейс. Павлодарлық кәсіпкер Ерназар Абраев екі жылдан бері құлпынай өсіріп, сатумен айналысып жүр. Өзінің меншікті 5 соттық жер телімінде бастап, өзі үшін көкөніс, жеміс-жидек өсірумен айналысты. Құлпынайды аз-аздап сатып алған таныстары мен достары оның алғашқы клиенттері болды. Уақыт өте келе, сұраныс артты да, кәсіпкер бизнесін дамытуға ақша бөлді — құлпынайдың бірнеше сорттарын сынау үшін сатып алып, қосымша жер жалға алды, жүйектерге тамшылатып суару жүйелерін орнатты. Жер жалдауға, көшет пен тыңайтқыш сатып алуға, суаруды ұйымдастыруға 500 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Мысалы, бір құлпынай бұтасы орта есеппен 250 теңге болса, бес соттыққа 2,5 мың кетеді, оған қоса 30 мың теңге тұратын тамшылататын лента, пленка, электр қосылымы қажет. Қазір Ерназардың 20 соттық жері бар, әрбір бес соттық маусымына 3 миллион теңгедей табыс әкеледі. Тиісінше, аумақ неғұрлым үлкен болса, табыс соғұрлым жоғары болады. Кәсіпкер құлпынайдың әр түрлі сорттарын, Альбион, Сандра, Кабрильо, Мурано сияқты маусымда бірнеше рет жеміс беретін ремонтантты сорттарын сатып алады. Әрбір жидектің өз дәмі мен пішіні бар, әрқайсының өз сатып алушысы бар. Мысалы, шоколадпен қапталған құлпынай дайындау үшін Азия сорты жиі алынады. Оның пісетін уақыты мамырдан қазанға дейін созылады. Жидек кешке тез жиналып, жиналған күні сатылуы керек, оның бұзылып қалмауы маңызды. Құлпынай белгілі бір температурада 3–4 күн, ең көбі бір апта сақтала алады. Ерназардың әлеуметтік желіде парақшасы жоқ, бірақ ол саудаға аса әсер етпейді, өйткені кафе, асхана, кофехана иелері, сонымен қатар базарларға тауар жеткізетін жеке сатушылар сияқты тұрақты клиенттер бар. Кәсіпкер алдағы уақытта жерін бір гектарға дейін кеңейтіп, оған басқа да өнімдерді өсіруді жоспарлап отыр. Бұл бизнеске қызығып тұрған кәсіпкерлерге Ерназар құлпынай өсіруді шағын учаскеде үйренуге кеңес береді. Кейін жер жалдап, топырақ дайындау керек — жүйектерге созылған мульча пленкасын және тамшылатып суаратын таспа төсеу керек. Ол үшін арнайы техника жалдауға болады, ол бес соттық жерді бір-екі сағаттың ішінде дайындап береді. Оның бағасы — 15 мың теңгеге дейін тұрады. Кейін сол жүйектерге өсімдіктер отырғызылады. Бес соттық жерді дайындау процесі шамамен үш күнге созылады. Отырғызудан бастап егін жинауға дейінгі уақыт 1–1,5 ай құрайды.

