Төлеби ауданы Қаратөбе ауылының тұрғынығ ІІ топтағы мүгедектігі бар Гүлсапар Сәтбайқызы мемлекеттік 1 380 000 теңге грант алған. Ол қаржыға Балаларға арналған бояғыш тауарлар дайындайтын цех ашқан. Бүгінде оның өнімдері балалар арасында сұранысқа ие.
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба 10 міндетті көздейді, оның 3-і халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған: өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту. Бірінші міндет шеңберінде “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу мерзімі дара кәсіпкер ретінде үш жылдан кем болатын жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде грант беруге өтініш берілгенге дейін олар тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беріледі. Екінші міндет шеңберінде еңбек нарығында белгілі бір кедергілерге тап болған адамдарды (жұмыссыздар, жастар, мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар және т.б.) жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шаралар іске асырылады.Оқу орындарының түлектеріне арналған Жастар практикасы, “бірінші жұмыс орны” және “ұрпақтар келісімшарты” жобалары бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) немесе сабақтардың Ұлттық сыныптауышының сол сабақ тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.
Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын). “Бірінші жұмыс орны” жобасы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орындарын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған (қатысу мерзімі 18 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын). “Ұрпақтар келісімшарты” жобасы кейіннен зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруға бағытталған (қатысу мерзімі 6 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын).
Қоғамдық жұмыстар-қызметкерлерді алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрлері. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға: жұмыссыздар; жазғы демалыс кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттері; бос тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері кемінде 20 АЕК (ай сайын) құқылы.
Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздардың жалақысын субсидиялай отырып, оларды жұмысқа орналастыруға арналған (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері кемінде 20 АЕК (ай сайын). “Күміс жас” жобасы 50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған (қатысу мерзімі 36 айға дейін, субсидия мөлшері 30 АЕК-тен аспайды (ай сайын). Жоғарыда көрсетілген субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу үшін мынадай құжаттар қажет: қатысуға өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса); білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом), бар болса оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат).Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде келесі үш бағыт бойынша ұйымдастырылады.
Біріншіден, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында оқыту. Оқыту оқытудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырылады. Ол үшін тараптардың (жұмыспен қамту орталығы, жұмыссыз, жұмыс беруші және оқу ұйымы) арасында тараптардың құқықтары мен міндеттерін көздейтін 4 жақты әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Екінші, жұмыс берушіде жұмыс орнында оқыту. Жұмыс берушілерде жұмыссыздарды жұмыс орнында оқыту білікті тәлімгерді бекіте отырып, кәсіпорындар базасында ұйымдастырылады. Оқу кезеңінде жұмыс беруші жұмыссыздармен еңбек шартын жасасады және оны уақытша жұмыс уақытына жұмысқа орналастырады.
Үшінші, платформада онлайн оқыту skills.enbek.kz. Портал онлайн оқытудың қысқа мерзімді курстарының маркетплейсі болып табылады және сұранысқа ие дағдыларды үйренуге немесе біліктілігін арттыруға ниет білдірген кез келген республика азаматы үшін қолжетімді. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін жеңілдетілген шағын несиелеу қарастырылған. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% – дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы-кепілмен қамтамасыз етудің міндетті шартымен 5 млн теңгеге дейін. Несиелеу мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін (қызметтің осы бағыты үшін – 7 жылға дейін).
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба 10 міндетті көздейді, оның 3-і халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған: өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту.
Бірінші міндет шеңберінде “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу мерзімі дара кәсіпкер ретінде үш жылдан кем болатын жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде грант беруге өтініш берілгенге дейін олар тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беріледі.
Екінші міндет шеңберінде еңбек нарығында белгілі бір кедергілерге тап болған адамдарды (жұмыссыздар, жастар, мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар және т.б.) жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шаралар іске асырылады. Оқу орындарының түлектеріне арналған Жастар практикасы, “бірінші жұмыс орны” және “ұрпақтар келісімшарты” жобалары бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) немесе сабақтардың Ұлттық сыныптауышының сол сабақ тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады. Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын).
“Бірінші жұмыс орны” жобасы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орындарын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған (қатысу мерзімі 18 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын). “Ұрпақтар келісімшарты” жобасы кейіннен зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруға бағытталған (қатысу мерзімі 6 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын).
Қоғамдық жұмыстар-қызметкерлерді алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрлері. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға: жұмыссыздар; жазғы демалыс кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттері; бос тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері кемінде 20 АЕК (ай сайын) құқылы. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздардың жалақысын субсидиялай отырып, оларды жұмысқа орналастыруға арналған (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері кемінде 20 АЕК (ай сайын).
“Күміс жас” жобасы 50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған (қатысу мерзімі 36 айға дейін, субсидия мөлшері 30 АЕК-тен аспайды (ай сайын). Жоғарыда көрсетілген субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу үшін мынадай құжаттар қажет: қатысуға өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса); білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом), бар болса оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат).
Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде келесі үш бағыт бойынша ұйымдастырылады.Біріншіден, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында оқыту. Оқытудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырылады. Ол үшін тараптардың (жұмыспен қамту орталығы, жұмыссыз, жұмыс беруші және оқу ұйымы) арасында тараптардың құқықтары мен міндеттерін көздейтін 4 жақты әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Екінші, жұмыс берушіде жұмыс орнында оқыту. Жұмыс берушілерде жұмыссыздарды жұмыс орнында оқыту білікті тәлімгерді бекіте отырып, кәсіпорындар базасында ұйымдастырылады. Оқу кезеңінде жұмыс беруші жұмыссыздармен еңбек шартын жасасады және оны уақытша жұмыс уақытына жұмысқа орналастырады. Үшінші, платформада онлайн оқыту skills.enbek.kz. Портал онлайн оқытудың қысқа мерзімді курстарының маркетплейсі болып табылады және сұранысқа ие дағдыларды үйренуге немесе біліктілігін арттыруға ниет білдірген кез келген республика азаматы үшін қолжетімді. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін жеңілдетілген шағын несиелеу қарастырылған. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% – дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы-кепілмен қамтамасыз етудің міндетті шартымен 5 млн теңгеге дейін. Несиелеу мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін (қызметтің осы бағыты үшін – 7 жылға дейін). 2,5 проценттік кредит. Осы айдың басында жастарға арналған жеңілдетілген кредитке өтінім қабылдау басталды. Оны 21-35 жастағы кәсіпкерлер ала алады. Негізгі шарттары: номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%; қарыздың ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге; мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы саласы үшін – 7 жыл; кепілзат; Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі қарастырылған. Ол кредит берілген мерзімнің үштен бірінен аспауы шарт. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кредит өтеусіз беріледі. Өтінімдер “Аграрлық кредиттік корпорация” АҚ-сында қаралады. Осы бастаманы іске асыруға бюджеттен 28 миллиард теңге бөлінді. Биыл барлығы 5 796 кредит беріледі деген жоспар бар.
Жастарға арналған жалдамалы баспана. Бүгінде үш ірі мегаполисте жұмыс істейтін жастарға жалдамалы баспана беріледі. Оны жеке меншікке сатып алуға рұқсат жоқ. Бірақ жалға алу ақысы төмен. Соның арқасында бес жылдың ішінде алғашқы жарнаны жинап алуға болады.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
қатысушының 35 жастан аспауы;
Астана, Алматы мен Шымкентте, кем дегенде, 2 жыл т.ұрақты тіркеуде тұру;
тұрақты жұмыс орны;
жеке меншікте баспананың болмауы;
ақшаны жинауға арналған депозитті ашу;
ай сайынғы табыстың нақты көлемі;
Мәселен, Астанада ондай пәтерлердің жалға алу ақысы 5-15 мың теңгеге шығады. Бірақ бағдарламаға қатысушының ай сайынғы табысы 40 АЕК-тен (138 000 мың теңгеден) кем болмауы шарт. Іріктеу кезінде қатысушының ұпай санына қарайды. Оны есептеу тәртібі:
қатысушының кәсібі қажетті 100 мамандықтың тізіміне кірсе, 10 балл;
отбасы болған жағдайда 5 балл; жеке кәсіпкерлік қызмет үшін (кемінде бір жыл) 5 балл, одан кейін әрбір жыл үшін – 1 балл;
некеде тіркелген әрбір жыл үшін – 2 балл;
бір балаға 1 балл, одан кейінгі әрбір бала үшін – 2 балл;
әр түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда – 2 балл;
мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы жұмыс үшін – 5 балл, жұмыс өтілінің әр жылы үшін-1 балл;
депозиттегі жинақтардың әрбір жылы үшін – 2 балл;
Астанада барлық сұрақ бойынша тұрғын үй қорына хабарласуға болады.
Алматыда қоғамдық даму басқармасы, ал Шымкентте отбасы, жастар және балалар істері жөніндегі басқармасы құжат қабылдайды.
Ипотека алуға болады. Бүгінде “Елорда жастары” мен “Алматы жастары” сияқты ипотекалық бағдарламалар басқа өңірлерде іске қосылды. 2025 жылға дейін оған барлық облыс қосылады. Осы бағдарламамен жастарға жеңілдетілген ипотека беріледі. Әрбір өңірде шарттары әртүрлі.
Мәселен, Астанада 18 миллионның кредитін 25 жылға алуға болады. Бірақ 10 процент көлемінде алғашқы жарнаны салу керек. Ал жылдық мөлшерлемесі – 5 процент. Отбасының табысына да шектеу қойылады. Ай сайынғы көлемі үйдің әрбір мүшесіне шаққанда 243 402 теңгеден аспауы шарт. Басқа өңірлерде ондай талап жоқ. 5 проценттік ипотека алатын мамандықтар да бекітілген. Олар: денсаулық сақтау; білім; мәдениет; спорт; әлеуметтік сала; журналистер; полицейлер; құтқарушылар; коммуналдық қызметтер; Бұдан бөлек, Отбасы банкінде “Жас отбасы” деген тағы бір ипотекалық бағдарлама бар.
