Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек етіп, өз саласының үздігі атанғандарға құрмет көрсету жалғасын табуда. «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасы М.Жақыповтың шешімімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рабиға Ермекбайқызы Бейсебаева «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Рабиға Ермекбайқызы – мемлекеттік қызметте 41 жыл абыроймен атқарып келеді. Кәсіби шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижесінде қиын да, жауапкершілігі мол әлеуметтік саланы басқарып отыр. Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосып, аудан халқын, мүгедектерді және жекелеген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі бірнеше өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында еңбек етіп келеді.
Марапат иесін қоғамдық бірлестік ұжымы құттықтап, кәсіподаққа мүшелікке тарту, ел абыройын асқақтатып, ұлт мәртебесін көтеріп, еліміздің дамуы жолындағы жауапкершілігі мол қызметіне сәттілік тіледі.
Мемлекеттік қызмет — бұл адамдардың әлеуметтік қызметінің бір түрі. Бұл ұғым меншік нысандарының тәуелділігіне байланысты, адамдардың органдар, мекемелер, бірлестіктердегі, ұйымдардағы қызметті жүзеге асыруларына және қызметкерлердің функцияларын орындау сипатына қарай қызмет мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.
Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі;
Мемлекеттік қызметші — мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы болып табылатын жаңа Әдеп жөніндегі кодексі, бұл — жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды құжат. Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетін ғана емес, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұстау мәнерінің базалық стандарттарын бекітеді. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің күнделікті жұмысында қарапайымдылық, әділдік, адалдық, сатылмаушылық сияқты принциптерді ұстану керектігі басты орында тұрады.
Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен сыбайлас жемқорлықтың бетін қайтаруы бірін-бірі толықтыратын фактор болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істеуі бүгінгі күннің талабы болмақ. Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеті — мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алатын құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы, ол өз қамы үшін емес, мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек. Заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүріп, кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай, әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстауға тәрбиелеу керек. «Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз.
Мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебі өте маңызды ұғым. Өйткені мемелекеттік қызметшінің тәртібі мен өзін өзі ұстауына кәсіби біліктілігіне, халықпен қарым қатынасына қарай халықтың тұтас мемлекетке деген көқарасы қалыптасады. Сондықтан елімізде мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары қалыптасқан. Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуі тегіннен тегін емес. Қоғамның айнасы саналатын мемлекеттік қызметшілер өз әрекетімен басқаларға да үлгі бола білуі керек. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық , ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсете білуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікірді қалыптастыруға тырысу керек. Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын да насихаттауы қажет. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі-қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмаудың алдын-алу жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу болып саналады. Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшіге беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдаяттардан қашқақтау қажет. Сондықтан мемлекеттік қызметерлердің әдебі барлық уақытта маңызды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынандай қағидаттарға негізделеді:
Адал ниеттілік-қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;
Адалдық-өз міндеттеріне шынай көзқарас;
Әділдік-жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән жайларбойынша біржақтылық пен субективитілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;
Ашықтық-жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екендігін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;
Сыпайылық-азаматтар мен әріптестере дұрыс және құрметпен қарау;
Клентке бағдарлану-мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексіне сәйкес басшы және қоластындағы қызметкер барлық тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңдық мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.Азаматтар мен әріптестерімен қарым қатынас жасау кезінде сыпайылық және әдептілік танытып мемлекеттік қызметте қарым-қатынастың жоғары болуына ат салысуы керек. Мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексі нормаларының барлық талаптарын қатаң сақтауға тиіс. Мемлекеттік қызметші –ұлт пен мемлекеттің бет бейнесі оның табысты жұмыс істеуінің кепілі екенін әрдайым есте ұстау қажет.
Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой мен міндет. Олай дейтініміз ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да әр саланың сапалы жұмыс істеуі мен оның жетістікке жетуі мамандардың біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты. Сол үшінде мемлекеттік қызметкер – билік пен қарапайым халық арасындағы дәнекер.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттік міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Мемлекеттік қызметкер мемлекеттің атынан жұмысын атқарғандықтан мемлекет мүддесін қорғайтын қызметкердің өзін-өзі ұстауы мен адамдармен қарым-қатынасы және шеберлігі маңызды. Себебі қызметкердің осындай мінез-құлықтарына қарап қарапайым халықтың да мемлекеттік қызметке сенімдері нығая түседі. Сондай-ақ бір мемлекеттік қызметшінің оғаш ісі бүкіл бір құрылымның беделіне нұқсан келтіріп, сеніміне кірбің түсіруі мүмкін. Осыған орай, бүгінде мемлекеттік құрылымдарға жұмыс істеуге үмітті жандарға талап қатал.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығыменмемлекеттік қызметкерлердің еңбегі еленіп, 23-маусым Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілген болатын. Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметкер болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білу үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек.
Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға айырықша назар аударылып, көңіл бөлінуде. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң шеңберінде шешуі талап етіледі.
Мемлекеттік қызметші — мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы секілді. Оның ар — ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң шеңберінде шешуі талап етіледі.
Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Ол халықтың оған деген сенімінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен бағалануының өлшемі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және күтімдеріне сәйкестігінің дәрежесін бекітеді. Осының салдарынан, имидж азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатынасы бойынша мінезінің болашағын айтарлықтай шамада төмендетеді, мемлекеттік қызметті және оны қалыптастыру бағдарламасын қоғамдық қолдау дәрежесін анықтайды. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиіді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған жағдай болып табылады.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моралдықэтикалық келбетіне үлкен талаптар қойылады. Бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелердің жақсы жағынан шешілуі мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне тікелей байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық мүмкіндігі, мамандардың жан-жақтылығы аса маңызды екендігін көрсетіп келеді. Сондықтан елімізде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап та, оларға артылатын жүк те, сенім де қазір күшейіп келеді.
Мемлекеттік қызметте, негізінен, азаматтардың білімі мен біліктілігі өте маңызды рөлге ие. Себебі жан-жақты, білімді, жауапкершілігі мол қызметші өз жұмысын тиянақты жасап қана қоймай, тұрғындар тарапынан болған сыни көзқарастарға, ұсыныс-талаптарға сауатты әрі нақты жауап бере алады. Алдымен қызметшілер заңды жақсы білуі керек. Мемлекеттік тапсырмалардың орындалуы, қызметкердің ел алдындағы жауапкершілігі мұның барлығы билік дәлізіне аяқ басқан адамға қажет — ақ.
Бұл ретте мемлекеттік қызметтің Б корпусына енген әрбір маман алдымен мемлекеттік қызметтің жауапкершілігін сезіне білуі қажет. Жалпы мемлекеттік қызметтің барған сайын мәртебесі өсіп, жауапкершілігі арта беретін болады. Өйткені, кез келген мемлекеттік қызметшінің алдына барған адам мәселесінің тезірек шешілуін талап етеді. Сондай-ақ үлкен үмітпен келеді.