Жазда квас сату. Бастапқы инвестициялар: 100 мың теңгеден басталады. Квас саудасы маусымға байланысты шектелгеніне қарамастан, кәсіпкер одан тез арада ақша таба алады, және ол үшін көп ақша қажет емес. Сауда орнын жабдықтау үшін квас толтырылған екі немесе үш термокег қажет, оларды босатылған сайын бір-бірімен ауыстырып тұруға болады. Сонымен қатар арнайы үстел, тент, сатушыға арналған орындық және бір рет қолданылатын шыныаяқтар қажет болады. Бір бөшкеге 20 литр квас құюға болады, ал бөшкенің бағасы 15 мың теңгеден басталады. Ыстық күндері орташа есеппен 50 литр квас сатуға болады, демалыс және мереке күндері сатылым екі есе өседі. Жеткізушілер үшін орташа сату бағасы литріне 100-150 теңге құрайды, ал 0,5 литрлік стақанды 300 теңгеден сатуға болады. Осылайша, өтімділік жақсы болатын жаздың ашық күндерінде бір сату нүктесіндегі орташа табыс шамамен 30 мың теңгені құрауы мүмкін. Бір айда бір нүктенің тауар айналымы 900 мың теңгеге жетеді. Бұл сомадан жабдық құнын, квастың бағасын және сатушының жалақысын шегеру керек. Квас сату үшін жай ғана көшенің кез келген бір жеріңде тұра салуға болмайды, ол үшін маусымдық сауда жасау үшін қаладан жер жалдауға арнайы рұқсат қажет. Рұқсат жылдам жасалады — ол үшін қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына өтініш беру керек, содан кейін өтініш Сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісіледі, олар сауда нүктесі қаланың көркін бұзбайтынын тексереді. Рұқсатсыз жерде заңсыз сауда жасағаны үшін ескерту немесе 5 АЕК (2024 жылы 18 460 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұзушылық қайталанса, айыппұл екі еселенеді. Сондай-ақ, сатушылар салық төлеуі және санитарлық нормаларды сақтауы керек. Бұл бизнестегі ең маңызды нәрсе — сауда орнын дұрыс таңдау, себебі ол сатылымға тікелей әсер етеді.

Кейс. Алматы тұрғыны Әсел Ысқақ екі жылдан бері салқындатқыш сусындар, оның ішінде квас сатумен айналысқан. Оның айтуынша, квастың сатылымы тәулігіне жаздың жай күндері 10–20 литр, ал ыстық күндері — 100–150 литрге дейін жетті. Кәсіпкер квасты тікелей зауыттан емес, жеке саудагерлерден литрін 130 теңгеге сатып алып жүретін. Ал клиентке сатқанда баға үстемесі 100 пайыздан жоғары болды, яғни квастың 1,5 литрі 460 теңгеден, 2 литрі 560 теңгеден сатылды. Бұл бағаға 60 теңгелік бір реттік бөтелкенің құны қосылған. Кәсіпкердің айтуынша, квас сату бизнесінің өзіндік қыр-сыры бар. Мысалы, бизнестің табысы аймақтың өтімділігіне, ауа-райына және квастың сапасына қатты байланысты. Көшеде сату үшін кәсіпкерлерге арнайы рұқсат қажет, бірақ ол көбінесе ешкімде жоқ, ал сатушылар қауіптерін біле тура сауда жасай береді. Дегенмен, барлық ұйымдастыру мәселелері шешілген болса, бизнес табысты болуы мүмкін.

Шұлық сату. Бастапқы инвестициялар: 100 мың теңгеден басталады. Шұлық — жылдың қай мезгілінде де сұранысқа ие болатын өтімді тауар. Шұлықтың құны төмен болғанына байланысты мұндай тауардың үстеме бағасы 80 пайызға дейін болуы мүмкін. Тауар сатып алуға көп қаражат қажет емес — 50 мың теңгеден бастай алуға болады. Ол үшін Қытайға немесе Түркияға барудың қажеті жоқ, жақын жердегі көтерме базарға барсаңыз болады. Шұлықтың көтерме бағасы 200 теңге болса, үстіне баға қосып, 500 теңгеден сатуға болады. Базардан сауда нүктесін ашып, бизнестің бұл түрін офлайн түрде дамытқан дұрыс. Сауда нүктесі жақсы жерде орналасқан болса, онда жарнамасыз-ақ сауда істеуге болады. Егер орын бірден көрінбейтін болса, онда клиентті жетелейтін белгілер жасауға болады. Тек шұлық сату үшін жеке үйжай жалдаған тиімсіз болады, оның орнына өтімді жерде шағын орын жалға алған дұрыс. Ақшаны тауар сатып алуға, сатышу жалақысын төлеуге жеткілікті болатындай етіп есептеу керек. Сондай-ақ, шұлықтарды Интернетте сатуға болады, әсіресе жаңа жылдық шұлықтар, неше түрлі креативті жазулар немесе сүреттер салынған шұлықтар жақсы өтеді. Танымал кейіпкерлері бар түсті шұлықтар жастар арасында сұранысқа ие. Онлайн сату үшін кәсіпкерге әлеуметтік желілердегі жарнаманы қосуға немесе өнімді маркетплейстерде орналастыруға болады. Сауданы бастағаннан кейін ассортиментті толықтырып отырып, сұранысты байқап тұру керек.