Жастар практикасы. Қазақстанда білім беру ұйымдарының түлектері үшін жастар практикасы да ұйымдастырылады. Негізгі мақсаты – алғашқы тәжірибе жинақтауға көмектесу. Сондықтан 35 жасқа дейін бұрынғы немесе жаңа мамандық бойынша тәжірибе болмаса, жастар практикасы бағдарлмасына қатысуға болады. Жастар практикасының мерзімі – 6 ай. Жалақыны да төлеп тұрады. Ай сайынғы көлемі – 25 АЕК (86 250 теңге). Бағдарламаға қатысу үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына бару керек.
Қажетті құжаттар:
жеке куәлік;
еңбек өтілін растайын құжат;
білім туралы диплом немесе кәсіби дайындық туралы құжат;
“Жас маман” жобасы. Бүгінде “Жас маман” жобасы аясында колледждерде индустрия мен қызмет көрсету саласы бойынша сұранысы жоғары 100 мамандықтың біреуін меңгеріп алуға болады. Ол үшін кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Осы жобаны іске асыру үшін шетелдік сарапшылар да тартылды. Бұдан бөлек, Қазақстанда жастарға арналған “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бар. Ал Астанада “Еңбек” тұрғын үй бағдарламасына қатысып көруге болады.
Баспана мәселесі. Баспана – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Осы сұрақты шешу мақсатында елімізде түрлі бағдарламалар іске қосылғаны белгілі. Соның ішінде жастар санаты үшін арнайы ашылған жобалар бар. Атап айтқанда, Отбасы банкінің «Жас отбасы», сонымен қатар жұмыс істейтін жастарға арналған «Елорда жастары», «Алматы жастары», «Қарағанды жастары», «Әулиеата жастары» және «Қостанай жастары», «Ақтөбе жастары», «Жетісу жастары», «Алатау жастары» сияқты бағдарламалары бар. Сонымен қатар Астанада осымен бірнеше жыл қатарынан «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы аясында 29 жасқа дейінгі жастар баспаналы болды. Олар мемлекеттен берілген жалдамалы пәтерде 5 жыл бойы тұрып, өз баспаналарына қаржы жинай алады. Ал пәтерді жалдау ақысы айына шамамен пәтердің шаршы метріне байланысты 5 000-15 000 теңге.
Қайтарымсыз грант. «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы.
Президент тапсырмасына сәйкес жастарға «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты мемлекеттік грант тағайындалған. 35 жасқа дейінгі азаматтарға 3 млн теңге қайтарымсыз грант беріледі. 5 бағыт бойынша 30 грант 30 беріледі. Олар: ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес және медиа бағыттары. Грант берудің мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау.
Zhas Project жобасы. Zhas Project – бұл әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы осал топтарды, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған бірегей жоба. Ол жастарды өз қоғамының әлеуметтік-экономикалық өміріне тартуға және нәтижелі жұмыспен қамтуға көмектеседі. Zhas Project Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысы бойынша іске асырылады. Жоба былтыр Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде пилоттық режимде іске асырылған болатын. Биыл Zhas Project жобасы еліміздің барлық облысы мен республикалық маңызы бар қаласында жүзеге асырылады деп күтіліп отыр.
«Болашақ» бағдарламасы. 1994 жылы басталған бағдарлама аясында мыңдаған жастарымыз шетелде оқып келіп, қазіргі күні еліміздің өсіп-өркендеуіне үлестерін қосып жүр. «Болашақ» халықаралық стипендиясының мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды. Бұл бағдарлама жастарға шетелде білімін шыңдауға, тағылымдамадан өтуге септігін тигізеді.
Мысалы, биыл «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алуға 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді. Жыл соңына дейін «Болашақ» стипендиясына өтінімдерді қабылдаудың екі легі өтеді: 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында. Басым мамандықтар тізіміне 262 мамандық кірді. Үміткерлер робототехника, сервистік платформаларды әзірлеу, жасыл технологиялар, қоғамдық денсаулық сақтау, инклюзивті білім беру және т.б. сынды еңбек нарығында өзекті мамандықтар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.
Жас ғалымдарды қолдау. Елімізде жас ғалымдарды қолдауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Президенттің ғалымдардың мәртебесін көтеру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру үшін бірінші кезекте ғалымдардың жалақысы өсті. Ғалымдар мен зерттеушілер саны бүгінде 1,5 есе өсті. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Үкіметте жасаған баяндамасына сәйкес, «Ғылымды қаржыландыру 70%-ға ұлғайған. Қазір жас ғалымдар мен постдокторанттарға 1 014 грант бөлінді. Жалпы үш жылда ғылымды қаржыландыру 70%-ға өскен. Министрлік 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға үш конкурс жариялады: бюджеті 3 млрд теңгені құрайтын «Жас ғалым» жобасы бойынша; бюджеті 9 млрд теңгені құрайтын 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдар конкурсы; сондай-ақ бюджеті 74 млрд теңгені құрайтын 2023-2025 жылдарға арналған жалпы конкурс.