Бірақ қабылдаудағы адам мұны түсіне бермейді. Жедел шешімін табатын да, ұзақ уақыттан кейін шешілетін де мәселе бар. Осындай сәтте мемлекеттік қызметшілер келушіні сыпайы қабылдап, жағдайды барынша түсіндіруі керек. Сонда ғана келген адам оның парасаты мен өзін-өзі ұстау мәдениетіне ризашылықпен қарайтын болады. Мұндай қабылдау дәл қазіргідей жағдайда әркімге де өте қажет. Өйткені өзі шеше алмаған қордаланған проблемаларды алға тартып, шеше алмай жүрген мәселесін тез арада шешу оңайға соқпайды. Сондықтан бұл жерде кәсіби біліктілік пен жауапкершілікке, сыпайы қабылдауға байланысты. Оның үстіне кез келген мамандық иесінен мемлекеттік қызметкердің дәрежесі мен мәртебесі жоғары тұрады. Мемлекеттік қызметшіге жүктелген міндет — халықтың сенімін ақтап, Отанға қалтқысыз қызмет ету. Сонда ғана еліміз дамыған елдердің қатарына енеді, жастарымыз бәсекеге қабілетті болады. Қазіргі мемлекеттік қызметшілер оны түсініп, өз ісіне барынша жауапкершілікпен қараулары керек. Егер мақсатқа жетуді бүгіннен бастасақ, ел ертеңі жарқын болмақ!
Кез келген адам қайырымды қоғамда, «биліктің қайнар көзі- халық» деп жазып ғана қоймай, солай екені рас мемлекетте өмір сүргісі келеді. Бұл ретте мемлекеттік билікті жүзеге асыратын билік бұтақтарына көп дүние байланысты. Мемлекеттік қызметшілерге. «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген Әлихан Бөкейхановтың бірінші кезекте білім емес, мінездің маңызды екенін меңзеуі, ең маңыздысы – қайтпас қайсар мінез. Иә, бәрі ниеттен басталады.
Алайда адамның ниеті дұрыс болуы мүмкін. Ал мінез болмаса, бәрі бекер. Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанында құтты қоғам құру, «кедейді орташаға, орташаны байға» жеткізіп, халыктың әл-ауқатын жақсартып, ырысын арттыруды басты мiндет деп үндейді. Бұл қазір де басты міндет.
Әбден шиенеліскен проблемалар мен мәселелер ұрпақ ауыспай шешілмейді дейтін пайым бар. Пікірталастыратын тақырып. Солай болған күннің өзінде оған дейін де алғышарттары жасалуы керек. Ал алғышарттардың «шамы» жанып тұрғандай. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты. «Үкіметте болсын, квазимемлекеттік секторда болсын, ел басқару ісіне араласасыздар. Әлбетте, жеке секторда да еңбек етесіздер… Қай салада болмасын, негізгі мақсат мемлекет мүддесі болуы тиіс», – деді.
Мемлекеттік қызметші – қоғам мен билік арасындағы дәнекер. Мемлекеттік қызметкер әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпыну қажет. Азаматтармен қарым-қатынас жасау кезінде өз ойын дұрыс және дәлелді түрде баяндау, сөйлеп отырған адамның сөзін бұзбай, азаматтың сұрақтарын мұқият тыңдау, әңгімелесушіге ізгі ниеттілік пен құрмет білдіру, толық кеңес беру және болуы мүмкін тәуекелдер туралы азаматтарды хабарландыру, жасы үлкен адамдарға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға ізгі ниетпен қарау, оларға қажетті көмекті көрсетуі тиіс екендігі мемлекеттік қызметшінің әдеп кодекстерінде де көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметші өзінің функционалдық міндеттерін мінсіз орындау арқылы ел азаматтарының мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырып, өз іс-әрекетімен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда барша бұқара халыққа үлгі болуы тиіс. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің атқарған жұмысына, ұжымда және жұртшылықпен өзін ұстауына, мінез-құлқына, сондай-ақ олардың киіну стиліне ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс.
Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін күйде болу жағдайларына жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынас барысында әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер – билік пен қарапайым бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір. Мемлекеттік қызметші болу зор жауапкершілікті, абыройлы міндетті жүктейтіні сырт қараған адамға байқала бермейтіні рас. Оған лайық болуы үшін қызметшінің бойында кәсіби біліктілігінен бөлек адами құндылығы да жоғары болуы тиіс.
Қазіргі қоғам мемлекеттік қызметшілерден қоғамдық мүдделерге әділ, адал қызмет етуін, өз күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін елдің дамуына жұмсауын күтеді. Мемлекеттік қызметте жұмыс жасау адамнан оны саналы тұрғыдан сезінуді, шын ынтасының болуын, ең бастысы – ниетінің таза болуын талап етеді. Мемлекеттік қызметші өзінің білімімен ғана пайда келтіріп қоймай, сонымен қатар адамшылық тұрғыдан басқалар бой түзейтін үлгіге айнала білуі керек. Ел мен қоғам игілігі үшін адал қызмет ететін мемлекеттік қызметші – нағыз азамат және шынайы патриот атануға лайық.
Мемлекетті және қоғамдық істерді басқару батылдықты, төзімділік пен ескі таптаурындарды жоюды, жан-жақты ойластырылған сындарлы өзгерістерді жүзеге асыруды қажет етеді. Мемлекеттік қызметшілер қайратты мінез бен көзқарасқа, жан-жақты ойлай алатын қасиетке ие болуы, жаңаруды жүзеге асырып, өзгерістердің бастауы бола білуі тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – елдік мүддеге қызмет ету.
Кез келген қоғамдық қатынастарда қызметтің түрі сан алуан. Кәсіпкерлік, әлеуметтік, материалдық игіліктерді өндіру, тағысын тағы. Осының ішінде кәсіпкерлікпен, өндірушілікпен айналыспайтын, мемлекеттің функцияларын тікелей атқару жүктелген қызмет түрі бар. Ол – мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi. Ал мемлекеттік қызметші дегеніміз – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Яғни басқарушылық, құқық қорғаушылық, әлеуметтік-мәдени сынды мемлекеттің міндеттін атқарады. Бұл қызмет құқықтық жағынан 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Мемлекеттік қызметтің шығу тарихы ежелгі Грекия елімен тікелей байланысты. Грекияда кейбір тұлғалар мемлекеттің функциясын іске асыру бекітіліп, оны орындап отырған. Кейін Қытай елінде осы тектес қызметтер өмірге келген. Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған жылдан бері мемлекеттік қызмет бірнеше реформалаудан өтті. Кеңестік кезеңде қалыптасқан қызмет түрі бірнеше өзгеріске ұшырып, кейбіреуі мемлекеттік қызметтен алынса, керісінше кейбір атқарылатын қызмет түрі мемлекеттік қызметке жатқызылды. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызмет саяси және әкімшілік болып келсе, 2013 жылғы реформадан кейін кейбір саяси қызметшілер әкімшілікке ауыстылырып, әкімшілік қызметшілер А және Б корпусы болып екіге бөлінді.