Кейс. Алматылық Мақсат Қалменов (аты әңгімелесушінің қалауымен өзгертілді) бір жылдан астам уақыттан бері интернет арқылы тауар, оның ішінде шұлық сатумен айналысады. Алғашқы тауарларды Қытайдың «1688» сайтынан 50 000 теңгеге сатып алып, шұлықтан басқа, футболка, шалбар, сөмке, әмиянға тапсырыс берген. Нарықта атақты спорттық брендтердің логотипі бар шұлықтардың тым көп екенін біліп, кәсіпкер американдық Carhartt брендін таңдады. Шұлықтың сатып алғандағы бағасы 700 теңге болса, ол оны 2000 теңгеден сатады. Барлық сауда тек онлайн жүргізіледі. Жас кәсіпкер Tiktok және Instagram желілерінде парақшалар ашып, хабарландырулар тақталары арқылы жарнама береді. Достарына да кәсібі туралы айтады, солай ауыздан-ауызға әңгіме арқылы клиенттер де пайда болады.

Қоқыс жинау қызметі.  Иа, қоқыс қалада бітпейтін мәселе. Күнделікті тонналап тасталатын қоқыс әдетте ретсіз жиналады. Оған тұрғындардың өзі кінәл. Осыған байланысты жергілікті билік бұл массаны игере алмайды, қоқысты полигондарда өртеуге қыруар ақша бөлінеді. Қоқыстан бөлінетін улы газдар қоршаған ортаға, адамзат саулығына зиян. Бір қарағанда бұл бағытта ірі бизнес қана пайда табатын секілді көрінеді. Алайда қоқыс жинау, оны сұрыптап, жиналған «шикізаттан» табыс табу шағын кәсіпкерлер үшін әбден мүмкін. Қазақстанда жалпы ТМД мемлекеттері бойынша болсын, қоқыс жинау мәдениеті қалыптаспаған. Астана мен Алматы сынды ірі мегополистерде жалпы қоқыс жәшіктерінің қасында пластик заттарына арналған арнайы торлар орнатылған, алайда оған пакетіндегі қоқысын сұрыптап, тастап жатқан ел қарасы аз. lsm.kz порталының хабарлауынша биыл Астанада қоқысты қайта өңдейтін құны 3,4 млрд теңгелік зауыт салынады.  Дегенмен бұл бағытта шағын бизнес үшін де жұмыс бар. Мәселен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында қоқыс зауытына «шикізатты» жеткізу қызметін қолға алуға болады, макулатура қабылдау бөлімшелері құрып, қала тұрғындары арасында қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру бойынша ақпаратты нәсихаттау, био пакеттер өндірісін жолға қоюға болады.

Хостел.  Қаладағы күн көріс оңай емес. Көп адамдар пәтер жалдауға мәжбүр. Студенттер мен отбасын құрмаған жастар үшін пәтер жалдау да оңай емес.  Осы бағытта арзан әрі таза баспана қашан да сұранысқа ие. Сондықтан заманауи жатақхана қызметін ұсыну – тиімді кәсіп көзі болмақ. Хостел қызметін ашу үшін жеке жылжымайтын мүлігіңіздің болуы шарт емес. Орынжайды тиімді бағамен ұзақмерзімге келісімшарт арқылы жалдауға болады. Маңыздысы – адам басына шақталған дәретхана мен жуынатын бөлмелердің болуы керек. Бөлмелердің көлеміне қарай төсек орындарды орналастырып, ас үй мен кір жууға арналған бөлмені тұрмыстық техникамен жабдықтау қажет. Әдетте меймандар өзінің ыдыс аяғын алып жүреді. Дегенмен, хостелде әр тұрғынға арналған ыдыс аяқ болуы шарт. Хостел ішіндегі тәртіпті өзіңіз басқарасыз. Комендантық қызмет, тазалық сақтау үшін кезекшілік жүргізу, түнгі режим барлығы хостел иесімен реттеледі. Таза әрі тартымды бөлмелер тұрғындардан арылмайтыны анық.

