• Latest
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға…

Ұстаздық пен жазушылықты серік еткен түркістандық азамат

13/11/2023
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

05/06/2025
Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

05/06/2025
Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

05/06/2025
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

05/06/2025
Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

04/06/2025
Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

04/06/2025
Төлебиде «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты шара өтті

Төлебиде «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты шара өтті

03/06/2025
Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды шаралар қолға алынды

Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды шаралар қолға алынды

03/06/2025
Төлеби ауданында шегірткеге қарсы 1200 гектар аумақ залалсыздандырылады

Төлеби ауданында шегірткеге қарсы 1200 гектар аумақ залалсыздандырылады

03/06/2025
Төлеби ауданы: Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі басты назарда

Төлеби ауданы: Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі басты назарда

03/06/2025
Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

03/06/2025
Төлеби ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар өтті

Төлеби ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар өтті

03/06/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Sunday, June 8, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Ұстаздық пен жазушылықты серік еткен түркістандық азамат

13/11/2023
in Қоғам
0
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға…
504
SHARES
1.4k
VIEWS

Қарымды қаламгер, сатирик, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Ахмет Төреқұлов есімі түркістандықтарға жақсы таныс. Әсіресе, шыншылдығы, адалдығы, турашылдығы ел есінде.

Сатира қоғамның кемшілігін әшкерелеуші құрал ретінде аса пәрменді жанр. Сатира сонысымен де құнды, сонысымен де көпшілікке етене жақын. Содан да болар кез келген қаламгердің қолы бармайтыны рас. Ахмет Төреқұлов «әдебиеттегі оппозициялық жанр» айдарын еншілеген ерекше қасиетке ие болған қаламы қарымды қаламгер. Оның уытты тілінің өзі көркем кестеленгенде үлкен бір мәдениеттің бөлшегін құрайтын. Иә, Ахмет Төреқұлов ағаның қаламгерлігі туралы айтсақ, ол қаламы семсер сатирик.

Ахмет Төреқұлов 1939 жылы Түркістан қаласында туған. Туған жылына қарап-ақ, балалық шағы зұлмат соғысқа тап келген, еңбекке ерте араласып, ерте есейген буынның бірі әрі бірегейі екенін байқағандаймыз. Етінің тірілігінен болар, Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, мұғалім болды. Көп жылдар кәсіптік-техникалық мектеп басқарды.

Әуелі, Ахмет Төреқұлов ағамыз басқарған Түркістан қаласындағы №31 кәсіптік-техникалық училищенің түлегі болғандықтан, аталмыш училище жайлы тоқталғым келеді. 1983 жылы орта мектепті бітірісімен өзім таңдаған техникумға құжат тапсырғаныммен, оқуға түсе алмадым. Содан не керек, ауылда босқа жүрмей білім алайын,- деп Түркістан қаласындағы №31 кәсіптік-техникалық училищенің алты айлық бухгалтериялық курсын оқыған болатынмын. Сонда айтайын дегенім, осы училищенің темірдей тәртібі туралы. Негізі, ауылдан келгендер жатақханамен қамтамасыз етілдік. Үш мезгіл тегін тамақ берілді. Тамағы жақсы болғандықтан, ешқандай шағым айтылмайтын. Алты айда әскери өмірдегідей күн тәртібіне бағынып, шыңдалып өстік. Нақтырақ айтсам, таңғы сағат 7.00-де таңғы жаттығудан бастап кешкі сағат 22.00-ге дейінгі уақыт аралығында сабақ кестесі, үйірмеге қатысу, бірлесіп сабаққа дайындалу, бәрі жазылып қоятын.

Сонда училище директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Заманхан Жүзжасаров ағайдан барлық оқушы қаймығатын. Ахмет Төреқұлов ағамыздың іскер басшы екендігі темірдей тәртіптен байқалатын. Қазіргі таңда колледждерде біздің кезіміздегідей күн режимі бекітіліп, әрбір сағат, минутқа дейін не істейтіндері жазылып қойылса, темірдей тәртіпті орнатуға болатыны сөзсіз. «Тау мен тау кездеспейді, адам мен адам кездеседі» дегендей, 15 жылдан соң Түркістанға келіп, «Түркістан» газетінде қызмет ете бастағанымда Ахмет Төреқұлов ағаны кездестіріп, ол кісінің іскер басшы ғана емес, қарымды қаламгер, сатирик, ақын екендігін білдім. Және бір айтарлығы, әкем Қаныбек Сарыбаевпен қатар жүрген кездерін көп кездестірдім. Шіркін-ай, әкем Қаныбек Сарыбаев, Ахмет Төреқұлов, Нұрмахан Назаров үшеуінің бірге қатар жүрген кездері күні кешегідей көз алдымда… Үшеуі жиі бас қосып, дидарласып отыратын…