Мемлекеттiк саяси қызметшi – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатқа ие, саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыруға жауаптылықта болатын мемлекеттiк қызметшi. Қарапайым тілмен айтқанда ҚР Премьер министрі, орынбасарлары; министрлер мен орынбасрлары; респбуликалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдері, орынбасарлары; өкілетті елшілер, ҚР Прездиентінің көмекшілері, мемлекеттік хатшы, Президентке тікелей есеп беретін орталық орган басшылары және бас қа да республика мен өңірлерді дамыту мақсатында саяси сипатта тағайындалатын қызметшілер кіреді.
«А» корпусы — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар. Ал «Б» корпусы – «А» корпусына енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар. Қарап отырсақ мемлекеттік қызметшілерге артылатын міндет те, сенім де өте жоғары. Олар мемлекеттің бет-бейнесі. Өз қызметін атқару барысында заңдылық, Қазақстан патриотизм, ашықтық, нәтижелілік, тиімділік, әдептілік, құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидаттарын берік ұстануы керек.
Мемлекеттік қызметшілер шығармашылық, ағартушылық бағытты қоспағанда кәсіпкерлікпен айналысуға, сайланбалы органның өкілі болуға, лауазымдық міндеттерін жеке басына әрі асыра пайдалануға қатаң тыйым салынады. Осы шектеуді бұзған жағдайда заңға сәйкес жазаланады. Жаңа Қазақстанды құру алдында мықты экономика, саяси және әлеуметтік жүйені қалыптастыру бойынша жаңа міндеттер тұр. Ол үшін қоғам сұраныстарына, заман талабына жауап беретін мемлекеттік қызмет даярлау және мемлекеттік қызметшілер осыған дағдылану қажет. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметті өткеру кезінде жалпыға бірдей моральдық-әдептік нормаларды сақтап, қарапайым түрде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзінде асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс. Мемлекеттік қызметке кіру оңай болған күннің өзінде де мемлекеттік қызметті атқару өте қиын. Сондықтан да мемлекеттік қызметті абыроймен өткеру, мемлекеттік қызметші болу үлкен мәртебе.
Қазақстанда «Еңбек адамы» тұжырымдамасы қалыптасқалы бері көптеген жобалар іске асырылғаны анық. Осы орайда «AMANAT» партиясы да қарапайым еңбек адамының қызметі еленіп, оларға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуге білек сыбана кіріскен. Жалпы республикада бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Еңбек адамы мәртебесі жеткілікті деңгейде бағаланып отыр ма?
«Еңбек адамы» мәртебесін нығайту жөніндегі кешенді жоспар.
«Еңбек адамы» тұжырымдамасын қалыптастырып, қарапайым еңбек құндылығын дәріптеуде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне зор міндет жүктеліп отыр. Мәселен, қос ведомство еңбек құндылығы идеологиясын қалыптастыру мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірлеген. Оған сәйкес, қоғамда адал және жасампаз еңбек идеологиясын, кәсібилік дағдыларды ілгерілету, қоғамдағы еңбек адамының беделін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте министрлік республикалық және өңірлік деңгейде түсіндіру және ағарту жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шараларды өткізіп жатыр. Бұған қоса, ведомство өкілдері 200-ден астам медиа-жоба жүргізуді қамтитын еңбек құндылықтарын ілгерілету жөніндегі медиастратегия әзірленгендігін айтады. «Кешенді жоспарды іске асыру аясында ҮЕҰ, еңбек ардагерлерін, жастар ұйымдарын, сарапшыларды және басқа да ұйымдарды барынша тарту жоспарлануда», – дейді министрлік өкілдері.
Қазақстанда «Еңбек адамы» мәртебесі қалай қалыптастырылуда?
«Еңбек адамы» мәртебесін қалыптастырып, оның қоғам алдындағы беделін өсіру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді. Байқаудың басты мақсаты – еңбек адамдары туралы қоғамда оң пікір қалыптастырып, оларды адал және жоғары өнімді еңбекке ынталандыруға ықпал ету болып отыр.
Сонымен бірге, ол өңірлік және республикалық деңгейде үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтауға бағытталған. Анықталғандай, байқау жеңімпаздары үш аталым бойынша бақ сынаспақ. Олар: «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас қызметкері». Ал байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына» республикалық форумында марапатталған. Сондай-ақ аталған форумда еңбек ардагерлеріне «Еңбек ардагері» медалі табысталған.
«Мұндай ауқымды шаралар еңбек тұрғындардың ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтардың жетістіктерін дәріптеу, жастарға еңбекке құрметпен қарау, қарапайым еңбек адамының қызметін бағалауға жол ашады», – дейді құзырлы ведомство өкілдері.
«Еңбек адамы» мәртебесін қалыптастыруда «AMANAT» партиясының да атқарып отырған рөлі зор. Партияның өңірдегі филиалдары тұрақты түрде түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, түрлі еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп тұрады. Мұндай басқосуларда еңбек ұжымдары өздерінің мәселелерін айтып, халық қалаулыларына талап-міндеттерін жеткізіп жатады. Бастысы аталған талаптар еске алынып, басым көпшілігінде өз шешімін тауып жатады.
Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. «Маймылды адам еткен – еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, өнерге және тағы басқа өмір сүру қажеттілік-терін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.
Өзінің саналы, тіпті санасыз ғұмырында да адам әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, апарады, жылжытады және т.б. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Сонымен кез келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды.
«Еңбек – бәрін де жеңбек», – деген аталы сөз бар ел ішінде. Еңбек адамы бір кездері, яғни Кеңестер кезеңінде ең жоғарғы тап дейміз бе, топ дейміз бе, әлде бір ұжымның жиынтығы дейміз бе, қалай дегенде де, ең басты назардағы адамдар болған. Еңбек адамы Ыбырай Жақаевтан бастап, кешегі Жазылбек Қуанышбаев, Кәмшат Дөненбаеваның Кеңес кезеңінде еңбектерінің көрінуі. Олардың еңбектерінің бағаланғандығы. Социалистік Еңбек Ері деген атақты бір рет қана алып қоймай, оның екеуін, үшеуін қатар алып жатуы, сол еңбек адамдарының қадір-қасиетінің мықты екендігін көрсеткен еді. «Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін, жоқшылық деген жебірді жермен жексен ететін». «Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет». Қазіргі құрмет кімдерге көрсетіліп жатыр, бір қара жұмысшы, не тракторшы, не қойшы сыйлық алып, марапатталыпты дегенді көп естідіңіз бе? Жоқ емес, бірақ тым аз.