Үйде сұлулық салоны қызметін көрсету мен массаж жасау. Бьюти индустрия – әлемді жаулаған бағыт. Қыз-келіншектер қашанда сұлу әрі жас болып көрінгісі келеді. Бұл бағытта нарықтың ұсынары көп. Косметика, бет терісін күтуге арналған процедуралар мен аппараттар, массаж түрлерін қалтаңызға қарай таңдай бересіз. Дегенмен, қымбат косметика және аппараттарсыз да бұл кәсіпте табысты болуға болады. Бет әрлеу, тырнақ күтімі шеберлігі сұраныста. Ынтасы мен икемі бар кез келген адам арнайы курстарды бітіріп, бикештердің бет-әлпетін үйлеріне барып әрлеуге болады. Тапсырыстар мен тұтынушылар санын көбейтуде әлеуметтік желілер көмекке келеді.

Фудтрак – тез тамақтану. Уақыт қала тұрғындары үшін тапшы. Қоғамдық жерлерде дәмді фаст-фуд өнімдерін ұсыну тиімді бизнеске айналады. Фудтрак арқылы тағамды көпшілік жиналатын жерлерде ұсынуға болады. Мәселен, дүйсенбі күні қаланың орталық алаңына көшпелі цирк келеді, сейсенбі күні вокзал аумағында ауыл шаруашылығы өнімінің жәрмеңкесі өтеді. Сәрсенбі күні екі оқу орнына барған тиімді, түскі ас кезінде ірі бизнес орталықтары мен банк ғимараттарын нысанға алған жөн деп қаланың қоғамдық өміріне қарай бейімделіп, көшпелі асхана бизнесін сәтті жүргізуге болады. Мұндай бизнесті бастау үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің рұқсаты, басқа да тексеруші органдардың мақұлдауы керек.

Клинигтік компания. Тазалық – денсаулық кепілі. Шағын және орта қалаларда клинингтік қызмет сұраныста болады. Үй ішін тазалау, кілем-алаша жуу – табысты кәсіп. Бұл кәсіпкерлікті әдетте көлік жуу бекеті бар кәсіпкерлер қатар алып жүруге тырысады. Дегенмен, осындай көлік жуу орталығы бар кәсіпкермен бірігіп жұмыс істеуге болады. Есте сақтаңыз, әр жабындының (еден, қыш тақта, жұмсақ жиғаз, ыдыс аяқ және т.б.) өз жуу құралы болады. Тапсырыс берушінің көңілінен шығу үшін жуғыш құралдарды алуда ақша үнемдемеген абзал. Бұл кәсіп түрлері қалалық жерге арналған бастамалар. Алайда ауылда да сәтті бизнес бастауға болады. Бұл бағытта «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау» жобасы бағдаршам бола алады. Айта кетелік, кәсіпкерлік негіздерін оқытатын «Бастау» жобасы 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдаралмасы негізінде еліміздің өңірлерінде жүргізіледі. Биыл оқыту республиканың 160 ауданында жүргізілмек. «Атамекеннің» бизнес-тренерлері сіздің өңіріңізге сай қандай кәсіпті қолға алған жөн, бойыңыздағы кәсіпкерлікке деген ынтаңызды анықтауға көмектеседі. Биыл оқыту науқаны сәуір айына жоспарланып отыр. Республика бойынша 160 ауданда іріктеу кезеңі басталып, арнайы тестілеу арқылы кәсіпке қабілеті бар талапкерлер таңдалады. 12 модульден тұратын 30 күндік оқу курсына қаныққан жандар, жеке бизнес жобаларын қорғап, жеңілдікпен несие алып, бизнес баспалдағына көтеріледі. Осылайша ауылда жаппай кәсіпкерлік тиімді жүзеге аспақ. Жобаға 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Өтінімді өңірлердегі Кәсіпкерлер палатасына беруге болады. Өз мүмкіндіктіреңізді сынап көріңіздер.