Асқар тауым әкем қайтыс болғаннан кейін де Ахмет көкені көрген кездерімде әкем тіріліп келгендей жарқын көңіл-күйде жүретінмін. Содан да болар, Ахмет көкенің өмірден өткені жаныма қатты батқаны…

Турасын айтайын, Ахмет аға туралы, оның шығармашылығы жайлы жазу өте қиын болды. Қиын болған себебі, сатира жанры – ой-шұқыры көп, қалтарыс-бүкпесі мол, даулы-дамайлы дүние. Осындай қиындығы бар болғаннан соң елімізде сатириктер саны шектеулі екен деген ойда болдым.

Ахмет ағаның қоғам­дық маңызы бар, ауқым­ды да өткір мәселелер көтерген толғақты мақа­лалары, сондай-ақ қоғамдағы қиғаштықтар мен қайшылықтарды, найсап нарық пен қиналған нарық қырсықтарын, күрделі кезең келеңсіздіктерін, адам мінезіндегі көріксіз көріністерді өткір тілмен түйрейтін сықақтары мен әсерлі лирикалық өлеңдері баспасөз бетінде жарыққа шығып жататын. Талай жақсының жақсылығын айтса, кемшін тұстарды сын садағына ілді. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» дегендей, менің білетінім, айтылған сынды көтере алмағандар болды… Алайда ақ жолмен адаспай жүрген Ахмет ағаның ұнжырғасы түскен емес. «Тура биде туған жоқ» дегендей, ақиқат пен жалғандық таразы басына тартыла қалғанда шындық жағында жүрді. Айтар ойымыз орнықты болуы үшін бірер нақты дерекке жүгінелік.

Әсіресе, 2003 жылдың 26 қарашасында «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Шарлатан шалдар немесе сенген серкем сен болсаң…атты ашынып жазған мақаласы бүкіл түркістандықтарды дір еткізген болатын. Сол уақытта Ақаңның осынау мақаласы көптің талқылауында болып, даттап реніш білдіргендері де, қолдағандар да табылып жатты. Түркістандық қариялар арасында дүрбелең туғызған осынау мақаланы оқымаған болатынмын…

Жақында Құрбанәлі Төреқұлов (Л.С: Ахмет ағаның туған інісі) аға алып келген Ахаңның кітаптарының арасынан «Жаңғырық» кітабын қолға алып отырып, осы мақалаға көзім түсті. Оқырмандардың арасында оқымағандары бар болса Ахаңның сын мақаласынан үзінділер келтіргеніміз жөн болар. Ендеше бірге оқиық:

-«Ақсақал – ақылды, қария – көреген. Осы қасиеттер оларды сый-құрметке бөлеген. Ұлттық үғымымыз солай қалыптасқан. Бірақ орысқа отарлық, кешегі кеңестік кезең қырсықтары санаға селкеу, ақылға ақау түсірді. Өкіреш өктемдіктің екпінінен сақалдылар сақау, қариялар мақау болды. Қанқасап 37-ші жылды көргендер көлеңкесінен қорқатын болды. Сөйтіп көнбістікке, бейімделгіштікке бой ұрды. Ол жалтақтыққа, жағымпаздыққа бастап, аяғы аярлыққа, ұятсыздыққа ұласты. Асанқайғы мен Абай «қайғысын ойлайтын» қария қалмады. Тәуелсіздік туын көтерсек те, ақсақалдарымыз осы кесірлі кеселден арыла алар емес. Батпандап кірген кесел мысқалдап шығады дегенмен, осы ойсыздық санамызды сыздатады.

Аудандық әкімдіктер жанында ақсақалдар алқасы, ақылдастар алқасы, ардагерлер кеңесі, билер кеңесі деп аталатын тәуелсіз қоғамдық ұйымдар бар. Бірақ олар сондағы жергілікті басшыларға тәуелді. Жеме-жемге келгенде аталы сөзін айта алмай, әкімдердің ыңғайына жығыла кетеді. Өйткені ақылдастардың төрағаларын әкімдер таңдайды, ал алқа мүшелерін төраға құрайды. Сондықтан мұндағы қариялар жетекке жүргіш болуы керек. Топ міне осылай таңдалады.