Еңбек адамы деп өзінің кәсібін терең меңгерген адамды айтуға болады. Ол – дәрігер, мұғалім, фермер, кәсіпкер т.б. Қазір еңбек адамын, адал кәсіп, адал нәсіп тауып жүрген жандарды кеңінен насихаттау туралы орынды сөз қозғалып жүр. Мәселен, белгілі бір пәнді жетік білетін, тәжірибесі мол, еңбегі зор ұстаздар қауымын ардақтау үшін біздің Олимпиадада алтын, күміс медаль алып келген спортшыларға беретін сый-сияпат секілді қомақты қаржы белгілеу керек. Шәкірттері әлемдік олимпиадаларда жүлде алып жүрген, талай жыл мұғалім болған ұстаздарға 250 мың долларға дейін сыйлық белгілеу қажет деген ұсыныс болған. Қазақстан бойынша ең үздік 48 мұғалімге 10 000 доллардың үстінде ақша берілді. Енді осы тәрізді жүздеген операция жасап, науқастардың бәрі аман қалған хирургтерге, ана мен бала өмірін сақтап қалған дәрігерлерге де қаржылай құрмет көрсетілуі тиіс. Сол сияқты баланы үлкен білімге бағыттап, білім беретін бастауыш сынып мұғалімдеріне де көңіл бөлінуі қажет. Еңбек адамының еңбегі нәтижесіне қарай әділетті бағаланатын болса, қоғамда үлкен серпіліс болады. Мемлекеттік қызметкерлерге де солай жасау керек. Ұрлықсыз-қарлықсыз, пара мен жемқорлықсыз Қазақстан мемлекеті үшін адал еңбек еткен мемлекет қызметкерлеріне еліміздің шұрайлы жерлерінен арнайы мүкаммал, яғни үй-жайымен, қора-қопсысымен тұратын қоныс беру керек. Өз ісіне адалдық танытқан мемлекеттік қызметкерлердің ұрпақтарына мемлекет тарапынан оқуға түсуде, басқа да салаларда әлеуметтік жеңілдіктер жасалуы тиіс. Сонда адамдарда ертеңгі күнге деген сенімділік болады. Жемқорлықтың жолы кесіледі. Қазақстан өзге де өркениетті мемлекеттер тәрізді дамудың дұрыс жолына түседі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 5 мамырда «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында: «Шындықты айтсақ, шетелдерде халқымыз нағыз еңбекқор жұрт ретінде әлі таныла қойған жоқ. Бұл біздің беделімізге де едәуір нұқсан келтіреді. Қажырлы еңбектің арқасында ғана көп мәселені шешіп, мемлекетімізді дамытамыз, әл-ауқатымызды арттырамыз», – деген болатын.
Әлеуметтік өмірді еңбек идеясы аясында ұйымдастыруды мемлекет дамуының алғышарты ретінде қарау орынды. Қоғамдық қатынастарда жұмыс істегісі келмейтін жастардың болуы, ауадан ақша жасап, тез табысқа кенелгісі келетін ойлардың таралуы, жеңіл жұмысты місе тұтатын адамдар қатарының көбеюі жалпы қоғамдық сананың прогрессивтілігіне қарсы салмақ тудыруы мүмкін.
Еңбек адамының дәрежесі мен қоғамдағы орнын айқындау бірнеше мәселелерге байланысты қажет етіледі. Біріншіден, әлеуметтік саладағы өзгерістер Қазақстан экономикасының мүмкіндіктеріне сәйкесе бермейді. Екіншіден, әсіре саясиланған топтар мен популистік ұрандардың көбеюі мемлекет деңгейінде еңбек адамының рөлін өсіруді қажет етеді. Үшіншіден, қайтымды әлеуметтік саясат. Қоғамның әлжуаз топтарына бағытталған әлеуметтік пакеттер жұртшылықтың еңбекке құлшынысына көлеңке түсірмеуі тиіс. Төртіншіден, жастарға тәрбие берудің басты құралы ретінде еңбек идеясын ілгерілету қажет. Бесіншіден, әлеуметтік жауапкершілікті көтеріп, өз тағдырын қолына алатын жетілген тұлғаларды қалыптастыру.
Әр салада еңбек адамы үшін көрсетілетін қызмет пен әлеуметтік көтермелеулерде жеңілдіктер қарастырудың идеологиялық мәні бар. Өзбекстан тәжірибесінде көше сыпырушысына үй кезегін аларда басымдық белгіленген. Ал ағылшындарда әлеуметтік стимул көзделген. Виктория кресінің лауреаты қатардағы жауынгер шеру уақытында генерал шенділердің алдында келуге толық құқылы.
«Еңбек – бәрін жеңбек» қоғамның ұранына айналу үшін де көзқарастық, ақпараттық ықпал ету құралдары арқылы үздіксіз жұмыс жүргізілуі керек. Әсіресе, еңбекті бағалау, өз саласының маманы болу, адал қызмет ету тағы басқа құндылықтар басты назарда болғаны шарт.
Еңбек адамы идеясы әлеуметтік тұрлаулы күшке айналуы үшін еңбек адамының бейнелік үлгідегі әлеуметтік портретін қалыптастырған орынды секілді. Ол мұғалім, дәрігер, машинист, аспазшы болуы да мүмкін. Кәсібі мен қызметі оң бағаланған саланың еңбек адамының портреті мен түсі, формасы әлеуметтік үлгілерде (төсбелгі, мектеп формасы секілді) бейнеленіп, қоғамда адал еңбекке деген оңды резонанстық күй тудыруға бағытталуы тиіс. Бұл ретте, еңбекке ынталандырудың басқа да ойластырылған әдіс-тәсілдерінің жүйесін әзірлеуге болады.
Қорыта келгенде, еңбек адамы идеясы жалпы халықты еңбекке жұмылдырып, еңбек адамына деген құрметті арттыруы тиіс. Жалпы еңбек адамы идеясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай келеді. Онда кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылтуға мүмкіндік беретіндігі айқындалған. Еңбек адамына мемлекет тарапынан мәртебе белгілеп, көтермелеу маңызды. Бұл адамдарды сенімділікке, жеке белсенділікке, мақсаттар мен ойлардың бірлігі арқылы тұрақтылық пен үйлесімділікті қамтамасыз етуге атсалысуға үндейді. Осылайша қазіргі тарихтың ең қиын сәттерінде өзімізді және мемлекеттілігімізді сақтау үшін бойымызға жақсы қасиеттерді, құндылықтарды қалыптастырамыз. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда еңбек адамы идеясы өзінің үлесін қосары сөзсіз.