Біздің қоғамда «бизнес бастау өте қиын, қымбат, әрі барлығының қолынан келе бермейді» деген пікір басым. Сондықтан болар, көп адамдар кәсіп бастауға жүрексініп, әлеуметтік әрі қаржылық жағдайын жақсартуға тырыспайды, нақты шешім қабылдауға асықпайды. Негізінде бизнес дегеніміз, қарапайым сөзбен айтқанда, еңбек, яғни еңбек ету дегенді білдіреді. Ал еңбектенем деген адамға жұмыс әрдайым табылады. Алдына нақты мақсат қойып, тиянақты жоба жасап, ұйымдастыра білген адам тіпті үйінде отырып-ақ өз кәсібін бастай алады. Ол біреулер үшін қосымша кәсіп түрі болса, біреулерге негізгі іс болуы мүмкін. Осы орайда сіздердің назарларыңызға үйде отырып бастауға болатын 13 бизнес түрін ұсынамыз.

Тәтті тағамдар пісіру. Егер сіздің аспаздық қабілетіңіз бен тәтті тағамдар дайындауға деген құлшынысыңыз болса, үйіңізді кішігірім кондитерлік бизнеске айналдырсаңыз болады. Кекс, бәліш, маффины, торт, капкейк, макарун, муале, міне, осының барлығын дайындай аласыз. Оны әлеуметтік желі арқылы сатуға болады. Басында кішігірім ассортиментке тоқталып, сол бойынша өнім бағасын белгілеңіз. Содан кейін біршама тәжірибе жинақтаған соң, үлкен тойға, туған күнге, балалар мейрамына арналған торттарды дайындауға кіріссеңіз болады. Үй тағамдарын дайындау кезінде өте мұқият болыңыз. Ас бөлмеңізде тағамдарды дайындау мен сәндеуге қажетті барлық құрал-жабдықтар мен ас өнімдерінің болуы шарт.

YouTube арқылы табыс. 2017 жылдың басында аталмыш сервисты қолданушылар саны миллиардтан асты. Олардың ішінде көпшілігінің жеке арнасы да бар. Біреулер үшін бұл жай ғана хобби, ал біреулерге нағыз бизнес көзіне айналып отыр.  Сіз де YouTube-та өзіңіздің жеке каналыңызды ашып, әр түрлі жолмен жарнама жасау арқылы бизнеспен айналыссаңыз болады. Бұған әрине аздаған ептілік керек. Сіздің түсіретін видеоларыңыз қызықты, көрермен көңілінен шығатындай тартымды, лайк пен пікір жинай алатындай болуы шарт. Ең бастысы мұнда көрермен жинау. Егер миллиондаған көрермен жинай алсаңыз, онда жолыңыз болды деп есептеңіз. Әрине сізге бейнекамера, смартфон, монтаждаушы бағдарлама, компьбтер, интернет сосын ең бастысы креативті идея керек.

Копирайтинг. Яғни, мәтін жазу. Аталмыш іспен айналысу үшін аса үлкен міндет қажет емес. Жазу үшін тәжірибелі филолог болудың да қажеті шамалы. Егер сіздің жұмыс істеуге деген ерекше құлшынысыңыз бен тілді жақсы деңгейде игерген біліміңіз болса, осы мамандық бойынша жұмыс тауып кете аласыз. Бастапқы капитал керек емес, дегенмен бойыңызда энтузиазмның болуы үлкен артықшылық болар еді. Қажетті деңгейде қызмет етіп, жақсы пайда көріп жатсаңыз, жеке кәсіпкерлік ретінде тіркелуге де болады.

Ақпараттық сайт немесе блог ашу. Бұл үдеріс айтарлықтай үлкен еңбекпен жүзеге асады. Себебі, басқа бір сайтта істегеннен гөрі, өзіңнің жеке сайтыңды ашу, оны ары қарай дамыту біраз тер төгуді қажет етуі мүмкін. Осы орайда сіздің оған лайық біліміңізден бөлек, жұмыстың жақсы жүруі үшін контент-менеджер, бағдарламашылар, дизайнерлер, seo-оптимизаторлар керек. Егер барлығын өзіңіз атқарамын деп шешсеңіз, көретін бастапқы капитал көлемі көп болмайды. Ал егер кәсіби мамандар көмегімен, кеңесімен істер болсаңыз, қажетті қаражат көлемі де өсетіні шарт. Дегенмен есте сақтаңыз, сайт арқылы түсетін пайда бірден қомақты бола қоймайды. Сондықтан алдын-ала қажетті сомманы жинап, кейіннен сайт ашуға да болады. Барлық кіріс пен шығыс көлемін мұқият есептей алсаңыз, әрі сайтыңыздың сапалы болуына ұжыммен мүдделі болсаңыз, болашақта тиімді бизнес түріне айналатынына сенімді болыңыз.

