• Latest
Ұстаздық – ұлы кәсіп

Түркістан: Темірланда мектеп тәрбиесіне арналған семинар-кездесу өтті

28/11/2023
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07/05/2025

05/05/2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

03/05/2025

02/05/2025
ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

30/04/2025
АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

28/04/2025
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

26/04/2025

25/04/2025
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

20/04/2025
Сайрам ауданының әкімі Сабитов Арман Сабитұлының ҮНДЕУІ

Сайрам ауданының әкімі Сабитов Арман Сабитұлының ҮНДЕУІ

20/04/2025
ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

20/04/2025
АРЫС ЖАҒАСЫНДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ

АРЫС ЖАҒАСЫНДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ

19/04/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Friday, May 9, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Түркістан: Темірланда мектеп тәрбиесіне арналған семинар-кездесу өтті

28/11/2023
in Қоғам
0
Ұстаздық – ұлы кәсіп
539
SHARES
1.5k
VIEWS

Ордабасы ауданының мәдениет үйінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша семинар-кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие және қосымша білім беру департаментінің басшысы М.Медетбекова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры А.Танирбергенова, Түркістан облыстық білім саласы ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Байғұтов, Түркістан облыстық білім басқармасының бас маманы К.Оспанова, Түркістан облыстық «Білім беруді дамыту орталығы» директорының орынбасары Н.Нұрлыбаев қатысты. Кездесуге Ордабасы ауданынан -248, Бәйдібек ауданынан -33, Арыс ауданынан -22, Сайрам ауданынан -72 педагог қатысты. Сонымен қатар, Ордабасы ауданынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, тәлімгерлер, сынып жетекшілер, ата-аналар комитетінің төрағаларымен бірге аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық емхана өкілдері де қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек», – деген болатын.Осыған орай, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» дер кезінде жасалған тәрбие жұмысының бағдаршамдай жол көрсетер сара жолы болды. Біртұтас тәрбие бағдарламасы оқу-тәрбие процесіне енгізіледі.Абайдың «Толық адам» ілімі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында нақты міндеттермен айқындап берген «Толық адам» тұжырымдамасы шындап келгенде өміріміздің кез келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек.

Х ғасырдың басында әлем жаппай сауатсыздықпен күресті. Адамзатты қараңғылықтан алып шығу үшін жазу мен сызу, білім, ғылымға үйретті. Сауатты халық рейтингісі бойынша еліміз алғашқы ондыққа кірді. Яғни халықтың 99,8 пайызы хат таниды. Ал керісінше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына зер салсақ, Қазақстан суицидтен алғашқы он­дыққа кіреді, жасөспірімдер ара­сындағы суицидтен алғашқы үштікте, жемқорлық бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр.  Бірде-бір ата-ана телефон шалып: «Сіздің мектепте жатақхана бар екен. Баламды өткізейін деп едім. Жұмыстан балама қарайтын уақытым жоқ», деді. Сонда «Ата-ананың қоғам алдындағы жауап­кершілігі қайда?» деген сұрақ туындады. Тағы бір мысал. Өте жақсы оқитын үздік оқушы бар. Бірақ қасындағы досына көмек бере алмайды, ата-анасын құрметтеуді білмейді, бойында кішіпейілділік, қарапайым­дылық, адамгершілік, үлкенге құр­мет деген қасиеттер жоқ. Өз әлемі өзінде. Жан-жағына жанашырлығы жоқ осындай оқушы ертең ұлтқа, халыққа қан­дай қызмет етуі мүмкін? Жетістікке жету жолында да ақсап қалуы ғажап емес. Осындай қара­пайым мысалдардың артында «құндылық» деген ұғым тұр. Осы құндылықты оқушылардың бойына сіңіру үшін отбасында ата-ана, мектепте тәрбиеші-мұғалім, қоғамда достары мен ортасы бірге атсалысып отыруға тиіс. Тақырыпқа тұздық ретінде мектеп-интернаттағы тәрбиелеу жүйесінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды ұсынғым келеді. Мақтану емес, титтей болса да ойландыру, тәжірибе алмасу үшін. Жасалып жатқан жұмысты өзімдікі деп емес, баршаңызбен бөлісуді жөн көрдік. Біріңіздің идеяңызды жандандыруға, бі­ріңізге ой тастауға үлес қосар деген ниет. Құндылық туралы сөз қозғағанда мектеп басшысынан бастап тәрбие беретін мұғалім, құндылықтың өзі елінің болашағына деген жанашыр болуға тиіс. Мамандандырылған мектеп болғандықтан оқуға 7-сыныптан бастап қабылдаймыз. Биыл да «Дарынға» іріктеуден өткен тәп-тәтті балақайлар келді. Алғашқы күні анасын сағынып жылап алған оқушы да болды. Ортаға бейімделу үшін әр оқушыға түрлі уақыт кетеді. Барлық жерде мұғалімге қойылатын бір талап бар, ол – балаға тәрбие, білім беру. Бірақ тәрбиенің не екенін дұрыстап түсіндірген ешкім жоқ.