Әркім өз еңбегі арқылы мемлекетті көркейте білсе, сонда ғана мемлекет қуатты болады. Адам қандай мамандық иесі болса да, өз ісінің шебері болуы керек. Сондықтан әрбір адам өз қабілетіне қарай мамандық таңдауы керек. Әркім өзіне табиғат берген дарынын дамыту керек, соған сәйкес бір мамандықты ғана таңдап, соның шыңына шығу керек. Бұл да Отанға қызмет ету болып саналады. Еңбекті сүю, еңбек ете білу, өз болашағың мен елдің келбетін адал еңбек арқылы қалыптастыра білу де – өнер.
Қазақ халқы ежелден еңбекқор халық екенін бәрі мойынайды. Адал еңбектің арқасында ұрпаққа өлшеусіз байлық қалдырды. Қазақтың ғажайып қолөнері, өнер туындылар, киіз үйі, тұрмыс, салт бұйымдарының барлығы да ерен еңбек пен ғаламат шеберліктің жемісі. Ұлы Абай атамыз:
Бес нәрсеге асық бол…
Талап еңбек, терең ой… – деп бекер айтқан жоқ.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы сықылды тез суалар,
және
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей. – деп Абай атамыз өз өлеңдерінде еңбектің қадір-қасиетін, адамгершілік қағидалармен ұштастыра айтып өтті. Яғни еңбек етудің пайдасына жете тоқталып, еңбектің маңызын насихаттаған.
Халқымызда да еңбек туралы көптеген мақалдар мен мәтелдер, дана сөздер бар. «Еңбектің малы-тәтті», «Еңбек түбі-зейнет» деген дана халқымыз. Ұлтымыз бар байлық пен бақыт еңбекте деп көрген. Еңбектің маңызына аса терең тоқталған. Халқымыздың бай мұрасы, руханияты мен әдебиеті, өнері еңбектің арқасында келген.
Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) еңбек етудің маңызы туралы тағылымды хадистер қалдырған. «Кәсіптің ең жақсысы – әркімнің өз қолымен істелген ісі және адал сауда» деген пайғамбарымыз. Алла Елшісі еңбек етуді жан-тәнімен сүйген. Еңбектің рыздығын бәрінен де жоғары қойған болатын. Ол үмбеттеріне еңбек етуді, адал кәсіппен мал табу жоладарын уағыздады.
«Қой бағыңдар, өйткені береке сонда» деген хадис бар. Алла Елшісі (с.ғ.с) мұнда еңбекті талғамай, жақсы-жаман демей түрлі кәсіптен несібе табуды насихаттаған.
Еңбек ету табандылықты, ерік-жігерді қажет етеді. Сабырлылық пен төзімділік, адалдық адамға берекет сыйлайды. Адам сол арқылы басқалардан биік сатыға көтеріле алатындығын Алла Елшісі (с.ғ.с) айтып кетті.
Сонымен қатар Ұлы пайғамбарымыз (с.ғ.с). «Диқаншылықты кәсіп етіңдер, өйткені ол – берекелі іс. Диқаншылықты қорғайтын сақшыларды көбейтіңдер» – деп өсиет етті. Бұл да аса сабыр мен төзімді талап ететін еңбек. Егіншіліктің берекеті мен рыздығы туралы пайғамбарымыз(с.ғ.с) осылай деді.
Еңбек түбі берекет. Рыздық несібе – еңбекте. Еңбек ету арқылы рухани және материалдық кемелдікке жетеміз. Еңбектің берекеті адалдық пен туралықта.
Білім мен еңбек – адамзат үшін ең маңызды қажеттілік. Мұнсыз алға ілгерілеп, табысқа жетемін деу – әсте бекершілік. Сондықтан ең әуелі пайдалы білім иесі болуға талпыну қажет. Табысқа жетелейтін, жетістікке жеткізетін білім мен ғылым ғана. Білім иесі сан мыңдаған белесті бағындырады, еңбегімен үлкен табыстарға қол жеткізеді, адалдан нан табуға талпынады. Ерінбей еңбек етеді, алға ұмтылып әрекет жасайды, ешкімге масылдық танытпайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Көрші мемлекеттің азаматтары шетелге барып, жұмыс талғамай еңбек етіп жатыр. Олар біздің елде де өте жақсы табыс тауып жүр. Дәл осындай жандардан үлгі алу керек. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз» деген болатын.
Жолдауда еңбекқор адам, кәсіби маман ғана ең сыйлы адам болуы тиіс екендігі айтылуда. Еңбек адамы елге пайдасын тигізіп, мемлекетті дамытады. Қай уақытта да еңбек адамы құрметсіз қалған емес. Еңбек адамдарына ел өз бағасын беріп, дәрежесін көтеріп отырған. Ешқандай еңбек етпестен, он екі мүшесі сау бола тұра, кісі баласына масыл болу, кежегесі кері тартып, жалқаулықтан арылмау – ең жеккөрінішті іс. Бардың қадірін білмей, қолындағысын оңды-солды ысырап ету де – дініміз құп көрмейтін амал. Сондықтан адам баласы жақсылыққа ұмтылып, адам баласына игілігімен пайда тигізе білуі қажет.
Бабаларымыз: «Еңбек етсең – еленерсің» деген екен. Бала кезден еңбекпен тәрбиеленіп, атакәсіппен өскен ұрпақ елінің елеулісі, халқының қалаулысына айналады. Адал еңбекпен еті өскен ұрпақ ер жеткен соң елдің де ертеңін ойлайды. Абай атамыз: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың» дейді. Еңбек адамы күш-қайратын, ілім-білімін елі мен халық игілігі үшін жұмсайды. Ерен еңбегімен ізі қалады. Тарих оны ұмыттырмай, есімі ел жадында сақталады. «Адамшылықтың болмысына қызмет ету – үлкен сауап іс. Әзілхан Нұршайықов: «Бала тәрбиесінің ең үлкені – еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады» деп айтқан.
Адамның еңбегі қоғам үшін жасалған игілікке айналуы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла үшін адамдардың ең сүйіктісі – адамдарға пайдалы болғаны» деген екен. Адамдарға қол ұшын созып, сүрінгенге демеу болып, жақсы істерге жол көрсету – шынайы мұсылманның бейнесі. Мұсылман адам жауапкершілік жүктелген ісіне немқұрайды қарамай, жалқаулыққа салынбай, кісі баласына масылдық етпестен тіршілігіне тиянақты, ұқыпты және жауапты болуы керек. Білімсіздік, жалқаулық, масылдық, жауапсыздық сынды жағымсыз сипаттарға жол бермеуіміз қажет.