Контент-менеджер, модератор. Әлеуметтік желілердегі танымал топтардан және басқа да түрлі форумдардан аталмыш жұмыс түрін табуға болады. Бастапқы капитал қажет болмағанымен, бұл орынға сіздің лайықты портфолиосыз алмауы да әбден мүмкін. Модератор, әдетте, тәртіп сақтау мақсатымен ұрыс-керістің алдын-алу, хабарламаларды жөндеу, спамдарды жою сынды жұмыстармен айналысады. Оған қосымша оқырмандардың сұрақтарына жауап береді. Бұл қызметпен айналысуға нақты бір лицензия немесе рұқсат қағазы қажет емес.

Интернет-дүкен ашу. Бұл бизнес түрі бүгін үлкен сұранысқа ие екендігі белгілі. Жұртшылықтың көп бөлігі де дүкендерді аралап жүргеннен гөрі, ғаламтор арқылы тапсырыс бере салғанды жөн көреді. Дегенмен, нарықтағы бәсекелестік жоғары екендігін ескеріңіз. Сіз бастайтын бизнес, ондағы тауар қандай да бір белгілерімен артықшылықтарға ие болса ғана, қызметтің алға қарай жылжуы мүмкін. Алдын-ала нарықты зерттеп алыңыз. Бастапқы капитал сіздің тауарыңызға, қызметіңіздің сапасына байланысты анықталады.

Студенттерге арналған қызмет түрлерін ұсыну. Аталмыш қызмет түрі үнемі сұранысқа ие. Курстық жұмыс, реферат, баяндама, эссе жазу, емтихан сұрақтарына жауап дайындау, есеп шығару, түрлі сызбаларды сызу, дипломдық жұмыс жазу, зерттеу жұмыстарын орындау, түрлі кеңес беру т.б. Арнайы қызмет түрлерін ұсыну үшін сіздің белгілі бір бағыттағы біліміңіздің болғандығы маңызды. Қызмет түрін ғаламтор, әлеуметтік желі, сайт арқылы да ұсынуға болады, бірақ кейіннен студенттермен  тікелей жұмыс істеген тиімдірек. Егер сіздің жасаған жұмысыңыз бір адамға ұнаса, ол сізді міндетті түрде басқа да достарына айтады. Бастапқы капиталды қажет етпейді. Дегенмен, алданып қалудан сақтану үшін алдын-ала төлем немесе бөліп төлеумен келісімге отырған жөн.

Аудармашы қызметі. Тілді жақсы білу – сіздің бизнесіңіздің негізіне айналады. Тек қана сауатты болып қана қоймай, арнайы мамандандырылған терминдермен жұмыс істей алу маңызды. Яғни, түрлі журналдардағы мақаланы, сайттарға арналған жаңалықтарды және басқа да құжаттамаларды аудару арқылы табыс тапсаңыз бастап кетсеңіз болады. Егер ілеспе аударманы меңгерген болсаңыз ірі шараларға сұраныс міндетті түрде болады. Қазақстанда қазақ, орыс, ағылшын тілін қатар меңгерген ілеспе аудармашыларға сұраныс өте жоғары.

Фотограф. Фотограф қызметін атқаруға кәсіби деңгейде түсіретін фотоаппарат, түрлі объективтер және басқа да құрал-жабдықтар қажет. Одан бөлек сурет және оны қалай әдемі беру керектігі туралы қажетті білім, графикалық редакторлармен жұмыс тәжірибесі сынды міндеттемелердің болғандығы өте маңызды. Бірден арнайы фототүсірілімдер ұйымдастыру немесе жекеше түрде суретке түсіру арқылы тиімді жолдардың бірін таңдап, өз кәсібіңізді оңайлықпен бастап кете аласыз.

