Нәзір Төреқұлов атындағы IT-мектеп-лицейінде ұлағатты ұстаз, елімізге белгілі дәстүрлі әнші, Қаратау дәстүрлі мектебінің дүлдүлі Кенжебай Шалдың шығармашылығына арналған ”Өмірі өнеге ұлағатты ұстаз” тақырыбында кездесу кеші болып өтті. Кештің мақсаты — халықтық шығармаларға айналған әндеріміз бен оның орындаушылары жайлы, әндердің шығу тарихынан сыр шерте отырып, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, туған жер таланты, дәстүрлі әнші Кенжебай Шалдың шығармашылығын насихаттау. Кеш барысында қазақ дәстүрлі әншілік өнерінің ерте ғасырлық даму тарихы мен сал-серілер туралы мағлұматтар айтылды. Кеште дәстүрлі ән орындаушы, мектептің музыка пәнінің мұғалімі Гүлбану Шалабаева нақылға толы терме орындады. «Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Тәуелсіз ел атанып, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы – мұғалім.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солдай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім. “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп тәрбиелеуде ұстаздың орны бөлек. Ұлы тәлімгерлердің жолын жалғастыра отырып, жаңашыл тәлімгер болмысын сомдар болсам, біріншіден , тәлімгер-үздіксіз ізденуші. Кез келген тосын сұраққа жауап беріп, кез келген ситуациядан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс негізінде ол әрқашан теориялық білімін кеңейтіп, методикалық шеберлігін арттырады. Тәлімгер- еркін шығармашылық иесі. Оны үйрете жүріп үйренуші деуге әбден болады. Өз бетінше іздене жүріп әрекетіне сараптама, талдау жасаумен қатар шығармашылығын да шыңдай түседі. Шығармашылықпен айналысатын өзге тәлімгерлер еңбегімен таныса жүріп, өзінің де шығармашылық , ізденіс жұмыстарымен бөліседі. Тәлімгер –жетелеуші, алға ұмтылдырушы. Әр баланың табиғи дарынын дер кезінде тани біліп жетілдіруші. Алдына қойған мақсаты айқын, ісіне сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарайтын осынау тәлімгер бойынан байқағыштық, төзімділік, өз ісіне деген ерекше ілтипат пен мықты сенімділік төгіліп тұрады. Тәлімгер-бұл сөз, менің түсінігімше адам тәрбиелеу, болашағымыздың бастауын тәрбиелеу деген ұғымды білдіреді. Тәлімгер деген құрметті атаққа ие болудың өзі -бір бақыт. Тәлімгер-өмірлік тәжірибесі мол, нағыз еңбекқор, ізденімпаз, ұшқыр ойлы маман. Нағыз мықты тәлімгер ғана салауатты да, саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады. Тәлімгер – тәлім- тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсетуші, бар адами қасиеттерді бойына жиған талантты адам. Бүгінгі таңдағы тәлімгердің жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі – ауыр жүк.
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі –адамдарға ықпал етуші дана адам. Сондықтан әрбір адам өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты — рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Ұстаз – ақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі. Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште.Ұстаз — бұл қасиетті мамандық иесі, менің арманым бойынша, өте қайырымды, ешкіммен ешқашан сөзге келмейтін, сабақ барысында оқушыға деген қол үшін аямайтын адам. Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам. Ұстаз болу — екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Себебі, ол дәрігер сынды жас түлектердің болашағына жауапты. Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады.
Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз. Ал мектептегі ұстаз балаға жеке адам, тұлға ретінде қарайды.Ұстaз таудaн арқырaй аққaн тау өзені секiлді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз – Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-ана тәрізді. Ұстаз – ақылдың тозбaйтұғын асылы. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиеді. Елімізде қазан айының бірінші жексенбісі ұстаздар күні ретінде мерекеленіп келеді. Жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ұлы істі атқарып жүрген жұмыс – ұстаздыкі. Біліммен баулып, биікке ұшыратын оқушыларының оқуда озат, өмірде патриот болуы ұстаздың ұстанымына байланысты. Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға қақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету – сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз», – деді ардагер ұстаз.Кеш қонағы Кенжебай Шалдың өмір жолына байланысты “Өнерлі ұстаздың өнегелі жолы” тақырыбында бейнебаян көрсетілді. Көрермендер керемет әсер алды. Дәстүрлі әнші Кенжебай шал тәлімі мол, өнегеге толы әңгіме өрбіте отырып, тағылымдық, шежірелі сабақ өткізгендей әсер берді. Отбасы, ұлттық құндылықтар жайлы қойылған сұрақтарға жауап бере келе, мазмұны әсем әнмен үйлестіріп отырды. Шәкірті Ерсін Ақжарбек те ұстазының ұлағатты жолын жалғастырып, дәстүрлі әннің алғашқы әуенін орындады.Мектеп-лицей директоры Гүлсара Сейтханқызы, алғашқы ұстазы Айнаш Төлеуова, әншінің жерлесі, өнер жанашыры Дана апайлар сөз сөйлеп, тілектерін білдірді.Тағылымы мол, тәрбиелік маңызы терең кешті білікті, шебер-ұстаз Жарқынбек Бекпенбетов жүргізіп отырды.