Тоқетерін айтқанда ардагерлер кеңесі мен ақылдастар алқасындағылардың басшылармен жағаласпайтын жандар болғаны жөн. Мұнда біліктілер емес, іліктілер керек. Сорақысы сол, ақсақалдар бұл орынға өздерін-өздері сайлайды.

Әкімдер жақпай қалса, бұлар дереу астыртын арыз ұйымдастырады, тексерушілер келгенде өздері әкімді қорғаған болып, қосымша ұпай жинайды. Осындай шарлатан шалдарды қария деуге бола ма?

«Сақалын сатқан кәріге», «бойда қайрат, ойда көз болмаған соң айтпа сөз» дегенді Абай атамыз осындайларды көріп түңілгеннен кейін жазған-ау шамасы. Кейінгі кезде «Зиялы қауым бар ма?», «Зиялы ма, зиянды ма?» деген сұрақтардың туындауы да осыдан.

Қазағы көп оңтүстік өңірінің өнегесі осындай болса, өзгелерге қалай өкпелейміз? Мақсатымыз мұндайларды мұқату емес, ойын ояту, ұрпағына, ұлтына деген парызы мен қарызын ұғындыру, адасқандарды ақылға шақыру».

Иә, «Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады» дегендей, жетеріне жеткізіп айтқан екенсіз-ау Ахмет көке. Алайда, осы мақала жазылғалы бері 19 жылдан асса да мәні мен сапасын жоймағаны көрініп тұр. Тіптен бүгінгі күні де осы өзекті мәселе болып тұр емес пе?

ҚР ҒА-ның академигі Рахманқұл Бердібай Ахмет Төреқұлов ағамыздың «Жаңғырық» кітабына жазған алғы сөзінде:

«Өмірді жанындай сүйетін, шыншыл, адал адам ғана тура сөйлейді. Тырнақтай кір келтіретін жамандықты өлердей жек көреді.Жақсылыққа да, жамандыққа да жан ауыртып күйзелмейтін адам ащы сөзге де, өткір сынға да бармасы анық.Ахмет – азамат ақын, зорлыққа, қиянатқа, имансыздыққа шыдамайды, батыл айтуы да содан. Оның шығармалары жақсылық үдесін, жамандық жойылсын деген ізгі тілектен туған.

Сатира ұлы мақсаттан туады. Сатирик адамның көзі өткір, сезімі жүйрік. Жамандық жойылса, жақсылық орнаса деген халық арманының күрескерлері де осылар.Имандылығы күшті, тазалық сенімі жоғары қаламгердің бірі – осы Ахмет Төреқұл деп білемін.Жүрегің намысты, қадамың қарышты бола бергей, інім!»,-деп жазыпты. Иә, ұлы тұлға осылай баға беріпті. Мұнан артық баға беру әсте мүмкін емес.

Ахмет Төреқұлов ағамыз бірнеше кітаптың авторы.

Previous Post

Әке жолын жалғастырған ұстаз

Next Post

Ұстаздық деген ұлы есімге кір келтірмеу керек

Related Posts

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданы Көксәйек елді мекенінде орналасқан Түркістан көпсалалы - техникалық колледжінде жастардың, студенттердің қатысуымен  «Мамандығым-болашағым» тақырыбында ашық есік күні өтті....

Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың  төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс күн тәртібінде 6 мәселе қаралып,...

Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер тұрғын үй қорынан пәтер алу, жердің нысаналы мақсатын...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

by Алаш Ақпарат
05/06/2025
0

Бүгін – Дүнижүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Елімізде 5 маусым – эколог мамандардың кәсіби мерекесі санатында атап өтіледі. Қазақстан жаһандық...

Next Post
Түркістан облысы Сауран ауданында «Аналар» энциклопедиясына енген ұстаз тұрады

Ұстаздық деген ұлы есімге кір келтірмеу керек

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

05/06/2025
Бәйдібек ауданында 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

05/06/2025
Түркістан облысында жарты жылда өндірісте жарақат алған 7 адам қайтыс болды

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

05/06/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс





ZERO.kz

Төлеби ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандығым-болашағым» атты ашық есік күні өтті

Төлеби ауданында елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту жұмыстары жүреді

Төлеби ауданында халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ!

Төлеби балмұздағы әлемге әйгілі

Төлебидегі әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,497)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page