• Latest
Әке жолын жалғастырған ұстаз

Әке жолын жалғастырған ұстаз

13/11/2023
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

05/06/2025
Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

05/06/2025
Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

05/06/2025
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

05/06/2025
Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

04/06/2025
Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

04/06/2025
Төлебиде «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты шара өтті

Төлебиде «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты шара өтті

03/06/2025
Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды шаралар қолға алынды

Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды шаралар қолға алынды

03/06/2025
Төлеби ауданында шегірткеге қарсы 1200 гектар аумақ залалсыздандырылады

Төлеби ауданында шегірткеге қарсы 1200 гектар аумақ залалсыздандырылады

03/06/2025
Төлеби ауданы: Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі басты назарда

Төлеби ауданы: Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі басты назарда

03/06/2025
Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

03/06/2025
Төлеби ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар өтті

Төлеби ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар өтті

03/06/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Monday, June 9, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Әке жолын жалғастырған ұстаз

13/11/2023
in Қоғам
0
Әке жолын жалғастырған ұстаз
524
SHARES
1.5k
VIEWS

Небір дарынды тұлғаларды дүниеге әкелген Арыс өңірі Ордабасы ауданы, Қараспан ауылында туып-өсіп, қазақы тәрбиенің қайнарымен әбден сусындаған ару қыздың бағы мен бақытын ашты десек, еш қателеспейтін шығармыз. Күні кеше ғана жетпіс жасты бағындырып, елдің ыстық ықыласына бөленген Ақбөпе Қаныбекованы өзі қызмет еткен Арыс халқы «Арыстың Ақбөпесі» деп атап кетсе, былайғы жұрт «Біздің Ақбөпе» деп құрметтейді. Бір сәт осынау өз бойына қазақы тәлім-тәрбие, адамгершілік пен пайым-парасатты молынан жиған ардақты жанның өмір жолына үңіліп көрелікші.

– Мен дүниеге келген 1953 жылы әкем мектепте мұғалім екен. Әкем мен анамның мейірімге тұнып тұрған жылы жүздері әлі көз алдымда, – дейді Ақбөпе апай.

Ата-бабаларымыз «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп осындайда айтпап па еді?! Жастайынан ата-ананың қамқорлығы мен мейір-шапағатына бөленіп, солардың ақыл-парасатына малынып өсті. Өзін биік белестерге көтерген ата-анасының көрегендік қасиеттері екендігін ешқашан есінен шығармаған ол қай кезде де ата-анасына деген қамқор көңілі мен қолынан келген жақсылығын аяған емес. Соған орай ұлағатты ұстаз, асыл әке, ардақты азамат, Ұлы Отан соғысының ардагері Әдіхам Қаныбекұлы да Ақбөпе қызын әрі ару, әрі азаматым деп бағалап өтіпті. Ақбөпе Әдіхамқызының ата-анаға деген құрметі сондай, ол әлі күнге дейін өз ата-анасының көзін көрген, солармен аралас-құралас болып, сырласып өткен қариялармен, солардың ұрпақтарымен арадағы байланысын үзіп көрмепті. Үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетуден бір танбаған оны арыстықтар өз қызымыз деп қабылдады. Қызылордадағы Н.В.Гоголь атындағы педагогика институтын үздік аяқтап, физика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан Ақбөпенің өмірде жолы болды. Арыс қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы жалпы орта мектебінде 22 жыл физика пәнінің мұғалімі болып, әке жолын барынша адалдықпен жалғастырды. Әдетте, бұл пәнге оқушылардың көп ұмтыла қоймайтыны белгілі. Сондықтан да жас мұғалім шәкірттерді тақырыпқа қызықтыру үшін практикалық ізденістерге жиі барды. Ең алдымен мектептің физика кабинетінде шаң басып жатқан оқу-тәжірибе құралдарын жарыққа шығарды. Соларды түгел пайдаланып, сабақ үстінде тәжірибе жасай бастағанда оқушылардың ынтасы күрт артқаны байқалады. Мектепте пәнге қатысты үйірмелер жанданып, оқушылар аудандық, облыстық пән сайыстарында жүлделер ала бастады. Осы ұстаздық қызметінде ол әріптестер арасында жұмысқа адалдығымен, ішкі мәдениетінің биіктігімен, парасаттылығымен ерекшеленді. Ұжымдағылардың біріне әпке, біріне әріптес, енді біріне ана бола білді. Әр сабағын баяу сөйлеп, ақылмен аңғартып, әңгімемен түсіндіретін. Қазір ол оқытқан шәкірттер қоғамнан өз орындарын тауып, елі мен жерін көркейту жолында еселі еңбек етіп жүр. Кейбірі өз саласының майталман маманы атанып, ел-жұрттың мақтанышына айналды.

Кеңестер Одағы ыдырап, әр республика өз даму жолына түскен тоқсаныншы жылдар қиындығымен есте қалды. Әсіресе, балабақшаларды қаржыландыру ісі тоқтап, ғимараттары ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатты. Жергілікті басшылар оларды нарықтық қатынас жағдайында қайта дамытуды ойластыра бастады. Бұл шешуі қиын әрі өте өзекті мәселе еді. Сол тұстағы аудан басшысы, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, қай істе де жанашырлық танытып жүретін Әлімжан Құртаев ағамыз қала орталығындағы еңселі балабақшаны іс тетігін таба білетін Ақбөпе Әдіхамқызының қолына табыстауды ұйғарды. Себебі, қиын сәтте ұжымның бірлігі мен ортақ іске деген жанашырлығына қоса, адамдармен тіл табыса алатын, ұйымдастырудың орайын білетін Ақбөпе сияқты басшы ауадай қажет еді. Әлімжан Сейітжанұлын түйсігі алдамапты. Ақбөпе Әдіхамқызы мұнда келісімен «Ақнұр» балабақшасының жұмысын жолға қойып, аз ғана жылда Арыстағы үлгілі балабақшалардың біріне айналдырды.

– Енді мектеп емес, 120 бүлдіршіні бар балабақшаның ауыртпалығы мойныма түсті. Кейде жылу болмай қалады. Ол кезде кәсіпкерлер әлі аяғынан тік тұра қоймаған. Жұрт жаппай көшіп жатқандықтан, маман мәселесі де күн тәртібінен түспеді. Осы қызметте істеген алғашқы жылдары үйде сирек болатынмын, – деп еске алады кейіпкеріміз.

 

Ұстаздықтың ауыр жүгін, басшылық қызметтің сан қырлы міндеттерін қара нардай қайыспай көтерген кейіпкеріміз елеулі еңбектері үшін мемлекет тарапынан үлкен марапаттарға ие болды. Оған білім беру саласындағы ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер», «Үлгілі балабақша» атақтары берілді. 2015 жылы оның отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы және көптеген Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттардың иегері атанды.

Осындай шаңырақтың сәні мен мәнін кіргізіп, өзіне лайықты жар бола білген асқар тау әке, сүйікті ата Құрман Ромашовты жігіттің сұлтаны десе де болады. Дана халқымыз «адам өмірде екі жағдайда адасуға болмайды» деген екен. Бірі – мамандық таңдауда, екіншісі – жар таңдауда. Ақбөпе апай осы екі таңдауда да адасқан жоқ. Таңдаған мамандығы өзіне азық болса, Құрман ағамыз өмірлік темірқазығы бола білді. Білімді де, білікті екі жас құрған одақ уақыт өте келе берекелі отбасыға айналды. Екеуі тату-тәтті тірлікте, береке-бірлікте өмір сүріп, Ерлан, Ғалымжан, Ержан атты сайдың тасындай ұлдары, Бағила мен Ақнұр атты қызғалдақтай қыздары дүниеге келді. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, олардан бүгінде 23 немере, 1 шөбере сүйіп отыр.

Балалары білімді, тәрбиелі, жауапты қызметтерді абыроймен атқарып жүрген ел азаматтары болып өсті. Ерланы – полковник, ҰҚК-нің орталық аппаратында, Ғалымжаны – подполковник, ҰҚК-нің Түркістан облысы бойынша департаментінде жауапты қызметте. Ержаны – майор, ол да ҰҚК-нің Түркістан облыстық департаметінде қызмет істейді. Ал, қызы Бағила – көп балалы ана, Арыс қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-лицейінің директоры болса, Ақнұры – «Азаматтарға арналған Үкімет» ҰАҚ-да бас маман.

Бүгінде 70 жасқа толып отырған Ақбөпе апайымыз әлі де тың. Арыстағы балабақша тізгінін өзі ұстап, бүлдіршіндерінің қамын ойлаудан жаңылған емес. Кейде тіршілік ретімен, жұмыс жағдайымен қалаға келе қалса, бірер күннен артық байыз тауып отыра алмайды. Ауылына асығады. Арысына асығады. Бүкіл саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған жан үшін туған өңірдің әр түп жусанына дейін ыстық.

– Жас адам өмірді босқа өткізбеуі, алтын уақытты ысырап етпеуі керек. Адам үшін бәрінен де уақыт қымбат. Ол өз дәуірінің мәдениетті, білімді және алдыңғы қатарлы азаматы болуды ойластыруы керек, – дейді кейіпкеріміз өмір тәжірибесіне сүйеніп.

Заманында ұстаздық қызмет атқарып, елге білім шуағын шашқан Әдіхам ағайдың қызы Ақбөпе ұстаз әрі кәсіпкер ретінде өзінің жетпіс жасына осылай сергек қалпында жетіп отыр.

Previous Post

Түркістан облысының ұстаздары Жапонияның білім беру жүйесін меңгеруде

Next Post

Ұстаздық пен жазушылықты серік еткен түркістандық азамат

Related Posts

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданы Көксәйек елді мекенінде орналасқан Түркістан көпсалалы - техникалық колледжінде жастардың, студенттердің қатысуымен  «Мамандығым-болашағым» тақырыбында ашық есік күні өтті....

Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың  төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс күн тәртібінде 6 мәселе қаралып,...

Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер тұрғын үй қорынан пәтер алу, жердің нысаналы мақсатын...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Бүгін – Дүнижүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Елімізде 5 маусым – эколог мамандардың кәсіби мерекесі санатында атап өтіледі. Қазақстан жаһандық...

Next Post
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға…

Ұстаздық пен жазушылықты серік еткен түркістандық азамат

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

05/06/2025
Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

05/06/2025
Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

05/06/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,497)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page