Маңдай тер, адал еңбек болған жерде береке-бірлік болады. Абай атамыз: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп насихат қалдырған. Отбасыда айтылып отыруы тиіс ең керекті сөздің бірі осы болуы керек. Иманмен сусындаған ата-бабаларымыз, ақжаулықты аналарымыз кісінің ақысын жемеуге, қоғам мүлкіне қол сұқпауға тәрбиеледі. Ақ адал, маңдай термен тапқан нанның адал әрі тәтті екенін өз еңбектерімен үлгі етіп көрсетті. Мұның барлығы – қанда бар асыл қасиетіміз.Дініміз адалдан мал табуға, маңдай тер төгіп, еңбек етуге үндейді. Қасиетті Құран аятында былай деп келеді: «Уа, иман келтіргендер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға ұмтылыңдар және сауданы қойыңдар. Егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы. Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Алланың берекетінен несібе іздеңдер. Сондай-ақ Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыларсыңдар» деп айтқан («Жұма» сүресі, 9-10-аяттар). Аталған аят құлшылық уағында тіршілікке сәл тоқтау қоя тұрып, Алланы еске алуға, парыз ғибадатты орындауға шақырады. Ал жамағат болып жұма намазын өтегеннен кейін жер бетіне таралып, Алланың бұйыртқан несібесін ақ адал еңбекпен табу – парыздан кейінгі парызымыз. Себебі, хадисте: «Адал кәсіп табуға талпыну – парыздан кейінгі парыз» делінген.
«Жер бастым деп мәз болма, артыңда ізің қалмаса» деген екен байырғы ұлылар. Әр адамның артында адал еңбектің ізі қалу керек. Арам дүниеден бойын таза ұстап, арлылықтан айнымауы тиіс. Бабаларымыз: «Адал еңбекпен мал іздемек арлы адамның ісі» деп айтқан екен. Адам бойындағы ар-ұят қана адал еңбекке жол ашады. Ары – намысқа, намысы – еңбек етуге, еңбегі – адалдыққа, адалдығы – ел игілігіне пайда әкеледі. Мұсылман әрқашан білімді, еңбекқор болуы керек. Дініміз осыны бұйырады, осыған жетелейді. Бабаларымыз адал еңбекті сүйді. Бірі ұсталықпен, бірі мал шаруашылығымен айналысса, енді бірі кетпен шауып, егін екті. Ұрпақтарына адалдан еңбек етуді үйретті. Абай атамыз «Сегіз аяқ» өлеңінде:
«Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол – бай тап,
Адам бол – мал тап,
Қуансаң қуан сол кезде» дейді. Әр адамның тіршілікке бір ебі болады. Нәпақасын адалдан табуға бойындағы ебін, мүмкіндігін, қарым-қабілетін қолдануы қажет. Қулық-сұмдықпен, ұры-қарлықпен, арам жолдармен мал табуға құмартпаған жөн. Әрине ұрлықпен, араммен, жаманшылық жолмен келген дүниенің көл-көсір пайдасы болар-ау, бірақ берекесі болмайтыны ақиқат. Береке – адал еңбекте, маңдай терде. Алла Тағала былай бұйырады: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!» («Бақара» сүресі, 168-аят). Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына әрдайым еңбек ету керектігін, адал жолмен табыс табудың әрдайым сауапты іс екенін насихаттап айтатын болған. Хадистерінің бірінде: «Сауап тұрғысынан ең ұлы амалдардың бірі – еңбекпен жанұясына нәпақа табу» десе, бір хадисінде: «Анығында сендердің біреулеріңнің арқан алып, тауға барып иығында отын көтеріп келіп, базарда сатып, сол арқылы Алла Тағала оны мұқтаж қылмағаны, оған кейде беріп, кейде бермейтін адамдардан сұрағанынан әлдеқайда қайырлы» деп айтқан.
Біз Алладан не нәрсенің де берекесін тілеген халықпыз. Тапқаның аз болсын, көп болсын берекесі маңызды. Береке адалдықта, таза нәрседе болады. Еңбегің адал болса, ол жерде береке тұрарын ұмытпаған жөн. Саңлақ сахаба хазіреті Омар (р.ғ.): «Еңбек етіңдер, табыс табыңдар, Алла Тағала ризығымды жұмыс істемесем де жібереді демеңдер! Алла Тағала аспаннан ақша жаудырмайды» деп насихат айтса, енді бір сөзінде: «Кейбір адамды көргенімде ол маған ұнап қалады. Кейін ол адам жайында сұрғанымда, оның жұмыссыз екендігін біліп, оған деген құрметім бірден жоғалып кетеді» деп терең мағыналы ой тастайды. Адамды тоқтық та аздырады, кейде жоқтық та аздырып жібереді. Жоқтық деген сөз – дұрыс кәсіп, ақ адал жұмыстың болмауы. Сондықтан, азып-тозбау үшін ең алдымен еңбек адамы болып, адал кәсіп жасау – нағыз жанның тыныштығы. Хәкім Абай атамыз: «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» деп қалай теңеп айтқан дерсің, осындайда.
Бірде Алла Елшісі (с.ғ.с.) сахаба Сағыд ибн Мұғазбен (р.ғ.) қол алысып амандасады. Қолдарының күстеніп кеткенін байқап, себебін сұрайды. Сахаба болса, отбасын адал еңбегімен асырау үшін еңбектеніп жүргенін айтады. Бұл жауапқа тәнті болған ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Міне, Алла Тағала осындай қолды жақсы көреді» деп еңбек адамының қолына ілтипат көрсеткен екен.
Лұқман Хәкім де баласына көп өсиет айтқан. Соның бірінде: «Ұлым, адал кәсіп етіп, жоқшылықтан өзіңді сақта. Жоқшылық көрген адам мынандай үш қайғыға тап болады. Біріншіден, дінін әлсіретеді, сеніміне кір келтіреді. Өйткені, кедейлік адамды жаман ниеттерге жетелейді. Екіншіден, ақылын азайтады. Өйткені, мұқтаждық адамның еңсесін түсіріп, есін шығарады. Үшіншіден, адамгершілігі әлсірейді, қоғамға жек көрінішті болады» деген екен. Әрбір ата-ана жастайынан балаларына Лұқман Хәкімнің осы насихатын айтса, артық етпейді деп білемін.
Жалқаулық, масылдық – адам жанының әуелден дұшпаны. Сондықтан, алға қарай талпыну үшін жалқаулықтан, өзгеге телміріп қол жаюдан түбегейлі алыс болу қажет. Абай атамыз қара сөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады» деп жағымсыз істің бәрі осы жалқаулық пен бойдағы еріншектіктен туарын айтып кеткен.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күні сахабаларына: «Кімде-кім маған адамдардан ешнәрсе сұрамаймын деп кепілдік берсе, мен де оның жәннаттық болатынына кепіл боламын» дейді. Сонда Сәубан (р.ғ.) есімді сахаба: «Иә, Алланың Елшісі! Бүгіннен бастап адамдардан ешнәрсе сұрамайтын боламын» дейді. Осы жағдайға куә болған сондағы адамдар сахаба Сәубанның (р.ғ.) дүниеден өтем дегенше адам баласынан ешнәрсе сұрамағандығын айтқан екен. Жалқаулықты жеңген адам ешкімге қол жаймайды, ешқашан телмірмейді. Жоқ-жітікке еңбегімен тапқан табысын бөліп, зекет-садақа беріп, мол сауаптарға кенеледі.
Ардақты Пайғамбарамыз (с.ғ.с.) дұғаларының ішінде адамның әлсіз тұсы осы жалқаулықтан сақтануды қоса тілеген. Үмметіне үйретіп кеткен дұғаларының бірінде былай келеді: «Иә, Алла! Анығында мен Сенен ғана жәрдем тілеймін. Мені әлсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, жауыздықтан, тура жолдан бұрылып кетуден, біреуге тәуелді болудан өзіңнен пана тілеймін». Адамның шамасы жетпеген жерге оның дұғасы жетеді деген. Кежегемізді кері тартқан жалқаулық дертінен құтылу үшін әрдайым дұға етіп жүрген абзал екен. Жалқаулық пен масылдық – адам баласы үшін жақсылық жолдарын жабатын шайтанның бірден-бір құралы. Ал, асыл дініміз ислам жатыпішер жалқаулықтан, біреуге қол жаятын масылдықтан әрдайым тыйып отырады.
Адамда талап болса, тау қопарады. Абайша айтсақ, ең алдымен адам баласын алға жетелейтін талабы тұру керек, екіншісі еңбексүйгіштік қасиеті бойда болу қажет, үшіншісі терең ой ғана табысты етеді. Бабаларымыз «Еріншектің ертеңі бітпейді», немесе «Жалқаулық – жаман ауру» деп бізді мұндай жағымсыз істерден тыйып отырған. Еңбек бәрін жеңбек. Адал еңбек адамды шынықтырады, төзімділікке тәрбиелейді, мол жақсылыққа жеткізеді. Сондықтан, қай кезеңде болмасын ең алдымен еңбек адамын құрметтеп, қолдап, өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсетуіміз қажет. Сонда ғана жас ұрпақ еңбексүйгіш әрі елге сыйы артады. Жалқаулыққа салынбай, масылдыққа бой алдырмай, еңбек ету – нағыз ердің ісі екенін есте ұстағанымыз жөн. Қазақ халқы әу бастан еңбек етуді тіршіліктің көзі, тұтқасы, бүкіл тәрбиенің басы деп санаған. Еңбек арқылы балаларды елжандылыққа, бірлікке, іскерлікке баулыған. Осылайша, әр отбасы балаларына еңбектің пайдалы жақтарын үнемі айтып отырған. Оны, көбінесе, мақал-мәтел, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асырған. Оған «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек түбі – береке» деген мақал-мәтелдер дәлел бола алады. Бұдан біз ата-бабаларымыздың тәрбиенің көзі еңбекте жатқанын білгенін ұғамыз.
Сол себепті, ұлдарды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, кәсіп табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй-іші жұмыстарына үйреткен. Табысқа еңбекқорлар ғана жететінін, табыс табу пайда табудан үлкен өнер екенін түсіндірген. Осыған орай халқымыздың «Артық олжа-басқа еңбек», «Оңай олжа – тұрмас қолға», «Шығын шықпай – кіріс кірмейді» деген мақалдары да бекерден-бекер айтылмаса керек.
Қорыта айтсақ, отбасында жақсы тәрбие берудің негізгі мән-маңызы – баланы жасынан еңбек етуге, үнемшілдікті үйренуге, сараңдыққа салынбауға, ұқыптылыққа, ақыл-парасаттылыққа, қаражатқа деген дұрыс көзқарас қалыптастыруға және олардың қалай келетінін немесе табысты да таза еңбекпен жасауға үйрету, тәрбиелеу деген сөзді білдірсе керект-ті. Ендеше, бүгінгі ұрпақты адал еңбекке тәрбиелеу баршамыздың парызымыз екендігі хақ.
Ислам діні де мұсылман адамның дүние және ақырет үшін адал кәсіп етуін талап етеді. Алла Тағала жер бетіндегі нығметтердің барлығын адам баласының игілігі үшін жаратқан. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Біз адамның ұлдарын құрметті орынға қойдық, оларды құрғақта және теңізде өмір сүретін еттік, оларды жақсылыққа кенелттік және оларды Өзіміз жаратқан барлық тіршілік иелерінен жоғары қойдық»,(«Исра» сүресі, 70-аят) – дейді. Осындай құрметті орынға ие адам баласының басты міндеті – Алладан адал кәсіп беруін тілеп, еңбек етуі. Қол қусырып, қайыр тілеп өмір сүру – нағыз ұят іс. Алла Тағала ақыл, сана, денсаулық, жігер бергеннен кейін әрбір адам бала-шағасын өз адал табысымен асырауға қамдануы керек. Қасиетті дініміздің бұл әмірін ең бірінші болып бұлжытпай орындаған әр замандардағы пайғамбарлар болды. Мәселен,
Хазірет Адам (ғ.с.) егінші болды;
Нұх пайғамбар (ғ.с.) кеме жасауды үйретсе,
Идрис пайғамбар (ғ.с.) тігінші;
Мұса пайғамбар (ғ.с.) шопан;
Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) темірден бұйым жасайтын ұста;
Иса пайғамбар (ғ.с.) медицина ғылымының шоқтығы биік ұстазы болды;
Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) патша бола тұра, өз кәсібінен басқа нәрседен тамақ жемеді. Өз еңбегінен басқа дүниені пайдаланбады. Ол ұста болып, ұсталығымен күн көрді;
Зәкәрия (ғ.с.) ағаш шебері болды;
Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) әрдайым Алла Тағаладан өзін жалқаулықтан, өзгеге қарыз болудан, күпірліктен, біреуге мұқтаж болатын кедейліктен, сараңдықтан сақтауын тіледі.Бір хадисте сүйікті Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Адал кәсіппен айналысып, содан шаршап ұйықтаған адам күнәлары кешірілген халде түнейді», «Диқаншылық жасаңдар, өйткені ол берекелі іс. Диқаншылықты қорғайтын сақшыларды көбейтіңдер», «Қой бағыңдар, өйткені береке сонда», – деп адал кәсіпкерлікті, диқаншылық пен мал бағуды уағыздады.
Адал еңбекпен несібесін табу пайғамбарлардың дағдысы. Ислам адамзатты алдымен Аллаға иман келтіруге, сосын сол иманның аясында ізгі жұмыс істеуге шақырады. Сондықтан да ризықты ризықты Жаббар Хақтың жазатынын білген мұсылман баласы қадери-қалінше еңбектенеді. Ал Ұлы Жаратушы төккен терің, жасаған амалыңа қарай ризық-несібеңді береді. Әрі сол ризық-несібені иеленуге күш-қайрат пен қабілетті беретін де Ұлы Жаратушы! Тек жұмыр басты пенде өз ризық-несібесін тауып жеуде – Алла Тағала тарту еткен қабілет-қарыммен аянбай тер төгіп, еңбек етуі тиіс.
