Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағындағы бағдаршамдарды шаң мен ластанудан тазарта отырып, кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жоспарланған болатын. Осыған орай, жуырда Көлкент ауылдық округі, Көлкент ауылы, Нұрлы жол көшесінде орналасқан бағдаршамды жөндеуге аудандық бюджет есебінен қажетті қаржы қаралып, нәтижесінде жеңімпаз мекеме анықталды. Бүгінде Көрікті Сайрам коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан бағдаршамның техникалық жағдайы тексеріліп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Айта кетейік, алдағы уақытта жол-көлік оқиғаларының алдын алу және көлік кептелісін болдырмау бағытында аудан аумағының жол қиылыстарындағы бағдаршамдарды жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасады. Бағдаршам — жарықпен белгі беру арқылы көшедегі, автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. Ол белгі беру тәсілдеріне қарай: түрлі түсті Бағдаршам (жарығы жасыл, сары және қызыл түсті, ал темір жолда бұларға қосымша көгілдір және ақ жарық), позициялық Бағдаршам (бір түсті жарық) және құрама Бағдаршам болып ажыратылады. Алғашқы Бағдаршам типтес құрылғы 1868 жылы Лондон көшелерінде, үш түсті электрлік Бағдаршам 1918 жылы Нью-Йоркте, 1930 жылы Мәскеуде орнатылған. Темір жолында 20 ғасырдың басынан бастап қолданылды. Бағдаршам белгі санына қарай 1 — 5 секциялы болады. Бағдаршам іске автоматты түрде не қолмен қосылады.
Бағдаршам қызметі — бұл жол қозғалысын реттеуге арналған автоматтандырылған жүйе, оның басты мақсаты — жол қиылыстарында немесе жаяу жүргіншілер өтетін жерлерде көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысын үйлестіру. Бағдаршамның қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, көлік құралдарының дұрыс және реттелген қозғалысын сақтауға бағытталған.
Бағдаршам үш түрлі сигналдан тұрады:
Қызыл түс – тоқтау керек екенін көрсетеді.
Сары түс – қозғалысқа дайындалуды немесе тоқтау керектігін білдіреді.
Жасыл түс – қозғалысты жалғастыруға рұқсат береді.
Осылайша, бағдаршам маңызды, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі