Бүгін Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұржан Жамалбеков Сайрам аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Марат Дәлбековпен бірге Ақсу ауылы Ш.Қалдаяқов көшесінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Онда кандидаттар өздерінің және “AMANAT” партиясының 2023-2027 жылдарға арналған 10 бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, пікір алмасты. Сондай-ақ, ауылдағы өзекті мәселелерді талқылап нақты шешілу жолдарын қарастырды. Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.