Қазақ халқы және халқымыздан туған ұлы ойшылдар, даналарымыз, ардақтыларымыз адал еңбек ету туралы өсиет-нақыл сөздерді де молынан айтып, ұрпағын тәрбиелеген. Қазақ халқының руханиятында ғасырлар бойы сұрыпталып қалған «ер» мен «еңбектің» егіз ұғым екені туралы:
«Еңбегімен ер сыйлы, өнбегімен жер сыйлы», «Еңбегіне қарай – құрмет», «Жасына қарай – ізет», «Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады. Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады» деген ұлағатты сөздерінен мысалдарды аса көптеп келтіруге болады.
Сондай-ақ, Ұлы Абай атамыз: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға», «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап», «Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі», т.с.с көптеген насихаттары арқылы өз халқын өрлеуге үндеген болса, басқа ойшылдар «Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл» (Шәкәрім Құдайбердіұлы), «Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ» (Бауыржан Момышұлы), «Адам өзін еңбектен қалдырмағаны, Қарттыққа аяғын алдырмағаны» (Ыбырай Жақаев) деген саң мыңдаған нақылдарын теріп жазып, термелеп айтып тауыса алмаймыз. Осы айтылғанның барлығы асыл дініміздің мұратымен үндесіп жатыр.
Мұның бәрі де саналы адамға адал жолмен мал тауып, отбасына, елге адал қызмет етуді, отбасын адал жолмен асырауды, еңбек еткен адамның мерейі тасып, ырысы көбейетінін насихаттайды.
Әр мұсылман адал кәсіппен шұғылданып, адал табыспен күн көруге жіті көңіл бөлуі тиіс. Ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) адал еңбек жасап жүрген мұсылмандарды мақтай отырып, адал несібе іздеуге үндейді: «Құлшылық он түрлі нәрседен құралады. Бұл он нәрсенің тоғызы – адал ризық іздеуде».
Бірде Алланың Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір жолы Сағыд ибн Муғазды (Алла оған разы болсын) жолдан кездестіріп, екеуі қол алысып амандасқанда, сахабаның қолы тілімденіп, күстеніп кеткенін байқайды. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) себебін сұрағанда, Сағыд ибн Муаз (Алла оған разы болсын) отбасын асырау үшін еңбек етіп жүргенін, қолы содан тілімденгенін айтады. Сонда Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) оның жауабына сүйсініп: «Міне, Алла осындай қолдарды ұнатады», – деген еді.
Сондықтан, мұсылман адам жұмысының беделі жоғары не төмендігіне, жеңіл не ауырлығына, табысының аз не көбіне емес, бірінші кезекте адалдығына мән беруі керек. Сонда таза, адал еңбек Алла Тағала алдында мәртебелі болмақ. Жалпы, шариғат бойынша, адал кәсіп жасаудың өзі құлшылық болып есептеледі. Қорыта айтар болсақ, Ислам діні – адам баласын екі дүниеде де бақытты ететін дін. Екі әлемнің бақыты – Аллаға сыйына отырып еңбек етумен болады. Діни мәтіндер адам баласын еңбек етуге шақырып, жалқаулықтан қайтарады. Адам баласы әр күн сайын өзін дамытып отыруы, қажырлықпен еңбек етуі тиіс. Дінімізде адам баласы өмірін бос немесе пайдасыз іспен өткізгені үшін де Алланың құзырында жауапқа тартылады. Міне, осы тұрғыдан еңбек ету – діни міндет екендігін білгеніміз жөн.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда халықтың рухани кемелденуі арқылы қоғамдағы түйткілдердің шешімі табылатыны туралы мәселе көтеріп, осы бағытта атқарылатын міндеттерді нақтылап берді. Мемлекет басшысы атап көрсеткен рухани кемелденудің басты шарты – өткенге баға бергенде ақиқатқа көз жеткізу, ол үшін байыпты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, жастарды кітапқұмарлыққа баулу іс-шараларын қолға алу, жаман әдеттерден арылу, ең бастысы – адал адам болу, адал еңбек ету, адал табыс табу. Президент атап өткендей, тарихқа қатысты ғылыми негізде дәлелденбеген пікірлер ел арасына іріткі салатыны, халықты ынтымақ-бірліктен айырып, берекені қашыратыны анық.
Өскелең ұрпақтың мемлекетшіл, адал азамат болып қалыптасуы алдыңғы буын – зиялы қауымға тікелей байланысты екеніне, қоғамның алға ілгерілеуін тежейтін алауыздықтан, өнбейтін даудан арылу қажеттігіне назар аударған Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзін былайша түйіндеді: «Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек. Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп. Біз олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Ұлы Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі – бос» деген сөзі әлі де өзекті болып тұр. Мен зиялы қауым өкілдерінің бір-біріне әрдайым тілектес болғанын қалаймын».
Халықтың береке-бірлігін сақтау – зиялы қауым өкілдерінің даналығына келіп тірелетін мәселе. ХХ ғасыр басындағы Алаш ардақтыларының елді ұйыстырудағы орны айрықша, Отанға қызмет етудегі мемлекетшіл мінездерімен кейінгі буынға үлгі-өнеге.
Қазіргі кезде жас ұрпақтың есірткіге, құмар ойындарға тәуелділігінің артуы, зорлық-зомбылықтың балабақшадан бастап көрініс табуы – дабыл қағарлық қорқынышты жағдай. Мұның барлығы – тәрбиеден кеткен қателік. Кейбір ақпарат құралдарында жеңіл ақша табу, арам жолмен баю жолдары насихатталып жатады. Әсіресе, әлеуметтік желі жастарды аздыратын құралға айналды. Президенттің құрылтайда алдымызға қойған басты міндеттерінің бірі – адал еңбек адамын қалыптастыру. Ол үшін жаман әдеттен аулақ болу керектігін тілге тиек етіп, мұны түп-тамырымен жоюды ұсынады: «Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын».
Бүгінгі қоғам шын мәнінде де қатыгезденіп барады. Өскелең ұрпақтың тәрбиесінде кеткен кемшілік зорлық-зомбылықтың кез келген түрін тудыруда. Ал, енді осы қатыгез қоғамды қалай түзеуге болады? Әрине, бұл азаматтардың рухани кемелденуі арқылы жүзеге аспақ. Ал, рухани толысудың негізі өзегі – кітап оқу. Адамның жанын байытып, имандылыққа, сұлулыққа ынтықтыратын, білім мен ғылым тереңіне бойлататын құдірет – кітап. Сол себептен де Президентіміз Ұлттық кітап күнін белгілеу мәселесін көтерді. Бұл туралы: «Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Мысалы, көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді… Бірақ оны мазмұнды етіп өткізу қажет. Мысалы, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, арнайы жәрмеңкелер өткізу қажет. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деп шегеледі.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген дана бабаларымыз. Құрылтайда қойылған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру әрбір қазақ азаматының қастерлі борышы. Президентіміз атап көрсеткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұстанымы барлығымызға басты меже болсын.