Тәрбиелеу дегенді тәртіпті қылу деп ойлаймыз. Олай емес, балаға жүрекпен қарым-қатынас жасау қажет. Бұл өз өн бойымызбен үлгі болудан басталады. Бір сөз айт­сақ та, жүрекпен жеткізу ма­ңыз­ды. Жүрекпен жасалған әрбір әрекетте нәтиже болады. Кісімен қарым-қатынас мәдениетін отбасынан сіңіре алмаған балаға мектепте де, өсіп, үлкен болғанда да мақсатына жету қиын. Сондықтан бүгіннен бастап 7-сыныпқа қабылданған балалардың бойына алдымен құндылықтарды дарыту, ортаға бейімдеу үшін орталарында болуға асығамыз. Жұмысқа келген мұғалімдерге қоятын алғашқы талабымыз да осы – баланы өз баласындай жақсы көру. Баланың ықыласын оята білу, қолынан іс келетіндігіне сендіре білу маңызды. Мұғалім мен баланың қарым-қатынасы қуанышты әрі пайдалы болса, бұл – ең бірінші жетістік. Балаға сыйлы болуымыз үшін өзіміз де баланы сыйлап, болашақ елдің тұтқасы ретінде құрметпен қарап, жақсы көруге тиіспіз.Былтырғы оқу жылының басында білім ордаларында жүргізілетін тәрбие жұмысына Абайдың «Толық адам» ілімін тәрбие тұжырымдамасына ен­гізіп, сол бағыт бойынша ұрпаққа тәрбие беріп жатырмыз. Ал биыл енгізіліп жатқан «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша Ақмола облыстық білім басқармасы әдіс­керлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» атты білім беру ұйымдарындағы тәрбие мамандарының білік­тілі­гін арттыру мақсатында семинар-кеңес өткізді. Балалардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту үшін мектепте бірнеше жоба жұмыс істейді.

Әрбір ұрпақ қолына домбыра ұстап өсуге тиіс. Өткен оқу жылында қолына домбыра ұстаған 7 оқушының саны жыл аяғына дейін 50-ге жуықтады. «Сыныппен домбыра үйренейік» жобасы арқылы балалар бір-біріне домбыра үйретуді қолға ала бастады. Биыл да бұл дәстүрді жандандырамыз. Өзім жетекшілік ететін «Директор сағаты» жобасы да қаншама оқушының таңдауы мен көзқарасының қалыптасуына үлес қосып жатыр. Тек бұйрық беріп, бағыт-бағдар нұсқап, бақылау жүргізіп қана емес, мұғалімдерге үлгі болып, қандай іс-шара болса да жауапкершілікпен қарай отырып, алға сүйрегім келді. Менен сондай әрекетті көрген мұғалімдер де ізіңе еріп, көргенін жасайды. Оқушының да сенімі арта түскенін аңғардым. Бұл жоба апта сайын әрбір бейсенбі күні жүргізіледі. Жоспарланған сағатқа зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жазушы, ақын, актер, өнер адамдары, қолөнер шеберлері, университет мамандары секілді қонақтар келеді. Басты мақсат – оқушының өзіне керекті өмір сабағын алуы. Таңдау жасағанда қателеспеу үшін, елін сүйетін, үлкенге құрмет көрсететін азамат болып қалыптасу үшін келген қонақтарды олардың еңбек жолы арқылы үлгі ету маңызды. Бұл жоба балалардың апта са­йын қызыға күтетін сағатына айналды. Жатақханада «Бір сағат кітап оқу» сағатының да өзіндік орны бар. Телефонға байланған балалардың кітапқа қызығушылығын арттыру және оқыған жерінен бір сөз болса да жаттап алу дағдысын қа­лыптастыруды мақсат тұттық. Тек оқушы емес, ол сағатта мұға­лім, тәрбиеші де, мектеп қызметкерлері де түгел кітап оқуға отыруға тиіс. «Баланы таңғалдыруды ұмытпа, даналық таңға­лудан басталады» деген сөзді жиі айтамыз. Қазіргі оқушылардың ішінен елдің жанашырлары шығуы үшін бүгінгі ісіміздің жауапты екенін сезінеміз.Бағдарлама аясында «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Еңбегі адал жас өркен», «Оқуға құштар әке, ана, бала, ұстаз» жобаларын іске асырылып жатқаны туралы және де бала тәрбиесіндегі отбасы институты рөлін нығайту мақсатында білім беру ұйымдарында «Ата-аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі» жобалары жаңа мазмұнда жалғасатыны айтылды.Сонымен қатар, кездесуде бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттерін әрбір педагогтің қалай жүзеге асырып жатқаны туралы айтылды. Педагогтермен топтық жұмыстар жүргізілді. Құндылықтарға бағытталған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша кездесу-семинары өз дәрежесінде өтті.

Previous Post

Шардара ауданында оқушылар арасында мемлекеттік тілді ұлықтауға арналған жиын өтті

Next Post

Түркістан: «Туған өлкені жырлаймыз» атты оқушылар ашық сабағы өтті

Related Posts

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

by Алаш Ақпарат
07/05/2025
0

Бүгін Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерін арнайы құттықтады. Аудан басшысы тыл ардагерлері...

by Алаш Ақпарат
05/05/2025
0

Бүгін, 5 мамыр күні Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара...

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

by Алаш Ақпарат
03/05/2025
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы Жеңіс туралы ұмытпау дегеніміз, бұл - ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі...

by Алаш Ақпарат
02/05/2025
0

Келес ауданында облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Бала тәрбиесінде ата-ананың эмоционалдық қолдауының маңызы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті....

Next Post
Оқыту жүйесіндегі жаңашылдыққан қалуға болмайды

Түркістан: «Туған өлкені жырлаймыз» атты оқушылар ашық сабағы өтті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07/05/2025

05/05/2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

03/05/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

АЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДА

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,458)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page