Бала күтушісі. Қазір қалалы жерде тұратын адамдардың көпшілігі жұмысбасты. Сондықтан балаларын бағатын адамды жиі іздейді. Бұл қызмет түрі әйел адамдарға арналған. Ол үшін педагогикалық-психологиялық білімнің болуы, жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ кешкі және демалыс уақыттарында жұмыс істей алатындай мүмкіндіктердің болғаны дұрыс. Қандай да бір лицензия, рұқсат қағаздың қажеті шамалы. Ал бұрын жұмыс істеген орындарынан алынған ұсыныс хат болса тіпті жақсы. Баланы ата-анасының үйіне барып қарауға немесе барлық жағдай жасалынған өз үйіңізде қарасаңыз да болады.

Тігіншілік. Үйде отырып атқаруға болатын ең тиімді бизнестің бірі – тігіншілік. Киім қысқарту, көрпе тігу, перде тігу әрқашан сұранысқа ие. Әрине, оның сәнді, барлығына ұнамды болуы үшін кәсібилік қажет. Бастапқыда тігін машинасы мен жіп сияқты құралдар қажет. Мұның шығыны онша үлкен емес. Мұнда бастысы ынта мен қолыңыздың шеберлігі. Бастапқыда үйрену үшін шеберлердің қасына үйренугі болып жұмыс істеп көрсеңіз де болады.

  1. Әшекей бұйымдар жасау. Бұл үшін қолыңыздан бал тамған ұста болу міндетті емес. Әйел адамдарға қолайлы бұл кәсіпті бастау үшін қолыңыздың ептілігі мен аздаған ынта керек. Түрлі бұйымдарды жасауға арналған кеңестер youtube-ден қарап, идея алуға болады. Ал керек жабдықтар мен моншақ, түйіршік тәрізді керек заттарды сататын арнайы дүкендер бар. Ең арзанын барахолкадан аласыз. Жасаған өнімдеріңізді әлеуметтік желі арқылы сатуға болады. Бұл үшін инстаграм таптырмас құрал. Бұдан бөлек сауда орталықтарында әшекей бұйымдар сатушылармен келісіп сатуға болады.
  2. Көлік жөндеу. Қазір әр үйдің алдынан көлік көруге болады. Елімізде бүгінде 4,5 млнға жуық тіркелген көлік бар. Алайда, бұзылса жөндей алатындар аз. Жөндей алғанның өзінде оған уақыты, құрал-сайманы, жөндеуге ыңғайлы орны бола бермеуі мүмкін. Әрине, моторын ашып, кузовтық жұмыстар үшін қымбат құралдар мен арнайы жабдықталған орын керек. Егер жер үйде тұрсаңыз есік алдыңызда отырып-ақ, жеңіл, жасалуы жылдам жұмыстарды істеуге болады. Әрине бұл үшін қолыңыздың ебі мен көліктен хабарыңыз болуы керек. Алдымен таныстарыңыздың көлігін жөндеу жұмыстарынан бастап көріңіз. Мүмкін уақыт өте келе ірі бизнеске айналдыруға мүмкіндік туатын шығар.

Previous Post

Түлкібас ауданында жеңілдетілген несие арқылы кәсіп ашқан

Next Post

Түлкібас ауданы: Кәсіпкерлікке арналған мемлекеттік қолдаулар таныстырылды

Related Posts

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

by Алаш Ақпарат
07/05/2025
0

Бүгін Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерін арнайы құттықтады. Аудан басшысы тыл ардагерлері...

by Алаш Ақпарат
05/05/2025
0

Бүгін, 5 мамыр күні Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара...

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

by Алаш Ақпарат
03/05/2025
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы Жеңіс туралы ұмытпау дегеніміз, бұл - ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі...

by Алаш Ақпарат
02/05/2025
0

Келес ауданында облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Бала тәрбиесінде ата-ананың эмоционалдық қолдауының маңызы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті....

Next Post
Түлкібас ауданы: Кәсіпкерлікке арналған мемлекеттік қолдаулар таныстырылды

Түлкібас ауданы: Кәсіпкерлікке арналған мемлекеттік қолдаулар таныстырылды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07/05/2025

05/05/2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

03/05/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,458)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page