Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Жақсы келін – шаңырақтың ырысы» атты жас келіндер арасында аудандық байқау өтті.
Байқауды аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев ашып беріп, жиналған көпшілікті келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Аталған шарада 9 бірдей келін «Келіннің бір күні», «Ісмер келін», «Ұрпақ тәрбиесіндегі келіннің сәбилерге арнаған жырлары», «Ақылды келін – отбасының ұйытқысы» атты кезеңдер бойынша өзара бақ сынасты.
Нәтижесінде 1-ші орынды Гүлфарида Алиқұлова, 2-ші орынды Айжан Жүсіпова, 3-ші орынды Толғанай Қасымова иеленді. Жеңімпаздар мен сайысқа қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.
«КИЕЛІ МЕКЕН»: ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕН АУМАҒЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Түркістан қаласында жұмыстар жалғасып жатыр. Киелі шаһардағы тарихи орындар қоқыстан тазарып, абаттандырылуда....